Сырын төккен ұстазым!
С – салмақты Шәкіртіне аяулы, Дарын
Нұрын төккен ұстазым!
Т – танымал Есейіп ертең кетсең де, Аруна
Шәкіртпін ұстаз алдында.
А – ардақты Білім – ойдың сұлуын Нұрым
Асу еткен ұстазым.
З – зиялы Жүрегінің жылуын Дильназ
Шашу еткен ұстазым.
1 жүргізуші : Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген – бір мұрат.
Алдына түсіп ананаң,
Жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата – ананың өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған – барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты.
2 жүргізуші: Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер. Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.
1 жүргізуші : Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. 2 жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі тілектерді өздеріңізге арнаймыз.
Алдияр : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .
Елнұр:Ана жанын ана болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың.
Балаң үшін кеуде керіп қуанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың.
Эльнура: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Қайсар: Ыстық – ау кім – кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Хормен:
Аман болсын,аяулы анамыз,
Асқар таудай әкеміз!
Ән «Әке-ана»
Достарыңызбен бөлісу: |