Аспирационалдық психрометрлер. Бұл ауаның температурасымен ылғалдылығын егіс ішінде өлшеу үшін арналған. Ал бұның қызыметі станциондық психрометрлермен бірдей(15-сурет).
Құрылысы. Бұл цилиндр тәріздес резервуары бар екі термометрден тұрады. Термометрлер арнайы оправаларға қондырылған. Резервуарлар трубкаға салынған, сол арқылы ауаны сорады және арнаулы тусіктер арқылы оны сыртқа шығарады. Жылылық корпустағы резервуарлардан кетпеу үшін олардың арасында пластмассалықсақиналар қойылған. Ал аспиратордың ішінде серппе механизмі бар, осының істеу себебі резервуарлардың жан-жағынан ауа сорылады.
Орналасуы: Психрометрлерді ілгішке іледі. Ал батисті ылғалдау үшін пипетканы пайдаланады.
Есеп . Аспираторды қосқаннан кейін есепті жазда 3-4 минуттан, ал қыста 30 минуттан кейін алады. Ауаның ылғалдылығын есептеу станциондық психрометрлермен бірдей.
Шаш гигрометрі – бұл ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған.
Құрлысы: Қабылдау бөлімі – майынан арылған адам шашы, рамаға тартылған. Шаштың жоғары жағы винтпен тартылып, ал төменгі жағы стерженмен байланған, металл доғаға бекітіледі. Ылғалдылықтың өзгеруімен шаштың ұзындығы да өзгереді. Осының себебінен стрелка қозғалып 0-ден бастап, 100%-ға дейінгі аралықтағы ылғалдықты көрсетеді(16-сурет).
Орналасуы: Шаш гигрометрін күркедегі құрғақ және ылғалдық термометрдің ортасына орналастырады.
Есеп. Бір процент дәлдікке дейін көрсеткішті анықтайды. Бұны қыс айларында пайдаланады.
Гигрограф ауаның салыстырмалы ылғалдылығын бөлмей, үздіксіз жазу үшін арналған. Өзі жазатын гигрографтар тәуліктік, апталық болады және шаштан немесе пленкадан істелген түрлері болады.
Құрылысы:
1)қабылдау бөлімі;
2)тасымалдау бөлімі ;
3)корпус.
15-сурет
1,2-термометрлер; 11,12-ішкі түтіктер;
3-түтік; 13-ілгіш;
4-қорғау планкалары; 14-резіңкелі груша;
5,6-қорғайтын түтіктер; 15-пипетка;
7-аспиратордың бас жағы; 16-қысатын;
8-ключ; 17-терезе;
9,10- пластмассалық втукалар; 18-желден қорғайтын щиток;
Достарыңызбен бөлісу: |