Атырау облысы білім беру басқармасы


Акушерлік патология және терапия. Оперативтік акушерства



бет14/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
акушер умк

1.7. Акушерлік патология және терапия. Оперативтік акушерства

  1. Акушерлік аурулар

  2. Емдеу жолдары

Буаздық ұрғашы малдын органиминде өте күрделі өзгерістертуғызады. Әрбір органның қызметі ауырлап оған күш түсе бастайды, бұрынғы ескі ауруларын , қоздырады.Бағып-күтімі азықтануы нашар болса, мал буаздықты көтере алмай ауруға шалдығады. Кейде, тіпті, барлық жағдайы дұрыс болып тұрып та көтере алмай буаз мал ауруға шалдығады, оның себебі организм буаздықты қаламайды. Оған қарсы реакция туғызады. Мұндай ауруларды буаздықтың токсикозы деп атайды. Сөйтіп, ұрғашы малдың организмінде буаздық кезінде, туу кезінде және туғаннан кейінгі кезеңде пайда болған ауруларды акушерлік аурулар деп атаймыз.
Буаздық кезінде көбінесе: ісігі, буаз малдын жатып қалуы (буаз-көтерем), невропатия, гепатопатия, эклампсия, остеомоляция, қынаптың түсуі, жатырдан кан кету, мезгілсіз толғақ, жатыр жарығы, жатырдың бұралуы, іш тастау, жатырдан тыс буаздық т.с .с. аурулар кездеседі
Буаздық ісігі — деп буаз малдың туар алдында бір ай шамасы орын артқы , аяқтарында, қарнының астыңғы жағында пайда болған ісіктерді айтады. Аурудын себептері көп-ақ, ең алдымен, жемшөптің құнарсыз болып жетіспеуі, буаз малдын күнделікті серуенге шықпауы, жүрек, бүйрек аурулары ( миокардит, нефриттер). Соның салдарынан қан айналу қызметі әлсіреп ,қан тамырларының ішкі қысымы артып, қанның сұйық бөлігі қан тамырларының сыртына сүзіліп шығып, көбінесе, тері асты клеткасына сіңіп жинала береді де, үлкен болып жайылған салқын ісіктерге айналады. Бұл ісіктер ауырмайды, бармақпен басып көргенде терең шұнқырлар қалады. Мұндай мал тез шаршайды, ентігеді. Ісінген жерлері бірденеге соғылып зақымданса тез iріндеп кетеді. Мұндай ісіктер көбінесе, мал туғаннан кейін 5-10 күннің ішінде өздігінен жазылып кетеді. Туғанға дейін малдың ісіген жерлерін күнде ақырындап укалап массаж жасайды, малды серуенге шығарып, сұйық азықты(көжені) азайтып, жоғары сапалы пішенмен азыктандырып отыру керек. Кейде венаға хлорлы қальцийдің 10-150 мл. 10 пайыз ертiндiсiн құяды.
Нефропатия . Бұл аурy көбінесе, сиырларда кездеседі, негізінен бүйректің қызметі бұзылады, зәр құрамына белок тоқтаусыз етіп кететін болады (нефроз). Аурудың негізгі себебітөлдің өсіп дамуына организмнің көрсеткен қарсы реакциясы, оған қосымша буазмалдың азықтандыруы, абанып-күтімі нашар, рационда құрама емнің көп болуы зиян. Ауру малдың жалпы жағдайы нашарлай береді, зәрінде белок, бүйрек эпителийiнiң көшіп түскен торшалары болады. Малдың зәр нығаруы сиректейді. Ауру малды емдеумен қатар оныңрационын реттеу керек, атап айтқанда, құрамда жемді, тұзды, суды азайту керек. Венаға 100-200 мл 40 пайыздық глюкозаныхлорлы калцийдің 100-150 мл 10 пайыз ерітіндісімен қосып жіберген тиімді.
Гепатопатия. Ауру көбінесе, сиыр мен саулықта кездеседі.Аурудың өршуіне негізгі себеп іштегі төлдің бөліп шығарып жатқаннеше түрлі заттардың бауырға тигізетін зиянды әсері, яғни мұны да ана организмінің төлдің өсіп-дамуына қөрсеткен қарсы реакциясы деп түсіну керек. Оған қосымшарационда көмірсулармен дәрумендердің жетіспеуі, құрама жемнің көп берілуі зат аласу үрдісін бұзып организмнің резистенттігін төмендетеді. Алғашқы кезде малдың әлсіздігі, тез шаршайтындығы байқалады, жемшөпке тәбеті нашарлап, ас қорыту органдарының қызметі баяулайды, бауырының тұсынан түрткілеп сиыр ауырсынады, көзі аузының кілегейлі қабықтары сарғаяды. Ауруды емдемей ,өзбетінше жіберсек әбден асқынып,мал аутоинтоксикациядан өлуі мүмкін, сондықтан шұғыл емдеу шараларына кірісу керек. Ең алдымен рационнан жемді алып тастап, орнына шырынды азықтарды қосады. Күніне бір рет венадан 200-400мл. глюкозанын 40 пайыздық ерітіндісін , 100-150 мл. Хлорлы кальцийдің 10 пайыздық ерітіндісін кофеинмен қосып салады аузынан 0,5 кг қантты 2 л суға езіп ішкізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет