Ауа ылғалдығының гигиеналық маңызы
Ылғалдылық
Ауа ылғалдылығы суаттардың, топырақтың, өсімдіктердің беттерінен судың булануымен қамтамасыз етіледі және ол ауаның температурасы мен қозғалу жылдамдығына байланысты.
Максималдық
Ылғалдылықтың физиологиялық жетіспеушілігі – ауаның 37°С максималдық ылғалдылығы мен байқау лезіндегі абсолюттік ылғалдылықтың арифметикалық айырмасы.
Шық нүктесі – ауада бар су булары кеңістікті қанықтыратын температура
Ауа қозғалысы жылдамдығының гигиеналық маңызы
Ауа қозғалысы жылдамдығы организмнің жылу алмасуына, тыныс алу үрдістеріне, энергия жұмсау және жүйкелік психикалық қызметіне үлкен әсер көрсетеді.
Қыста жел дененің аса мұздауына әкеледі және үсіп кетулер қаупін күшейтеді. Тымық ауада аязға төзу оңайырақ болады.
Ең қолайлы ауа қозғалысы 1-5 м/сек жел жылдамдығында болады. Күшті жел (20 м/сек) қалыпты тыныс алу ырғағын бұзады, жүруге және жұмыс істеуге механикалық түрде кедергі жасайды.
Желдің раушаны
«Желдің раушаны» желдің қай бағыттан соғатындығын анықтайтын әдіс. Әрбір жергілікті жер үшін әр түрлі бағыттар бойынша жыл бойына желдің тұру жиілігінің графигі құрастырылады.
Атмосфералық қысымның гигиеналық мәні
Атмосфералық қысымның гигиеналық мәні, оның табиғи жағдайларда өзгерулері желдің күші мен бағытына, атмосфералық жауын-шашын жиілігіне тәуелді.
Төмендеген барометрлік қысым «биіктік ауруын» шақырады. Дем алатын ауада оттегінің парциалдық қысымы төмендеп, оттегілік ашығуға әкеледі.
Жоғарылаған атмосфералық қысым ауыр кәсіби ауру – кессон ауруына шалдықтырады. Бұл аурумен кессондарда, су асты тоннельдерінде, метрода, кеніштерде жұмыс істейтіндер ауруы мүмкін.
Биіктікке төзудің 5 аймағын қарастырады:
Қауіпсіз – 1,5-2,0 км аралығында;
Толық өтелу аймағы – 2-4 км, онда организмдегі кейбір функционалдық өзгерістер, организмнің қосалқы күштері іске қосылуымен тез жойылады;
Толық емес өтелу аймағы – 4-5 км;
Дағдарыс аймағы – 6-8 км, онда жоғарыда келтірілген бұзылулар күшейеді, ал аз жаттыққан адамдар өліп кетуі мүмкін;
Өлетін аймақ – 8 км-ден жоғары, онда адам 3 минуттен артық тіршілік ете алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |