Атмосфера дегенiмiз



бет57/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

Найзағай Республика жерiнде найзағайдың жарқылдауы жылдың жылы маусымындағы жауын-шашынның географиялық таралуына тығыз байланысты. Қазақстанның солтүстiгiнде оңтүстiгiне қарағанда найзағай жиi жарқылдайды. Iле Алатауы, Жоңғар Алатауы және Алтай тауларында найзағайдың жарқылдауы көктем, күз айларында, тiптi ауа-райының өзгеруiнен қыс кезiнде де байқалады. Каспий, Арал теңiздерi мен Балқаш маңында найзағайдың ойнауы сирек. Шөл және шөлейт аймақтарда тек көктем кезiнде ғана найзағай жарқылдап, шақпақ шағады.

Көктайғақ Шаруашылыққа көп зиян келтiретiн ауа-райы құбылыстарының бiрi – көктайғақ. Тұман түсiп, жаңбыр жауғаннан кейiн ауаның температурасы –30С-қа төмендеген кезде жердiң бетi қатып, көктайғақтана бастайды. Көктайғақ елiмiздiң солтүстiк және шығыс бөлiгiнде сирек болады, онда қатқан мұздың қалыңдығы 5 мм-ден аспайды. Ал батысы мен оңтүстiк аймақтарда (Сырдария, Жайық, Жем алаптарында) қатқан көк мұздың қалыңдығы 10-15 мм-ге дейiн жетедi, ал Ұлытау, Қаратау баурайында мұз қалыңдығы 20 мм-ге жетiп, мал шаруашылығына қолайсыздық туғызады.

Боран Қатты борандар (-30, -400С) жемiс-жидекке, күздiк дақылдарға зиянын тигiзедi. Қар жамылғысы аз болған сайын боранның зиянды әсерi ұлғайады. Боранның әсерiнен өсiмдiктердiң өспей солуының себебi – клетка құрамындағы су қатады да протоплазмада су тапшылығы болып биохимиялық үрдiстер тоқтайды.
Қазақстан Республикасында жылына орта есеппен 1-5 рет боран борайды. Боранның көп борайтын жерлерi – елiмiздiң солтүстiк аймағы, онда кейбiр жылдары боранның тұруы 30-50 күнге дейiн созылады. Соның зардабынан электр желiлерi iстен шығады. Малға жем-шөп жеткiзiп беру қиындайды.


ТұманАтмосферадағы су парларының жер бетiнiң жоғарғы қабатында конденсациялануын тұман деймiз. Тұманның үш түрi болады:


  1. Радиациялық – топырақ бетiнiң салқындауы әсерiнен;


  2. Адвективтiк – жылы ауаның суық ауа үстiне келiп орналасуы әсерiнен;


  3. Булану тұманы – су бетiнен буланудың қарқынды жүруi.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет