Атауы Беті



бет4/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#23881
1   2   3   4   5   6   7   8

1.1.15 Мәдениет және спорт
Мәдениет

Мәдениет мекемелерінің жүйесін 60 ұйым құрайды, оның ішінде 56-сы мемлекеттік ұйым.

2007 жылы 4833, 2008 жылы 4990 мемлекеттік мекемелер мен ерекше күндерге арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар (2007 жылмен салыстырғанда 3,2%-ға көп), оның ішінде конкурстар мен көрмелер өткізілді. Халық шығармашылығын насихаттау мен дамыту мақсатында концерттер, ұлттық ұжымдардың өнер көрсетулері, халықтың қолданбалы шығармашылығының көрмелері ұйымдастырылды. Ойын-сауық іс-шараларын өткізуге қала бюджетінен 2007 жылы 14,4 млн. теңге, 2008 жылы 20,8 млн. теңге (44,4%-ға артық) бөлінді. Мәдени-демалу жұмыстарын қолдауға 2007 жылы 458,9 млн. теңге, 2008 жылы 554,0 млн. теңге (20,7%-ға артық) бөлінді.

2009 жылы ойын-сауықтық мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізуге бюджеттен 18,9 млн. теңге бөлінді, ол 2007 жылғы көрсеткіштен 31,2%-ға артық және 2008 жылғы көрсеткіштен 10%-ға төмен болып табылады.

Қала бюджетінен қаланың мәдениет мекемелерін ұстауға 2009 жылы 448,4 млн. теңге бөлінді және қаланың бақтары мен скверлерін дамытуға облыстық бюджеттен 176,8 млн. теңге нысаналы трансферттер бөлінді. Жергілікті деңгейде ақпараттың жалпыға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Әуезов атындағы қалалық кітапхананы 21 филиалымен ұстауға 88,2 млн. теңге бағытталды, хайуанаттарын бағын ұстауға 72,3 млн. теңге бөлінді және көше вольерлерін жөндеуге облыстық бюджеттен 42,2 млн. теңге нысаналы трансферттер бөлінді. Мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға 3,1 млн. теңге қарастырылды.

Спорт

Қазіргі уақытта қалада түрлі меншік нысанындағы 702 спорт нысандары жұмыс істейді, олардың 21%-ы жеке меншік иелігінде және де бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Жеке меншік спорттық нысандардың өсу үрдісі жеке инвесторлардың дене шынықтыру мен спортты дамытуға ақша салуға деген ниетімен түсіндіріледі.

2004-2008 жылдары «Еңбек», «Гигант», «Бушидо», «Валери» фитнес клубы т.б. сияқты жеке меншік спорт кешендері салынды және олар қазіргі уақытта жұмыс істеп жатыр.

2008 жылы қала халқының түрлі топтарымен 220 спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізілді, оларға 24350 адам қатысты. 2007 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда іс-шаралар саны 8,3%-ға, жарысқа қатысушылар саны 1800 адамға артты. Бұл мүгедектермен және қаланың өндірістік ұжымдары мен кәсіпорындарының командаларының қатысуымен өткізілетін жарыстардың көбеюімен байланысты, спорттың көптеген түрлері бойынша ашық қалалық біріншіліктер көбірек өткізіле бастады, оларға облыстың басқа қалалары мен аудандарының және Қазақстан республикасының спортшылары қатыса алады.

2009 жылдың 9 ай ішінде қала халқының түрлі топтары арасында спорттың 32 түрі бойынша 156 жарыс ұйымдастырылып, өткізілді, облыстық жарыстарға қаланың құрама командаларымен оқу-жаттығу жиындары өткізілді, сондай-ақ қала командалары облыстық Біріншіліктерге жіберілді.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қарағанды қаласының мүгедектерін оңалту бағдарламасы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 22 ақпандағы № 34 шешімі негізінде халықтың осы санатымен өткізілетін спорттық іс-шаралар жоспары жасалды, оған мыналар енгізілді: отырып волейбол ойнаудан қала біріншілігі – сәуір-қазан, көру қабілеті бойынша мүгедектер арасында шашкиден, тоғызқұмалақ пен шахматтан қалалық турнирлер – сәуір-қараша, дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Көңілді старттар» - ақпан. 2009 жылғы наурыз айында дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар арасында жеңіл атлетикадан жарыстар, мамыр айында Еуропа футбол апталығы аясында мини-футболдан турнир, сондай-ақ жеңіл атлетикадан жарыстар өткізілді.


1.1.16. Табиғатты пайдалану және тұрақты даму экологиясы

Ортақ пайдаланудағы жасыл көшеттердің қала бойынша жалпы көлемі 1200 мың м2 құрайды. Қалада 5 парк, 25 сквер мен бульвар бар.

Қаланың өнеркәсібінің жеткілікті дамуы салдарынан қоршаған ортаға жоғары антропогендік әсер етіледі.

Қаланың қоршаған ортасын ластаушы негізгі жылу энергетикасы кәсіпорындары – «Қарағанды Жылу» ЖШС, ауаға шығарылатын барлық қалдықтың 70%-ы, «Миттал Стил Теміртау» КД-нің үлесіне ауаға шығарылатын қалдықтың шамамен 5%-ы тиесілі. Ауаның ластану деңгейі ИЗА5 атмосфераның ластануының кешенді индексінің шамасы бойынша бағаланады, ол ПДК-да неғұрлым жоғары нормаланған мәндермен бес заттек бойынша олардың қауіптілік класы ескеріле отырып есептеледі. Осы көрсеткіш бойынша қала атмосферасы Қарағанды облысының басқа қалаларының атмосферасымен салыстырғанда ең лас атмосфера болып табылады.

Қалада жыл сайын пайда болатын қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі 8 млн. м3 асады. Қалада ҚТҚ қоймалау 4 рұқсат етілген қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында және 26 рұқсат етілмеген үйіндіде жүзеге асырылады, олардағы ҚТҚ көлемі 18,2 мың м3 қоқысты құрайды.

Бірқатар көмір өндіретін кәсіпорындардың таратылуы нәтижесінде иесіз қалған және «Карагандаликвидшахт» РМҚК-ның өңделетін аумақтарына енбеген бүлінген жерлерді өңдеу проблемасы. 2004-2005 жылдары өңделетін жерлердің көлемі 144,3 гектарға өсті. 2006 жылы қала бойынша бүлінген жерлерге өңдеу жүргізілген жоқ.

Қарағанды қаласындағы су ресурстарын (Соқыр өзені) ластау көзі «Қарағанды Су» ЖШС кәсіпорны болып табылады, ол қаланың ағынды суын жинауды және тазартуды жүзеге асырады. Су тазарту құрылғыларында биологиялық тоғандарда толықтай жасанды-биологиялық тазартудан кейін ғана жіберіледі.
1.2. Қорытындылар

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнім көлемі 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 34,5%-ға өсіп, 122,1 млрд. теңгені құрады, ол облыс бойынша көрсеткіштің 11%-ын құрайды. Тау-кен өнеркәсібі өндірісі көлемнің (көмір өндірудің 2 есеге өсуі есебінен) 96,7%-ға, өңдеуші өнеркәсіп көлемінің (машина жасау өнеркәсібі көлемінің 0,9%-ға, тамақ өнеркәсібінің 2,5%-ға, химия өнеркәсібінің 13,4%-ға өсуі есебінен) 21,2%-ға өскені байқалады. 2009 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 111661,5 млн. теңге сомасында күтіледі немесе 2008 жылға 91,5%.

Сонымен бірге, қала кәсіпорындарының негізгі қорларының тозу үлесінің жоғары екені, негізгі құралдарды жаңарту коэффициентінің төмен екендігі байқалады. Дегенмен, қала кәсіпорындары өз қаражаты есебінен құрал-жабдықтарды жаңартуды, реконструкциялау мен модернизациялауды жүзеге асырады, ол жаңа технологиялар мен жаңа кәсіпорындарды енгізуге ықпал етеді.

2009 жылы жаңа 4 өндіріс құру жоспарланып отыр, 5 кәсіпорында соңғы өнімнің номенклатурасын кеңейту есебінен өндіріс көлемін ұлғайту жоспарлануда, ол қала кәсіпорындарының орнықты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Қала кәсіпорындарында ресурс сақтаушы технологиялар енгізілуде, ол өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Кәсіпкерлікті дамыту

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны қала бойынша 2007-2008 жылдары 8,8%-ға өсіп, 2008 жылдың соңына 23307 тіркелушіні құрады, оның ішінде жұмыс істейтіндері – 20326 немесе тіркелгендердің жалпы санының 87,2%-ын құрайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері санының өсуімен олар өндіретін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) көлемі 2007 жылға қарай 8,1%-ға өсті, ол қала бойынша өнеркәсіп өнімін өндірудің жалпы көлемінің 56%-ын құрайды.

2009 жылы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санының жоспарлы өсімі 1,0%-ды немесе 233 субъектіні, өндірілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) көлемі 2008 жылға қатысты 3,0% құрайды.

Құрылыс

Тұрғын үй құрылысын дамыту қала жүйелерінің тіршілігін қамтамасыз етуге ықпал етеді, азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тұрғын үйге мұқтаж және халықтың аз қамтылған әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын жеңілдік санатындағы азаматтарды тұрғын үймен тегін қамтамасыз ету, халықтың неғұрлым көп бөлігін қайтарымды негіздегі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру сияқты әлеуметтік міндеттерді шешеді.

2007 жылы құрылыс салуға бағытталған қаражат көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артты. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 24,5%-ын жеке құрылыс салушылар, 52,2%-ын жеке меншіктегі кәсіпорындар, 23,3%-ын мемлекеттік кәсіпорындар игерді.

2008 жылғы өсім 2007 жылы құрылыс салуға бағытталған қаражат көлемімен салыстырғанда 4,7%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялардың жалпы көлемінің негізгі бөлігін жеке құрылыс салушылар игерген инвестициялар құрайды, яғни ол 47,2 % құрайды.

2007-2008 жылдары бюджеттік қаражат есебінен 2,9 млрд. теңге сомасына жалпы көлемі 64,1 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. 2008 жылы пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 2007 жылға қатысты 114 %-ға артты.

2009 жылы бюджет қаражаты есебінен 1,4 млрд. теңге сомасына 35,8 мың м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2007-2008 жылдары бюджет қаражаты есебінен 3054,2 млн. теңге сомасына инженерлік желілер салынды және қайта жаңартылды.

2009 жылы бюджет қаражаты есебінен 2163,7 млн. теңге сомасына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Іс-шаралардың орындалуы нәтижесінде төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:


  1. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.

  2. Жаңа тұтынушыларды қосу бойынша желілердің мүмкіндіктерін кеңейту және сол арқылы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының орындалуына ықпал ету.

  3. Қаланың инженерлік желілерінің қауіпсіз жұмыс деңгейін арттыру.

  4. Қаланың жылумен, энергиямен және сумен жабдықтау жұмысының тұрақтылығын және сапасын арттыру.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің 2007-2008 жылдардағы және 2009 жылғы І тоқсандағы жұмыс қорытындыларына жасалған талдау кейбір мал басының азаюына қарамастан, мал шаруашылығы мен егіншілік шаруашылықтың өнімін өндірудің өсу үрдісінің байқалатындығын дәлелдейді.



Көлік және коммуникация

Қалалық жолаушылар тасымалындағы бүгінгі жағдай қалалық жолаушылар көлігінде орын алған кемшіліктер туралы қорытындылар жасауға және неғұрлым маңызды проблемаларға назар аударуға мүмкіндік береді. Біріншіден, бұл – жылжымалы состав паркін жаңарту, GPS технологиялар негізінде жолаушылар көлігін жедел бақылаудың және реттеудің заманауи жүйесін енгізу қажеттігі. Мемлекеттік органдардың көлік кәсіпорындарымен өзара әрекеттестігін, тасымалдаушылардың жасалған шарттардың талаптарын орындауын бақылауды қамтамасыз ету, облыс орталығын дамытудың бас жоспарын ескере отырып, маршрут желілерін оңтайландыру үшін құқықтық кеңістікті жетілдіруге ерекше назар аударылуы тиіс.



Сумен жабдықтау

Қаланы сумен жабдықтаудың пайдаланудағы неғұрлым әлсіз және күрделі су құбырларының желілері құрал-жабдықтар мен құрылғылары бар су құбырлары болып табылады. Қала бойынша су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 972 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйесі кешешінен ұзындығы 777 км болатын су бұрғылардың, көше және кварталдағы су құбырлары желілерінің техникалық жағдайы алаңдатады.



Электр энергетикасы

Жылумен жабдықтауды бағалаудың өлшемдері мыналар болып табылады: қаланың тұрғын үйлері мен әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық объектілерін жылумен сапалы жабдықтау, апатсыз жұмысты қамтамасыз ету, жылу желілеріндегі құбырлардың тозуымен байланысты апаттарға жол бермеу, жылу желілерінде апатты жағдайлар пайда болған кездерде адам өлімін болдырмау, жылыту маусымында тұрғын үйлерді және әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық объектілерді жылумен қамтуда болатын олқылықтарға жол бермеу және жылу желілерінің жалпы жағдайымен байланысты жылу шығындарын төмендету.



Сыртқы экономикалық қызмет

Экспортта негізгі позицияда шикізаттық тауарлар қалып отыр. Сондықтан да шикізатты өңдеу деңгейін тереңдету мүмкіндігі басым болып табылады және соның негізінде оның экспорттағы үлесінің одан әрі өсуіне қол жеткізу мүмкіндігі де бар.

Импортқа басым бағытта тұтыну өнімдері (өңделген тауарлар) алынады, ал экспортқа шикізат (металлолом, өңделмеген ауыл шаруашылығы өнімі) шығарылады.

Өзіміздің ауыл шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіпті қайта қалпына келтіруге байланысты импорттағы тұтыну тауарларының үлесі қысқарады да, сәйкесінше инвестициялық тауарлардың, яғни машиналар мен құрал-жабдықтардың үлесі арта түсетін болады.



Инвестициялық сала

Инвестициялар адам капиталының дамуымен, тіршілік әрекетінің барлық салаларындағы қызметкерлердің біліктілігінің өсуімен нақты байланысты болуы керек, ал бұл жағдайлар қаланың инвестициялық климатына ерекше талаптар қояды.

Инвестициялық климат басқарушы жүйелердің экономикалық орнықтылығы мен экономикалық қауіпсіздігінің кешенді қасиеттерін бұзбауы тиіс. Бұл қолданыстағы экономиканың қазіргі құрылымын оңтайландыру қажеттілігіне негіз болып табылады. Инвесторлардың мүдделері мен инвестиция салынатын әлеуметтік-экономикалық жүйелердің теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында тартылатын инвестицияларды пайдалану тиімділігін және инвестициялық климаттың қолайлылығын кешенді бағалау қажет болып табылады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде инвестициялық саланы дамыту үшін өнеркәсіп салаларын ДСҰ-на енуге әзірлеу мақсатында кәсіпорын басшыларымен ISO 9000 сериялы сапа менеджменті стандартын (СМС) енгізу мәселесі жөнінде консультациялық жұмыстар жүргізу қажет.



Демография және көші-қон

Экономиканың түрлі салаларының дамуы, бос жұмыс орындарының болуы қалаға еңбекке қабілетті жастағы азаматтарды тұрғылықты тұруға тартуға, сол арқылы қала халқының орташа жасын төмендетуге мүмкіндік береді.



Тұрғын үй саласы

Тұрғын үй салу бойынша қабылданған шаралар үйге мұқтаж азаматтарды, яғни негізінен жеңілдіктері бар азаматтар санатындағыларды, бюджет саласының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын ішінара шешуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда қалада тұрғын үй рыногы жеткілікті болып саналады, сонымен қатар соңғы уақытта жылжымайтын мүлікке нарықтық бағаның төмендегені байқалады.



Білім беру

Соңғы жылдарда болған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде білім беру мекемелерінің сандық және сапалық құрамы, сондай-ақ құрылымы да өзгерістерге ұшырады. Қазіргі уақытта қалада балараға мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, сондай-ақ қосымша білім беретін мекемелердің дамыған желісі қалыптасып отыр. Азаматтардың барлық деңгейлер мен сатылардағы білімге қолжетімділігі бойынша конституциялық құқықтарын қанағаттандыру үшін және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары арқылы денсаулықтарын сақтау мен нығайту бойынша жағдайлар жасау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда.



Денсаулық сақтау

Дәрігерлер саны 12 %-ға, яғни 1222-ден 2009 жылы 1319-ға дейін өсті.

Орта медициналық персонал саны 1897-ден 1909-ға дейін, яғни 2 %-ға өсті.

Кіші және өзге де медициналық персоналдар саны айтарлықтай өзгеріссіз қалды.

2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда аурухана койкасының саны 10 %-ға қысқарды, ана өлімі азайды.

Бала туудың өсуі байқалады.

Туберкулезбен ауыру, АИВ/ЖИТС-пен ауыру деңгейі төмендеді.

1 тұрғынға шаққанда денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындардың көлемі ұлғайтылды.



Еңбек ресурстары және тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Экономиканың тұрақтануы мен өсуінің нәтижесінде мыналар байқалады:

- экономикалық белсенді және жұмыспен қамтылған тұрғындар санының өсуі 2007 жылмен салыстырғанда тиісінше 3,5 мың адам және 6,0 мың адам;

- жұмыссыздықтың есепті және тіркелген деңгейінің төмендеуі 2007 жылғы 9,4 %-дан 2009 жылы 8,4 %-ға дейін, тіркелген деңгей 2007 жылғы 0,1 %-дан 2009 жылы 0,3 %-ға дейін;

- кедейшілік шегінен төмен өмір сүретін аз қамсыздандырылған отбасылар санының төмендеуі 2007 жылмен салыстырғанда 1,6 есе;

- мүгедектікке шығу тәуекелділігінің төмендеуі және мүгедектік деңгейдің азаюы;

- мүгедектер үшін оңалту іс-шаралары көлемінің ұлғаюы;

- мүгедектерге көрсетілетін медициналық, әлеуметтік, білім беру және өзге де оңалту қызметтері тізбесінің кеңеюі және сапасының артуы.



Мәдениет және спорт

Тұрғындар мен жастар арасында мәдениет саласында жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеуге, қабілетті балаларды анықтауға, зияткерлік әлеуетті дамытуға, жастарды эстетикалық тәрбиелеуге, шығармашылық мүмкіндіктерді дамытуға, жас таланттарды қолдауға, жалпы адами құндылық болып табылатын мәдениетке тартуға, азаматтық пен отан сүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу бойынша іс-шаралар атқарылды.

Спорт саласын қаржыландырудың артуына байланысты қалалық деңгейде өткізілетін іс-шаралар саны мен олардың сапасы жыл санап өсіп келеді. Қалалық жарыстарға қатысушылар саны мен жас диапазоны да өсіп келеді. Қаладағы мүгедектер арасында оларды оңалтуды жақсарту үшін жарыстар өткізіледі. Спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстардың саны мен сапасының артуына байланысты бірыңғай спорттық жіктеменің разрядтық талаптарын орындайтын спортшылар саны да өскені байқалады. Спорт түрлері бойынша қаланың құрама командаларының мүшелерімен өткізілетін оқу-жаттығу жиындарының саны да өсіп келеді, бұл жағдай облыстық деңгейдегі жарыстарда табыстарға жетуге оң әсер етеді. Аз қамсыздандырылған отбасының балалары мен жеткіншектерін аула клубтарындағы және балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептеріндегі тегін секцияларға тарту арқылы олармен жүргізілетін жұмыстар жақсарып келеді.

Табиғатты пайдалану және тұрақты даму экологиясы

Қаладағы экологиялық жағдайға қоршаған ортаны көптеген ағымдағы және тарихи ластау; табиғат қорғау құрал-жабдықтарының және көптеген кәсіпорындардың тазарту құрылғыларының әбден тозуы әсер етеді.


2. Қарағанды қаласы экономикасының даму факторлары мен жағдайлары
2.1 Тиісті саланың дамуына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау

Өнеркәсіп

Өнеркәсіптің серпінді дамуы үшін инвесторларды өнеркәсіп саласына тарту, өнеркәсіп кәсіпорындарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету қажет болып табылады, ал бұл қазақстандық қамту және өнімдерді экспортқа шығару үлесінің артуына негіз болып табылады.

Табысты экономикалық даму үшін жоғары тиімді және жоғары технологиялы өндірісті дамыту, инвестициялар тарту, басқарудың заманауи әдістерін енгізу, әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жағдайлар жасау қажет.

Өнеркәсіптік және индустриалық-инновациялық дамуға ықпал ететін ішкі факторлар:

- ғылымды көп қажетсінетін жоғары технологиялық өнім шығаруды ұйымдастыру үшін қажет болып саналатын ғылыми-техникалық әлеуеттің, жоғары білікті кадрлардың жеткіліксіздігі;

- негізгі қорлардың тозуы. Өндіріс көлемін ұлғайту үшін кәсіпорындардағы құрал-жабдықтарды қайта жаңғырту және жаңарту қажет;

- отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі. Неғұрлым жоғары қосымша құнмен дайын өнім өндіруді ұлғайту ішкі тұтыну көлемін артыратын болады, ал бұл импорттың төмендеуіне әкеп соғады және отандық өнімді сыртқы рыногқа неғұрлым кеңнен шығаруға және шетелдік инвестициялардың келуінің артуына ықпал ететін болады;

- жергілікті тауар өндірушілердің компаниялардың жоспарлары мен олардың қажеттіліктері туралы аз хабардар болуы. Тұтынушылар өндірістік әлеуетін пайдаланбайтын, бірақ бәсекеге қабілетті, сапалы өнім өндіретін жергілікті тауар өндірушілер тапсырыс берушілер тарапынан тиісті тапсырыстар болған кезде олардың қажеттіліктерін көптеген позициялар бойынша қанағаттандыру мүмкіндіктеріне ие.

Сыртқы факторлар:

- мемлекеттік даму институттарымен өзара әрекеттестіктің болмауы;

- өндірістердің экологиялық қауіпсіздігі.

Кәсіпкерлікті дамыту

Кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін ішкі факторлар:

- отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі. Неғұрлым жоғары қосымша құнмен дайын өнім өндіруді ұлғайту ішкі тұтыну көлемін арттырады, ол импорттың төмендеуіне әкеп соғады және отандық өнімді сыртқы рыногқа неғұрлым кеңнен шығаруға және шетелдік инвестициялардың келуінің артуына ықпал ететін болады;

- кәсіпкерлердің аз хабардар болуы. Рыноктағы сұраныстар мен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат жеткізушілер, дайын өнімді өткізу мүмкіндіктері және тендерлерге қатысу туралы бірыңғай ақпарат банкін құру;

Шағын бизнестің дамуына ықпал ететін сыртқы факторларға әкімшілік кедергілердің қысқартылуын, әлсіз заң шығару жұмыстарын, сыбайлас жемқорлық пен бюрократизмге қарсы күрестің тиімділігі аз шараларын жатқызуға болады. Бұл мәселелерді республикалық деңгейде шешуге болады.

Құрылыс

Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру құрылыс саласының дамуына ықпал ететін негізгі фактор болып табылады, ол тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың тиімді тетіктерін дамыту арқылы, оның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде ипотекалық кредит беру және тұрғын үй құрылысына жеке инвестициялар тарту, жеке тұрғын үй құрылысының дамуын ынталандыру арқылы іске асырылады. Тұрғын үй құрылысын дамыту проблемасын кешенді шешу халықтың көп бөлігін арзан, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Ауыл шаруашылығы

Қаланың мал шаруашылығы мен егіншілік шаруашылығы саласының жағдайы өнім өндіру технологиясының ескіргендігімен сипатталады. Өнімнің 80-90 %-дан астамы өндірілетін үй шаруашылығында тек қол еңбегі ғана қолданылады. Мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын бастапқы өңдеу мен дайындау бойынша құрал-жабдықтар жоқ, қалада жайылым жоқ, жем-шөптің бағасы ұдайы қымбаттап отырады, осының барлығы мал басының өсуіне және мал шаруашылығы өнімін өндіруге кедергі келтіріп отыр.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық технологиялық саласында сауда үдерісі ең әлсіз сала болып табылады. Қалыптасқан ішкі нарық бейберекет сипатқа ие, сондықтан ол көптеген делдал қызметінің болуына жағдай жасайды. Олардың ауыл шаруашылығынан алған табысы, негізінен, сауда капиталы саласына салынады да агроөнеркәсіп кешенінің одан әрі дамуына қатыспайды.

Көлік және коммуникация

Қалалық жолаушылар көлігінің бірыңғай инфрақұрылымын сақтау және дамыту, бюджет қаражатының қатысу деңгейін бір мезгілде төмендете отырып, қоғамдық көліктің шоғырланған жүйесін жасау, тасымалдаушылар нарығына меншік түрлі нысандарын тарту және бекіту, бәсекелестік қағидасын пайдалану нарықтық экономика жағдайында қаланың қоғамдық көлігін басқару саласындағы қызметтің жалпы бағыты болып табылады. Бұл жағдай соңғы жылдардағы автомобиль алудың жоғарғы қарқынына қарамастан қоғамдық көлікпен тасымалдау көлемінің жоғарғы деңгейін одан әрі сақтап қалуға мүмкіндік берді және одан әрі де мүмкіндік беретін болады.



Сумен жабдықтау

Пайдаланудағы неғұрлым әлсіз және күрделі су құбырларының желілері құрал-жабдықтар мен құрылғылары бар су құбырлары ішкі факторларға жатады.

«Қ.Сәтпаев атындағы канал» РМК-ның су беру бойынша қызметіне уақытылы ақы төлеу сәйкес саланың дамуына әсер ететін сыртқы факторларға жатады, оған қаланың тіршілік әрекеті байланысты болып табылады.

Электр энергетикасы

Станциялардың жабдықтарының тозуы қаладағы жылумен қамтуды дамытуға ықпал ететін ішкі факторлар болып табылады, қаланың жылу мен электр энергиясын тұтыну қажеттілігі ұдайы өсіп келеді.

Электр энергиясының дамуынан алда келе жатқан елдің экономикалық және өнеркәсіптік секторының қарқынды дамуы қазіргі уақыттағы сыртқы факторлар болып табылады. Энергия тұтыну қарқынының жыл сайын бес-алты пайызға өсу үрдісі байқалуда. Станциялар бар қуаттылықты ұстап тұрумен қатар қаланың жылу және электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттілігін де қамтамасыз етуі тиіс.

Сыртқы экономикалық қызмет

Сыртқы экономикалық қызметтің келешегі ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлармен де анықталады. Сыртқы факторлардың арасында әлемдік экономика мен әлемдік сауданы дамыту перспективасы маңызды болып есептеледі.



Инвестициялық сала

Табысты экономикалық даму үшін тек табиғи ресурстар ғана емес, сонымен бірге негізгі капиталдың жеткілікті де тұрақты жаңартылып тұратын қоры қажет. Негізгі капиталға салынатын инвестициялар экономикаға күрделі қаржы салу деңгейін білдіретін базалық көрсеткіш болып табылады.

Қаржы салу айтарлықтай маңызды рөлге ие, себебі ол экономика салаларын тиімді дамытуды, базалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін, орнықты экономикалық өсуге қол жеткізуді қамтамасыз етудің қажетті шарттары болып табылады. Бұл жағдайда инвестициялардың өнімділігі маңызды мәнге ие, өйткені, оны экономикаға тартылған инвестициялардың еңбек өнімділігі мен капиталдың өзгеруіне әсер ету деңгейі ретінде сипаттауға болады.

Ішкі факторлар:

- ғылыми-техникалық персоналдың болуы;

- дамыған өнеркәсіптік инфрақұрылым;

- бай шикізат базасы;

- рыноктың үлкен әлеуеті;

- пайдалы экономикалық-географиялық орналасуы.

Сыртқы факторлар:

- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістің дамуы;

- өндірістің экологиялық қауіпсіздігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет