Құтты адаммен қонсы қонсаң, аруағыңды асырады. Атың жақсы болса, бұл дүниенің пырағы. Қатының жақсы болса, жанып тұрған шырағың. Қызың жақсы болса, сөзің елде тұрады. Балаң жақсы болса, еліңнің асыл шырағы. Қызың жақсы болса, өрісті болар тұрағы. Жақсы жан ешкімді жатырқамайды. Жан жолдасың еш уақ алдамайды. Әңгүдік жаман ғана сөзіңді тыңдамайды. Арғымақтың баласы аз оттап, көп жусайды. Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды. Жала сөз тірідей қаралайды. Жақсы сөз дем берер. Болат қайнауда шынығады. Ер ат үстінде көп жүріп, елі үшін аз тынығады. Бұл айтқандарымның көбісі бұрынғы өткен атаң Қазақтан асыл сөз! Сендерге осы өсиетім жолбасшы болсын. Батам қабыл болып, жортқанда жолың болсын! Әумин!» деген аманатпен осындай бабаларымыздан келе жатқан өзгермейтін ар заңымыздың болғанынан өсиет қалдырған екен. Қазақ аталарымыздың ар білімінің негізгі заңдары да біздерге қалдырған мақал, нақыл сөздерінде, батасында екені де хақ. Сондықтан адамның өзі өлгенімен жандағы білімі, сөзі өлмейді қайта егін болып егіліп, ұрпақтарына рухани азық болары да даусыз екенін де Інжіл аяттары ескертеді. Осы рухани жетілу, мәңгілік өмірдің шарттары Інжіл кітабы қазақтың елінде тылсымнан оқылуымен Ата жолының да аруақтардан беріліп жатқан батасы да, осы батада қамтылған асыл қасиеттермен, киеліктерді қалай қалыптастыруға болатыны туралы әрбір жеке-жеке пенделерге жол көрсетіп, аманаттар тапсырумен ерекшеленеді. Бұндай Ақ ұл бастаған рухани қозғалыстың бүкіл қазақ жері емес шет елдерге де дақпырты жетіп, көптеген сөз, рух қадірін білетін, текті, асылдың сынықтарының, әулиелер ұрпақтарының аруақ батасымен көгеріп көктеп, қатардағы қарапайым халықтың салтынан, ғұрпынан адасқан бағытарынан қайтып, тәубеге келіп ар білімін меңгерумен адал еңбек, білім жолында жағдайларын оңғартып алғандарынан мыңдап мысал келтіруге болады. Және осындай қозғалысқа байланысты жүздеген ерекше хикметтермен сансыз белгі дәлелдердің қазақ жерінде болғанын, әлі де аз болса да жалғасын тауып жатқаны да хақ. Бұндай мысалдарға нақты дәлелдерге, ашық хикметті белгілерге әзірге тоқталмаймыз, оған болашақта талай ашық жазылып айтылатын уақыты да келер. Ал біздің мақсатымыз ел, сөз, дін басшыларының ішінде байқамай, аңдаусыз сөзге еріп көздеріне шөп түсіп кеткендердің, көзін шындыққа ашып, ақиқатың сәл болса да жарығын, батаның нұрын түсіру басты мақсатымыз. Ал жүректері мөрленіп, құлақтары созылып, өздеріндегі білімге мардамсып, тәкәпарлықпен «қартадан ұтылған» пендедей әдеттерінен қасарысып, бәрібір өзімдікі дұрыс, түбі жеңемін дегендерді тек «Құдай аясын!» дегенен басқа шарамыз жоқ. Аталарымыздың меңгерген қарапайым ар білімінің дін қағидалары мен, ата-бабамыздың аманаттарын сөз астарымен, нахылдарын көрсетіп, аруақ ұғымының Алладан басқа және «шайтан ізі» емес екенін, адамзаттың әрбіріне берілген, жазушы, оқушы құраны хақ кітабы екенін дәлелдеу үшін ғана 6-кітапша жазылып, оның да намаз ерекшеліктері мен құранды зертеуге байланысты жазылған 5-шісі әзірге таратылуға әулиелер нұсқауымен перделеніп қойылды. Демек ондай қарапайым аталарымыздың тәжірибелік өмір мектебі, ар білімі болып қалыптасқан өзіміздің туғаннан жанымызға жазылып келген кітап-аруағымызды түсінуге әлі дайын емес болсақ; онда, жан, рух сырының барлық баратын түгелденетін, жиналып тазартылып қайта тіршілік заңына айналатын зиярат, зияратау арқылы ар кітабына зейнетелу туралы түсініктің де шала болары сөзсіз. Бұндай жағдайдағы тарихи есімізге жалғанып, жартқанның ардақты қылғандары еске алу арқылы, Алланы еске алық ұлықтаудың аятта; «Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарпынан өздеріне түсірілгенді (жобаларын, аяндарын) толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан (бас арқылы көктен) әрі аяқтарының (табан арқылы жерден, ойпатардан) астынан жейтін еді. Олардың бір орташа тобы бар. Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаман еді.» (5-66) Осынадай ашық үкіммен көрсетілген аяттарды мойындауға дін ғалымдарымыздың арлылығы, намысы жетпейді немесе ұят деген ұғымның ұлттық ерекшелігін білмейді. Сондықтан бұл аятты тәпсірлегендер жоғарыдан яғни төбеден ағаштардың жемісі, төменен аяқ астынан-жер өсімдіктерінен деп түсіндірумен жираф, түйеге, жерге еңкейтіп қойған малға теңеп және адам рухына, жанына байланысты көрсетілген сандық ғылымына мән бермей бұл аяттың сырын толық меңгеріп және намаздарды толық орындау қылып қалыптастырған; Мұхаммед пайғамбарымыздың нәтижесінде Миғражға көтерілу шарттарын (ІСРА) масхаб білімінде мүлде жойып жіберумен, ата жолының ең негізгі намазын да дінсіздік етіп көрсетуіне басты себеп болды. Бұл аяттың негізі; «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан (аруағыңнан) келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды (осы мұғзиза, хикметермен) туралыққа жинар еді. Ендеше сен надандардан болма.» (6-35) Адам баласының киелі жерлерді зияраттау хаж-кіші қажылық арқылы табаны бекіп, зейнетелу және төбе арқылы жүрекке зейнетелудің құлшылық сырларын ислам ғалымдары да християндармен және ата бабадан келе жатқан аяқты күту мен, басты қадіреуді салт-дәстүріміз болып саналатын қазақ елінің масхаб және түрлі топтағылар да, «масіх» амалының, жер және көк су нұрымен зейнетелу арқылы ішкі рухани күнәлі болмысты тазарту, нәпсіні жағу, ақиретпен кездесіп, Алланың хикметін көру діннің негізгі бөлігі ескерусіз қалдырды. Адам баласының аузы, жыныс және табан, төбе, алақан, қол арқылы қуат алмасуы болатынын Раббымыз ашық аяттармен ескертіп және Ғиса пайғамбарымыздың негізінен сөз, сенім қуатын меңгерумен, рух сарайы басты тазарту мұғжизасымен келіп, Мұхаммед пайғамбарымыздың ішкі дүниені тазартудың, көркем мінездің үлгісін көрсету арқылы жан үйі аяқтың «Масихы» болып есептелетінін мүлде ұмыттық. Мұса пайғамбарымызға «Сен қасиетті туа ойпатындасың, кебісіңді шеш..» деген ескертуімен аяқ арқылы тау, тас арқылы енетін жан қуатын, зейнеттін алумен бірге қолдың (аруақты) тазарып ағаруымен байланыстылығын ар білімінің сипатын ескерткен. Ал осы 4-негізгі кітаптағы намаздармен Нұх пайғамбарымызбен арлықты толық меңгеру намаз орындауларының хикметтерін сандармен белгілеп және құлшылықтарын да толық жетілдірген де жалпы түркілік ар білімінің негізіне айналдырған Ясауи бабамыз болып саналады. Сондықтан ата жолының негізгі парыздары өз қауымыңды жетілдіру, жақсылыққа қарай өзгертумен «УАҚ» қуаттарын меңгеріп өнер, ғылым, денсаулықтарды жетілдіріп, өмірге киелі ұрақтарды әкелумен, сана қуатын қалыптастырумен ерекшеленіп, бірақ ол үшін де алдымен жүректің тазаруын қалыптастыратын, тән, қан тазартуымен бірге бас пен аяқтың ағарып, толық бойдың қалыптасумен белгілі болатын ар сауытына, жан тақуалығына тәуелді. Тозақтың екі қақпасы және жеті тозақ есігі болатынын ескерсек; адам тәнінде де 2-қақпа үнемі құлыптап жабық тұруға тиісті, табан мен төбе болып және адам тәнінде қорғалатын 7-зейнет есігі бар екенін білген абзал. Адам баласының негізгі тозақ қақпасы бас пен аяқ екенін аятта; «Сол уақытта олар (шерік, әскерлер) сендердің жоғары жақтарыңнан да (бас есігінен, орай) төменгі жақтарыңнан да (табан есіктерінен) келген еді. Көздерің алайып, жүректерің ауызға келген еді. Сондай-ақ Аллаға байланысты әр түрлі ойлар ойланған еді.» (33-10) «Ол, сендерге үстеріңнен (бастарыңнан) немесе аяқтарыңның астынан (табандарыңнан) азап жіберуге, не сендерді топтар түрінде ұрыстырып бір-біріңнің кесірін таттыруға күші жетеді» де. Қара! Олардың түсінулері үшін аяттарымызды қалай ашық баян етеміз». (6-65) Жоғарыдағы діншіміздің және бүкіл ислам елдерінің дін ғалымдарының зираттағанан шерік қосылады дегенді төбе мен аяқтың ластанып, киелі орындарды жалаңаяқ басумен арамданып ағармауынан, Інжіл, Тәуратпен түсірілген, пайғамбарымызға кітап болып берілген хаж намаздарын (жол-жоба) меңгермеуден, киіммен, дәретпен ар сауытын қалыптастыра білмеген әрбір пендесіне азаптың шеріктердің енуінің қалыпты жағдай екенін ашық аятпен, арнаулы ескертумен; «Қара!», балтырын ашқан, жалаң аяқ, жалаңбастарға» деп ескертеді. Бұл жағдайда ата-жолының арнаулы аруақтардан батаменен ескертіп, аянмен көрсетілгенмен; Ақ ұлдың жанында қорғанға, күзетшілікке, кітаптармен жалғануға, аяндарын оқуға көмекке тұрғандардың ең басты қателігі; шариғат және ата-баба ғұрпын сақтап, жетілдіру арқылы тақуалық арқылы үлгі көрсетіп, Алла жолында нәпсілерімен соғысып, дінді намаздарын жетілдіруге тиісті еді. Бірақ ондай ерекше нығмет, Ақ ұлмен бірге жеңілдік берілгендер, керісінше европалық салтты дәріптеп, «жаңа қазақ, европалық қазақ, бай қазақ» боламыз дегендей, шеттен келген бойға енген, арсыздық әдеттермен ата-жолының осындай жағдайға топ түрінде сынақ түсіп және өз ара бір-бірімен керістірілуге де себеп болды. Жоғардағы табаннан, төбеден жеудің нығметерін және Раббымыздан заман, тіршілік өзгерістеріне қарай өзгеріске түскен, ескертулер мен аяттарды, аруақтан келетін уахи-батаны, Алланың жүректерді қосуға түсірген бірлеу үкімдерін мұсылмандық парыздардан намаздан мүлде шығарып тастап, қарсы болған «намазхан» елдердің азап түсіп, өз ара керісіп, тылсымнан күзетші жүректерінің быт-шыт болып, тән мен рух, рухпен сезімнің араларына шеріктер еніп, сол себептен жынданумен, шарап орнына қос «У» ішкендіктен бірін-бірі аяусыз өлтіріп жатқандарының өзі осындай діннің қағидаларын меңгеріп, ар білімін жетілдіре білмегендіктен, тәндерінің тозаққа айналып, иістенуінен және төбе, аяқ қақпаларын ашып қойғандықтан, намаздары арқылы да жүректеріне кәпір жындардың зейнетеліп, ойларының бұзылуынан деп біліңіз. Бұндай жағдайды Раббымыз алдын-ала арап жұртының төбеден, аяқ астынан жеуге хаж амалдарына, өліктер арқылы берілетін аян-аяттарға шындыққа яғни бейнеленген хикметті істер-хақиқатқа қарсы болуын аятта; «Оны (аруақ қағидасын) хақиқат бола тұра ұлтың жасынға шығарды. Мұхаммед; «Сендерге уәкіл (аян, уахи беріп ескертуші, хабаршы) емеспін» де. (66) Әр хабардың (аян, уахи әулиелерен келетін батаның) нәтижеленетін уақыты бар. Жақында білесіңдер. (67) Мұхаммед аяттарымыз турасында (аруақ арқылы келетін хабарлар, өліктердің сөйлеуі, Алланың тілдесуі) ажуаға кіріскенін көрген сәтте, басқа сөзге кіріскендеріне шейін олардан бет бұр. Егер шайтан саған ұмыттырса, есіңе түскенен кейін залымдар тобымен бірге отырма!» (6-68) Қазақ елінде де жаратқанның ашу, азабына ұшырауға қазіргі таңдағы жалаң бас, жалаң аяқ мешіттерде намаз оқитын «қызылбастық жолды» ұстанған жастармен бірге өздері де осындай топтарға қосылып, тылсымнан келетін хабар, аруақ-кітабына жалғанбау үшін «Алла пенделерімен сөйлеспейді» яғни тура жолға жеке-жеке хикметімен салмайды,- деген пайғамбарымызға, Құранға жала ашық жала жауып және бұл хақиқатты ашық дәріптеген ата жолдық топтарды қудалап, жалпы қазақ елінің де зұлымдыққа түсуіне масхаб ғалымдары да имамдары да ат салысып жатқаны даусыз. Сондықтан тек масхаб білімі арқылы «Дін ғалымы болған, біздерден сұра!» деп, тәңірлік сипаттағы, Аланың жанындағылар, кітап берілгендер болып саналатын «16-43» аятты теріс ұғындырып өздерін өз қолдарымен «Тәңір» тура жолға салушымыз, ал сендер бізге ұстаздарыңа еріп, тура жолға түсіп «намазхан» болдыңдар деп, халықты үгіттейді. Ал тура жолға бағытты, ізді табу үшін де діл білімін, қазақтың өз ғұрпын, дінін меңгеріп, тәннің жұпар иісін қалыптастырып және қазақ дәстүріне сай масхаб білімімен қоса Інжілді меңгермей бас ағармайтын болса, Мұса пайғамбарымызға жалғанып аяқты тазартып, сонан кейін Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына, аруағына жалғану арқылы бүкіл дін нұсқауларын біріктіру намаздарын орындаумен ғана аяқтан, төбеден нұр алып, жүректің тазарумен ғана тура жолға түскен болып саналады. Бірақ оған дейін бүкіл тәндегі 100-түрлі белгі көздердің ашылуымен, «Уақ» қуатарының өрнегін, ақ сауытқа, Ар қуатына зейнетеумен бойды ұсыну амалын толықтыру да шарт. Және осындай шартарды меңгерумен ғана ата жолындағы батаның негізгі құндылығы ашылатынын, батаның да жоғарғы дәрежелері, хикметтері болатынын да ата жолдық аққу, сұңқарларының көпшілігі мүлде білмейді және меңгере де аламағаны хақ. Осындай Құран аяттарының, Ясауи баба хикметтерінің және Абай-Шәкәрім сияқты қазақтың дінді тура жолды меңгерген әулиелер еңбегінің әлі сыры да ашылмағандықтан, дін және философия ғалымдарының даналықтарының, сөз астарын түсіну, тілді меңгеру қабілеттерінің жоғалумен ұлттық отандық оймен, тілдің арасында құрдым пайда болуымен, сөз атаулардың қуаттық күші жойылып, сөздің бәрін көршілерден алдық де және тарихымызда пайғамбар келмей, сөз ғылым болмай, сондықтан исламға дейін, аталарымыз дінсіз надан болған деген ниеттен, ел басындағылардың жалған даналықтарынан қазақ еліне түскен жартушының әрбір пендесіне жек-жеке жер, көк есіктері арқылы беріліп жатқан несібесі мен нығметтері, хикметтері түгіл, тіптен ашық көрсетілген жүрек ашу мұғжизаның тоқтауына да әкеліп соқтырғаны да сөзсіз шын. Көп қазақтың қасиетті, дарынды зиялы қауым мүшелерінің рухани надандыққа түсуге басты себеп; жалаңбастанып, өліктерге ғана құрмет көрсетіп, «мен де рухани өлікпін» деген християндық азғындаған салтын, шайтанның әдемі көрсетумен, жынан-шайтанан болған бастықтардың пәрменімен, бастағы сары судың көбейіп, жалпы жындылықтың, мастықтың салтымызға дін ниетімізге, намазымызға айналуымен байланысты болғаны даусыз. Қазақ ғұрпында әйел заты мен ақылы толған ер кісі түгіл, жас баланың өзіне жалаңбастық ұятсыздық, арсыздық болып саналған. Ал енді ондай ғұрпымызды жоғалтып, жаулығымызды аяқ асты қылумен бірге жалаңаштық салтымызға айналғанан, ар біліміміз мүлде жоғалуымен, ендігі біліміздің, дініміздің сипаты тозақтық, бүкіл тәннің жүректің, қанның азуына апарып соқтыратын ұятсыздық, арсыздықты енді тіптен шашы жоқ, таз бастардың өзі ел басқару сарайларында тек тақ үстінде ғана емес, көпшілік алдында да мақтанға, дәрежеге, үлгіге айналды. Бұндай жағдайда тылсым сырын, жаратқан үнін есту қабілеті жоғалып, ал арасындағы жаратқанан ерекше рухани қабілет берілгендер тек біліммен ғана жорып және тазармаған жын және шайтандар арқылы ған келетін шала, теріс түстерді ғана көру қабілетіне ғана шамасы келеді. Ондайларға мүлде көктің жолдарына сатылары көрініп, жердің рухына жалғайтын есігі де ашылмайды. Европа елінен келген ашық аяқ киімдермен, арап елінен келген мүлде жалаң аяқтық, балтырын, төсін, қол аруағын ашқан арсыздық қазақ әйелдері мен еркектердің өзін де тұқымын, ұрықтық күшін де аздырып, санасын жабуға тозақтық пенделердің санын толықтыруға имамдарымыздың өзі мешітерде, киелі жерлер мен зиярат бастарында жағдайларын жасап тиым салып, шектеу қоймай жалпы иман келтірген қауымның да төбеден табандарынан келетін азықтарды «Мәннә, Сәлуаны» араммен арластырып былғап, зиярат, киелі жердің тазалығын таза бұлақты арамдау әректеріне өз үлестерін қосушылар қатарына ата-жолының дінді ойын сауыққа алған басты қызметшілері де, теріс үлгі арсыздықты қалыптастыруға арсыздықтық үлгісін дәріптеп, көрсетуден қалысар емес. Бұндай жағдайда табанның ағармауынан тағдыр кітаптары оқылмайды, жер рухына жалғануы да мүмкін емес. Ал ел басымыздың осындай жетістіктерге жетіп, әлемде қазақ шаруашылығын даму қарқынымен алға сүйреп келе жатқандығы да өмірі жалаң аяқ жүрмей, және қызмет бабы да оған жол бермей, ата ғұрпын сақтап, өз тағдыры кітабы арқылы жер анадан, теңіздерден аян, уахиларды ала білуінен мықты тағдырмен келіп, жартқанан ерекше аруақтық қорған беруінен деп түсінген де жөн. Бірақ, жанын тазартып қосымша әулиелердің меңгерген құпия терең сырлы тура жолдың нұсқаулары хикмет кітаптарына басты ағартып, ар біліміне, жан қожалығына жалғана алмауынан, дініміздің осындай халге душар болып, оның шешімін бірінші ел басқарушысына көрсетілу шартын яғни Раббымыздың және пайғамбарымыздың шапағатына, кітабына, аруағына толық жалғана алмауынан деп түсінгеніңіз абзал. Алтыншы кітапта дәлелдерін берген «Насыр» періштесі яғни Әбунасыр, Қожанасырлық қасиет қазақтың даналарына, жалаң бастарына жынды сары судың тазармағандығынан зейнетелмегендіктен, осындай жаратушы нығметінен елімізді 20-шақты жылға кері шегеріп тастадық. Ең сорақысы әйелдеріміздің шашын жалбыратып, жайып жіберіп, немесе бір нәрсені бастарына, тәндеріне орай салып, арсыз ұятсыз, к..тін көрсетіп, жалаң аяқ әулие бастарында былғаумен бірге шеріктермен, кәпір жындармен өрістік зина жасаумен тәндері, рухтары жандары да арамданып, жандары түршігетін, ана сүтін аздырып, рухани кеміс, дендік «уақ», «ман» қуаттары жетілмеген рухани жүрек көздері түгіл, тәндік ақаулары бар жетімсіз баларды дүниеге жарысып әкелуге және қауымдарына Құдайдың лағнетін, қияметін тезірек келтіруге белсене кірісіп кетті. Ал бұндай болашақ ұрпақтарымыздың санасы түгіл, ақылы азып, бойкүйез мәңгүтенуіне, ділдің азып, тектің тозуына соқтыратын, жалпы ғұрпымызға да, дінге де, мәдениеттілікке, өркениеттілікке де теріс арсыздықты тиым салып және жақсылықты көбейтіп, тектілікті қалыптастыруға үлгі көрсететін, зияратшы қауымдар мен ата-жолының басым көпшілігі және «аққу», «сұңқар» аталып міндетелгендер де осындай арсыздықтарға өз үлесетін қосып, аталар аманатын, ақ батаны аяққа таптап, халықты тозақтық болуға, жүктеліп, азапталуға шақырып жатқандар да жеткілікті. Мұндай ашық арсыздықтан Құдай үкімі мен Алла достары мен сүйген құлдары періштелер, пайғамбарлар тарапынан келген аманат баталарды ойын-сауыққа, қызыққа дүниеге айырбастап алғандар үшін және Алланың «Бар», «Рас», бірлік сипаттарына ашық қарсы жала қойған дін, ел басшылармен жалпы осындай қауым мүшелеріне болашақта олардың тағдырының соңы қалай және немен аяқталады?- деген заңды сұрақ туындайды. Адам баласының сенімін бекіту үшін жартушымыз құранда да барлық киелі кітаптарда да бұрынғы ата-бабалар ұстанған діні мен ғұрыптарынан, салттарынан және жаман қылықтарынан өнегелер, үлгілерді көрсетіп, осындай жақсылықтарынан, жеткен жетістіктерінен енді ғибадат алып сенімдеріңді бекітіңдер, ал жамандықтарын қайталасаңдар солардың артынан барасыңдар, сондықтан барлық қуаттың егесі, Раббыларың (Иелерің) Алладан қорқыңдар деп ескерткен. Арамыздан елші келіп Ясауи бабамыздай әулие-ғұламаның артында теңдесі жоқ Құранның түсінік насихаты кітабы қалғанын және онан кейін бүкіл түркі әлемінде жүздеген кереметтерімен, ашық мұғжизаларымен тарихта өз орнын қалдырған тура жолды меңгерген, кітап алған нәпсін меңгерген қожалардың және олардан қалған ұрапақтардың әлі кезге дейін арамызда өмір сүріп жатқанын, қазақ аталарымыздың тура жолда болғанынан ашық белгі; Абай-Шәкәрімдей әулиелердің әлі зертелмей жабық тұрған еңбектері жер, көк есіктеріне жалғанып; төбеден, аяқ астынан азық ала білген ел екенімізге ашық дәлел бола алады. Ал осындай Алланы өзіне пайда және зиян бертін тәңірлік қуат себептеріне әулиелер аруақтарына сыйыну арқылы, жаратқанға құлшылық жасаумен шерік-әскерлерін, бағындырып, қасиетін меңгеріп, аруақтарын көбейткендерді; «шерік қосу», «аруақ арам», «кәпір жын» деп азғыратын, Раббымыз тарапынан оқылатын батаға шындыққа қарсы шығатын шайтан жамағаттары арапшыл діншілердің болатынын; «Мұхаммед; «Алладан басқа бізге пайда. Зиян келтіре алмайтын нәрсеге сиынайық па? Алла тура жолға салғанан кейін қайтып (дінің бастауына қарай-ниглизмдік ұстаныммен), шайтан баурап, жер жүзінде абыржыған жолдастары (өз ара соғысқан ұқсастары); «Біз жақтағы тура жолға кел» деп шақырып жүрген кісі (масхаб имамдары) құсайық па?»,-де «Алланың жолы тура жол. Және әлемдердің Раббына бой ұсынуға бұйырылдық»де. (71) Намазды толық орындауға (тек бес парыз емес, барлық түсірілген үкімдерді де), Алладан қорқуға (ақиреттік себеп қуатынан, өлімнен) бұйырылдық.» Ол сондай Алла, хұзырына барып жиналасыңдар.» (6-72)
«Берік ұста, ата сөзін, соққан кезде сағаты, Аруаққа ант бердім жолымда «жаным арымның садақасы». Ту көтердім, жол көрсетіп Айша бибі анмыздың атынан, Халық еріп, шәкірт шықты мақтанышпен айтылар. Қандай ұстаз болғанымды шәкіртерім бағалар, «Бір анадан ала туар, құла туар» танып ал. Ар алдында жауап бердім «Кіммін?» деген сұраққа, Аруаққа, замандасқа, болашаққа, ұрпаққа. Көпір салып екі дүние есігіне шындықпен, «Елім үшін» ата жүгін арқалаған ұлмын мен.» (Қыдырәлі Момбайұлы 2000. ж. )
Сенім-иманның денесі және ата жолының сенімдік бейне ерекшеліктері.
«Алла Тағала былай дейді; «Адамдар бастарына әлдеқандай бейнет үйірлгенде заманды кінәлайды, Сол арқылы Менің арыма тиеді. Егер басыңызға іс түссе уақытты сөкпеңіз! Себебі жыл мезгілдерінің, күн мен түннің алмасуыны Менің билігімде. Мен оларды жойып жібере алмын.» (587-өсиет) Олай болса уақыт Алла тағаланың құдірет қолы, аруағы, ал заман-Ар білімі, адамзатқа түсіріп көрсетіп қойған сенімнің сынағы болып заманға қарай намаз амалы да өзгеретінін есертеді де аятта; «Адамдар: «Сендік» (тілмен иман келтірдік) деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма?(2) Рас олардан бұрынғыларды да (иман, арлылығын) сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі.» (29-3) Әрбір жаратылыс нәрсесінің өлшемі, шамасы және оны пайдаланудың шектерін, қағидаларын дін деп атасақ, онда ұстанған дініміздің негізгі жалауын көтеріп жүретін ерік күшін яғни имандылықтың қуаттық шамасын сенім-деп атайды. Адам баласының сенім қуатының, ерік күшінің тазалығы, шамасы осы иман ағашының, тектілігінің яғни белгілі бір нәрселерге, парыздарға иман келтірудің ерекшелігін және уақыт бірлігіне тәуелділігін көрсетеді. Құр тілмен айтып, оймен сендік дегенмен оның нәтижесі сенім күшін сынау бойынша сабырлық, ақылдылық және соған байланысты белгілі бір нұсқау, үкім және ата-баба, елшілер, әулие-әмбилер мен пайғамбарлар үлгілерімен, өсиеттерімен киелі кітаптардың аяттарына сүйене отыра әрекет етудің нәтижесімен, заманға қарай берілген білімділікпен және біліктілікпен ғана өлшенеді. Сенім қуаты бейнеленгенде қайрат-иман зейнеті болып, адам баласының үнемі толықтырып, қадағалап күзетіп, бағып, орнымен пайдаланып отыратын ұзақ жылдар бойы өмір, тұрмыс тәжірибесімен қалыптасып жиналатын рухани күш- қуат арлылығы, яғни ар білімі ғана-біліктілік болып саналады. Сондықтан құр тілмен немесе жинаған білімен иман келтіргенмен ар сауыты жетіліп бойға қуат, күнәлі болмысқа қарсы тұратын нұр, адам өміріне жақсылықтарға қарай жол көрсетуші жарық болып өзінен өзі ғайыптан пайда болмайды. Ол үшін де нәпсімен күресу арқылы, әуелі ар сауытын тоқитын атбабаларымыздың тарих сындарынан өткен ғұмыр тәжірибесін меңгеру керек. Сенім иман зейнетінің күзетшісі, қорғаны болып үнемі толтырап отыратын қараңғылыққа тап болғанда жағатын шамның майы (бензин-октан)сияқты. Сенімді тіршіліктік намаздарды орындау арқылы сауаппен жаздырып, май қылып ішіп қайрат, жігерге, өмір ағашына айналдырып затандырып отырмаса онда майсыз сенім, өлі сенім. Және оның жан жылуының отыны, қуаты болып әйел затымен, ұлтық діл, қан тазалығымен де тікелей байланыста болатынын қыз бейнесіндегі шам ұстаған періште яғни «Ұждан» болып қалыптастынын Ғиса пайғамбарымыз інжілде астарлы түрде насихат беріп кетіпті. «Дененің шамы –көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің түгелдей нұрға кенеледі. Ал егер аш көз болсаң, өміріңді қараңғылық басады. Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын, байқа!» (Лұқа; 11-тарау) Сондықтан аятта; «Сондай иман келтіріп сенімдерін зұлымдықпен былғамағандар, міне соларда сенімділік бар. Және олар тура жолға түсірілгендер.» (6-82) Олай болса ең бірінші аманат, дүниеқоңыздық, ашкөздік, қызғаншақтықтан, арсыздыққа апартын зұлымдықтан сақ болу; яғни ата-анаға шүкірлік жасау, ана сүтін ақтап тілді былғамай, әке өсиеті сөзді ұлтық намысыңды қорғап, жартқаннан түсіріліп, оны ғасырлар бойы аққан тер еңбекпен жетілдіріп, төккен қанымен дінін қалыптастырған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік аманттарды қорғап, білімін жетілдіріп, заман намазына иман қуаты-арға дәрежелеп кейінгі ұрпақтарға өткізіп отыру керек. Сондықтан бұл аманаттарды меңгеру үшін сөз ғылымын меңгеру, сұхбатты, оймен тілдің арасын бөлетін ұғымсыз, шала сөз атаулармен былғамай таза сөйлеу білімін жетілдіру діннің басты шарты және парызы болмақ. Мұсылманның құлшылығының бес қана парызы бар деген масхаб философиясының қазақтың дін ұстанымына және тура жолдың құран насихатына, пайғамбарымыздың өсиетіне де қайшы екенін естен шығармаған жөн. Егер сөз сарасына жүгінсек «Парыз» ұғымы Алладан орындауға міндетті болып берілген үкім, бұйрық болып түсіндіріледі. Олай болса 24-ші «Нұр» сүресі, оның жұбы 42-ші сүре үкімдері парыз болып саналады. Енді сандар ғылымына жүгінсек; Нұр- сүресі 64 аятпен қияметте, өлімде сұралу болып, және жасырын Шура 42-сүремен пар болып, осы екі сүренің ар білімінің негізі болып; «42-53» аятпен тұжырымдалып адамзат сенімінің ақталып, «Арманының» орындалуын яғни жүректердің көке жалғануын ескертіп тұр. Құранда бес нәрседен, парыздан ғана сұралып жаннатқа кіресің деген ұғымда, үкімде жоқ. Және аятта; «
Достарыңызбен бөлісу: |