Үйілме жүктерді теміржол көлігімен үйілген күйінде тасымалдайды. Олар сусымалы қасиеті бар бөлшектерден, кесектерден тұрады. Бұндай жүктерге астық(бидай,қарабидай, тұқым), диірменде тартылған өнімдер (ұн, кебек, құрама жем, жарма және т.с.с.), тас көмір, минералдық тыңайтқыштар, цемент, руда, құм, әк, қиыршық тас және т.б. жатады (400 атаудан жоғары).
Ақтарылмалы жүктер деп вагонға тиегенде орынның санын талап етпейтін және өзінің физикалық күйінен үйілме жүктеріне жатпайтын жүктерді атайды. Оларға ағаш материалдары, тастар, металдар, металл сынықтары, әртүрлі брикеттер, болат құймалары т.б. жүктердің түрлері жатады (200 атаудан жоғары).
Үйілмелі және ақтарылмалы жүктерді жауын-шашыннан қорғауды қажет етпейтін (ағаш, тас, көмір) және жауын-шашын әсерінен тез бұзылатын (цемент, әк, минералдық тыңайтқыштарға, қарбыз, ас қабақ, капуста) жүктерге бөледі.
Бірінші топқа жататын жүктерді ашық жылжымалы құрамда, ал екінші топтың жүктерін жабық вагондарда, хопперлерде және арнайы контейнерлерде тасымалдайды.
Ыдысты-дара жүктер көптеген ыдыстардың, орамалардың түрлеріне қарай, массасы және көлеміне қарай алуан түрлі болады. Ыдысты- дара жүктер массасы мен көлеміне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топқа орынның массасы 500 кг-ға жетпейтін жүктер жатады. Оларды әдетте жабық вагондарда және әмбебап контейнерлерде тасымалдайды. Екінші топтың (ауырсалмақты, бір орны 500 кг-дан асатын), үшінші топтың (ұзындығы- 3м, ені- 2,6м, биіктігі- 2,1м) және төртінші топтың (габариттен тыс) жүктерін ашық жылжымалы құрамда тасымалдайды.
Құйылмалы(құйылатын) жүктерге цистерналарда және бункерлік жартылай ашық вагондарда құйып тасымалдайтын сұйық жүктер жатады. Олар мұнай және мұнай өнімдеріне (ақшыл, қара), сұйытылған газ, химия өнімдері және азық-түліктерге бөлінеді.
Хайуанаттарға ірі және майда жануарлар(ірі қара, ұсақ мал, жылқы, түйелер, жабайы аңдар), әр түрлі құстар, тірі балық, шаяндар, аралар жатады.
Өзіндік қасиеттеріне және тасымалдау шарттарына байланысты барлық жүктерді 11 топқа бөледі.(тез бұзылатын, қатып қалатын, қауіпті, өзіндік иістері бар т.с.с.)
Сақталу жағдайы мен әдістеріне байланысты жүктерді үш топқа бөледі.
Бірінші топқа бағалы жүктер және атмосфералық әсерден бұзылатын жүктер жатады. Оларға тез бұзылатын жүктер, кеңінен пайдаланылатын өнеркәсіп және азық-түлік таурларын жатқызады. Бұл топтағы жүктерді жабық қоймада сақтайды.
Екінші топты температура әсерінен қорықпайтын, бірақ ылғадың кесірінен бұзылатын (қағаз, металл, мақта және т.б.) жүктер құрайды. Бұл топтың жүктерін жабық қоймада немесе жабық алаңдарда сақтайды.
Үшінші топқа сыртқы ортаның әсерінен қорықпайтын (көмір, ағаш, минералдық-құрылыс материалдар, ағаш материалдар және т.б.) жүктер кіреді. Бұл топтың жүктерін ашық алаңдарда сақтайды
Достарыңызбен бөлісу: |