Атат‰рiк атындаѓы №17 мектеп – гимназиясыныњ


Өзінің жеке басындағы іскерлік пен жауапкершілік арқылы үгіт бере отырып, бала белсенділігін, жауапкершілігін көтермелей қарым-қатынас орнату



бет4/13
Дата22.10.2022
өлшемі328 Kb.
#463225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
сынып жетекші папкасы

Өзінің жеке басындағы іскерлік пен жауапкершілік арқылы үгіт бере отырып, бала белсенділігін, жауапкершілігін көтермелей қарым-қатынас орнату;




  • Өз тәрбиелік мақсаттарын көре білу және тұжырымдау;




  • Өз сыныбында жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын жасау;




  • Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру ;




  • Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу;




  • Психологиялық-диагностикалық тесттерді, сауалнамаларды, сұрақ-жауаптарды және басқа да диагностикалық әдістемелерді қолдану және оларды тәрбие жұмысында орынды пайдалану.

Сынып жетекшісі:

    • Мектептің өзін-өзі басқару құрылымдары жұмысына қатысуға;




    • Бастама көтеруге, мектеп қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізуге, іскерлік, сындарлы сын айтып шығуға;




    • Өзінің жеке тәрбие жүйесі мен бағдарламасын жасауға, «теріс ықпал етпейтін» ізгілікті қағиданы басшылыққа ала отырып, тәрбиелеудің жаңа әдістерін, түрлері мен тәсілдерін шығармашылық тұрғыда пайдалануға;




    • Мектептің өзін-өзі басқару мен қорғау органдарында, мүмкін болмаған жағдайда-мемлекеттік билік органдары мен сотта өзінің ар-ожданы мен абыройын қорғауға;




    • Еңбектің түрлі көлемі мен нәтижелері үшін берілетін материалдық және ынталандырушы қосымша төлемдерді белгілейтін құжаттар әзірлеу ісіне қатысуға құқылы.



Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері:



      • журналды жүргізуге;

      • оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай-күйін бақылап отырады;

      • сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс істейді, оқушыларға бағыт береді;

      • үлкен кезекшінің жұмысын ұйымдастырады және көмектеседі;

      • сыныптағы, мектептегі, асханадағы кезекшіліктерді ұйымдастырады;

      • бекітіліп берілген кабинеттің санитарлық жағдайын сақтайды;

      • тәрбиеленушілердің киім киісін бақылып отырады;

      • тамақтануды ұйымдастыады; ата-аналармен тегін тамақтандыру және сыныптастарының тегін тамақтанатын балаларға сыпайылықпен қарауы жайындағы түсіндіру жұмысын жүргізіеді;

      • сынып мұқтаждығын қаржы жағынан қамсыздандыру ісімен айналысады (сынып қоры, түрлі қызмет түрлерін төлеу және т\б);

      • ата-аналармен бірлесіп, нақты бір себептерсіз сабаққа қатыспай қалатын оқушыларды бақылайды;

      • оқуға қолайлылық тудыратын жағдай жасау;

      • сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдердің қызметін үйлестіріп отырады;

      • оқушылар күнделігімен жұмыс істейді, ата-аналармен үлгерім жөнінде байланысып тұрады;

      • анағұрлым дарынды балалардың өсе түсуі үшін, яғни олардың танымдық қызығушылығының, ой-өрісінің кеңеюіне жағдай жасайды; үйірмелерге, факультативтерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға тартады;

      • экскурсияларды, театарларға, көрмелерге барып тұруды ұйымдастырады;

      • оқушылардың ақыл-ой қызметін ұйымдастыру үшін психологты шақырады (әңгімелесу циклдары, жеке ұсынымдар);

      • сыныпта жағымды ахуалдың болуына ықпал етеді, өзара тілектестік қарым-қатынас қалыптастырып, оларды түзетіп әрі реттеп отырады;

      • сыныптағы шығармашылық ісін ұйымдастырады;

      • оқушылардың денсаулығын нығайтып, оқушыларды дене шынықтыру мен спорт шараларына тартады;

      • түрлі қоғамдық балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;

      • әрбір ұйымдастыратын істің қызықты түрлерін, терең мазмұнын іздейді, сынып жетекшісінің кез келген сыныппен кездесуінің мақсатқа лайықты әрі бағытталған болуын белгілейді, айына бір рет тақырып бойынша сынып сағатын өткізеді; сыныпта сабақ жүргізетін мұғалімдердің, сондай-ақ ата-аналардың пікірлерін ескеру арқылы әрі қолда бар әдістемелерге сәйкес оқушы тұлғасын зерделейді, олардың мінездемелерімен жұмыс істейді;

      • оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсетеді;

      • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік педагогпен ынтымақтастықта әрекет етеді;

      • әлеуметтік қорғаусыз қалған балаларды анықтап, есепке алады;

      • отбасы берекесіз балаларды анықтап, есепке алады;

      • «қиын», «қауіпті топ» қатарындағы жас өспірімдер мен есепте тұрғандардың тәртібін бақылап жүреді;

      • тоқсан сайын бір рет ата-аналар арасында тақырып бойынша жиналыс өткізеді;

      • отбасы тәрбиесіндегі жағдайды зерделейді;

      • ата-аналармен дербес жұмыс жүргізеді;

      • сыныптың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру ісіне ата-аналарды тартады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет