«Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің №85 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Сынып жетекшінің портофолиосы
Қарағанды қаласы
Аты – жөні: Аманбек Нұржан
Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі
Негізгі орта білімі (қашан, қай оқу орнын бітірді): Қарағанды маңызды білім беретін Болашақ колледжі «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» 2015 жыл.
Жоғарғы білімі: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, «Бастауыш білім беру әдістемесі және тәрбиелеу» 2016-2019 жж.
Педагогикалық еңбек өтілі: 6 жыл, 10 ай
Берілген лауазымы бойынша еңбек өтілі: 4 жыл.
Біліктілікті арттыру курсын өту: Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады. 2019 жыл 4 – ші желтоқсанында.
Көтермелеу және мадақтаулары: Мадақтам грамоталары, алғыс хаттары, Қарағанды қаласының дипломдары
№85 жалпы білім беретін мектебі
4 «Е» сыныбының
өткен оқу жылына тәрбие жұмысының есебі
Қарағанды қаласы
4 «Е» сыныбының жылдық тәрбие есебі:.
Тәрбие жұмысы бойынша қойылған мақсаттар және олардың орындалуы жөнінде талдау:
4 «Е» сыныбында өткен жылда 24 оқушы болды, оның ішінде 13 қыз, 11 ұл. Оқу озаты-4,
оқу екпіндісі-11.
Жылдық бойынша тәрбие-іс шаралары бекітілген тәрбие жоспары арқылы жүргізіледі және оқушылар осы шараларды өз бетімен ұйымдастырып өткізуге бастауыш сыныптан бейімделген. Соның арқасында айтарлық біраз тәрбие шаралары өткізілді. Класс ұжымы қалыптасып келеді, әр оқушыға тәрбиелік жүктеме берілген. Сол тапсырмаларды оқушылар уақытымен орындап, өз бетімен әзірлемелер дайындап, класс жетекшінің көмегімен мағыналы да нәтижелі тәрбие шараларды ұйымдастыруға тырысады. Әсіресе, ойын түрінде, жұмбақтар мен жарыс түрінде өткізгенді ұнатады. Себебі өте сапалы ұйымдастырылған тәрбие іс-шаралары болашақта мәдениетті, түсінігі мол, сана-сезімі жоғары азамат пен азаматшаларды тәрбиелеу дәл осы кезеңнен бастау алады. Осыған байланысты мына төмендегідей нақты мақсат пен міндеттерді өз алдыма қойдым:
Мақсаты:
Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастыра отырып, иманды, кішіпейіл, адамгершілігі мол, адамдық қасиеті жоғары, өз ұлтының, халқының мәдени мұраларын игерген, табиғат атаулыға, Отанына деген сүйіспеншілігі мол, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Тәрбие жұмыстарының міндеттері:
- Еліміздің рәмізін сыйлау, өзінің Отан, жанұя, қоғам алдындағы міндеттерін жете түсінуге тәрбиелеу;
- Рухани байыту принциптерін негізге ала отырып, салауатты өмір салтына баулу;
- Пән мұғалімдері мен ата-аналар арасында тығыз байланысты орнату, екі жақты қарым-қатынас, тәлім-тәрбиесі мол, көрегенді тұлға қалыптастыруға көмек беру;
- Халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге ықпал жасау;
- Адам құқықтарын сақтау, өз құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілетін, іскерлік қарым-қатынас жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің мәртебесін арттыру;
- Оқушылардың қоғамдық жұмыстарға бел сене қатысуға деген жауапкершілігін арттыру.
Міне осындай міндет пен мақсатты алға қоя отырып, тәрбиелік шаралар мен сынып сағаттарын жоспарлы түрде салаларға бөлуді жөн көрдім. Осыған байланысты іс-шараларды тақырыппен төмендегідей үлкен бағыттар бойынша жыл бойы жүргізіліп отырды. Мәселен, патриоттық сананы дамыту, салауатты өмір салтын ұстану, достық сыйластық қарым қатынас сынды рухани құндылықтарды дамыту, этнопедагогикалық және ата-аналармен жұмыс сияқты тәрбиелік салаларға бөлінді.
Әр саланың міндеттері мен мақсаттарын алдыға қойып, жеке-жеке оқушылардың санасына толық жеткізуге тырыстым.
Азаматтық - патриоттық тәрбие.
Мақсаты:
Өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге, азаматтық белсенділік, құзіреттілік қалыптастыру, сыни ойлау, жалпы және құқықтық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету, азаматтық–патриоттық егемен тұлғасын қалыптастыру, ұлттық тәрбие білім беру жүйелері жағдайында тұлғаны тәрбиелеу.
Мысалы:
«Қазақстан Республикасының Конституциясы күні»
«Абай –дана, Абай-дара!»
Осы патриоттық сезімді тәрбиелеу үшін сынып-сағаттарын әртүрлі қызық формалармен өткіздік. Себебі әңгіме, дөңгелек үстел немесе пікірталас формасында өткен шаралар оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушының дені мен моральдық саулығы бірдей жақсы болу үшін, осындай түсінікті бала түйсігінде қалыптастыру өте маңызды сондықтан келесі тақырыптық жүйе рухани саулықты дамыту үшін арналды:
Рухани – адамгершілік тәрбие.
Мақсаты:
Жалпы азаматтық құндылықтармен, Қазақстандық қоғам өмірінің нормалары мен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның руханиадамгершілік және этникалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қалыптастыру
Мысалы:
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»
4-сынып оқушылары ретінде достық сезімнің дұрыс қалыптасуы өте маңызды болғандықтан бұл тақырып та өз маңызын жоғары дәрежеден көрсетті. Мысалы, анаға, досқа деген сыйластық маңызының түсінігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Баяндамалар мен ойтолғаулар арқылы оқушылар көптеген мағлұмат алып, өз ойларын қосып отырды.
Ұлттық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтиарға,ана тілін және мемлекеттік тілді,қазақ халқының, ҚР этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
Мысалы:
«Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра»
Біріншіден, оқушылар өз міндеттері мен құқықтарын және мектеп ережесін бұлжытпай орындауға бағыт алды.
Бұл тақырып барысында оқушылардың саналық деңгейі одан әрі дамып толығып отырды. Жаңа және дұрыс көзқарастар қалыптаса білді.
Осындай рухани тұрғыдан таза, білімді жас ұрпақты тәрбиелей отырып, олардың жамандықтан жиреніп, салауатты өмір сүруіне де үлкен мән бердім. Олардың осы тақырып арқылы жаман және жақсы әдеттерді айыра бастағанын байқадым.
Отбасы тәрбиесі
Мақсаты:
Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық–педагогикалық құзіреттіліктерін және жауапкершілігін арттыру.
Мысалы:
«Отбасы - тәрбие көзі»
Осындай көптеген іс-шараларды оқушылармен өткізе отыра олардың нақты әр оқушының санасына түпкілікті жету үшін, ата-аналар мен де тығыз байланыс орнату керек екенін білеміз. Сондықтан да тәрбиелік шараларды оқушылар мен мектеп ұжымымен ғана шектелмей, бұған белсенді түрде ата-аналарды араластыру қажет деген ойға келдік.
Достарыңызбен бөлісу: |