Ауыл шаруашылығы



жүктеу 50.89 Kb.
Дата27.02.2016
өлшемі50.89 Kb.
2005 жылғы 6 ай ішіндегі

Бюджет

2005 жылғы І жартыжылдықта жергілікті бюджет кірісі облыстың бюджеттің сувенциясы мен трансферентін алып тастағанда бас болжамындағы 102369,0 мың теңге орнына 111631,0 мың теңге құрады, немесе болжам 109 % орындалды.



Ауыл шаруашылығы.

2005 жылдың 6 ай ішінде жалпы өнім есептелген мәліметтер бойынша 787,0 млн. теңгені құрады. Есеп беру кезеңінде ет өндірісі 2700 тонна құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 104 %, сүт – 11887 тонна, өсім – 100,4 %, жұмырқа – 4654 мың дана, өсім – 107,2%, мал басы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ірі қарадан 109% өсті, шошқа – 101,3%, ұсақ мал басы – 101,3%, жылқы - 112%, құс – 102,7% өсті. Селолық округтар бойынша ірі қара мал басы Самар селолық округінде - 112%, Бастаушы селолық округінде - 124%, Үлкенбөкен селолық округінде - 115%, Куйбышев селолық округінде - 112%, Көкжайық селолық округінде - 113%, ұсақ мал басы Үлкенбөкен селолық округінде 115%, Теректі селолық округінде 136%, Үлгілімалшы селолық округінде 147%, Мариногорка селолық округінде 132%, Шұғылбай селолық округінде 114% көбейді.



Кәсіпкерлік

2005 жылғы 6 ай ішінде тауар өнімдерінің көлемі есептелген мәліметтер бойынша 675,0 млн. теңгені құрады. 1-ден 50 адамға дейін істейтін кәсіпорындар 7,1 есе, «Рыбпром» ЖСШ 5,6 есе жұмыс көлемдерін және қызмет көрсету жұмыстарын арттырды.


Үстіміздегі жылдың есеп кезеңінде салық төлеушілердің саны – заңды тұлғалар және жеке тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, аудан бойынша 1091 тұлғаны құрады, оның ішінде:
Заңды тұлғалар - 89 тұлға;
патент бойынша кәсіпкерлік қызметімен айналысатын жеке кәсіпкерлер – 253 тұлға;
жалпы бекітілген тәртіп бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер – 35 тұлға;
оңайлатылған декларация тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер – 242 тұлға;
шаруа қожалықтары – 393;
қызметтің бөлек түрлері – 2;
бір реттік талон бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер – 78 тұлға.
Аудан бюджетіне шағын кәсіпкерлік нысандардан барлығы 22918 мың теңге салық түсті.

Білім

2005 жылдың 6 ай ішінде 258253,0 мың теңге болжамындағы бюджет нақтылы 255597,0 мың теңгеге (99%) орындалды. Үстіміздегі жылдың 6 айға еңбек төлеу қорына 180144,0 мың теңге қарастырылған, нақты 180002,0 мың теңгені (99,9%) пайдаланған. 2005 жылдың күрделі жөндеу жұмысына 10952,0 мың теңге қарастырылған (соның ішінде Самар, Бастаушы мектебін – бала бақша шатырының жөндеу жұмысына – 7300,0 мың теңге; № 1 Самар орта мектебінің алдын күрделі жөндеу жұмысына 2952,0 мың теңге, жобалық – сметалық құжаттарды төлеу үшін 700,0 мың теңге бөлінді). 1 жартыжылдыққа күрделі жөндеу жұмыстары жөніндегі шараларына 5502,0 мың теңге жоспарланған, ол нақты 4352,0 мың теңге пайдаланған, соның ішінде Самар кешенді – бақша мектебі шатырының жөндеу жұмысына 2500,0 мың теңге; № 1 Самар орта мектебінің алдын жөндеу жұмысына 492,0 мың теңге; Көкжота мектебі - 1000,0 мың теңге бөлінді (өткен жылдардың қарызы); Новотимофеевка орта мектебінің, Көкжайық орта мектебінің, Болғанбаев атындағы орта мектебінің жобалық – сметалық құжатының мемлекеттік сараптамасы – 360,0 мың теңге).

Білім беру мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайтуға бюджеттен 2005 жылға 14628,0 мың теңге, Жансүгіров атындағы орта мектебі және Абай атындағы орта мектебіне 2 лингафонды іс бөлмелерін, Шәйжүнісов атындағы орта мектебіне физика іс бөлмесін сатып алуға бөлінген. 6 айдың жоспары 879,0 мың теңге құрайды, нақты 379,0 мың теңге пайдаланған Куйбышев атындағы орта мектебіне 65,0 мың теңгеге сорғыш сатып алынды, 209,0 мың теңгеге Шәйжүнісов атындағы орта мектебіне 2 компьютер сатып алынды, Абай атындағы орта мектебіне 105,0 мың теңге 1 компьютер сатып алынды, оқу кітаптарын сатып алуға жергілікті бюджеттен 10116 мың теңге, республикалық бюджеттен 2625 мың теңге қарастырылған, 6 ай ішінде қаржы пайдаланған жоқ. Шығындарды бөлу үстіміздегі жылдың шілде айынан қарастырылған.

Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайтуға 2005 жылы 8185,0 мың теңге қарастырылған, соның ішінде жанұялық – дәрігерлік амбулаториялар – 5375,0 мың теңге. 6 ай ішінде Теректі және Бастаушы жанұялық – дәрігерлік амбулаторияларына автокөлік сатып алуға 2810,0 мың теңге пайдаланды. Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына, қайта құруына, күрделі жөндеу жұмыстарына 2005 жылы 28500,0 мың теңге қарастырылған, соның ішінде № 1 Көкпекті аудандық ауруханасының күрделі жөндеу жұмысына 10000,0 мың теңге, Самар орталық ауруханасына 10000,0 мың теңге, туберкулезге қарсы ауруханасына 9050,0 мың теңге. 2005 жылдың 6 ай ішінде осы мақсаттарға 8500,0 мың теңге пайдаланған. Тегін медициналық көмегінің кепілдік көлемі 6 ай ішінде 131,7 мың теңге (256 адам) пайдаланған. Еңбекақы төлеу қорына 2005 жылы 81495,5 мың теңге бөлінген, жарты жыл ішінде 419945,0 мың теңге пайдаланған.

Денсаулық сақтау саласында кейбір проблемалар бар: жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету; Самар ЖДА, № 1 Көкпекті аудандық ауруханасына, орталық аудандық ауруханасына санитарлық автокөлік қажет; денсаулық сақтау объектілерінің техникамен жабдықтандырылудың нашарлығы (компьютерлер, тоңазытқыштар, ЭКГ аппараттары және т.б.); Көкпекті ауылындағы құрылысы аяқталмаған аурухананың құрылысын аяқтау.

Әлеуметтік қорғау

2005 жылдың 6 ай ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1167 жанұяларға тағайындалды. Тағайындалған 1167 жанұяларда алушылардың саны 3792 адамды құрады. 2005 жылғы 6 айға тағайындалған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің соммасы – 30022,3 мың теңгені құрады. Отбасының бір мүшесіне ортаайлық жәрдемақы мөлшері 1310 теңге құрайды. 2005 жылғы 6 ай ішінде 1107 жаңұяларға МАӘК 26270,0 мың теңге мөлшерінде төленді. Жыл басынан 2 жанұяға тұрғын үй көмегі көрсетіліп 23,2 мың теңге соммасында төленді. Ортаайлық тұрғын үй көмегінің мөлшері 3866 теңге. 2005 жылдың 6 ай ішінде балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеу жәрдемақылары 1796,7 мың теңге соммасында 40 алушыларға тағайындалды, 1508,6 мың теңге төленді. 1 алушыға ортаайлық жәрдемақы мөлшері 7543 теңге құрайды. 2005 жылдың 6 ай ішінде жоғарыда тұрған органдардың шешімінің келісімімен жеке санаттағы азаматтарға 6600,0 мың теңге материалдық көмек төленді.



Жұмыспен қамту және еңбек рыногы

2005 жылдың 6 ай ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 374 адам қатынасты. 2005 жылғы 1 шілдеге жұмыссыздар саны 391 адам құрады. Жыл басынан 188 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі төмендеді, 2004 жылдың 1 маусымына жұмыссыздық пайызы – 2 пайыз болса, ал 2005 жылдың 1 шілдесіне – 1,9 пайыз.

Жаңа жұмыс орындары ашылуда. 2005 жылдың 6 ай ішінде 317 жұмыс орындары ашылды: шағын және орта бизнес өрісінде – 96 жұмыс орындары, ауыл шаруашылығында – 82 орын, көлікте – 19 орын, өнеркәсіпте – 6 жұмыс орындары, құрылыста – 8 орын, білімде – 1 орын, басқа салаларда – 105 жұмыс орындары. Тұрақты жұмыс орындарына барлығы 123 адам орналастырылды.

Төленетін қоғамдық жұмыстарды орындауға 1 жартыжылдықта 88 келісімшарт жасалды. Төленетін қоғамдық жұмыстарға барлығы 375 адам қатысты. Жыл басынан есептелген қаржы соммасы 5655,1 мың теңге құрайды.



Қоғамдық тәртіп

2005 жылғы 5 ай ішінде аудан аймағында барлық линиялар бойынша 103 қылмыс тіркелді, жалпы қылмыс ашу пайызы 75,5% құрады (2004 жылы – 85,7%). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда үстіміздегі жылда мындай қылмыстардың түрлері тіркелген: адам өлтіру, денсаулыққа әдейі ауыр зиян келтіру, бұзықтылық, алаяқтылық, пәтерлерді тонау, денсаулыққа әдейі орташа зиян келтіру, топта істелген қылмыстар, қоғамдық жерлерде, көшеде, бұрын сотталған, масс күйінде істелген қылмыстар. Талан – тараждардың, қорқытулардың, нашақорлықты сақтау, мал ұрлау, кәмілетке жасы толмағандарды мағандармен істелген қылмыстардың төмендеуі тіркелді.



Эпидемиологиялық жағдай.

Ауданда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қанағаттандырылған 2005 жылдың II – тоқсанының эпидемиологиялық жағдайын талдағанда ауданда мынадай дефтерия, полиамелит,столбняк секілді жұқпалы аурулар біршала жылдар бойы тіркелмелген, ол осы контингентінің сапасын, толық және дер кезінде алдыналудын өтетінін көрсетеді. Бірақ Самар селолық округінде қызымианың 1 рет тіркелгенін белгілейді. Жалпы аудан бойынша туберкулезбен ауырғандардың төмендеуі байқалады, былтырғы жылмен салыстырғанда 11 жағдайға биыл Үлгілімалші селолық округінде 1 жағдай тіркелген. Сонымен ауырғандардың саны төмендеді, Палатцы селолық округі бойынша дизентерия, жұқпалы іш аурурары 1 жағдайға көтерілді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет