Ақтөбе – ежелден жыраулар мекені


Ақтөбеден шыққан тұлғалар



бет2/2
Дата24.01.2024
өлшемі21.02 Kb.
#489611
1   2
класс сағ

Ақтөбеден шыққан тұлғалар
Ақтан Керейұлы - қазақтың халық ақыны, жырау, жыршы.
Ахмет Жұбанов - музыкант, дирижер, халық әртісі.
Әбілқайыр хан - Кіші жүз ханы
Әйтеке би - Кіші жүз биі, Әйтеке би ауданы
Байтақ мақсым - діндар, Таймас Ишанның туған ұлы, діни лауазымы "мақсым", туған жері қазіргі Байғанин ауданы.
Кенжеғали Кенжебаев - профессор, академик, қазақтың еңбек сіңірген ұлы математигі, физика-математика ғылымына үлес қосқан тұлға.
Көбен би - кіші жүздің барымта биі, әлім елі мен адай еліне төрелік еткен би.
Көтібар батыр - қазақ батыры, Сүйінғар батырдың баласы
Түрікпенбай палуан - кіші жүздің жауырыны жерге тимеген палуаны.
Таймас Ишан - көріпкелдігімен атақты әулие, туған жері қазіргі Байғанин ауданы.
Мөңке би - қазақтың ұлы биі, туған жері Шалқар қаласы
Мыңбай батыр - кіші жүздің батыры, би әрі болыс болған тұлға, "Адай көтерілісінде" орыс үкіметіне қарсы ерекше қолбасшылығымен аты қалған.
Есет Көтібарұлы - қазақтың ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қоқан ханға қарсы шыққан
Қазанғап Тілепбергенұлы - қазақтың ұлы музыканты, күйшісі. Шалқар қаласы
Құдайберген Жұбанов - Алғашқы қазақ тіл зерттеушісі, филолог
Қобланды батыр - қазақтың ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қобда ауданы, арғы аталары Торғай өзенінің бойында тұрған
Шығанақ Берсиев - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тары, бидай өсіруден рекордшы, Ойыл ауданы
Нұрпейіс Байғанин - қазақ күйшісі, қазақтың халық ақыны
Жауғашты Нәбиев - ҚР-ның еңбек сіңірген саясаткері, қазақ комерциялық банкінің қалаушысы және басшысы, Қазақстан нарығының дамуына үлкен үлес қосқан тұлға.
Жарас батыр - Кеңес одағының батыры, М.Ғабдулиннің "Майданда" шығармасының басты кейіпкері.
Жұбанова Ғазиза - Белгілі композитор, Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова 1927 жьлдың 2 желтоқсанында заманымыздың заңғар композиторы, академик Жұбанов Ахмет Қуанұлының отбасында дүниеге келді- Мәскеуде білім алды.
Әлия Молдағұлова - Екінші дүниежүзілік соғысының батыры, снайпер, ефрейтор. Туған жері Қобда ауданы
Оспанов Марат - саясат қайраткері, Қазақстан Республикасы Парлементінің спикері болған
Орал Бәйсенгіров - атақты ақын, журналист, әнші.
Лидия Каденова - қазақ және КСРО әртісі, Шалқар
Жанар Айжанова - қазақ эстрадасының әншісі, Шалқар қаласы
Ғалиб Жапаров - бокстан әлем чемпионы, Қандыағаш қаласы
Марат Тәжин - саясаткер, Алға қаласы
Елшібаева Айгүл - «Дарын» сыйлығының лауреаты, әнші-термеші, Шалқар ауданы
Тахауи Ахтанов - Қазақтың ұлы жазушысы, драматург - (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған
Пацаев Виктор - ұшқыш, космонавт, Кеңес Одағының батыры
Келімбердиев Сәубет - еңбек сіңірген хирург, бас дәрігер т.б қызметтер де елеулі жетістіктерге жеткен басшы.
Ксенофонтова Елена - ресейдің театр және кино әртісі
Қараұлы Бөкенбай батыр - Жоңғарларға қарсы күресте қол бастаған кіші жүз батыры.
Есен Елеукен - бұрынғы радиожүргізуші, қазіргі Жайдарман президенті, қазақша КВН-ге ерекше үлес қосып жүрген азамат, туған жері Шалқар ауданы.
Әбиев Марат Жақсылықұлы — қазақстандық кәсіпкер, «Қазақстандық арман» кітабының авторы, ең жас миллионер болып табылады, Forbes Kazakhstan журналының бағалауы бойынша, 2013 жылы қарашадағы Әбиев Мараттың дәулеті 11 млн АҚШ долларына бағаланған.
Салжанов Исламбек Төлеубайұлы - қазақстандық кәсіпкер және меценат. "Altyn Kyran" халықаралық қайырымдылық қорының президенті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет