Аттандық бала шақтан болашаққа!



бет5/11
Дата23.05.2023
өлшемі54.28 Kb.
#474161
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
сцен2023 қазір

Ән: Мектебім.
Көрініс: (ортаға қария мен 4 оқушы шығады)
1- оқушы (Нұрым)
- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт
Ата: (Дарын)
- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, депті қарт.
-Дос табу оңай ма, балам? - депті ата.
2- оқушы (Алижан)
Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.
3- оқушы Қайсар
- Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.
4 -оқушы Ерали
- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.
І-жүргізуші : Жаңағы көріністен түсінгеніміздей Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз екен. Өйткені шәкіртінің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
ІІ-жүргізуші : Дұрыс айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
І-жүргізуші : Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнаймыз.
2 жүргізуші : Біз ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтімізде даярлық сыныбына келдік.Сол кезде басымыздан сипап қалам ұстатып, партаға түзу отыру мен жүріс тұрысымызды үйреткен Самал, Қарлығаш апайларға басымызды иеміз.Апайлар жүз жасаңыздар, тағы көптеген шәкірттер шығара беріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет