Қаулы: Жас Орда үйірмесінің арнайы жоспарында көрсетілген студенттер мен магистранттар анықталып, арнайы кеңесте баяндамалары алдын-ала нақты тексеріп, конференцияға қатысуға рұқсат беру жөніндегі ұсынысы қабылдансын.
Жас Орда үйірмесінің
жетекшісі, т.ғ.к., доцент Н.А. Тасилова
Жас Орда үйірмесі жетекшісінің
орынбасары А. Жақсылықова
Жас Орда үйірмесінің хатшысы М. Алдабек
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
ЖАС ОРДА ҮЙІРМЕСІНІҢ
№ 10 ХАТТАМАСЫ
Алматы қаласы " " мамыр, 2018 жыл
қатысқандар:
Жас Орда үйірмесінің мүшелері
Күн тәртібі:
1. Жас Орда үйірмесінің отырысы. «9 мамыр – жеңіс күніне» Ұлы Отан соғысына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастыру.
Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Жас Орда үйірмесінің жетекшісі Н.А.Тасилова үйірме құрамымен арнайы жоспарға сай «9 мамыр – жеңіс күніне» Ұлы Отан соғысына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
ТЫҢДАЛДЫ: доцент Байдавлетова М.Д. мәліметі. Жас Орда үйірмесінің ғылыми потенциалы жоғары. Сондықтан оның құрамын ғылыми тарих мамандығының студенттерінен жасақтау керек. Ол студенттер маңызды мәселелермен қоса, ғылыми баяндамалар жасау, зерттеулер мен жобаларға қатысуды, ғылыми деңгейде сөйлеуге, жаңа тұжырымдар жасауға бейімделуі қажет. «9 мамыр – жеңіс күніне» Ұлы Отан соғысына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастыру барысында соғыс туралы фильм көрсетіліп, талқыланды.
Қаулы: Жас Орда үйірмесінің арнайы жоспарына сай «9 мамыр – жеңіс күніне» Ұлы Отан соғысына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды және ұсыныстар қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |