Атауы Беті


Шағын кәсіпкерлікті дамыту



бет7/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#23881
1   2   3   4   5   6   7   8

Шағын кәсіпкерлікті дамыту

Шағын кәсіпкерлік субъектілері өндіретін өнім көлемі 2010 жылы 72534,5 млн. теңге сомасында күтілуде немесе бұл 2009 жылмен салыстырғанда 117,1% құрайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көлемі 2010 жылы 1% өседі, 2014 жылы 2009 жылмен салыстырғанда - 6,1% өседі.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар санын 2010 жылы 50763 бірлікке дейін көбейту немесе бұл 2009 жылмен салыстырғанда 100,5%, ал, 2014 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 5,1% құрап, жұмыспен қамтылғандар саны 53083 бірлікке көбейеді деп күтілуде.



Құрылыс

Құрылыс саласының маңызды индикаторы болып енгізілетін аудан көрсеткіші есептеледі. 2010-2014 жылдар аралығында қолданысқа жалпы көлемі 743,9 мың м2 аудан енгізілу жоспарлануда, оның ішінде: 2010 жылы – 145,9 мың м2; 20111 жылы – 146 мың м2.

Ауыл шаруашылығы

Қаланың ауыл шаруашылық жалпы өнімінің көлемі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 1,7% - ға өсіп, 1856,1 млн. теңгені құрайтын болады, ал, 2014 жылы 9,8% (1993,8 млн. теңге) өседі. Жалпы өнім көлемі өсімдік өсіру және мал өсіру өнімдерін көбейту арқасында өседі. Өсімдік өсірудің жалпы өнім көлемі 2010 жылы 1495,9 млн. теңгеге көбейеді немесе 2009 жылмен салыстырғанда 2,0% - ды құрайтын болады, ал, 2014 жылы 10,4 %-ға көбейтілетін болады (1619,1 млн.теңге). Мал өсіру өнімі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 0,5% көбейтіледі (360,2 млн.теңге), 2014 жылы бұл көрсеткіш 4,5% көбейтіледі (374,7 млн. теңге).

Ең маңызды өнім түрлерін 2010 жылы өндіру төмендегідей көлемге жеткізілетін болады:


  • астық бойынша (жөндеуден кейінгі салмағында) өнімді 18,7 тоннаға дейін жеткізілетін болады, бұл 2009 жылға қарағанда 2,2% - ға өсуді камтамасыз етеді және 2014 жылы 20,3 тоннаға дейін немесе 10,9%-ға өсіруге септігін тигізеді.

  • Картоп бойынша өнім көлемін 17,9 мың тоннаға дейін жеткізу, ал бұл 2009 жылға қарағанда 1,7%-ға өсуді камтамасыз етеді және де 2014 жылға 18,9% мың тоннаға жеткізу немесе 10,4%-ға көбейту.

  • Мал және құс еті бойынша (соғымдық салмағында) өнім көлемін 462,3 тоннаға дейін көбейту, бұл 2009 жылға қарағанда 0,3% -ға көбейеді және 2014 жылы 471,5 тоннаға дейін жетеді немесе 2,3% - ға дейін көбейтіледі.

  • Сүт бойынша өнім көлемін 3 588,0 тоннаға дейін өсіру, бұл 2009 жылға қарағанда 0,4% - ға көбейтуге мүмкіндік береді және 2014 жылы 3650,2 тоннаға дейін жеткізіледі немесе өнім 2,2% - ға өседі.

  • Жұмыртқа бойынша өнім көлемін 2,6% -ға өсуді камтамасыз етіп, 1,92 млн. данаға дейін көбейту жоспарлануда және 2014 жылы өнім 1,96 млн. данаға көбейеді немесе 2,6% -ға өседі.

Тамақ өнімін шығару көлемі (алкогольден басқа) ақшалық көрсеткіште 2010 жылы 27434,7 млн. теңгені құрайтын болады, 2014 жылы бұл көрсеткіш 2009 жылға қарағанда 27987,5 млн. теңгеге дейін жеткізіледі және 2014 жылы сәйкесінше 0,5% және 2,0% құрайтын болады

Сыртқы экономикалық қызмет

Қаланың сыртқы сауда айналымы 2010 жылы 671,3 млн. АҚШ долларын құрайтын болады, яғни, тас көмірді, бидайды экспортқа шығару есебінен – 11,45 млн. АҚШ долларын құрамақ, ал импорт – 659,9 млн. АҚШ долларын құрайтын болады, яғни, қант есебінен – 5,2 млн. АҚШ доллары, алкогольдік және алкогольдік емес сусындар есебінен – 2,15 млн. АҚШ долларын құрамақ.

2011 жылы жоспарланып отырған айналым – 677,8 млн. АҚШ долларын құрамақ немесе 2010 жылға қарағанда - 101,5%, 2012 жылға – 686,2 млн. АҚШ доллары немесе 2011 жылға қарағанда 101,2% құрамақ, 2013 жылы айналымды 2,4% дейін көбейту жоспарлануда немесе күтілетін айналым – 702,8 млн. АҚШ долларын құрайтын болады, 2014 жылы – 720,9 млн. АҚШ долларын немесе 2009 жылмен салыстырғанда 110,6% құрамақ.

Инвестициялық сала

2010 жылы күтілетін инвестиция көлемі - 57401,7 млн. теңгені құрайды немесе 2009 жылмен салыстырғанда 87%, 2011 жылы – 59755,2 млн. теңге (2010 жылмен салыстырғанда 104,1%), 2012 жылы – 62563,7 млн. теңге немесе 2011 жылға қарағанда 104,7%, 2013 жылы күтілетін инвестиция көлемі 4,9% (күтілетін көлем – 65629,3 млн.теңге); 2014 жылы – 69042 млн. теңге немесе 2013 жылға қарағанда 105,2% немесе 2009 жылмен салыстырғанда 120,3%-ды құрамақ.



Білім беру

2009-2014 жылдары әрқайсысында 320 орын болатын алты балабақша, екі 280 орынды балабақшаны қалпына келтіру, сонымен қатар қаланың мектептері негіздерінде 10 шағын орталықтар (әрқайсысы 50 орындық) ашу жоспарлануда.

Бала туудың, миграциялық үрдістердің, жаңа тұрғын жай кешендерінің өсуіне байланысты және «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру мақсатында білім беру ұйымдарын салу қажет болып табылады. 2009-2014 жылдары 2 жалпы білім беру мектептерін салу жоспарланған, олардың әрқайсысы 1200 орынды болып келеді, сонымен қатар, Техника және шығармашылық үйлер құрылысы, техникалық лицей жанынан спорт зал құрылысы, № 43 орта мектепке жалғастырыла салынған үйжай салу жоспарланған.

Еңбек ресурстары

Экономиканы өсіру мен тұрақтандыру нәтижесінде мынадай нәтижелерге жету жоспарлануда:



  • жұмыспен қамтылған және экономикалық белсенді халық санын 2010 және 2014 жылдары 2009 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 2,0 мың адамға (0,9%) және 11,0 мың адамға (4,7%) көбейту;

  • жұмыссыздық деңгейін 2009 жылғы 8,4% көрсеткішінен 2010 жылы 8,3% дейін төмендету.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

2009 жылы еңбек ақының өсуіне, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, зейнетақы көлемінің өсуіне, мемлекеттік жәрдемақылардың және баланы 1 жасқа жеткенге дейін бағуға арналған жәрдемақының өсуіне байланысты жағдайы төмен азаматтар санын және АӘК алушылар санын азайту жоспарлануда.

МАӘК алушылар санын азайтуды әрі қарай жалғастыру жоспарлануда, осыған байланысты 2009 жылы күтілетін алушылар саны 2308 адамды, 2010 жылы 2195 адамды, 2011 жылы 2087 адамды, 2012 жылы 1985 адамды, 2013 жылы 1948 адамды, 2014 жылы 1900 адамды құрайтын болады.
4. Қарағанды қаласының бюджеттік параметрлерінің

2010-2012 жылдарға арналған болжамы
4.1. Қазыналық саясаттың негізгі бағыттары
Салық саясаты

Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, сонымен қатар, салық базасының бәсекеге талапты, яғни, мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін, экономиканың модернизациясы мен диверсификациясын арттыратын, тұрақты экономикалық өсуді камтамасыз ететін, бизнестің бәсекеге сай болуын ынталандыратын, бизнестің «көлеңкеден» шығуын және салықтық басқаруды болашақта жетілдіруге арналған Қазақстан Республикасының 2003–2015 жылдарға арналған индустриалық-инновациалық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында салық саясатының басты мақсаттары төмендегідей болмақ:



  • мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін бәсекеге сай салық базасын жасау;

  • салық жүйесін экономиканы модернизациялауға және диверсификациялауға негіз болатын Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің міндеттерімен сәйкестікке келтіру;

  • жеңілдіктерді оңтайландыру және сәйкесінше экономиканың шикізаттық емес секторына түсірілетін салық ауыртпалығын азайту, заңды тұлғаларға салық салуды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;

  • импорт пен ішкі өндіріске акциз мөлшерлемелерін бірыңғайлау;

  • басқару үдерістерін жеңілдету, салықтық қызметтердің сапасын және салықтық үдерістердің шынайылығын арттыру, салықтық есеп берудің көлемін қысқарту, салықтық тексерістерді ретке келтіру.

Салықтық заңнаманы жетілдіруге арналған жоғарыда айтылған міндеттерді орындау қолайлы инвестициялық жағдай жасауға ықпал етуі керек және де халықаралық бәсекелестіктің күшеюі жағдайында және мемлекеттер арасындағы бар болып табылатын капиталдың бос ағымына байланысты, бәсекелестікті дамытуға, ішкі жалпы өнімді, бюджеттің кіріс бөлігін көбейтуге және болашақта халықтың салықтық белсенділігін арттыру үшін экономиканың шикізаттық емес секторындағы бизнес дамуына ынтадаландыру керек.

Кірістер түсімдерін болжау

Соңғы жылдардағы қала бюджетіне түсетін түсімдер динамикасына сәйкес түсімдердің жыл сайынғы өсімі 20% кем емес көрсеткішті құрады. 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылғы өсім 1%-ды ғана құрады, бұл әлеуметтік салық бойынша салық салу мөлшерлемесін 30% төмендетуімен байланысты, сонымен қатар, жер телімдерін сатудан түсетін түсімдермен байланысты болып табылады.

Ағымдағы жылда бюджет кірісінен түсетін түсімдер экономиканың шикізаттық емес секторына түсірілетін салық салмағының азаюы бойынша салық заңнамасына енгізілген өзгертулерге байланысты былтырғы жыл деңгейінен 1,4% төмен болады деп күтілуде, яғни:


  • 13%-дан 5%-ға дейін мөлшерлемелері бар дифференцирленген салық шкаласынан әлеуметтік аударымдар нормативтерін 4% дейін өсірген, 11%-дық бірыңғай мөлшерлемелі салыққа көшуіне байланысты әлеуметтік салық бойынша;

  • заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бойынша салық салу нысаны болып негізгі қаражат пен материалды емес активтердің барлығы емес, тек қана статистикалық берілгендер бойынша негізгі қаражат пен материалдарды емес активтердің жалпы құнының 47% құрайтын, жермен тұрақты байланыстағы құрылыстар, яғни, ғимараттар мен құрылыстар, тұрғын жай құрылыстары және тағы басқалар есептеледі. Сонымен қатар, салық салу мөлшерлемесі осыған дейін салықты 1% көлемінде төлеп келген заңды тұлғалар бойынша ғана 50%-ға өсті.

  • сыртқы (визуалды) жарнама беруге төленетін ақы бойынша Республика бойынша салық салудың жалпы мөлшерлемесі енгізілді және осы себепті кейбір жарнамалар түрлері бойынша төленетін ақы мөлшері төмендетілді;

  • алдыңғы жылдарда басқаларына қарағанда беделді және ірі жер учаскелерінің сатылып кетілуіне және жерді аукцион арқылы сатып алуға деген қызығушылықтың болмауына байланысты жер телімдерін сатудан түсетін түсімдердің азаю тенденциясы сақталып отыр.

2010-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістері экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық салмақ түсіруді азайтуды жоспарлаған жаңа Салық кодексінің ережелерін ескерген орта мерзімді жоспардың макроэкономикалық көрсеткіштерінің негізінде анықталған.

Кірістерді есептеген кезде мемлекеттік басқару және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің жалақысын 2009 жылы және 2010 жылы 25%, 2011 жылы 30%-ға көбейту ескерілген және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік салық түсімдерді аудару нәтижесінде әлеуметтік салықты 2009 жылы 3% - дан 4% - ға және 2010 жылы 5% - ға көбейту және 2009-2013 жылдары ең аз жалақы мөлшерін көбейту жоспарлануда.


Қарағанды қаласының жергілікті 2010-2012 жылдарға арналған бюджетінің трансферттерсіз және пәтер сатудан түсетін түсімдерді есептемеген кездегі болжанып отырған кірістерінің динамикасы, мың теңге


Көрсеткіштердің атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Кірістер

12 809 026

14 408 191

15 839 250

Салықтық түсімдер

12 274 918

13 937 873

15 357 076

Салықтық емес түсімдер

89 208

97 686

105 731

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

444 900

972 632

376 443

2009-2013 жылдарға арналған бюджет түсімдері көлемін болжау болжайтын макроэкономикалық көрсеткіштер параметрлері, алдыңғы жылдардағы түсімдер динамикасы, сонымен қатар ағымдағы жағдайды талдау негізінде жасалған.


Қарағанды қаласының жергілікті 2010-2012 жылдарға арналған бюджетінің трансферттерсіз және пәтер сатудан түсетін түсімдерді есептемеген кездегі болжанып отырған кірістерінің динамикасы, мың теңге

алдыңғы жылға % пайыздық көрсеткіште


Көрсеткіштердің атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Кірістер

102,7

112,5

109,9

Салықтық түсімдер

103,2

113,5

11,2

Салықтық емес түсімдер

106,2

109,5

108,2

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

90,5

83,7

101,0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет