Ақтөбе облысы, Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының



бет2/3
Дата06.09.2022
өлшемі31.67 Kb.
#460329
1   2   3
Жәндіктердің құпия сырлары

Курстың мақсаты: оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру; ақыл – ойды дамыту арқылы практикалық іс – әрекет жағдайын қалыптастыру; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс жасау; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейін анықтап оқыту;
оқушыны іздене, ойлана білуге баулу; ізденімпаздыққа, еңбектенуге тәрбиелеп, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру; күнделікті тұрмыста қолданылуымен байланыстыру.
Курстың міндеттері: оқушыларды өз бетінше курс және оның мазмұнымен танысуға мүмкіндік беру; оқушылардың кез – келген жағдайларда шешім табуына мүмкіндік жасау; биологиялық ұғымдарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып тақырыпқа сай тәрбиелеу; оқушыларды қоршаған орта, тірі ағзаға деген қызығушылық, қорғаушылық сезімдерін ояту; пән бойынша игерген білімдері мен әртүрлі ақпарат құралдарынан алынған мәліметтердің қоршаған ортаға тигізетін ықпалын бағалау үшін қолдана білуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
- биологиялық ұғымдар мен табиғат әлемімен тереңірек танысу;
- биологиялық заңдылықтардың өмірдегі қолданысын түсіну;
- нақты мысалдармен түсіндіре ашу;
- экологиялық проблемаларға шешім таба алу;
- тарихи материалдар негізінде биологияның ғылымдағы дамуының
алатын орнын түсіне білу;
- зерттеу әдістерін (тәжірибе жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді
талдау) жоспарлай білу, сәйкес кестелер, заңдылықтар негізінде
қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін
дайындай білу;
- электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалануға қол жеткізу.
Бағалау әдістері мен формалары: Курста оқытудың интерактивті тәсілдері пайдаланылады.Оқушы өзінің белсенді пікірінде қаралып отырған мәселені шешудің ұсыныстарын айтады. Жеке, топпен ұжымдық жұмыстар атқара отырып, танымдылығы артады. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының әдіс-тәсілдері, топтық жұмыс, жеке жұмыс, оқушылармен кері байланыс, рефлексия жасау. Бақылау және тест жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар мен практикалық, зертханалық жұмыстар, және өзіндік тапсырмалар орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет