Аталып өтілетін даталар


сәуір 1946 – Жазушы Теңізбай Рахымжановтың туғанына 60 жыл



бет2/7
Дата25.02.2016
өлшемі489 Kb.
#19535
1   2   3   4   5   6   7

9 сәуір 1946 – Жазушы Теңізбай Рахымжановтың туғанына 60 жыл

Жазушы Теңізбай Нәбиұлы Рахымжанов 1946 жылы 9 сәуірде қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы, Өспен ауылында туған. Ол Өспен орта мектебін бітіргеннен кейін С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінң´ филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1969 жылы бітіріп шығады. Содан кейін республикалық жастар газетінің тілшісі, Қазақ ССР Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ¦ылыми қызметкері болып істейді. 1976 жылы «Қазақ халық поэзиясындағы импровизациялық дәстүрдің дамуы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Кейін Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасында доцент болып қызмет атқарған.


Әдебиеттер:

Рахымжанов Т. Алтын керуен: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1980.-56 б.

Рахымжанов Т. Көгілдір тырналар: Повесть, Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1988.-224 б.

Рахымжанов Т. Оралу: Повесть және Әңгіме.- Алматы: Жалын, 1982.-156 б.


Ол туралы:
Рахымжанов Теңізбай // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.-508 б.

Сәуір 1931 – Қарағанды кен-механикалық


колледжінің құрылғанына 75 жыл
Қарағанды кен-механикалық колледжі осыдан 75 жыл бұрын құрылған. 1930 жылдың қазан айында КСРО үкіметінің Орталық Қазақстанның кен байлығын игеруді бастау туралы қаулысы қабылданды. Қарағанды облысының құрылуымен қатар көмір саласы ерекше дамыды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер, көмір шахталары, өндірістік объектілер құрылысы, көмір өндіру мен көмірді өңдеу шін алдымен техникалық сауатты ұлттық мамандар керек болды.

1931 жылдың қазан айында жаңа көмір бассейнінде тұңғыш оқу орны – Қарағанды кен-көмір техникумы ашылды. Бастапқыда ол Киров атындағы шахта аумағындағы ескі үйде орналасты. Кеншілерді дайындау тек екі мамандық: «Көмір орындарын игеру» және «Кен электромеханикасы» бойынша жүргізілді. Алғашқыда техникумды 16 жас бітіріп шықты. Қарағанды көмір бассейнінің әрі қарай дамуы үшін қашанда білікті мамандар қажет болды.

1935 жылы техникум оқушылар санының көбеюіне байланысты Үлкен Михайловка поселкесінің совхоз үйіне ауысады. Қарағанды қаласының Жаңа қала құрылысы 1934 жылы басталып, кең далада төрт көп қабатты тұрғын үйлер, аурухана мен кен техникумы тұрғызылды. Ол кезде бұлар Сарыарқадағы аспанмен таласқан зәулім үйлер болып көрінетін. 1938 жылы оқу орны қазіргі орналасқан жеріндегі жаңа мекенге көшірілді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында да мамандар дайындау ісі тоқталған жоқ. Қарағандыға Мәскеу мен Днепропетровск кен институттары көшірілді. Олар кен техникумының бірінші корпусымен жатақханасына орналасып, сабақ күні-тні, қиын жағдайларда үш кезекпен оқылып жатты. Соғыс біткен соң басқыншылықта болған аудандарды қалпына келтіру және еліміздің үшінші көмір ошағын дамыту үшін отын қажет болды. Техникум көмір өнеркәсібіне өндірістің маман ұйымдастырушыларын дайындауды жалғастыра берді. Оқушыларды қабылдау саны өсті. Қажет жаңа мамандықтар енгізіліп, ашық кен жұмыстары, шахталық көлік, маркшейдерлік жұмыс және бухгалтерлік есеп кешкі бөлімдер ашылды. Ал 1955 жылы сырттай оқу бөлімі ашылып, сосын оқу корпусы кеңейтіліп, кабинеттер мен лабораториялар жабдықталды.

Колледжді ірілендіру және мамандар даярлау жағынан сақтау мақсатында, сол сияқты оқушыларды толықтыру, көзі-аймақтық потенциалды сақтау үшін колледж бөлімі болып табылатын кешкі энерго құрылыс, Абай кен техникумы мен Ақмола ОКП техникумдарын біріктіру жүргізілді. Қазір Қарағанды кен-механикалық колледжінде оқудың барлық түрі бойынша 2131 оқушы оқиды. Жас техник мамандарды әзірлеу, жер асты көмір орындарын игеру, кен кәсіпорындарының құрылысы, кен-электр механикасы, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, автокөлікте тасымалдауларды ұйымдастыру мен жол қозғалысын басқару, жылу-электр станцияларының жылу-энергиялық жабдықтарын пайдалану және жөндеу, бухгалтерлік есеп және кеден ісі мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.

Қазіргі уакытта колледждің бөлімшелері және жақсы оқу материалдық базасы бар. Оқу-көрнекті құралдарымен, макеттермен, жаңа техникалық оқу жабдықтарымен, автоматты басқару тәсілдерімен, әрекетті құралдарымен, компьютерлік және бағдарламалық оқыту бөлмелерімен, пән-оқу бағдарламасына сәйкес жабдықталған. 85 оқу бөлмелерінде сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Колледжде екі оқу шахтасы, техникалық және ағаш шеберханалары, тир, жеңіл атлетикалық манеж, полигондар, ішкі шахталық көліктер, кен механикасы мен автоматикасының автодромы бар.

Білікті мамандар дайындауға үлкен жетістігі үшін Қарағанды кен техникумы 1967 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Колледж басшылығы, педагогикалық ұжымы және оқушылары бұл дәрежені әр дайым мақтан тұтады.

Қарағанды кен-механикалық колледжі Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің арнаулы орта оқу орындарының кен-металлургия мамандықтардың біріктіріп отыратын базалық колледжі болып табылады. Республикалық оқу-әдістеме бірлестігі мұнда әрдайым семиналарлар, пленумдар, олимпиадалар өткізіп отырады, әдістемелік көмек көрсетеді және барлық аймақтық техникумдар, колледждер, училищелердің жұмыстарын жинақтап қорытады.


Әдебиеттер:
Әуғалиев Т. Кеншілер дүкені: /Кен техникумына-60 жыл/ // Орт.Қазақстан.- 1991.- 16 қазан

Жандаев Ш. Кенші болгың келе ме: /Қар. кен-техн. училищесі жайлы/ // Лениншіл жас.- 1976.- 20 шілде

Ночевнов Г. Маман кадрлар даярлаймыз: /Қар. Еңбек Қызыл Ту орденді кен техникумы жайлы/// Орт.Қазақстан.- 1981.- 9 қаңтар

Ночевнов Г. Шахтерлер шыққан шаңырақ: /Қар. кен-механ. колледжіне-65 жыл/// Орт.Қазақстан.- 1996.-31 қазан

Смайылов М. Кенші кадрларды көптеп даярлаймыз: /Қар. кен-механ. колледжі тур./// Орт.Қазақстан.- 1993.- 28 шілде

Терешин А.Н. Бiлiктi маман даярлау- өмiр талабы: Қарағанды тау-кен механикалыє колледжi филиалының дир. А.Н.Терешинмен сұбат / Сұхбаттасқан Н.Смағұлов// Абай-Ақиқат.- 2004.- 9 қазан

Шаймұқанова Р. Маман кеншiлер дүкенi: Қарағанды қаласына - 70 жыл // Орт.Қазақстан.-2004.- 22 қаңтар.-3 б.
5 маусым 1936 – Жазушы, қаламгер Сапарғали

Ләмбековтың туғанына 70 жыл
Жазушы Сапарғали Ләмбеков 1936 жылы 5 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының «Қайнарбұлақ» аулында туған. Бастауыш сыныптарында оқып жүргенде он екі жасында қатты сырқаттанып, екі құлағы естімей қалған. Мектеп бітірген соң, «Қарқаралы» аудандық газет редакциясына қызметке тұрған. С.Ләмбеков қызмет істей жүріп ҚазМУ-дың журналистика факультетіне сырттай оқуға түсіп, оны 1975 жылы бітірген.

С.Ләмбеков көп жыл бойы журналистика мен әдебиет саласында үздіксіз еңбек етіп келе жатқан қаламгер. Оның шығармаларының басты тақырыбы–туған өлкенің бай тарихы, ұлтымыздың мақтанышына айналған кешегі атақты адамдарымыздың өнеге боларлық өмірі туралы. Ол дүлдүл күйші Тәттімбетті, әйгілі әнші, сазгер, сері Мәдиді, ақиық ақын Қасымды, белгілі күрескер Угар (Мұқатай) Жәнібековты, қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовты шалқар қазақ даласына әйгілі еткен қомақты туындылардың авторы.

Әдебиетке балғын шағында-ақ өлеңмен келіп, поэзиялық, прозалық, драмалық жанрларындағы шығармаларды тең ұстаған С.Ләмбековтың республикалық баспалардан «Қарқаралы саздары» атты өлеңдер жинағы, «Қыр қырандары» деген очерктер жинақтары, «Тайталас», «Әке жолы», «Тәттімбет» романдары жарыққа шыққан. Сондай-ақ біраз шығармалары Алматыда басылған жинақтарға енген.

Еңбекқор, талғампаз да тындырымды жазушының қаламынан соңғы жылдары Қарағанды шахтерлерінің өміріне арналған «Қатты қабат», Алаштың айтулы азаматтары туралы сыр шертетін «Арыстар» атты романдары шыққан.

Жазушы-журналист С.Ләмбеков ел құрметіне қапасыз бөленген жан. Ол 1985 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1986 жылы Қарағанды облыстық Кеңесінің, Қазақстан журналистер одағының, 1987 КСРО Мемлекеттік баспасөз Комитетінің, СОКП Орталық Комитетінің, ВЦСПС-тің, БЛЖКО Орталық Комитеттің құрмет грамотасымен марапатталды.

1990 жылы «Кеңес баспасөзінің үздігі» омырау белгісін алған, 1996 жылы Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты атағына ие болған. «Азаттық құрбаны» дейтін балладасы «Балдырған» журналының бәйгісіне ие болған. С.Ләмбековтың «Қайнар» баспасынан «Қыр қырандары» атты очерктер жинағы, «Жалын» баспасынан балаларға арналған «Еділбай» дейтін өлең кітабы жарық көрген. Жекелеген шығармалары «Қазақстан» баспаларынан шыққан «Алтын дән», «Ақ бидай», «Саржайлау», «Кәрі сайтан» жинақтарына кірген.


С.Ләмбековтың шығармалары:
Ләмбеков С. Абай еліне сапар: Жолжазба //Орт.Қазақстан.-1996.- 1 қазан

Ләмбеков С. Ақиқатты ардақ тұтайық: Тарих //Орт.Қазақстан.-1992.- 4 ақпан

Ләмбеков С. Астаналарды көбейтiп, ауылдарды азайтпайық: Мезгiл мәселесi // Орт.Қазақстан.- 2002.- 11 желтоқсан.-7 б.

Ләмбеков С. Ауа толқындарына саяхат: Рецензия // Коммунизм таңы.- 1979.- 26 мамыр

Ләмбеков С. Әке жолы: Роман.- Алматы: Жазушы, 1984.- 192 б.

Ләмбеков С. Бозторғай белбеуі: Әңгіме // Коммунизм таңы.-1980.- 30 қыркүйек

Ләмбеков С. Жамантай-хан емес: Тарих // Қарқаралы.- 1992.- 8 ақпан

Ләмбеков С. Жанар: Поэма // Орт.Қазақстан.- 1967.- 11 сәуір

Ләмбеков С. Жарық сәуле: Романнан үзінді // Қарақаралы.-1994.- 20 тамыз

Ләмбеков С. Жыр дәптерінен // Орт.Қазақстан.- 1981.- 5 қырк.

Ләмбеков С. Көрікті өлке өрнектері: / Ю.Поповтың «Қарқаралы» атты кітабына сын/// Орт.Қазақстан.- 1982.- 14 мамыр

Ләмбеков С. Қайтқанда: Деректі әңгіме // Ленин туы.- 1989.- 22 маусым

Ләмбеков С. «Қаракесек»: Поэмадан үзінді: М.Бәпиұлының туғанына 110 жыл толуына // Ленин туы.- 1989.- 29 шілде

Ләмбеков С. Қарқаралы ғажайыптары: /Ю.Поповтың кітабына қысқаша пікір/ // Коммунизм таңы.- 1982.- 30 наурыз

Ләмбеков С. Қарқаралы саздары: Өлеңдер мен поэма.-Алматы: Жазушы, 1968.- 71 б.

Ләмбеков С. Қарқаралы: Өлең // Орт.Қазақстан.- 1992.-21 қазан.

Ләмбеков С. Құлақсыз ғұмыр: Бастан кешкендер // Балқантау.-1996.-11 мамыр

Ләмбеков С. Мен бір жан...: Деректі әңгіме // Орт.Қазақстан.-1989.- 1,9,12,13 шілде

Ләмбеков С. Омбыдағы ұшырасу: /Ш.Уәлиханов туралы/ // Орт.Қазақстан.-1989.-6 қаңтар

Ләмбеков С. Өлеңдері // Орт.Қазақстан.- 1992.- 6 қараша

Ләмбеков С. Өлеңдері // Орт.Қазақстан.- 1993.- 5 тамыз

Ләмбеков С. Петербургте: Деректі әңгіме // Орт.Қазақстан.-1988.- 4 қырк.

Ләмбеков С. Тағдырмен тартыс: Ғұмырнамалық хикаяттан үзінді // Орт.Қазақстан.- 1996.- 22,25 маусым

Ләмбеков С. Тайталас: Роман.- Алматы:Жалын, 1980.- 232 б.

Ләмбеков С. Тәттімбет: Романнан үзінді // Қарқаралы.-1991.-N3.- 40-58 б.

Ләмбеков С. Тәттімбет: Хикаят.- Алматы: Өнер, 1993.- 272 б.

Ләмбеков С. Ұйғарым: Деректі повестен үзінді // Коммунизм таңы.-1981.-26 қырк.

Ләмбеков С. Ұлттық үрдісті ұстанайық // Орт.Қазақстан.-1994.- 4 мамыр

Ләмбеков С. Ұядан ұшарда // Ленин туы.- 1989.- 27 мамыр

Ләмбекұлы С. Ақжанның арашасы: Ақжан Машановтың туғанына 100 жыл толуы қарсаңында// Орт.Қазақстан.- 2005.- 20, 22 қаңтар.-10 б

.Ләмбекұлы С. Ақырзаманды алыстатайық, адамзат!: экология// Азия Транзит.- 2003.- N12.-38-39 б.

Ләмбекұлы С. Арқадағы атақты думан-базар: Қоянды жәрмеңкесiнiң 150 жылдығына// Қарқаралы.- 1999.- N1-2.-14-17 б.

Ләмбекұлы С. Арыстар: Роман.- Астана: Елорда, 2000.- 368 бет.

Ләмбекұлы С. Арыстар: Романнан үзiндi// Орт.Қазақстан.- 2001.-10, 13 қаңтар

Ләмбекұлы С. Арыстар: Екiншi кiтаптан үзiндi // Орт.Қазақстан.- 2003.- 1, 4, 6, 8 ақпан.-16, 7, 6, 14 б.

Ләмбекұлы С. Арыстар аруағына бағыштадым. Жазушының жанайқайы: («Арыстар» атты кітабы туралы) //Орт.Қазақстан.- 1997.-4 маусым

Ләмбекұлы С. «Арыстар» әзір шықпайды: Жұмажанға хат //Орт.Қазақстан.- 1998.- 9 сәуір

Ләмбекұлы С. Арыстар: Романнан үзінді // Азия Транзит.- 2000.- №9 (желт.).- 35-38 б.

Ләмбекұлы С. Беу, қазекем: Өлеңдер // Азия Транзит.- 2000.- №2 (мамыр).- 18 б.

Ләмбекұлы С. Ғасыр саңлағы: Тоқтар туралы толғау// Азия Транзит.- 2004.- N6, N8,N9.-34-

37 б.

Ләмбекұлы С. Жәкеңнiң жетектеуiмен жеттiк: Жайық Бектұровтың туғанына - 90 жыл // Азия Транзит.- 2002.- N4.-41-43 б.



Ләмбекұлы С. Заман азаматының тұлғасы: оқыдық, пiкiр айтамыз!// Орт.Қазақстан.- 2005.- 13 қаңтар.-11 б.

Ләмбекұлы С. Келді шақ жырдың шоғын үрлей-туғын: Ақындардың сырттай айтысы // Орт.Қазақстан.- 1978.- 20 тамыз

Ләмбекұлы С. Келмейдi өткiм самарқау бұл пәниден: Поэзия // Азия Транзит.- 2002.-N11.-19 б.

Ләмбекұлы С. Көне шаһар көмбелерi: Қарқаралы қаласына - 180 жыл// Азия Транзит.- 2004.- N3.-45-47 б.

Ләмбекұлы С. Қазақ халқының досы: Этнограф, саяхатшы Г.Н.Потанин туралы // Орт.Қазақстан.- 2001.- 3 ақпан. Сана.- 2000.- 17, 24 тамыз (N31, 32).-4 б.

Ләмбекұлы С. Қайран қазекем: Өлең // Орт.Қазақстан.- 1992.- 21 наурыз

Ләмбекұлы С. Қайран намыс, қалдың алыс: Ойтолғақ// Азия Транзит.- 2004.- N2.-46-48 б.

Ләмбекұлы С. Қасым туралы: [Өлең]// Қарқаралы.- 2001.-8 қыркүйек

Ләмбекұлы С. Қарағандыда меценат жоқ: 2000-Мәдениеттi қолдау жылы// Қазақ әдебиетi.- Алматы, 2000.-8 қыркүйек (N36).-9 б.

Ләмбекұлы С. Қарқаралы қыраны: Проза // Азия Транзит.- 2003.- N5, N6.-9-11 б.

Ләмбекұлы С. Қарқаралы қыраны: Ұлы Жеңiске - 60 жыл// Орт.Қазақстан.- 2005.- 7,10,14 мамыр.-5 б.

Ләмбекұлы С. Ой орамдары: Ұлағат // Азия Транзит.- 2002.- N9.-38 б.

Ләмбекұлы С. "Поэзия менiмен егiз бе едi»..."// Азия Транзит.- 2003.- N12.-30-31 б.

Ләмбекұлы С. Тағдырмен тартыс: Ғұмырнамалық хикаят.- Қарағанды: "Арко" ЖШС, 2001.- 208 бет.

Ләмбекұлы С. Тектiнiң тұяғы едi: [Мәди Бәпиұлы туралы]// Қарқаралы.- 2000.- 24 маусым

Ләмбекұлы С. Туған елдiң түтiнi - Қарағанды: Арко, 2003.- 220 бет.

Ләмбекұлы С. Шымыр жырдың шеберi: Халық ақыны Ғ.Игенсартовтың туғанына 100 жыл толуына // Орт.Қазақстан.- 2002.- 14 қыркүйек.-9 б.
С.Ләмбековтың шығармашылығы туралы:
"Арыстар" романының тұсауы кесiлдi // Орт.Қазақстан.- 2002.- 5 маусым

Асқарова Н. Халқына қаламмен қызмет еткен: С.Ләмбекұлының туғанына 60 жыл // Қарқаралы.-1996.-22 маусым

Әбдіқалықұлы Ә. “Тәттімбет” хикаяты хақында // Балқантау-1996.- 7 қырк.Әрiнқызы М. Толымды туынды: Оқыдық, пiкiр айтамыз // Орт.Қазақстан.- 2002.- 13 шiлде

Жақыпов Ғ. Асылымызды ардақтайық: С.Ләмбекұлының 60 жасқа толуы қарсаңында // Қарқаралы.- 1996.- 25 мамыр

Жандосов А. "Арыстардың" екiншi томы шығады: Әдебиет әлемiнде// Орт.Қазақстан.-2004.- 6 қараша.-13 б.

Қанапияұлы Ә. Жазушымыз құрметке әбден лайық: /С.Ләмбеков туралы/ // Қарқаралы.- 1999.- 16 желт.

Қасымов Ж. “Арыстарды” шығарайық ағайын: С.Ләмбековтың кітабы туралы // Орт.Қазақстан.- 1997.- 26 қараша

Қойбағаров Х. Бала шақтан-болашаққа: /С.Ләмбекұлының туғанына 60 жыл толу қарсаңында/ // Қарқаралы.- 1996.- 1 маусым

Қырғазалин А. Биік белес: С.Ләмбекұлының 60 жасқа толуына орай // Қарқаралы.- 1996.- 15 маусым

Мұртаза Ш. Қарқаралыға хат: С.Ләмбекұлының 60 жасқа толуына арналған құттықтау хат // Қарқаралы.-1996.-N11-12.-16 б.

Мақсымұлы М. Қаланың көркі – халықтың бейнесі: С.Ләмбековпен сұхбат // Қарқаралы.- 1994.- 21 мамыр

Несіп С. Ақ қағаз – айнымас серігім: С.Ләмбековпен сұхбат // Қарқаралы.- 1998.- 10 қазан

Омарбеков М. Қайратын қанат еткен қаламына: Жерлесіміз С.Ләмбеков 50 жаста // Коммунизм таңы.- 1986.- 5 маусым

Омарбеков М. Тұғыры биік талант: С.Ләмбекұлының өмірі мен шығармашылығы // Балқантау.- 1996.- 13 шілде

Омарбеков М. Өркендері шындықтың өркендері: /С.Ләмбековтың «Тайталас» романы тур./ //Коммунизм таңы.- 1980.-2 тамыз

Омарбекұлы М. "Арыстардың" екiншi томы шықты: жерлес жазушының жаңа кiтабы// Қарқаралы.- 2005.- 5 ақпан.-3 б.

Омарбекұлы М. Қайратын қанат еткен қаламына: Қарқаралыға - 180 жыл// Орт.Қазақстан.- 2004.- 19 тамыз.-8 б.

Омарбекұлы М. Қаламгер қайраты: Қарқаралының 180 жылдығы қарсаңында // Қарқаралы.- 2004.-24 шiлде

Омарбекұлы М. Iрi жазушының iргелi туындысы // Қарқаралы.- 2002.- 18 мамыр

Оспанов Ш. Оқырмандар ортасында: Жазушы С.Ләмбеков-60 жаста // Орт.Қазақстан.- 1996.- 6 маусым

Рахымбайқызы Н. "Арыстар" романының тұсаукесер кешi /Н.Рахымбайқызы, С.Мусина// Қарқаралы.- 2002.- 18 мамыр

Сағымбеков М. Ел тарихын зерделейдi: Жерлес жазушының жаңа кiтабы // Орт.Қазақстан.- 2003.- 22 шiлде.-7 б. Қарқаралы.- 2003.- 1 мамыр

Семқұл Б. Ақын, журналист, жазушы тойы: С.Ләмбекұлының 60 ж-қ мерейтойынан // Балқантау.- 1996.- 6 шілде

Семқұлтегі Б. Тәттімбетті танытқан туынды: /С.Ләмбековтың «Тәттімбет» кітабына пікір/ // Орт.Қазақстан.-1994.- 24 желт.

Тереңге тамыр тартқан талант: /Жазушы С.Ләмбекұлының 60 жасқа толуына арналған бөлім/ // Қарқаралы.- 1996.- N11-12.- 16,17 б.

Халық құрметіне бөленген қаламгер: С.Ләмбековтың 60 ж-қ мерейтойынан репортаж // Қарқаралы.-1996.-6 шілде

Шүменова Г. Бұл - бiлместiк пе, жауапсыздық па?: Оқыдық, пiкiр айтамыз // Орт.Қазақстан.- 2002.- 21 шiлде
21 маусым 1966 – Қазақ тұтынушылар одағы Қарағанды

экономикалық университетінің құрылғанына 40 жыл
Қарағанды кооператив институты 1966 жылы құрылған және республика тұтыну кооперациясы жүйелі жоғарғы оқу орны болып табылатын. Бастапқыда ол облыстық партия мектебі үйінде орналасқан. Онда небәрі екі лекциялық зал мен 22 оқу дәрісханалары болған. Студенттер бір жатақханада тұрған. Тек 1979 жылы жаңа корпус салынып бітіп, 1982 жылы студенттер қалашығы қазіргі кейіпке көшті.

Институт алғашқыда тұтыну кооперациясы мен мемлекеттік сауда үшін 250 экономист және бухгалтер мамандарын әзірлесе, кейінгі кезде бес мамандық бойынша кадрлар дайындаған. Мұнда оқытудың барлық формалары бойынша үш мыңға тарта студент оқиды. Ал 1996-1997 оқу жылында «Товартану және тұтыну товарларының саласын сараптау», «Стандарттау және сертификациялау» мамандықтарына мамандар даярлай бастады.

1991 жылдан бастап Қазақ тұтыну кооперациясы институты деп аталған. Республикада жоғарғы оқу орындары арасында институт бірінші болып нарық қатынастарына көшіп, сол 1991 жылдың өзінде шаруашылық есеппен өзін-өзі қаржыландырудың жекелеген элементтерін енгізе бастаған. Қазір ол толық осы әдіспен жұмыс істейді. Қазақ тұтынушылар одағының 1995 жылғы 5 қазандағы қаулысымен оған қаржы-шаруашылық дербестігі берілді. Студенттер күндізгі және сырттай оқуға тек ақылы негізде ғана қабылданып, оқыту шығындарын толық төлейді. Мұның өзі профессор-оқытушылар құрамының еңбегін ынталандыру және институттың материалдық-техникалық базасын нығайту, сабақ сапасын арттыру үшін белгілі бір жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызды.

1993 жылдың шілде айында ғылыми кеңесте қабылданған кооперативтік білім беру тұжырымдамасына сәйкес институт көп деңгейлі құрылымға көшірілді. Ол бастауыш, орталау және негізгі жоғары білім беру болып үшке бөлінеді. Осынау жүйені іске асыру үшін экономикалық колледж ашты.

1997 жылы бұынғы Қазақ тұтыну кооперация институты Қарағанды экономикалық университеті болып құрылды. Университет болған соң көп істер жүргізуге рұқсат берілді. Енді доцент, профессор деген атақтарды өздері бере алады. Оқу-тәрбие жөніндегі жеке бағдарламаларды өзі бетімен жаңадан дайындауға мүмкіндіктері бар. Саяси экономика мен қаржы айналымы мамандықтары бойынша аспирантуралар ашты.

Қазір университет негізінен басты-басты 11 мамандық бойынша білім береді. Ал осылар өз кезінде сала-сала бойынша 17 қосалқы мамандықтарға бөлшектенеді. Өмір талабына сәйкес университетте экономика және басқару, есеп-қаржы және бизнес пен құқық факультеттеріне қоса біліктілікті арттыру және педагогика факультеттерін ашты. Бүгінгі күнге университетте 15 кафедра бар, оның ішінде: әлеуметтік-саяси пәндер, экономика және менеджмент, қаржы және банкілік менеджмент, тауартану және сертификаттау, маркетинг, құқықтану, бухгалтерлік есеп және аудит кафедрлары.


Әдебиеттер:
Аймағамбетов Е. Болашаққа батыл қадаммен: ҚЭУ-ті туралы // Азия Транзит.- 2000.- N3(маусым).- 15-18 б.

Аймағамбетов Е. Білімді елдің болашағы зор: ҚЭУ-нің ректорымен сұхбат /Әңгімелескен С.Алпысұлы // Орт.Қазақстан.-1998.- 12 қырк.

Аймағамбетов Е. Кооперативтік білім – көпке ортақ: /Қазақ тұтыну коопер. Институты //Орт.Қазақстан.- 1996.- 20 тамыз

Аймағамбетов Е. Нарық талабына сай мамандар даярлаймыз: ҚЭУ-нің ректоры Е.Аймамбетовпен сұхбат /Сұхбаттасқан С.Жанысбай // Орт.Қазақстан.- 1997.- 16 желт.

Аймағамбетов Е.Б. Экономикалық бiлiм - ел келешегiнiң кiлтi: ҚЭУ-нiң ректоры Е.Б.Аймағамбетовпен әңгiме / Әңгiмелескен Д.Мақаш// Орт.Қазақстан.- 2004.- 1 шiлде.-6 б.

Ақбаев С. Кооперацияны дамыту - күн талабы: Ғылым және өндiрiс // Орт.Қазақстан.-2002.- 21 қыркүйек.-6 б.

Алпысұлы С. Институт 30 жылдығын тойлады: Қазақ тұтыну коопер. институты // Орт.Қазақстан.- 1996.- 27 маусым

Алпысұлы С. Іңкәрi - ғылымының қиясы: [ҚЭУ-нiң профессоры, бизнес және құқық факультетiнiң деканы С.С.Аяжанов туралы]// Орт.Қазақстан.- 2000.-26 ақпан

Аяжанов С. Университетiмiз - үзіктердiң бiрi: ҚЭУ-нiң профессоры С.Аяжановпен әңгiме / Әңгiмелескен С.Алпысұлы// Орт.Қазақстан.- 2000.-5 шiлде

Әбдіразақов Т. Белесті жылдар:/Қарағанды кооператив институтына-20 жыл/// Орт.Қазақстан.- 1986.- 7 желт.Әшiмұлы Б. ҚЭУ спортты сүйедi// Орт.Қазақстан.- 2001.-30 мамыр

Байдулаев Б. Елiмiздiң экономикалық қауiпсiздiгi үшiн: ЖОО// Орт.Қазақстан.- 2001.-17 қаңтар

Ғалымұлы М. Экономикалық бiлiмсiз ел өркендемейдi// Орт.Қазақстан.- 2000.-1 шiлде

Ертісбаев Е. Сапалы кадрлар-біліктілік кепілі:/ҚЭУ-нің білікті арттыру факультеті туралы/// Орт.Қазақстан.- 1999.- 6 қаңтар

Ертiсбаев Е. Iшкi сауда сауатты маманды қажет етедi: Нарық және бiз// Орт.Қазақстан.- 2000.-9 тамыз

Есекеев Ж. Жаңа институт және үміткерлер: /Қар. коопер. институты/ // Орт.Қазақстан.- 1966.- 15 шілде

Жамалбеков Ш. Айшықты іздер:/Кооператив институтының студенттері жайлы// Орт.Қазақстан.- 1971.- 27 тамыз

Жанайдаров Д. Тәрбие жұмысын жетілдіре береміз:/Қар. кооператив институты туралы// Орт.Қазақстан.- 1931.- 17 қаңтар

Жандаев Ш. Он алты күннің жүрек жарды сырлары: /Қар. кооператив ин.-ғы кітап оқушылар конф.-нан есеп/ // Орт.Қазақстан.- 1982.- 4 сәуір

Жанысбай С. Тәлiмдi дәрiсхана// Орт.Қазақстан.- 2001.-26 қыркүйек

Жанысбай С. Айтары мол аға: [Ғалым Е.Алмажанов туралы]// Орт.Қазақстан.- 2000.-6 қыркүйек

Киiк Қ. Арқаға ақын келдi жалындатып...// Орт.Қазақстан.- 2003.- 6 желтоқсан.-8 б

Қарағандыда жаңа институт ашылды:/Кооператив институты/ // Орт.Қазақстан.- 1966.- 1 сәуір

Қонысбеков Б. Бүгінгі студент – ертеңгі маман:/Коопер. институты/ // Орт.Қазақстан.- 1976.- 14 желт.

Қырық бірінші Институт: /Қар. Коопер. ин.-ның ашылуы/ // Орт.Қазақстан.- 1966.- 14 шілде

Ли В. Отыздың өрінен де өрлеумен өткен: Қаз. тұтыну коопер. инс.-ның ректоры В.Лимен сұхбат /Сұхбаттасқан Е.Имаш // Орт.Қазақстан.- 1966.- 20 маусым

Мамыр Б. Азамат мерейi: [ҚЭУ-дiң есеп-қаржы фак. деканы Е.Алмажанов туралы] / Б.Мамыр, Б.Семқұл// Сана.- 2000.-28 қыркүйек (N37).-5 б.

Мұқалиева Р. Үлгi аларлық оң iстер: оқу орындарында// Орт.Қазақстан.- 2005.- 5 наурыз.-6 б.

Өрелі істер өрісі: /Қаз.тұтыну коопер. институтына-30 жыл/ // Орт.Қазақстан.- 1996.- 20 маусым

Сейдімбеков А. Одақта бесінші: /Қар. коопер. ин.-ты туралы/ // Ленниншіл жас.- 1971.-4 маусым

Сейхуни А. Алмажанның асылы: Қазақстандағы белгiлi статистердiң бiрi, қажы Е.Алмажанов туралы// Азия Транзит.- 2000.- N5(тамыз).-10-11 б.

Сексенұлы С. Жастармен бүкпесiз әңгiме: Депутат және өмiр // Орт.Қазақстан.- 2003.- 18 ақпан.-2 б.

Семқұл Б. Ардақ тұтар ардагерлерiмiз: Ұлы Жеңiске-55 жыл// Орт.Қазақстан.- 2000.- 3 мамыр

Семқұл Б. ҚЭУ-дегi жас оқытушылар сайысы// Орт.Қазақстан.- 2001.-11 шiлде

Семқұл Б. Студенттердiң жыр жинағын шығарды// Орт.Қазақстан.- 2000.- 29 наурызСемқұл Б. Экономикалық университеттегi елеулi той// Орт.Қазақстан.- 2000.-25 наурыз

Смағұлов С. Ардагер естелік айтты: /ҚЭУ-де Қ.Сәтбаевтың 100 ж.-на арналған конф. тур./ // Орт.Қазақстан.- 1999.- 17 сәуір

Смағұлова Қ. Маркетинг - экономикадағы елеулi сала// Орт.Қазақстан.- 2000.- 14 маусым

Төлегенов А. Село саудасын ұйымдастыратын мамандар: /Коопер. ин.-ты жайлы// Орт.Қазақстан.- 1977.- 26 шілде

Ұлақов С. Ақыл үшін ақша аямаған жөн. Ғылым мен білімге шетел инвестициясын жұмылдырудың кейбір мәселелері: ҚЭУ-де // Орт.Қазақстан.- 1999.- 23 маусым

Ұлақов С. Институтпен құрдас факультет: Қаз. тұтыну коопер. ин.-на-30 жыл // Орт.Қазақстан.-1996.-20 маусым

Халиолла М. Тағдырмен тайталас: /ҚЭУ-нің аға оқытушысы, доц., профессор Ж.С.Толпақов тур./ // Орт.Қазақстан.-1999.-24 сәуір

Ысқақова З. Қаржы - қоғам дамуының қайнар көзi // Орт.Қазақстан.- 2002.- 24 сәуiр



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет