Аты – жөні: Аманбек Нұржан



бет13/13
Дата15.11.2022
өлшемі0.52 Mb.
#464907
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тәрбие папкасы Аманбек.Н

Оның бойында болуы тиіс:
- кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі, оның негізін келесілер құрайды:
- жалпы, жас ерекшілік, әлеуметтік педагогика мен психология саласындағы ілгері білім
- балалар қарым-қатынасындағы, іс-әрекетіндегі, мінез-құлқындағы, дамуындағы ауытқу нормаларының құбылыстары мен процесстерін білу
- психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке кеңес берудің, психологиялық алдын алудың және психологиялық педагогикалық түзетудің әдістерін
- балалардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік сипаттарды ескере отырып, балалардың жеке және ұжымдық шығармашылығының ерекшелігі мен мәнін білу
- балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін білу
- балалардың құқықтарын қорғау бойынша отандық және халықаралық құқықтық нормаларын білу.
Кәсіби біліктері қалыптасуы тиіс:
- жеке, тұлға аралық қиындықтармен қақтығыстарды анықтау
- зерттеу және әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік психологиялық мәселелерді шешу әдістерін игеру
- «ересектер-бала» және «ересектер-ересектер», сонымен қатар «сынып жетекшісі-бала-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық тұрғысынан мақсатқа сай және психологиялық дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыру
- Ұжымдармен, балалардың бірлестіктерімен және үлкен, кіші топтармен жұмыс жасау
- Балалармен әлеуметтік маңызды іс-әрекеттер ұйымдастыру, олардың әлеуметтік өзін-өзі анықтау мен қалыптасуы үшін жағдай жасау
- Шығармашылық бейімділіктерін және балалардың қабілетін анықтау, оларды іске асыру үшін жағдай жасау
Жоғарыда айтылғанның барлығын ескере отырып, сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық құбылысының ерекшелігі мен үрдіске қатысушыларына қатысты оның рольдік ұстанымы өзгереді.
Сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетінің мазмұны – формальды түрде болмайтын кәсіби-педагогикалық емес, керісінше «табиғи» қызметтестік, ересек адам мен баланың өзара түсінікті қатынасы.
Оның мазмұны ерекше адамға өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасап, оның тұлғалық қасиеттерін баламен қарым-қатынасқа түсу барысында неғұрлым байыта түседі. Үдерістің қатысушысы болып балаға өзінің ересек адам ретінде сезінуге, оның өз күшіне сенім артып, өзі «менің» көрсетуге мүмкіндігі туады, осындай да бала ересек (досынан, жолдасынан) адамнан нағыз көмек көре алады. Осы компонент субъект ұстанымының қалыптасуына, жас тұлғаның жалпы дамуына оның жеке ерекшелігін ескере отырып, оң әсер етеді. Сынып жетекшесінің балаларымен тәрбие жұмысының бағдарлаамсы әрдайым инновациялық, авторлық, динамикалық болады, бұл –педагогтың шығармашылық, нақты тәжірибеге бағытылған және жемісті іс-әрекетінің нәтижесі.
Таңыстым: Сынып жетекші: Аманбек.Н

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет