Атырау облысы білім беру басқармасы



бет25/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
акушер умк

Климаттық гипогалактия- бұл мал организміне қолайсыз климаттық факторлардың әсерінен лактацияның бұзылуы.
Эксплуатациялық агалактия және гипогалактия - малды ұзақ уақыт пайдалану немесе дұрыс пайдаланбау, яғни лактацияны 300 немесе одан көп күнге созу, саууды дұрыс ұйымдастырмау, сауу ретінің кемуі салдарынан болады.
Симптоматикалық агалактия және гипогалактия - бұл мал организмінде белгілі бір өзгерістердің нәтижесінде болады. Олардың желін безінің қабынулары және басқа органдардың аурулары жатады.
4. Желін ауруларының алдын алу. Желін аурулары өте көп, әсіресе, желінсауды емдеу, біз ойлағандай нәтиже бере бермейді, Сондықтан оның алдын алатын, жүйелі түрде жүргізілетін шаралардың жоспары болуы керек. Ол жоспар зоотехникалық, агротехникалық, малдәрігерлік, санитарлық және шаруашылық ұйымдастыру шараларын қамтиды.
Атап айткаңца, жалпы зоотехникалық-малдәрігерлік шаралар мына бағытта жүргізіледі.
1. Дұрыс азықтандыру. Рационда бірыңғай жем немесе сүрлем ғана емес әртүрлі азықгардың құрамы болып, оның ішінде кальций, фосфор тұздары мен А және Д витаминдері жеткілікті болуын қадағалау керек. Әсіресе шіріген, көгерген, үсіген жем-шөпті бермеу керек және жем-шөптің бір түрінен екіншісіне бірден, ешқандай дайындықсыз ауыстыра салуға болмайды.
2. Дұрыс бағып-күту. Малдың тұрған жері құрғақ, таза болып, өкпек желден сақтау керек. Күнделікті таза ауаға серуендетіп келеді. Қорадан айдап кіргізгенде, шығарғанда қақпадан қысылмай, сүрініп жығылмай жүретіндей жасау керек. Күн сайын малдың сауырын, құйрығын тазалап тұрады.
3. Дұрыс пайдалану. Тууға 1,5-2 ай қалғанда сиырды суалту керек. Саууды бірден тоқтатуға болмайды, әсіресе, сүтті сиырларды 7-8 күннің ішінде біртіндеп суалтады. Суалған малдың желінін 2-3 аптада бір рет тексеріп, дезинфекциялық май, дәрі жағып қояды. Сауын сиырлардың желінін сауар алдында 2-3 минут бұрын жуып уқалап дайындайды. Машинамен сауғанда сауу агрегаттарының тазалығына, режимнің бұзылмауына көңіл бөледі. Жаңа бұзаулаған сиырды алғашқы 10 күнде қолмен сауып, кейін ғана машинамен саууга ауыстырады. Сауьш болған соң сиырдың емшегін құргатып, сүртіп, майлап қояды.
4. Малдәрігерлік-санитарлық бақылау. Ай сайын сиырларды жасырын желінсауға димастинмен тексеріп тұрады. Жем-шөптің сапасын агрохимлабораторияда тексеріп, организмдегі зат алмасу құбылыстарын малдың қанын тексеру арқылы анықтап, сол сұраптаулардың нәтижесі бойынша рационның құрамына түзетулер енгізіп отырады.
Мұнымен қатар, малдәрігері сиырлардың жалпы денсаулығына, әсіресе жыныс органдары мен ас қорыту органдарына, ферманың санитарлық жағдайына үздіксіз бақылау жасап отырады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Желінсау дегеніміз не?

  2. Желінсау қалай жіктелінеді?

  3. Агалактия және гипогалактияға түсінік?

  4. Агалактия және гипогалактия түрлеріне сипаттама?

  5. Желін ауруын болдырмау үшін жасалатын шаралар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет