Атауы Беті



бет6/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#23881
1   2   3   4   5   6   7   8

Мәдениет және спорт

Дене шынықтыру және спорт дамуындағы өзекті мәселелер төмендегідей:

- жаңа спорт ғимараттардың құрылысын жеткіліксіз мемлекеттік қаржыландыру;

- әлсіз материалдық-техникалық жабдықтау және техникалық қолданыс бойынша жетілдірілген нормалар мен талаптарға және жарысты өткізу және оқу-жаттығулық үрдістерінің ережелеріне, халықаралық регламенттерге сәйкессіздігі, жарыстарға қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- спортшыларға арнайы дәрігерлік- кеңестік көмектің болмауы.

Қаланың құрама командаларының облыстық жарыстарда сәтті қатысулары үшін, халықтың физикалық дайындығын қамтамасыз ететін Президенттік тестілерді дамыту үшін, шет елдер және басқа қалалар командаларының қатысуымен ашық қалалық жарыстар өткізу үшін спорттық инвентарьларды алу қажет, яғни соңғы халықаралық стандарттар мен талаптарға сай келетін пневматикалық винтовкалар, тенис үстелдер, спорттық киімдер алу қажет. 2009 ж. қалалық баскетбол бойынша қарқынды дами бастаған жарыстарға арналған стритболдық құрылыстарды алу жоспарланған.



Табиғатты пайдалану және тұрақты даму экологиясы

Маңызды мәселелер:



  • өнеркәсіп кәсіпорындарының атмосфераға шығаратын улы газдар және түзілетін улы қатты тұрмыстық шығындар қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіреді;

  • өндіріс көлемін кеңейткен жағдайда табиғатты қорғау құралының нашар жетілдірілген болса, экологиялық жағдай нашарлайды (жер ресурстары, су көздері, атмосфераның ластану мәселелері);

  • қала ішіндегі рұқсат етілмеген қоқыстардың өсуі санитарлық-эпидемиялогиялық сипаттағы мәселелерді күшейтеді.

Шешу жолдары:

- қалдықтарды азайту, қатты тұрмыстық шығындармен ластану деңгейін төмендету негізінде және қоқысты өңдеуші завод салу арқылы қаланың экологиясын жақсарту,



  • табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыруды көбейту;

  • өнеркәсіп кәсіпорындарының шығаратын қалдықтарының көлемін реттеудегі бақылауды күшейту.


2.3. Қарағанды қаласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған болжамдары

Өнеркәсіп

Ішкі және сыртқы рынокқа бәсекеге төтеп бере алатын өнімді шығару үшін экономиканың өңдеуші салаларын диверсификациялау арқылы балансталған индустриалды кешенді жасау қаланың индустриалды-инновациялық және өнеркәсіптік дамуының негізгі мақсаты болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай негізгі тапсырмаларды шешу қажет:


  • өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемінің өсуін қамтамасыз ету;

  • экономиканың өзекті секторларының кластерлі дамуы;

- болашақта инвестициялар салу үшін және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау үшін қолайлы аймақ ретінде қала имиджін қалыптастыру;

  • жоғары қосылған құн өнімінің шығарылуымен шикізатты өндіру бойынша жаңа өнімдердің дамыту;

  • ИСО сериялы сапа менеджементі жүйесін енгізу;

  • ғылымдық және жоғары технологиялық өндірістерді жасау;

  • инвестиция тарту өсімін қамтамасыз ету;

  • экспортты және импортты диверсификациялау үшін мүмкіндік жасау;

  • алақол бәсекелестіктен ішкі рынокты қорғау, Қазақстанның БСҰ-на кіруіне рұқсат ететін сауда режимін анықтау.

Кәсіпкерлікті дамыту

Қаланың шағын және орташа бизнесін дамытудың негізгі мақсаты болып жергілікті көлемдегі мемлекеттік қолдау және шағын кәсіпкерліктің келешекте дамуына жағдай жасау табылады.

Мынадай негізгі іс-шаралар анықталған:


  • методикалық, ақпараттық, кеңестік көмекті жетілдіру және шағын кәсіпкерлікті насихаттау;

  • кәсіпкерліктің дамуында бар кедергілерді жою бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстарын жинақтау және сараптау;

  • шағын кәсіпкерліктің мемлекеттік қолдауымен инфрақұрылымдарды жетілдіру және одан әрі дамыту.

Құрылыс

Тұрғын үй құрылыс бағдарламасын келешекте жүзеге асыру үшін келесі іс-шараларды орындау қарастырылып жатыр:



  • Шахтерлер даңғылы, 35, бойынша жаңа ипотекалық тұрғын үйдің құрылысы, оның ішінде ЖСҚ байламында – 420,0 млн. теңге.

2010 жылы 7,4 мың. м² (108 пәтерді) пайдалануға енгізу жоспарлануда; -жаңа ипотекалық тұрғын үйдің құрылысына – 850,0 млн. теңге.

2011 жылы 15,0 мың.м² (324 пәтерді) пайдалануға енгізу жоспарланады.

-Шахтерлер даңғылы, 35, бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысы, оның ішінде ЖСҚ байламында – 849,0 млн. теңге.

2010 жылы 15,0мың.м² (324 пәтерді) пайдалануға енгізу жоспарланады.

Жаңа жалға берушілік (коммуналдық) тұрғын үйдің құрылысына – 280,0 млн.теңге.

2010 жылы 5,0 мың.м² көлемімен (80 пәтерді) жалға берушілік тұрғын үйді пайдалануға енгізу жоспарланады.

Айтылған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2010-2014жылдары қолданысқа ипотекалық тұрғын үй– 22,4 мың.м²., жалгерлік (коммуналдық) – 5,0 мың.м², кредиттік тұрғын үй ( 100 мектеп және 100 аурахана жұмысшылары үшін) – 15,0 мың.м² енгізілетін болады. Осыдан басқа, қала келбетінің (сипатының) сәулеті, тұрғын үй фондының қолайлығы жақсарады; тұрғын үйдің бастапқы рыногы мен инвестициялық үрдіс жалғасын табады; құрылыс қызметінен бюджетке түсетін салық жинау көбейеді, яғни, құрылыс саласы жұмыскерлерінің мүліктеріне салынатын салық, жеке табыс салықтары көбейтіледі.

Ауыл шаруашылығы

2010-2011жылдары «Қарағанды Агро-Центр» ЖШС-ның атынан өзіндік айналым қаражатынан жіберілетін ет турайтын пунктерді дайындау ұйымы жоспарланған, бұрынғы ет комбинат ауданыңда «Қарағанды Агро-Центр» ЖШС үшін (дайындайтын пунктерінің орындайтын рөлі және сойыстың күштілігі күніне 10 бастан 50 басқа дейін) жергілікті бюджет қаражатынан соғымдық санитарлық пунк құрылысына арналған 120,0 млн. теңге сомасы алдын ала қарастырылды.

Осы жобаны орындау арқасында коммуналдық базарға күніне 11 теңгеге дейін қою көлемін қосымша ұлғайту (қала халқының күнделікті қажеттілігінен 28 пайызды құрайтын болады) және оларды халыққа іске асыру делдалсыз жүзеге асырылады.

Қарағанды облысының әкімімен бірге облыстық бюджет қаражатынан 2 көкөніс сақтау құрылысы жоспарланды, қала тұрғындарына жеміс-көкөніс өнімін 12 күннен 15 күнге дейін кепілденген сауда қорымен қамтамасыз етеді(орташа жүзеге асыру есебінен күніне жеміс-көкініс өнімін 133 тоннадан 166 тоннаға дейін бірінші кезектегі қажеттілік).

Осы логикалық комплексінің құрылысымен байланысты ауылшаруашылық өнімін қайта бөлу, сақтау және жүзеге асыруын бойынша, 40,9 га барлық көлемімен «Агроконсалтинг-К» АҚ-ға тапсырылды, қазіргі уақытта Ескі аэропорт ауданындағы 146 жер учаскесі анықталып заңмен белгіленген тәртіптегі ресімдеу үстінде.

Тауарлық базарлар мен АПК өнімдері нарығын мемлекеттік реттеу құру мақсатында Қарағанды қаласының 2009-2010 жылдарға арналған АПК-ны тұрақты дамытудың басым бағыттарының іс-шаралар Жоспары бойынша нарықты дамыту және өзіндік сатып алуды ұйымдастыруға, бірінші қажеттілік өнімдерін іске асыруға «Қарағанды Агро-Центр» ЖШС-ның жарғылық капиталын жыл сайын 300 млн теңге көлемінде толтырып отыру қаралды.

Жеміс–көкөністі өнімді әлеуметтік павильондар жүйелері және коммуналды базар арқылы іске асыру көлемі пайызының төменділігі жеке меншік сауда нүктелерінің жүйесі арқылы іске асырылатын көлемдермен салыстырғанда бағаның өсу индексінің төмендеуіне әсер етуге мүмкіндік бермейді, соған байланысты Қарағанды қаласының 2009-2010 жылдарға арналған АПК-ны тұрақты дамытудың басым бағыттарының іс-шаралар Жоспары арқылы жыл сайынғы әлеуметтік павильондарды сатып алу және жергілікті бюджет қаражатының есебінен коммуналдық базар жүйесін дамыту жоспарланған.

Көлік және коммуникация

Қарағанды қаласының дамуының бас жоспары жоспарлық қайта жаңарту және жаңа көше-жолдар құрылыс жүйесін қайта қалпына келтіру және 2015 жылға дейін қала аумағындағы жолдарды салу қарастырылған, осыған қоса:



  • жаңа құрылысты және көше-жолдар жүйесін қайта жасау;

  • мосттарды және жол өтпес құрылысы;

  • жаяу кісі өтетін ортадан тыс көшелердің құрылысы.

Қаланың кезеңдік жол-автокөлігінің сұлбасын жасауға ұсынылады:

1-кезең: оларға жақындау және осы автокөліктік шешімдерін қайта қалпына келтіру, сондай-ақ 2008-2010 жылғы кезеңнен бастап жеті жыл ішінде қаланың жол-автокөлік іс-әрекет сызбасында жаңа автокөлік коридорларды жасау;

2-кезең: 2009-2011жылғы кезеңнен бастап алты жыл ішінде «Трасса №1» және «Трасса №2» жалпы қалалық басты екі автокөлік қала магистралін жасау үшін осы күнгі жаңа жолдар құрылысын қайта қалпына келтіру;

3-кезең: 2010-2014 жылғы кезеңнен бастап бес жыл ішінде «Трасса №1» және «Трасса №4» екі қосымша жалпы қалалық автокөлік қала магистралін жасау үшін жаңа жолдар салу;

2010-2014 жылдарға арналған жобада автокөлік желілерінің құрылысы қарастырылды, соның ішінде:


  1. № 1 автокөліктік желісі: «Ғазалиев-Ключевая»;

  2. № 2 автокөліктік желісі: «7 магистралі»

  3. № 3 автокөліктік желісі: «Бұқар жырау даңғылы»

  4. № 4 автокөліктік желісі: «Гоголь көшесі»;

  5. № 5 автокөліктік желісі: «Тепловоз көшесі».

Сол сияқты жобаға қаланың негізгі автомагистралді жүктерін түсіру үшін автожолдар құрылысы кіреді.

Сыртқы экономикалық қызмет

Сыртқы экономикалық қызметінің динамикалық дамуы үшін келесі іс-шараларды өткізу жоспарланады:



  • инвестициялық форумдарды өткізу;

  • өнеркәсіптің өсуіне инвестицияның назарын аударту;

  • біліктілігі жоғары кадрлермен қамтамасыз ету;

  • ғылыми және жоғары технологиялық, экспорттық бағытталған өндірістерді құруды ынталандыру.

Инвестициялық саласы

Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты аймақта қолайлы инвестициялық климатты жасау, инвестиция салудағы басым сипаттағы бағыттарды анықтау, оларды орындауға жағдай жасау болып табылады.

Инвестициялық саясатты жүзеге асыру бойынша басты тапсырмалар мыналар болып табылады:


  • әлеуметтік-экономикалық даму мақсатында инвестицияны тарту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

  • инвестицияның мүмкіндік көздері мен инвестицияға сұранысты зерттеу және инвестициялық белсенділікті ынталандыру;

  • экономиканың әр түрлі саласындағы инвестициялық белсеңділіктің мониторингі, қаланың инвестициялық әлеуетінің дамуы;

  • қала экономикасына инвестицияны тарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

  • халықаралық инвестициялық қызметті дамыту;

  • инвестициялық қызметке ақпараттық қолдау;

  • экономиканың басым сипаттағы секторларының инвестициялық тартымдылығын жоғарылату;

Қарағандының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым сипатының бірі инвестицияны тарту болып табылады. Қала экономикасының құрылымдарын жаңарту үшін инвестицияны тарту өзекті болып табылады. Дамыған өнеркәсіптік инфрақұрылым, бай шикізат базасы, экономикалық-географиялық орналасуының пайдалылығы, ғылыми-техникалық қызметкерлердің бар болуы әр түрлі инвестициялық және қаржылық институттарды, ең алдымен, осы өндіруші және кен өңдейтін өнеркәсіп сияқты салаларға тартады.

Мемлекеттік емес секторлар және шетелдік инвестиция кәсіпорындарының өзіндік қаражаттарын инвестицияға салу көздерінің негізі жоспарланады.

Кәсіпорындар және ұйымның қаражаттарын негізгі өндірістік қорларды жаңартуға, жаңа қуаттарды енгізуге жіберу жоспарланады.

Білім беру

Мектепке дейін тәрбие және оқыту. Мектепке дейінгі ұйымдармен және шағын-орталықтармен балаларды қамтудың 63 пайызын құрайтындығына байланысты, балабақшалар және шағын-орталықтардың құрылысы, оларды қалпына келтіру және ашу есебінің атынан мектепке дейінгі жастағы балалалар үшін 2480 орын ұсыну жоспарлануда.

2010-2014 жылдарға жоспарланады:

- Ермеков көшесі бойынша № 9 ықшам аудандағы балабақшаның құрылысы (320 орынға), Кең-Дала ықшам ауданында (320 орынға), Пришахтинскінің 21 ықшам ауданыңда (320 орын), Пришахтинсктің 23 ықшам ауданында (320 орын), Майқұдықтың Восток 5 ықшам ауданында (320 орын), Күнгей ықшам ауданындағы балабақшалар (320 орын).

- Майқұдықтағы 14, 15 ықшам аудандардағы балабақшаларды қалпына келтіру.



Бастауыш, негізгі орта, орта білім, (жалпы орташа білім). 1200 орынға сиятындай екі жалпы білім беретін мектептердің әрқайсысы Көгілдір тоған және Кең-Дала ықшам аудандарында салу, Оңтүстік-шығыс ықшам аудандарында шығармашылық және техникалық үйлер, техникалық лицейге спорттық залдың жалғастыра салынған үй-жайларын салу 2010-2014 жылдарда жоспарланды.

Еңбек ресурстары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында аймақтық дағдарысқа қарсы бағдарламаларымен сәйкес аймақтық жұмыспен қамту картасын жүзеге асыру бойынша қала ішінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Жастар практикасын ұйымдастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Аса жоғары тәуекелмен кәсіпорындарда босату жоспарланады басым сипаттағы тізімде жұмыс орындарын жасау.



Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы негізгі мақсат 2010-2014 жылдарға жұмыс күшін ұсыну және баланстанатын саясатқа сұраныс өткізілетін болады: кәсіби даярлық есебінен еңбек рыногында бәсекелестік қабілетін жоғарылату, біліктілігін жоғарылату, еңбек рыногының есебінің сұранысымен жұмыссыздарды қайта дайындау; еңбек рыногының мониторингі; толық топтарды жұмыспен қамту ұйымдары әлеуметтік қолдауына мұқтаж; жалпы жұмыс орындарын ұйымдастыру және жетілдіру; жұмыспен қамту органдарының қызметімен жұмысшылармен, қоғамдық бірлестіктермен, жұмыспен қамту және еңбек рыногын реттеу мәселелерінде еңбек делдалдығымен шұғылданатын жекеше жұмыспен қамту агенттіктерімен қызметін шоғырландыру.

Жұмыспен қамту кепілдігін, еңбекті төлеу, еңбек жағдайлары және тәртіптері мәселелерін шешуді қамтамасыз ету үшін еңбек нарығының басты қатысушыларының әлеуметтік әріптестік жүйесі дамитын болады.

Сонымен бірге, халыққа көрсетілетін қызметтер сапасының жақсаруына, мүгедектердің құқығын қалпына келтіру жүйесін жетілдіруге жіберіледі.

Аз қамсыздандырылған азаматтардың болжамдалатын саны төмендегіні құрайды:


  • 2010 жылы – 2400 адам,

  • 2011 жылы – 2350 адам,

  • 2012 жылы – 2300 адам,

  • 2013 жылы – 2200 адам,

  • 2014 жылы – 2100 адам.

Алда МАӘК-ны алу төмендейтіні болжанады, 2010 жылы – 2195 адам, 2011 жылы – 2087 адам, 2012 жылы – 1985 адам, 2013 жылы – 1948 адам, 2014 жылы – 1900 адам.
2010-2014 жылдары АӘК төлеу үшін ақша қаражатының қажеттілігі

Жыл

Аз қам-сыздандырылған азаматтар саны, адам

Олардың ішінде МАӘК алатындар

Кедейшілік шегінің мөлшері, теңге

Жәрдемақылардың

орташа


мөлшері, теңге

Төлеу мерзі

мі, ай


МАӘК төлеу үшін қаражат қажеттілігі, мың теңге

2010

2400

2195

5236

3275

9,5,

68292,0

2011

2350

2087

5629

3521

9,5

69810,0

2012

2300

1985

6023

3767

9,5

71037,0

2013

2200

1948

6415

4011

9,5

74228,0

2014

2100

1900

6800

4252

9,5

76749,0

2009-2012 жылдарда МАӘК-ты екі жылдан астам алушылар саны орташа 0,5 пайызға азаюы жоспарланады, алушылар санының азаюы еңбекақының өсуі, жаңа жұмыс орындарының пайда болуымен, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және 1 жасқа толғанға дейін баланы күту бойынша жәрдемақы көлемдерінің өсуімен байланысты.




Жыл

МАӘК алушылар саны

отбасы/ адам



Екі жылдан артық МАӘК алушылар саны

отбасы/адам



%


2008

978 / 3048

516 / 1491

52,8

2009

959 / 2973

502 / 1557

52,3

2010

940 / 2914

487 / 1510

51,8

2011

921 / 2855

473 / 1467

51,3

2012

903 / 2799

459 / 1423

50,8

2013

885 / 2757

445 / 1380

50,3

2014

841 / 2716

419 / 1299

49,8

2010-2014 жылдары балалар жәрдемақысын төлеу үшін ақшалай қаражаттың қажеттілігі



Жыл

Алушылар саны

АЕК

Төлеу кезеңі

МАӘК төлеу үшін қаражат қажеттілігі, мың теңге

2010

1650

1375

9,5

21554,0

2011

1650

1478

9,5

23168,0

2012

1650

1581

9,5

24783,0

2013

1650

1684

9,5

26397,0

2014

1650

1785

9,5

27980,0

2010жылға жоспарланып отырған алушылар саны 4100 отбасы көлемінде анықталған, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 2% жоғары, алушылар санының көбеюі шегінің деңгейді 10% дейін төмендетумен және коммуналдық қызметтер тарифтерін жоғарлатумен байланысты болып табылады.
2010-2014 жылдарға арналған тұрғын жай көмегін төлеуге арналған ақшалай қаражаттың қажеттілігі


Атауы

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Отбасылар саны

4100

4200

4200

4200

4200

Тұрғын үй жәрдемақысының орташа көлемі (теңге)

2294,47

2466,80

2587,63

2755,83

2921,18

Төлеу кезеңі (ай)

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу үшін қаражат қажеттілігі (мың теңге)

42333,10

46622,64

48906,18

52085,18

55210,30



3. Қарағанды қаласының экономикасын дамытудың

2010-2014 жылдарға арналған нысаналы индикаторлары
Өндіріс

Өндіріс өнімі көлемін 2010 жылы 126254,7 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 13,1% жоғары, ал 2014 жылы өнім көлемін 144036,1 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 15,9% жоғары болып табылады.

Кен өндірісінде тас көмірді өндіру есебінен өнім көлемі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 101,2%, ал 2014 жылы – 113,9% құрайтын болады.

Өңдеу өндірісінің өнімінің өсуі 2010 жылы 63271,8 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда немесе бұл 2009 жыл көрсеткішімен салыстырғанда 101,6% құрайды, ал 2014 жылы 72250,7 млн. теңгеге немесе 2009 жылмен салыстырғанда 166% -ға жеткізу жоспарлануда.

Машина жасау саласында өндіріс көлемін 2010 жылы 72250,7 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда, бұл 2009 жылғы деңгейден 1,4%-ға жоғары болып табылады (өндірісті кеңейту есебінен), 2014 жылы - 13324,5 млн. теңге немесе 2009 жылмен салыстырғанда 114,9% құрайды.

Тамақ өнеркәсібі шығаратын өнім көлемі 28424,9 млн. теңге деңгейінде күтілуде, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 1,6% жоғары болып табылады (Бенхилл Коппорэйпоид сияқты кешенді орау құрылғысы линиясын “Eurasian Foods” АҚ-на алу, «Қараганда Эфес пивоваренный завод» ЖК АҚ-ның өнім көлемін көбейту есебінен).

Химия өнеркәсібінің өнім көлемі 2010 жылы 2233,7 млн. теңге көлемінде күтілуде, бұл 2009 жылға қарағанда 101% құрайды (жұмыс жасап тұрған «Alain Paint» ЖШС кеңейту есебінен), 2014 жылы – 2439,1 немесе 2009 жылға қарағанда 110,3% құрайды.

2010 жылы электроэнергия, газ және cу өндіру мен бөлу көлемі 40357,7 млн. теңге деп күтілуде немесе 2009 жылмен салыстырғанда 101,6%, ал 2014 жылы – 45730,2 млн. теңге немесе 2009 жылмен салыстырғанда 115,1%.

2010-2014 жылдарда қаланың 15 кәсіпорындарына сапа менеджменті жүйесін енгізу жоспарлануда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет