Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама



жүктеу 71.92 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі71.92 Kb.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама
Әкімшілік аумақтық бөлініс. Ауданда 7 селолық әкімшіліктер, 20 елді мекен қарайды.

Халқының саны- 01.09.2014 жылға- 15199 адам, оның ішінде 100 % ауыл халқы . 2014 жылы 9 айда туғандар саны 243, өлім саны-55, Ішкі көші қон 8 айда келгені-104, кеткені -282 адам.



Шаруашылық субъектілері. Ауданда 2014 жылдың 1–қазанына барлық әрекет етуші заңды тұлғалар саны -177.

Өнеркәсіп

2014 жылдың 9 айында 518,6 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлемі индексі 86,3 %.



Ауылшаруашылығы

2014 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 4883,6 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 101,0 %. Ет өнімі 4892,9 тн, немесе 102,5 %, сүт-7843,6 тн, немесе 101,2%, жұмыртқа 889,2 мың дана, 100,6 %, жүн 198,0 тонна, немесе 102,6 пайызды құрады.



Мал басы барлық түрінен де өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсімді көрсетті. Мүйізді ірі қара 33278 бас немесе 101,9 %, қой-ешкі 115094 бас, немесе 101,1%, жылқы 6651 бас, немесе 106,5%, түйе малы 1160 бас, немесе 101,5% , құстар 12000 бас, немесе 100,0 %.

Ауылшаруашылығына 127,4 млн. теңгенің инвестициясы тартылды, оның ішінде:

- «Казагроқаржы» АҚ арқылы 5 шаруашылық 20,285 млн.теңгеге техника;

-«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 шаруашылық 12,640 млн.теңгеге техника;

- селолық кредиттік серіктестік арқылы 5 шаруашылық 10,353 млн. теңгеге 79 бас МІҚ, 2,742 млн.теңгеге 1 шаруашылық техника;

- «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ арқылы 2 шаруашылық 22,645 млн.теңгеге 115 бас МІҚ сатып алды.

- жеке қаражатқа 3 шаруашылық 19,172 млн теңгеге техника, 9 шаруашылық 39,600 млн. теңгеге 70 бас МІҚ сатып алуға қаражат жұмсады.

Ауылшаруашылығы құрылымдары саны 2014 жылдың 1-қазанына 229 бірлік, оның ішінде 22 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 10 өндірістік кооперативтер, 197 шаруа шаруашылықтары жұмыс жасайды.

Мал азығын дайындауда. Аудан бойынша 2014-2015 мал қыстату жылына 146539 тонна мал азығы дайындалды.



Егіс егуде. Ауыл шаруашылық құрылымдарымен жеке кәсіпкерлердің өзін-өзі азық-түліктермен қамтамасыз ету мақсатында аудын бойынша 35 гектар жерге картоп егіліп 498 тонна, 22 гектар жерге көкөніс егіліп 328 тонна, 10 гектар жерге бақша егіліп 159,7 тонна өнім алынды.

Аудан бойынша 3 ауыл шаруашылық құрылымы 675,0 мың теңге субсидия алды, өткен жылдың осы кезеңінде 3 ауыл шаруашылық құрылымы 250,0 мың теңге субсидия алған.



«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 287 бас мүйізді ірі қара, оның ішінде 14 басы асыл тұқымды бұқа, 273 басы аналық сиыр сатып алынды, немесе жоспар 111,7 пайызға орындалған.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының тапсырмасы бойынша 1 қазанға мал бордақылау алаңына 341 бас бұқашықтар тапсырылған.

Ет экспорты бойынша бекітілген кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде. 1 қазанға дейін экспортқа 38,8 тонна ет тапсырылған, немесе тапсырма 69,2 пайызға орындалды.

Жер қатынастары

Жер пайдаланушы ауыл шаруашылығы құрылымдары 223,

195 шаруа шаруашылықтары, 10 өндірістік кооперативтер, 18-і жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және 11 жеке кәсіпкерлер жұмыс жасайды, пайдаланудағы жер көлемі 1105441 гектар, жыл басымен салыстырғанда 60676 гектарға ұлғайды.

Жер учаскесін сатудан 1067,2 мың теңге (өткен жылы 3826,9 мың теңге) кірістеліп, болжам 101,6% орындалды.

Жер учаскесін жалға беруден 9824,6 мың теңге (өткен жылы 457,1 мың) кірістеліп, болжам 445,5% орындалды.

Шағын кәсіпкерлік

Аудан бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері саны 2014 жылдың 1-қазанына 506 бірлік, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% ұлғайды. Белсенді заңды тұлғалар саны -44 бірлік, немесе 93,6 пайыз. Кәсіпкерлікте жұмыс жасайтындар саны 1860 адам, шағын кәсіпкерлікте өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 505,0 млн.теңге (100,2%). Салық түсімі 94,2 млн.теңге (92,5 %).

Бөлшек сауда айналымы 561,1 млн.теңге, нақты 100,1 %.

Инвестиция

Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 1849,6 млн.теңге, немесе нақты көлем индексі 133,2%. Бюджеттік инвестиция көлемі- 1153,2 млн.тенге, жеке қаражат пен өзге көздерден тартылғаны 507,4 млн.теңге.

Аудан ішінде бюджет қаражатына барлығы 1 217,867 млн.теңгеге 15 жоба жүзеге асырылуы жоспарланады, 1-қазанға игерілгені 1153,2 млн.теңге.



Республикалық бюджет қаражаты есебінен:

1.Ырғыз ауылында 5 бір пәтерлі арендалық комуналдық тұрғын үй құрылысын салуға 27,168 млн.теңге, 1 қазанға игерілгені 10,0 млн.теңге.

2.Ырғыз ауылының Оңтүстік Батыс ауданындағы бақылау сорғы станциясы торабы және жеке құрылыс аумақтарының инженерлік коммуникациялық желілері құрылысын салуға 83,434 млн.теңге, 1 қазанға игерілгені 83,434 млн.теңге.

3. Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға -15,0 млн.теңге; 1 қазанға игерілгені 0,760 млн.теңге.

4.Құмтоғай ауылында селоішілік су құбыры құрылысын салуға 165,129 млн.теңге; 1 қазанға игерілгені 155,129 млн.теңге.

5.Жайсаңбай ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салуға 240,0 млн.теңге; 1 қазанға игерілгені 228,0 млн.теңге.

6.Қалыбай ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салуға 244,493 млн.теңге; 1 қазанға игерілгені 216,0 млн.теңге.

7. Құйлыс ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салуға 200,0 млн.теңге; 1 қазанға игерілгені 190,0 млн.теңге.



Облыстық бюджет қаражаты есебінен

7.Жайсаңбай аулында 60 орындық орта мектеп құрылысын салуға 29,150 млн.теңге; 1 тамызға игерілгені 29,149 млн.теңге. Шілде айында құрылыс жұмыстары толық аяқталды. 10.07.2014 жылы актімен қабылданды.

8.Ақши ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жарақтандырудың ЖСҚ әзірлеуге-3,306 млн.теңге; 1 қазанға игерілгені 3,306 млн.теңге.

9. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын жобалау, салу және (немесе) сатып алу ЖСҚ әзірлеуге 2,5 млн.теңге, 1-қазанға игерілгені 1,800 млн.теңге.

10. Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту , жайластыру және (немесе) сатып алу ЖСҚ әзірлеуге 2,5 млн.теңге, 1 –қазанға игерілгені 1,848 млн.теңге.

11. Ырғыз ауылында 5 бір пәтерлі арендалық комуналдық тұрғын үй құрылысын салуға 2,717 млн.теңге, 1 қазанға игерілгені 2,717 млн.теңге.

12. Ырғыз ауылында аудан әкімдігінің әкімшілік ғимаратының құрылысын салуға 8,800 млн.теңге, 1 қазанға игерілгені 6,769 млн.теңге.

13.Ырғыз-Құтикөл автожолының 11 км орналасқан Қараарық көпірін қайта жарақтандырудың жобалау сметалық құжаттарын жасақтауға 5,450 млн.теңге, 1 қазанға игерілгені 4,010 млн.теңге.

14. Белшер ауылында су құбыры құрылысын салудың жобалау сметалық құжатын әзірлеуге 17,558 млн.теңге, 1 қазанға игерілгені 4,0 млн.теңге.

15.Нұра-Мамыр ауылында топтық су құбыры құрылысын салудың жобалау сметалық құжатын әзірлеуге 25,230 млн.теңге, 1 қазанға игерілгені 6,0 млн.теңге.



Облыстық бюджеттен қоса қаржыландырулар:

Ырғыз ауылының Оңтүстік Батыс ауданындағы бақылау сорғы станциясы торабы және жеке құрылыс аумақтарының инженерлік коммуникациялық желілері құрылысын салуға 8,198 млн.теңге; 1 қыркүйекке игерілгені 3,563 млн.теңге.

Құмтоғай ауылында селоішілік су құбыры құрылысын салу-41,282 млн.теңге; 1 қыркүйекке игерілгені 32,282 млн. теңге.

Жайсаңбай ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салуға -73,541 млн.теңге; 1 қыркүйекке игерілгені 58,541 млн.теңге.

Қалыбай ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салу-61,123 млн.теңге; 1 қыркүйекке игерілгені 52,0 млн.теңге.

Құйлыс ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салу-40,0 млн.теңге. 1 қыркүйекке игерілгені 35,0 млн.теңге.



Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылдың 1-қазанына 859,3 млн.теңге, нақты көлем индексі 5,5 есе өскен. Жекелер қаражатымен 48 пәтер 4750,0 шаршы метр кірістелді, бұл жылдық жоспарға 91,2%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,1%.

Салық-бюджет жайы

2014 жылы 9 айда бюджетке салық және басқа да түсімдерден болжам 174858,0 мың теңге, нақты 233268,8 мың теңге кірістелді, Болжам 133,4%-ке орындалды, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 99,3%.

Жергілікті бюджетке кіріс болжамы 158894,0 мың теңге, нақты түсім 200891,8 мың теңгені құрады, болжам 126,4 %-ке орындалды. 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 106,9%.

Жергілікті бюджеттің барлық кірісі 3238140,0 мың теңге, оның ішінде ресми трансферт 3037163,4 мың теңге, түсім 200891,8 мың теңге. Өткен жылғы ресми трансферт 2169065,3 мың теңге.

Бюджеттің шығысы жоспары 3221447,9 мың теңге, нақты 3221137,9 мың теңге 100,0 пайызға атқарылды.



Еңбек нарығы

Аудандағы тіркелген жұмыссыздар саны 1 қазанға 29 адам. 2014 жылдың 9 айында 285 жаңа жұмыс орны қосылды, 886 жұмыссыз өтініш білдіріп, жұмыссыз 211 адам еңбекке орналасты, ақылы қоғамдық жұмысқа 347 жұмыссыз бағытталды, 55 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орыны ұйымдастырылды, жастар практикасы бойынша 33 жас жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 3-бағыты бойынша 56 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылды, 42 жұмыссыз жастар практикасына тартылды. 2-бағыты бойынша 15 жұмыссыз кәсіпкерлікке оқытылып, кәсіпкерлікті дамытуға 31 жұмыссызға 53 млн.теңге несие берілді. 1-бағыты бойынша 64 жұмыссыз мерзімдік жұмыстарға тартылды.

Әлеуметтік қорғау

18 жасқа дейінгі 433 отбасындағы 1354 балаға 18701,5 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалды.



Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт.

Білім беру саласы. Мектепке дейінгі тәрбие беруде аудан бойынша 733 балаға 13 бала бақша жұмыс жасайды. Бұдан өзге 16 шағын орталықтарда 340 бала қамтылған.

2014/ 2015 оқу жылында 14 орта, 7 негізгі, 1 бастауыш барлығы 22 жалпы білім беру мектептерінде 3027 бала білім алса, 2013 оқу жылында оқушы саны- 3082.

Материалдық жарақтандыруда 10 мектепке шаңғы сатып алуға 1,5 млн.теңге , №1 қазақ орта мектебін күрделі жөндеудің ЖСҚ дайындауға 1,5 млн.теңге бөлінді.

Б.Алманов мектебін күрделі жөндеуге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 1 бағыты бойынша 2- траншпен республикалық бюджеттен 77 млн 573 мың теңге, облыстық бюджеттен 8 млн 619 мың теңге, Қалыбай негізгі мектебіне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 1 бағыты бойынша 2- траншпен республикалық бюджеттен 27286,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 3,032 мың теңге, Т.Жургенов атындағы орта мектебіне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 1 бағыты бойынша 2- траншпен республикалық бюджеттен 65521,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 7280,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.



Мәдениет. Ауданда “Арай”, “Мәні” мәдениет үйлері, 12 селолық мәдениет кәсіпорыны, 13 селолық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 1 мұражай барлығы 29 мәдениет мекемелері жұмыс жасайды.

2014 жылдың 9 айында 258 көркемөнерпаздар концерті, 364 жастар кеші, 372 тақырыптық кештер, 41 байқау, барлығы 1078 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, ақылы қызмет көлемі 1460,8 мың теңгені (2013 жылы 1341,2 мың теңге) құрады. Кітап қоры 137414 дана. Үйірмелер саны 135, оларға 1397 адам мүшелікке қамтылған.



«Мәні» мәдениет үйін күрделі жөндеудің жобалау сметалық құжаты дайындалуда. Облыстық бюджеттен 631,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Спорт. Аудандық деңгейде 9 айда 18 рет жарыс өткізіліп, оған 2315 адам қатысты. Барлық спортпен шұғылданушылар саны 3509 адам.

Тіркелген қылмыс саны -112, өткен жылы -82, немесе 30 қылмысқа өскен.

Бөлім басшысы: Г.Жансүгірова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет