Атмосфера дегенiмiз


Адвективтiк – радиациялық үсiк



бет51/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

Адвективтiк – радиациялық үсiк солтүстiк суық ауа мен түнгi сәулелену екеуiнiң қосындысы болып күшейедi. Олар анағұрлым қауiптi, себебi: көктем соңында, кейде жазда, жемiс-жидек дақылдарының гүлденуiмен, ерте күзде көкөнiстердiң пiсуi кезiнде болады.
Өсiмдiктердiң алғашқы өсу (даму) кезеңiнде жеңiл үсiктiң болуы өнiмдiлiкке аса әсер етпейдi. Оған қарағанда көктемде кеш болатын үсiктер күштi болып келедi. Ол кезде өсiмдiктердiң сыртқы пiшiнiн бұзбаған күннiң өзiнде өнiмдiлiктi 10-15% азайтады.
Қазақстанның оңтүстiк жартысында жемiс-жидек, бау-бақша, мақта және т.б. жылы сүйгiш өсiмдiктер үшiн көктемдегi кеш үсiк қауiптi. Ал Қазақстанның солтүстiк жартысында негiзгi дақылдар астық, ол үшiн ерте-күздiк үсiк өте қауiптi, өйткенi астықтың пiсу мерзiмiне тура келедi. Үсiкке шалдыққан астық өзiнiң хош иiсiн және ұн және ұн тарту сапасын жоғалтады (крахмал, спирт және т.б.).
Үсiкке шалдыққан өсiмдiк, тез еру кезiнде өзiнiң тығыздығын, тугорлық жағдайын жоғалтады, түрi бұзылады, солып қалады. Өсiмдiктiң үсiктен зиян алу себебi: оның протоплазмасында судың қатып қалып, су жетiспеушiлiгi.
Үсiктердiң өсiмдiктерге зиянды әсерiне байланысты критикалық (шектi) температура белгiленедi. Жылылық ол температурадан төмен түссе өсiмдiктер өсуiн тоқтатады. Бұл температураның мөлшерi өсiмдiктердiң түрiне, сортына, өсу фазасына байланысты болады.

Үсiкке төзiмдiлiгiне байланысты өсiмдiктердi бес топқа бөлуге болады:
1. Үсiкке өте төзiмдi өсiмдiктер, температураның – 8,-100С төмендегенiне шыдайды (күздiк, жаздық бидайлар, бұршақ тұқымдастары). Бiрақ масақтану фазасында – 3,-40С, ал гүлдену фазасында – 1,-20С температуралары зиянды әсер етедi.
2. Үсiкке төзiмдi, бастапқы өсу фазаларында – 6,-80С шыдайды, ал гүлдену фазасында – 2,-30С зиянды әсер етедi (тамыр жемiстi, конопля, лен).
3. Орташа төзiмдi, бастапқы өсу фазасында – 3,-40С шыдайды, ал гүлдену фазасында – 1,-20С зиянды әсер етедi (майбұршақ, редис).
4. Үсiкке аз төзiмдi – жүгерi, қонақ жүгерi, картоп, темекi – 20С шыдайды, ал гүлдену фазасында – 10С зиян.
5. Үсiкке төзiмсiз – жылы сүйгiш дақылдар: -0,5,-1,50С температура зиянды әсер етедi (күрiш, мақта, фасоль, бақша дақылдары).
Жылы сүйгiш дақылдарды отырғызу кезiнде үсiксiз кезеңiнiң ұзақтығын есепке алу керек. Бұл соңғы көктемдiк және алғашқы күздiк үсiк арасындағы кезең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет