Күн радиациясы
Күн радиациясы негізгі климат түзуші факторлардың бірі болып табылады.
Күн спектрінің негізгі көлемін аса кіші ұзындықтағы нм өлшенетін толқындардағы сәулелер құрайды. Оларға жататындар:
1) Толқын ауқымы 4000-760 нм – инфрақызыл сәулелену;
2) 760-400 нм – көрінетін сәулелер;
3) 400-180 нм – ультракүлгін радиация
Инфрақызыл сәулеленудің биологиялық әрекеті
Артықшылықтары:
Тіндердің температурасын жоғарылатады;
Тамырларды кеңейтеді;
Зат алмасу, иммунологиялық үрдістерді күшейтеді;
Жасушалардың өсуі мен регенерациясын тездетеді;
Ультракүлгін сәулелердің биологиялық белсенділігін жоғарылатады.
Кемшіліктері:
Жүрек-тамыр жүйесі қызметін өзгертеді;
Диастолалық қысымды төмендетеді.
Инфрақызыл сәуле
Қысқа толқынды – 760-1400 нм
Ұзын толқынды – 1500-4000 нм
Көзге көрінетін сәулелердің биологиялық әрекеті
Жарық пен түсті сезінуге көмектеседі;
Бас миының қабығында қозу үрдістерін белсендіреді;
Барлық анализаторлардың қызметін жақсартады;
Эмоционалдық сфераға, сергек жүруге оң әсер жасайды;
Биохимиялық үрдістерді, иммунобиологиялық реактивтілікті күшейтеді;
Зат алмасуды белсендендіреді;
Өмірлік тонусты жоғарылатады.
Ультракүлгін сәулеленудің биологиялық әрекеті
Биологиялық белсенді холин, ацетилхолин, гистамин сияқты заттар пайда болуы, кебір ферменттік жүйелердің белсенденуіне әкеледі, ол организмнің көптеген физиологиялық жүйелеріне күшейту әрекетін көрсетеді;
Белок, май, көмірсу және минерал алмасуды күшейтетін, организмнің иммундық жүйесін белсендіретін физиологиялық үрдістердің арнайы емес ықпалын күшейтеді, ол организмге жалпы сауықтандырулық, сергітулік және профилактикалық әрекет көрсетеді
Достарыңызбен бөлісу: |