Атмосфералық


Түркістан облысы аумағындағы жер үсті сулар гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша сапасының мониторинг нәтижелері



бет7/9
Дата27.10.2022
өлшемі1.69 Mb.
#463488
1   2   3   4   5   6   7   8   9
6257a43b82d95inf-byull-kaz-1-kvartal-2022

Түркістан облысы аумағындағы жер үсті сулар гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша сапасының мониторинг нәтижелері.


Қазақстан Республикасының су объектілерінің су сапасын бағалауға арналған негізгі нормативтік құжаттар «Су объектілерінде судың сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі» (бұдан әрі - Бірыңғай жіктеме) болып табылады.
Су объектілерінің су сапасы Бірыңғай жіктеме бойынша келесідей
бағаланады:


Су объектісінің атауы

Су сапасының класы

Параметрле рі

Өлш. бірлік

Концентрац ия

1 тоқсан
2021 г.

1 тоқсан
2022 г.

Сырдария өзені

Нормаланба йды
(>5 класс)

4 класс

Сульфаттар

мг/дм3

411,978

Келес өзені

4 класс

4 класс

Сульфаттар

мг/дм3

433,85

Бадам өзені

3 класс

3 класс

Магний

мг/дм3

26,6

Арыс өзені

3 класс

3 класс

Магний

мг/дм3

25,2

Ақсу өзені

1 класс*

1 класс*










Қатта-бөген өзені



Нормаланба йды
(>5 класса)

Нормаланб айды
(>5 класса)

Қалқыма заттар

мг/дм3

50,133

Ескертпе: * - 1 класс «ең жақсы сапа» ***- заттар берілген класс бойынша нормаланбайды
3-кестеден:көріп отырғанымыздай, 2021 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда Сырдария өзені жер үсті суының сапасы 5-тен жоғары кластан 4 класқа ауысты - жақсарды.
Келес, Бадам, Арыс, Ақсу және Қатта-бөген өзендерінің жерүсті суларының сапасы айтарлықтай өзгермеген.
Түркістан облысының су объектілеріндегі негізгі ластаушы заттар магний, сульфаттар, қалқыма заттар және минерализация болып табылады. Осы көрсеткіштер бойынша сапа нормативтерінің асып кетуі негізінен тұрмыстық, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық төгінділеріне тән.
2022 жылдың 1 тоқсанында Түркістан облысының аумағында жоғары және экстремалды жоғары ластану жағдайлары тіркелмеді. 2 Қосымшада: тұстамалар шегінде су объектілерінің сапасы бойынша ақпарат.
  1. Түркістан облысы аумағындағы су объектілерінің түптік шөгінділерінің мониторинг нәтижелері.


Сырдария өзеніндегі түптік шөгінділерді зерттеу нәтижелері бойынша ауыр металдардың құрамы келесі аралықта өзгерген: мыс 0,24-0,863 мг/кг, мырыш 0,28-1,63 мг/кг, никель 0,2-0,7 мг/кг, марганец 1,0-1,60 мг/кг, хром 0,012-0,04 мг/кг, қорғасын 0,002-0,125 мг/кг , кадмийдің концентрациясы табылған жоқ. Мұнай өнімдерінің мөлшері 0,4-1,8 % болды.
Сырдария өзені суының түптік шөгінділерін зерттеу нәтижелері3 қосымшада көрсетілген.
  1. Радиациялық жағдай


Атмосфералық ауаның ластануының гамма сәулелену деңгейіне күнсайын жергілікті 2 метеорологиялық станцияда (Шымкент, Түркістан) және атмосфералық ауаның ластануына бақылау Түркістан қаласының (№1 ЛББ) 1 автоматты бекетінде бақылау жүргізілді (14.5-сур.).


Облыстың елді-мекендері бойынша атмосфералық ауа қабатының жерге жақын қабатындағы радиациялық гамма-фонның орташа мәні 0,05- 0,25мкЗв/сағ. аралығында болды. Облыс бойынша радиациялық гамма- фонның орташа мәні 0,11 мкЗв/сағ., яғни шекті жол берілетін шамаға сәйкес келеді.
Атмосфераның жерге жақын қабатында радиоактивтердің түсу тығыздығына бақылау Түркістан облысының аумағында 2 метеорологиялық станцияда (Шымкент, Түркістан ) ауа сынамасын горизонтальді планшеттер алу жолымен жүзеге асырылды (14.5-сур.). Барлық станцияда бес тәуліктік сынама
жүргізілді.
Облыс аумағында атмосфераның жерге жақын қабатында орта тәуліктік радиоактивтердің түсу тығыздығы 1,5-4,7 Бк/м2құрады. Облыс бойынша радиоактивті түсулердің орташа тығыздығы 2,3Бк/м2, бұл шекті жол берілетін деңгейінен аспады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет