Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет100/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   255
Оралбаева

Екіншісілогикалық таным, яғни адам əлемді, өзін қоршаған заттар мен құбылыстарды 
ойлап, пайымдап, тұжырымдап таниды. Логикалық таным басымдылығымен танымның ең 
жоғарғы пішімі ғылыми таным қалыптасады. «Ғылыми танымның негізгі мақсаты –шын-
дыққа жету, өйткені сол ғана ғылымның іс жүзінде қолданылуына, пайдаға асуына жол аша-
ды»[10;298]. 
Қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдарымыз сөз еткен таным теориясы – тіл 
біліміндегі таным. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов танымдық тіл білімінің не-
гізгі ұғымдарын, қағидаларын, ұстанымдарын зерттеулеріне арқау етіп, ХХ ғасырдың басын-
да-ақ тіл болмысын танытуда философия ілімінің қарарларына ден қойғандарын байқаймыз. 
Тіл болмысын дүниетану құралы ретінде түсіндірген ғалымдар тілдің танымдық қызметін, 
тіл мен таным сабақтастығын, тіл арқылы халықтық танымды, тіл мен ұлт тұтастығын, тіл 
мен қоғам бірлігін философиялық пайымдаулары арқылы ұсынып, тілдегі таным теориясы-
ның басты ғылыми ұғымдарын қалыптастырды. Сезімдік таным мен логикалық танымды да 
тіл біліміне қатысты зерттеулеріне арқау етіп, таным теориясының тіл болмысымен сабақта-
стығын анықтауды көздеді. Сезімдік таным адамның бастапқы сатысы екендігін Қ.Жұбанов 
«кішкене дүние дəуірі» деп атап: «Адам баласының табиғатында əуелі басқаны біліп алып, 
өзін кейіннен білу қасиеті бар... Ежелгі дəуір адамдарының алдымен өзінен басқа заттарға ат 
қоятыны, өзін сол басқаларға ұқсата атайтыны – өз басын кіші дүние деп біліп, оны ана үл-
кен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы таным тілге əсер еткен»[11;492]-деп, тілдің танымдық 
қырын дəл көрсетеді.
А.Байтұрсынұлы адам баласында дүние туралы ұғым түрлерін бірнеше тарапқа бөліп: 
«Қара сөз нəрсені тиісті жағына сөйлейді... Нəрсе турасында тиісінше сөйлеу үшін тиісінше 
ойлау керек. Тиісінше ойлағанда ойымыз, ұғым түрлеріне қарай, бірнеше тарапқа бөлінеді: 
1) ғалам тарапына, 2) Құдай тарапына, 3) ғылым тарапына, 4) əлеумет тарапына, 5) үгіт-тəр-
бие тарапына, 6) сын тарапына» [8;133] -деп жіктеп, ғалым адамның дүниені тануы ғылым-
мен сабақтасып, ғылым тілі арқылы адам өмірінде маңызды орын алатындығын түсіндіреді. 
А.Байтұрсынұлы: «Ғылым дегеніміз – дүниені, яғни табиғатты дұрыс тану, ғылым жоқ 
болса дүниені тану дұрыс болмайды. Дүниені дұрыс танымаған соң, дүние турасындағы 
мағлұмат жиысатын сана-саңлауы дұрыс болмаған соң, табиғаттың күшін, ісін, қасиетін
бұрынғылар теріс танып, теріс əуезе қылған» [8;155]-деп пайымдап, ғылыми таным дұрыс 
болмаса ол туралы жарыққа шыққан сөз де дұрыс болмайтындығын айтады. Себебі, ғалым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет