Аталып өтілетін даталар



бет7/7
Дата25.02.2016
өлшемі489 Kb.
#19535
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер:
Бұлқышев Б. Адамзатқа хат: Шығармаларының жинағы.- Алматы: Алматы, 1977.- 208 б.

Бұлқышев Б. Жүріп келе жатырмын; Көз алдымда; О, ерлер-ау, ерлер-ау: /Өлеңдер/ // Жұлдыз.- 1985.- №5.- 46-47 б.


Ол туралы:

Ахметова А. Даңқты жерлесiмiз // Ұлытау өңірi.- 2002.- 9 мамыр

Бақбергенов С. Өз заманын жырлаған жүрек: /Б.Бұлқышев туралы/ // Лениншіл жас.- 1986.- 22 қараша

Бекетаев К. Мәңгiлiк дастан.- Алматы: Қазақстан, 1990.- 192 б.

Бүкiров С. Баубек пен Көпжасар жайлы сөз: Зерде // Мысты өңір.- Жезқазған, 2003.- 23 мамыр.- 6 б.

Бұлқышев Баубек // Қазақ Совет Энциклопедиясы. 2-том.- Алматы, 1973.- 523 б.

Бұлқышев Баубек // Қазақс ССР.Қысқаша энциклопедия. 1-том.- Алматы, 1984.- 100 б.

Бұлқышев Баубек // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-билиогр. Анықтамалық.- Алматы, 1987.- 155-156 б.

Домбай Н. Баубектей бола алсақ // Мысты өңір.- 2003.- 27 маусым.-1 б.

Жетiбаева Б. Сөз зергерi// Сарыарқа.- Жезқазған,2001.-6 қаңтар

Жетiбаева Б. Қала төлқұжатындағы есiмдер:Баубек Бұлқышев: Жезқазған қаласына - 50 жыл // Сарыарқа.- Жезқазған, 2004.- 20 ақпан.

Кәкiшев Т. Дәуiр дидары: Қазақ совет әдебиетiнiң өсу жолдары туралы ойлар /Алматы: Жазушы,1985.- 304 б.: портр.

Кәкішев Т. Кек тұтқан отты сезім: /Б.Бұлқышевтің өмірі мен шығармышылығы/ Дәуір дидары: Қазақ совет әдебиетінің өсу жолдары туралы ойлар.- Алматы, 1985.- 241-247 б.

Нұршайқов Ә. Жауынгер жазушы: /Б.Бұлқышевтің туғанына 70 жыл/ // Қазақ әдебиеті.- 1986.- 21 қараша

Сәрсенбаев Ә. Ол Өмірге ғашық еді: /Б.Бұлқышевтің туғанына 70 жыл/ // Социалистік Қазақстан.- 1986.- 23 қараша

Сәрсенбаев Ә. Шығыс ұлы: /Б.Бұлқышевтің өмірі мен шығармашылығынан/ // Ұстаздар мен тұстастар: әдебиет туралы ойлар, толғаныстар мен естеліктер.- Алматы, 1986.- 195-210 б.

Смағұлов Ғ. "Жырыммен жеңiстi шындадым" // Орт.Қазақстан.-2002.- 8 мамыр

Тұрысбеков Р. Отанын сүйген азамат: /Б.Бұлқышевтің туғанына 70 жыл/ // Жұлдыз.- №9.- 200.-202 б.

Төегенұлы Ы. Есiмi оның- мәңгiлiк / Мысты өңір.- 2004.- 7 сәуiр.-7 б.
1926 – Этнограф, музыка зерттеушісі Александр

Викторович Затаевичтың Қарқаралы

уезіне келгеніне 80 жыл
Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз санаған жанның бірі - композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері Александр Викторович Затаевич. Ұлты басқа болса да, жер орта жасқа келгеніне қарамастан, 1920 жылы қиын-қысталаң кездерінде кездескен көлік атулымен, болмаса, жаяу жалпы шаралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген. А.В.Затаевич бұрынғы Волхов, қазіргі Орлов облысында 1869 жылы өмірге келген.

Ол алғашқы музыкалық білімін сол Орлов қаласындағы әскери гимназиядан алған. Біраз жыл бойы Варшава консерваториясы жанынан шығатын «Варшава күнделігі» аталатын газетте музыка рецензенті қызметін атқарып, орыс, батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттаумен айналысқан.

Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 20-шы жылдарыдың басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А.Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларды аралайды, сьезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Базар, театр, концерт орындарының фойелерінде кездескендердің бәрінен де жазады. Бала жасынан кіршіксіз еститін құлағы жасы елуден асқанша көрмеген елдің музыкасын жаза баспай нотаға түсіруге мүмкіндік береді. Бірақ, өмірін музыкаға бағыштаған А.В.Затаевич әнді қалада отырып тек кездейсоқ келгендерден жазып отыруды жөн көрмеді, елге шығады, Жайықтың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді. Сөйтіп, 1920 көктемінен бастап 1923 жылдың аяғына дейін, нағыз аш-жалаңаш жол қиындықтарына да қарамай, А.Затаевич қазақтың 1000 әнін жинап натаға түсіреді.

Оның 1925 жылы Москвада «Қазақ халқының 100 әні», және 1933 жылы «Қазақтың 500 әнімен күйі» атты этнографиялық жинақтары шықты.

А.В.Затевич 1926 жылы біздің өлкеге, дәлірек айтсақ, Қарқаралы уезіне келеді. Мұнда ол әншілер мен күйшілерден 200-ге жуық ән-күй жазып алады. А.Затаевичтың арқасында тамшы да сирек кездесетін Қарқаралы әуендері халқына жетті. Композитор Қарқаралы тұрғындары, әншілер: Мұсылманұлы Әбсалықовтан, Ұ.Айтбаевтан, Ғ.Байжановтан, М.Шамсутдиновадан ән жазып алады.

Қарқаралыда А.Затаевич почта қызметкері В.В.Ситниковтың үйінде тұрған. А.Затаевичке өздері білген ән-күйлерін жаздырғанадамдардың бірі Абзалбек Медеубаев. Оның алты әні этнографтың кітабына енген.

А.Затаевич 1936 жылы Москва қаласында дүние салған. Бірақ бізге А.В.Затаевичтың жарқын бейнесі, оның қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі, ірі тұлғасы ұлғайған үстіне ұлғая бермек. Бүгінгі егеменді еліміз А.Затаевичты ұмытпақ емес.
Әдебиеттер:
Баймаханова Ж. Құрманғазы өмiрiнiң беймәлiм тұстары// Атамекен.- 2001.- 11 мамыр.

Бақтыбаев Ә. Потанин, Пришвин, Затаевич және Қарқаралы // Орт.Қазақстан.- 1987.- 11 қазан

Бейсенбаева С. Зердеулі музыка зерттешісі // Балқантау.- 1996.- 5 қазан

Жұбанов А.Қ. Ән-күй сапары.- Алматы: Қазақ ССР-нiң Ғылым баспасы, 1976.- 478 бет.

Жұбанов А.Қ. Өскен өнер [Мәтiн]: (мақалалар мен зерттеулер) - Алматы: Ғылым, 1985.- 248 б.: сур

Жұбанов А. Игі еңбек // Өскен өнер: Мақалалар мен зерттеулер.- Алматы, 1985.- 186-212 б.

Қазақ музыкасының қамқоры: А.В.Затаевичтің туғанына 120 жыл // Мәдениет және тұрмыс.- 1989.- №3.- 17 б.

Нұрақышев М. Шежiрелi өлке шапағы: Қарқаралы қаласының құрылғанына 175 жыл// Қарқаралы.- 1999.-N3-4.-4-11 б.

Попов Ю. Затаевичтің Қарқаралыда болуы // Орт.Қазақстан.- 1991.- 24 қазан, Қарақаралы.- 1992.- 15 тамыз

Сейдімбеков А. Халық мұрасының қамқоры // Қазақстан әйелдері.- 1987.- №6.-26-27 б.

Тайшыбай З. Қазақ өнерiнiң жанашыры: Этнограф,қазақ музыкасын зерттеушiсi А.В.Затаевич туралы// Орт.Қазақстан.- 2000.- 23 тамыз

Тайшыбай З. Сарыарқа сазы: Деректі хикаядан үзінді // Орт.Қазақстан.- 1994.- 20-22 желт.

Тәжібектегі Б. Қазақ әні және Затаевич // Жұлдыз.- 1994.- №7.-177-181 б.

Тәттібекова А. Затаевич және қазақтың халық музыкасы // Ақиқат.- 1995.- №4.- 81-85 б.


1956 – Қазақстан Жазушылар Одағының

Қарағанды облысаралық бөлімшесінің

құрылғанына 50 жыл
Қазақ әдебиетінде жыр дариясына айналған үлкен тақырып–Қарағанды. Оның мәнісі–қай жағынан алсақ та, Қарағанды – Қазақстанның орталығы, жүрегі болған.

Отызыншы жылдары қазақ совет әдебиетінде шахтер еңбегін кең көлемде жырлау басталды. Орталық тақырып Қарағанды болды да, кейінірек ол әр алуан салада Жезқазған мен кенді Алтайға ойысты. Бұған партиямыздың Орталық комитетімен Кеңес өкіметінің Қарағанды көмір алыбын орнату туралы қаулылары әсер етті. Қазақ жазушылары партия шақыруына үн қосып, 1931-1932 жылдары арнайы сапармен Қарағандыға барды, онда кеншілердің өмірімен, тұрмысымен танысты. Олардың ішінде Б.Майлин, С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов, М.Дәулетбаев, Ш.Құсайнов, Қ.Жұмашев, Е.Ысмайылов сияқты ақын–жазушылар болды. Бұдан кейініректе С.Ерубаев «Қарағанды пролетариаты» газеті жауапты редакторының орынбасары болып қызмет істеген. Жазушылар Ғ.Мұстафин, Ә.Әбішев, Ғ.Игенсартов шахтада еңбек ете жүріп, қаламдарын ұштады да, Қарағанды тақырыбына арналған алғашқы тырнақалдылары арқылы әдедебиетке келді. Ілияс Манкин, Шашубай, Доскей, Кайып, Көшен, Болман сияқты халық поэзиясының жұлдыздары да Карағандымен көзін ашып, кемелденген жыраулар. Олар жаңарған Сарыарқаны жырға қосып, өлкенің өткендегі ауыр халін баяндады. Жазушылар С.Сейфуллин, О.Беков, т.б. жұмысшы табының еңбегі мен тұрмысын шыншыл тұрғыда суреттеуге батыл талпыныс жасады. 1921 жылы қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі С.Сейфуллин «Жұмыскерлерге» атты шығармасында Нілді, Спасск және Қарағанды кеніштерінде еңбек ететін шахтер жұмысшыларының жиынтық бейнесін жасады. «Жер қазғандар» повесі де осы тақырыпқа арналған.

Қарағандыда көмір өнеркәсібінің өркендеуіне орай аймақта әдебиет дами бастады. Орталық Қазақстандағы революциялық оқиғаларды өз шығармаларында алғаш бейнелеген қазақ жазушыларының бірі Б.Майлин Қарағандыда екі рет болды. Ол шахтерлердің ерен еңбегі жайында бірқатар очерктер жазды. Қарағанды тақырыбына С.Ерубаев та қалам тартты. Оның шахтерлер өмірінен жазған «Менің құрдастарым» атты романы қазақ әдебиетінің жұмысшы тақырыбына арналған елеулі шығармаларының біріне саналады. Сарыарқаның өз перзенттері Қ.Аманжолов, А.Әбішев, Қ.Сатыбалдин, Ж.Өмірбеков, Ғ.Игенсартов, К.Мұқышев, М.Байсейітов, С.Талжанов және басқалар көмірлі, егінді, малды құтты өңірдің жаңа дәуірдегі жаңалықтарын, халықтар достығын өздерінің повестерінде, дастандарында, жекелеген өлеңдерінде, очерктерінде, әңгімелерінде жан-жақты бейнелеген.

1956 жылдан Қарағандыда Қазақстан жазушылар одағының облысаралық бөлімшесі құрылды. Ол алғашқы кезде республиканың солтүстік жағындағы бірнеше облысты қамтыды. Бөлімшенің жауапты хатшылығына Ж.Бектұров тағайындалды. Осы кезең ішінде аймақтан елуден астам ақын-жазушы Одақ мүшелігіне өтті. Бөлімше қамтыған өңірден әдебиетімізге Жезқазған жақтан А.Жұмаділдин, А.Қаражігітов, Ақмоладан А.Сатаев, Қарағандыдан Е.Бөкетов, Ә.Әзиев. А.Сейдімбеков, Ө.Ахметов, К.Сауғабаев, С.Ақсұңқарұлы, Б.Мамыр қосылды. Теміртаудан Ю.Герт, Д.Оськин, Л.Усова сияқты орыс қаламгерлері шықты. Қарағандылық бірнеше жас таланттардың тырнақалды еңбектері республикалық баспалардан жеке кітап болып шықты.

«Магнит», «Құрыш» (Теміртау қаласы), «Горизонт», «Балауса», «Гренада» (ҚарМУ), «Арқа» шығармашылық бірлестіктеріне топтасқан ақындар мен прозаиктер жұртшылыққа таныла бастады.

Бүгінгі күнде жұлдыздары жарқырай жанып, егемен елдің ертеңіне алаңдаған отты жырларының үні асқақ естіліп жүрген С.Ақсұңқарұлы, Ғ.Жайлыбаев, Ж.Ерманов, С.Бексейіт, жазба және суырып салма ақындықтың тізгінін қатар ұстаған А.Әлтаев, А.Түсіпбекова, Қ.Мақсұтов, Қ.Асанов т.б. елге танымал ақындар мен жазушыларымыз бар.


Әдебиеттер:
Айнабеков М. Ақындық өнерді қастерлейік: Редакцияға түскен өлеңдерге шолу // Орт.Қазақстан.- 1971.- 28 наурыз

Ақсұңқарұлы С. Қырықтан асқан кезде келсе шабыт..: Редакция қоржысындағы өлеңдерге шолу // Орт.Қазақстан.- 1993.- 2 қараша

Ақын А. Қаламгерлердiң Темiртауға сапары: Темiртау қаласына - 60 жыл// Орт.Қазақстан.- 2005.- 12 ақпан.-4 б.

Әдеби Қарағанды: /Қазақ Жазушылар Одағының жергілікті бөлімшесінің қалалық жиналасы/ // Қазақ әдебиеті.- 1961.- 13 қаңтар

Әзиев Ә. Талғам талант және бап: /Қарағанды әдебиетшілері туралы/ // Лениншіл жас.- 1965.- 23 қазан

Әкiм ақындарды қабылдады: Облыс әкiмшiлiгiнде// Орт.Қазақстан.- 2000.- 12 ақпан

Бектұров Ж. Жаңа міндеттер алдында: /Қазақстан Жазушылар ұйымының Қарағанды бөлімшесі туралы/ // Орт.Қазақстан.- 1959.- 7 наурыз

Бектұров Ж. Жас әдебиетшілер қамы: /Жазушылардың облысаралық бөлімшелерінің құрылуы туралы/ // Қазақ әдебиеті.- 1958.- 10 қазан

Бектұров Ж. Қаламгерлердің борышы: /Қарағанды жазушыларының VI сьезге қатысу жайлы/ // Орт.Қазақстан.- 1971.- 26 мамыр

Бектұров Ж. Қаламгерлер парызы: Қазақстан жазушыларының съезі алдында // Орт.Қазақстан.- 1976.- 26 науррыз.

Бектұров Ж. Қарағанды қазақ совет әдебиетінде // Орт.Қазақстан.- 1987.- 23 қазан

Бектұров Ж. Мақсатымыз–шындықты бейнелеу: /Облыс жас жазушыларының алға қойған мақсаты/ // Орт.Қазақстан.- 1963.- 7 шілде

Бектұров Ж. Рухани өміріміздің биік сатысы: Қазақстан Жазушылар Одағына 50 жыл // Орт.Қазақстан.- 1984.- 21 қыркүйек.

Дүйсебеков М. Қамқорлыққа зәруміз дейді «Құрыш» әдеби бірлестігінің мүшелері // Орт.Қазақстан.- 1989.- 24 қаңтар.

Жанғожин А. Мәдениет пен өнер көгiнде: Қазыналы қарашаңырақ / А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2004.- 22 қаңтар.-6 б.

Жыр арқауы–Көмірлі Қарағанды: /Қарағанды жазушы, ақындарының шығармалары/ // Қазақ әдебиеті.- 1967.- 3 ақпан

Имаш Е. «Арқаның» алқалы жиыны // Орт.Қазақстан.- 1992.- 24 сәуір

Қарағанды әдебиет мерекесі: /Қарағандыдағы Қазақстан әдебиеті күндеріне арналған жиналыс туралы/ // Орт.Қазақстан.- 1981.- 15 қыркүйек

Құлахмет Ғ. Қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң қос жанашары: Қазақстан Жазушылыр одағының хатшысы Ғ.Құлахметпен жедел сұхбат / Сұхбаттасқан М.Сембай// Орт.Қазақстан.- 2000.- 12 ақпан

Райымбеков Р. Оянған өлке жырлары // Қазақ поэзиясындағы жұмысшы образы: Зерттеу.- Алматы, 1971.- 60-88 б.

Сағынаев О. Зор талап, міндет тұрғысынан: Қарағандыда өткен кеңес // Қазақ әдебиеті.- 1967.- 17 ақпан

Сәулебеков А. Жолың болсын, «Арқа»: /Қар.обл. шығармашылық ассоциациясы/ // Орт.Қазақстан.- 1992.- 4 наурыз

Сүлейменов Р. Сезім пернесінің серпіні: /Қарағанды облыс жазушылар жайында/ // Орт.Қазақстан.- 1973.- 21 наурыз

Ақын А. Қаламгерлердiң Темiртауға сапары: Темiртау қаласына - 60 жыл// Орт.Қазақстан.- 2005.- 12 ақпан.-4 б.


1956 - Қарағанды кондитер фабрикасының

құрылғанына 50 жыл
Қарағанды кондитер фабрикасы көп жылдардан бері өзінің жақсы өнім түрлерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген республикамыздағы таңдаулы кәсіпорындардың алдыңғы легінде келеді.

Қарағанды кондитер фабрикасының тарихы 1956 жылдың қараша айынан басталады. СССР-дің 60 жылдығы атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды кондитер фабрикасы, ҚазССР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитетіне қарайды. Астрахань қаласынан эвакуациямен көшіріліп әкелінген өндірістік жабдықтар негізінде құрылды. Фабриканың негізгі цехтары – карамель, кондитер, бисквит, шоколад, ирис, зефир-мармелад; қосымшалары – механикалық, литография, жәшік жасау, бу күші және тағы басқалары. 1962 жылдан қайта жабдықтау жүргізіледі. Фабрика кондитер өнімінің 145 түрін шығарды. Өндірілетін жалпы өнімнің 36,4%-і Мемлекеттік сапа белгісімен шығады. 1970 жылы “Қарағанды ассортиі” конфеті Германияның Лейпциг қаласындағы жәрмеңкеде үлкен алтын медалға бағаланады. Фабрика өнімдері 14 рет ГДР, Венгрия, Польша, Чехословакия, МХР, Алжир, Сирия, Египет, Түркия, Австралиядағы халықаралық көрмелерде көрсетілген. Аталмыш кәсіпорынның жақсы жабдықталған қажетті ғылыми-техникалық әдебиеті бар техникалық кабинеті, клубы, кітапханасы, спортзалы, атқыштар тирі, сумен емдеу кабинеті тағы басқа да мәдени орындар бар. Азық-түлік бағдарламасын жүзеге асырудың перспективалық жоспары бойынша 1988 жылы 48102 тонна товарлы өнім өндірді.

Кезінде Одаққа атағы дүркіреп, өңіріне орден таққан Қарағанды кондитер фабрикасының жұмысы тоқтап тұрғанда, республика үкіметі 1995 жылыдың аяғында фабриканы аукцион саудасына түсірді. Өндіріске жан бітіріп, өркендетуге 10 миллион доллар инвестиция салудың үш жылға арналған бағдарламасын ұсынған ағылшынның “Ю Айд жи” компаниясы оза шығып, мемлекеттік пакет акцияларының 85 процентіне ие болды. 1996 жылдың 22 сәуірінде өткен акционерлік жиналыстан кейін “Ю Айд жи” фабриканы басқарудың тізгінін өз қолына алады. Шетелдіктер фабриканы бастапқыда “Жанар” деп атап, кейін “Қарағанды конфеттері” АҚ деп аталды.

“Қарағанды кәмпиттері” АҚ-ның екі сауда үйі бар, біреуі Қарағандыда “Гулливер”, екіншісі –Алматыдағы “Дәмді” сауда үйі. Сауда үйлерінің филиалдары еліміздің басты қалаларының барлығында ашылған. Қайта жабдықталып, үлкен жөндеуден өткен фабрика ендігі жерде бұрыннан өндіріліп жатқан шоколад түрлеріне жаңа өзгерістер енгізіп, жаңадан конфет түрлерін шығаруда. Қарағанды кондитер фабрикасының шығаратын өнімдерінің аясы кеңейе түсуде.



«Қарағанды Конфеттері» АҚ – Қазақстанда бүгінгі күнде тағам өнімдері өндірісінде алдағы кәсіпорындардың бірі. Фабрика кондитерлік өнімдердің 247 түрін шығарады. Фабрикада бір жылда– 12000 тонна өнім шығарылады.

1996 жылдан бастап жаңа цехтар салынды. Жаңа техналогиямен шоколадты конфеттер өндiретiн жаңа шоколадты-бисквит цехы жұмыс iстейдi, бұнда «Лиса Алиса(Түлкі Алиса)», «Артемон», «Буратино», вафли, торттардың 10-нан астам түрлерi өндiрiледi.

«Пикник» үлпiлдек тәттiлерiн және «Хруст» чипсын үлкен ассортиментте шығаратын экструдер цехы ашылған. Қазiргi кезде цехта ертеңгiлiк құрғақ ас шығаратын қондырғылар iске қосылды, әр түрлi пiшiндегi, дәмдi және хош иiспен ерекшеленген дақыл өнiмдерiнiң түрлерiн кенейтуге жол бередi. Қазақстан бойынша бiр ғана көп қатпарлы батон шығаратын цех жұмыс iстейдi. «Пинг-Понг», «Гном», «Вампир», «Зиг-Заг», «Чемпион Йогурт(Йогурт Женімпаз)», «Чемпион Клубника(Құлпынай Женімпаз)», «Фламинго» конфеттерiн шығарады.

Фабриканың 45 жылдық мерейтойына (2001) байланысты пралине сияқты конфет шығаратын жаңа жүйе iске қосылды. Ендi онда «Мальвина», «Чебурашка», «Матрешка», «Винни-Пух», «Чунга-Чанга» сияқты жаңа конфеттерден басқа және бәрiне бұрыннан таныс «Белочка(Ақ тиын)», «Маска», «Каракум», «Красный мак(Қызыл көкнәр)», «Ну-ка, отними(Кәне тартып ал)» сияқты сүйiктi конфеттерi шығарылады.

2003 жылдан бастап шокаладтар өндiретiн көлемдi жүйе жұмысын бастады. Фабриканың технологтарымен «Сердечко(Жүрек)», «Бутылочка(Бөтелке)» және «Курочка Ряба» конфеттерiнiң құрамы оңделдi.

Мармеладты-шоколадты және бисквиттi-шоколадты цехтарын кенейту жоспарлануда. Мармеладты-шоколадты цехтың өндiрiс көлемiн екi есеге ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн глазурьлi және помадты конфеттер өндiру бойынша жаңа жүйе ашылды. Зефир, шоколадты зефир дайындау бойынша жүйенi iске қосатын жаңа иристi-шоколадты цех жұмысын бастайды.

«Қарағанды Конфеттері» АҚ – түрлі халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы. 2003 жылдың тамыз айында Мәскеу қаласында «Қазақстанның Ресейдегi күндерi» бағдарламасының шеңберiндегi көрмеге кондитерлiк фабрика қатысты. 2004 жылдың сәуiр айында Германияда өткен «Hannover-Messe 2004» халықаралық көрмеде Қазақстанның үздiк кәсiпорындарының құрамында. Фабриканың өзінің аккредитті сынақ орталығы бар, ол өздеріне сертификаты сынақтан кондитер өнімдері мен шикізаттарды сертификациялық сынақтан өткізулеріне мүмкіндік береді.

«Қарағанды Конфеттері» АҚ өзінің өнімдерін Қазақстанның барлық жерлерінде, өзінің дербес ұсынушылары, дүкендері, 12 қалалардағы қоймалары арқылы және Ресей мен Германияда таратады.

Сіздерге әшекейленген қорабта, дәмді дәстүрлі және сапалы жасалған шоколадтар, вафельді-мармеладтар түр-түрімен ұсынылады.
Әдебиеттер:
Аймағамбетов О. Сан мәрте жүлдегер. Еңбек коликтиві: жарыс және нәтиже //Орт.Қазақстан.- 1979.- 16 мамыр.

Айнабеков М. Қыздар даңқы: //Орт.Қазақстан. - 1970.- 2 мамыр.

Арманов Ш. Жүзден жүйрік озады. Бүкілодақтық жарыс жүлдегері: //Орт.Қазақстан.-1979.-27 ақпан.

Афанасьев И. Жарыс көшін бастаушылар. Партия тұрмысы: Бастауыш ұйымдардағы есеп беру және сайлау //Орт. Қазақстан.- 1980.- 21 тамыз.

Базанова Р. Іздніс қолдау, нәтиже //Орт.Қазақстан.- 1971.- 28 наурыз.

Бұлғақбаева Б. Занға сай талпыныс. //Орт.Қазақстан.- 1983.- 22 ақпан.

Валентина Гаганованың бастамасымен /Қарағандыдағы N2 кондитер фабрикасы/ //Сов.Қарағанды.- 1959.- 7 тамыз.

Владимиров И. Табысты еңбек ықпалы. Бүгінгі ұран: сапа мен тиімділік // Орт.Қазақстан.- 1979.- 26 мамыр.

Жандаев Ш. Қарағанды конфеті қайда? //Орт.Қазақстан.- 1989.- 5 қараша.

Жарылғапов Ш. Кондитершілер серпіні: Өнім- сапасымен бағалы //Орт.Қазақстан.- 1974.- 19 қараша.

Жорабекова З. Қол жұмысын азайту жолында. Кондитер фабрикасы техникалық прогресс.// Орт.Қазақстан.- 1982.- 8 шілде.

Жұмағалиев Ә Ынтымақтастық //Қазақстан әйелдері.- 1987.- №12.-1-3 б.

Жұмағалиұлы Қ. "Қарағанды кәмпиттерi" "Өлi тыныштыққа" мойынсұнбақ емес: Отандық өндiрiс// Орт.Қазақстан.- 2004.- 2 тамыз.-2 б.

Золотарев А. Кондитер өнімдері //Сов.Қарағанды.-1962.- 25 мамыр.

Золотарев А. Табыс биігінен көрінеміз.//Орт.Қазақстан.- 1971.- 24 ақпан.

Золотарев А. Табыс молая береді: Өнім сапасымен құнды// Орт.Қазақстан.-1974.- 8 ақпан.

Имаш Е. Таңдайыңа татитын тәттілер: Инвестиция- ел игілігіне //Орт.Қазақстан.- 1998.- 14 ақпан.

Исаев Б. Жеңімпаздар //Соц.Қазақстан.- 1974.- 5,10 наурыз.

Кондитершілер наградасы /Бесжылдық берекесін молайта берейік //Орт.Қазақстан.- 1979.- 6 наурыз.

Лұқпан Е. Шіркін Қарағандының конфеттері-ай: инвестиция- ел игілігіне //Орт.Қазақстан.- 2005.- 16 маусым.-4 б.

Майбас Т. Кеме келгенде қайық судан шығады немесе кондитерлердiң карамель соғысы аяқталған жоқ: текетiрес// Орт.Қазақстан.- 2005.- 10 ақпан.-7 б.

Мақаш Д. Бiр адам-бiр дәуiр: Мерейтой // Орт.Қазақстан.- 2004.- 15 сәуiр.-10 б.

Медведева А. Біздің шамшырақтарымыз //Сов.Қарағанды.-1969.- 30 қаңтар.

Наградаға іспен жауап //Орт.Қазақстан.- 1971.- 17 наурыз.

Петров Г. Денсаулыққа: Өнім сапасымен құнды кондитер фабрикасы жайлы // Орт.Қазақстан.- 1971.- 30 шілде.

Сағынаев О. Фабрика өрені //Сов.Қарағанды.- 1959.- 7 наурыз.

Серегина В. Біздің алғашқы қадамымыз //Орт.Қазақстан.- 1966.- 21 маусым.

Солишева Ж. Қала ұйықтап жатқанда //Лениншіл жас.- 1976.- 5 мамыр.

Танашев Н. Жемісті іс көздері: Техникалық прогресс Қарағанды кондитер фабрикасында //Орт.Қазақстан.- 1969.- 29 шілде.

Тіл үйренген Қарағанды кәмпиті: Жарнама //Орт.Қазақстан.- 1998.- 23 сәуір.

Чефанов А. Коммунистік еңбек коллективі //Орт.Қазақстан.- 1984.- 3 маусым.

Шаяхметов Қ. Мерейлі де мәртебелі фабрика: Одақтық жүлдегер // Орт.Қазақстан.- 1978.- 11 наурыз.



Анықтамасыз және тізімсіз қосымша даталар


5 қаңтар 1911

Ж.Алтайбаевтың туғанына 95 жыл

9 ақпан 1911

Кеңес Одағының Батыры П.П. Корниенконың туғанына 95 жыл

7 ақпан 1931

Жазушы Юрия Михайлович Герттың туғанына 75 жыл

Ақпан 2001

«Жарқын» жасөспірімдер үйінің ашылғанына 5 жыл

8 наурыз 1901

Қазақстанның халық артисі, әнші, қазақ композиторы М.Ержановтың туғанына 105 жыл

14 сәуір 1901

Өлкетанушы Л.Ф. Семеновтың туғанына 105 жыл

17 маусым 1946

Токаревка поселкесінің құрылғанына 60 жыл

14 шілде 1911

Жазушы А.И. Брагиннің туғанына 95 жыл

15 тамыз 1961

Абай және Шахтинск қалаларының құрылғанына 45 жыл

11 қыркүйек 1931

«Большевистская кочегарка» («Индустриальная Караганда») газетінің шығуына 75 жыл

3 қазан 1946

Жазушы Алдан Смайыловтың туғанына 60 жыл

10 қазан 1911

Қазақ ақыны Қ.Аманжоловтың туғанына 95 жыл

16 қараша 1936

Облыстық қаржы басқармасының құрылғанына 70 жыл

16 қараша 2001

«Валют-транзит» ҚӨҚ қаржы супермаркетінің ашылғанына 5 жыл

20 қараша 1931

«Донбасс – Қарағанды» қамқорлық қозғалысының басталуына 75 жыл

15 желтоқсан 1911

Ақын, жазушы Әуезхан Көшімовтың туғанына 95 жыл

1891

Қазақтың тұңғыш математигі Ә.Ермековтың туғанына 105 жыл

1931

Ақтоғай ауданының құрылуына 75 жыл

1931

Қарағанды темір жолының іске қосылуына 75 жыл

2001

ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этнопаркке 5 жыл

2001

«Көгілдір тоғандар» шағын ауданында салынған алдағы ғасыр мектебіне 5 жыл

2001

Астанаға «Отан қорғаушылар» монументін орнатқанына 5 жыл»

Құрастырған: Телпекбаева С.О.



өлкетану бөлімінің кітапханашысы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет