Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет160/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

 
 
Тоқсанбаева Н.К.,
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 
Шакирова А.Д.,
(Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті) 
Токебаева Ə.Е.
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТОЛЕРАНТТЫҒЫНА ƏЛЕУМЕТТІК-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕРДІҢ ƏСЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ 
 
Қазіргі ғылымда этникалық толеранттылық мəселесі ғалымдар мен практиктердің 
назарын аударады. Толерантты сананы, толерантты мінез-құлықты жəне толерантты тұлғаны 
қалыптастырудың өзектілігі 2001 жылы Қазақстанда қабылдаған мақсатты бағдарламада 
"толерантты сананың көзқарасын қалыптастыру жəне қазақ қоғамындағы экстремизмнің 
алдын алу"атап өтілген. Біз əдіснамалық негіз ретінде қабылдаған жүйелік тəсіл кез-келген 
құбылысты оның мəнін түсіну арқылы зерттеуді қамтиды, яғни, осы құбылыс білдіретін 
тұжырымдаманың мазмұнын нақты анықтау. Бұл жұмыста "толеранттылық"ұғымы осындай. 
Бүгінгі таңда философияда, психологияда жəне əлеуметтануда толеранттылықты анықтауда 
əртүрлі көзқарастар бар. 
Этникалық толеранттылық мəселесі сонау ерте заманнан басталған. Бірақта толеранттық 
ұғымы ізгілік, рақым, шыдамдылық, төзімділік, адамгершілік идеялары негізінде көрініс 
тапқан. 


368 
Этникалық толеранттық проблемасының негізгі мəселелері антикалық дəуірден 
басталады. Этникалық толеранттық антикалық философтардың зерттеу пəні болмағанымен, 
сол кезде əрі қарай өз жалғасын тапқан көптеген теориялық қағидалар қалыптасты. Кейінгі 
ғасырлардағы ойшылдардың өздерінің толеранттыққа арналған еңбектерінде антикалық саяси 
қайраткерлер мен философтарға сілтеме беруі жайдан-жай емес. 
Қазақстандық отансүйгіштікке, толеранттыққа, жоғары мəдениетке, адам бостандығы 
мен құқығына, сыйластыққа тəрбиелеу тақырыптың өзектілігінің тағы бір дəлелі [1]. 
Бұл міндеттерді орындауда ЖОО негізгі орында тұр, себебі шыдамсыздықпен 
студенттердің этникалық толеранттығынан бастап пəрменді тəрбие құралдары арқылы 
күресу қажет. 
Қазақ ойшылдарының еңбектерінде тікелей этникалық толеранттық ұғымы 
табылмағанымен, ізгілік, халықтық бірлік туралы идеяларының ерекше дамығандығын атап 
өтуге болады. Бұған Əбу-Насыр-əл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашғари, Қ.А. Иассауи, Төле би, 
Қазыбек би, Əйтеке би идеяларындағы шынайылық, шыдамдылық, төзімділік, адалдық, ізгілік 
мəселелерін уағыздаған еңбектері дəлел болады. Бұл ойлар тарихи шындыққа байланысты 
қалыптасып, қазіргі уақытта өз өзектілігін жоғалтпай, өткір əлеуметтік-экономикалық жəне 
саяси өзгерістер кезеңінде жалғасын тауып отыр. Аталған өзгерістер рухани дамуға ықпал 
етіп, тарихи тəжірибені ғылыми тұрғыда қайта түсінуге əкеледі. Сондықтан бұл идеяларды, 
қазақ психологикалық ғылымының, халықтық білім берудің, белсенді əрекетінің қалыптасу 
ерекшеліктерін тəрбиелеу мен білім берудің қазіргі кезеңінде қарастырып өткен өте маңызды. 
Қазақ ғұламаларының еңбектерінде адамдарға деген зорлық-зомбылықсыз қатынас 
рақым, ізгілік ұғымдары арқылы да түсіндірілген. 
Рақым - біреуге жақсылық, жанашырлық жасаудың белгісі. Ұлттық тəрбие ұрпақтың 
рахым жасай білуін уағыздайды. 
Ізгілік - əдеп санаты; адамның қоғамдық жəне жеке өміріндегі құбылыстардың мұратқа 
қатысты жағымды адамгершілік мəнін бейнелейді. 
Адамгершілік - қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. 
Ізгілікке қарама-қарсы ұғым - зұлымдық. Нақ ненің бағамдалып отырғанына (жеке 
адамның қылығы, адамгершілік сапасы, адамдардың қарым-қатынастары не əлеуметтік 
қызметі) орай ізгілік неғұрлым нақты нысанын алады - жақсылық, қайырымдылық, əділеттілік 
жəне т.б. 
Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, қоғам қайраткері Ыбырай 
Алтынсарин баланы оқыту, тəрбиелеу жұмысында дүние жүзі педагогика классиктерінің (Я.А. 
Коменский, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой т.б.) гуманистік идеяларын басшылыққа алып, 
оларды қазақ даласында оқу- ағарту тəжірибесіне енгізген тұңғыш педагог болды. Ы. 
Алтынсарин шығармалары жастарды еңбек сүюге, оқуға ұмтылуға, елін сүйетін патриоттық 
сезімге, талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға баулиды. Жалқаулықты, қиянат жасауды
надандықты сынап, жас ұрпақты ондай əдеттерден аулақ болуға шақырады [3]. 
Ұлы ақын, қоғам қайраткері, мəдениетті ағартушылық реформалаушы Абай 
Құнанбаевтың еңбектеріндегі əлеуметтік ойларында бірінші орын адамгершілік ізет пен басқа 
мəдениетті тануға берілген. Оның пікірінше, көзқарастардың кеңдігі, адамгершілік 
қасиеттердің бар болуы адамды басқа ұлттардың тілін, мəдениетін меңгеруге міндеттейді. 
Басқа елдің тілі мен мəдениетін меңгерген адам сол ұлт өкілдерімен тең құқыққа иеленеді. 
Басқа мəдениетті қабылдай алатын адам дүниеге деген кең көзқарасқа қарай қадам жасап, 
өзіне сыни қарауға үйренеді, шектеулі пікірлерден арылады [4]. 
Абайдан кейінгі ойшылдар да оның дəстүрін жалғастырып, ой-өрісін кеңейте түсті. Бұл 
тұрғыда Шəкəрім Құдайбердіұлы айрықша ізденімпаздық танытты. Шəкəрім Құдайбердіұлы 
айналасындағы кемшіліктерді, адамдардың мінез-құлқындағы, əлеуметтік өмірдегі 
кереғарлықты сынағанда, халқын надандықтан, келеңсіздік атаулыдан арылтуға, 
экономикалық жəне рухани дамудың таза жолына салуға ұмтылды. Болашақ дамудың бірден-
бір жолы ғылым мен өнер үйрену, еңбек ету, бірлікті сақтау жəне озық елдерден үлгі алу деген 
тоқтамға келді. Бұл көзқарас оны Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан 


369 
Уəлихановтың идеяларымен сабақтастырады. Халық пен халықты, мəдениет пен мəдениетті 
жақындастырудағы еңбегі оның шығармашылығының интернационалистік сипатын аша 
түседі [5]. 
Атақты жазушы, ғалым, ағартушы, педагог, «Тəрбиеге көмекші», «Психология», «Жан 
жүйесі жəне өнер таңдау» кітаптарының авторы Жүсіпбек Аймауытовтың тұлға 
тұжырымдамасы, оқыту-тəрбиелеу педагогикасы, ұстаз психологиясы туралы пікірлері аса 
қызықты. Ж. Аймауытовтың ой-пікірлері Дж. Уотсонның жəне П.П. Блонскийдің 
тұжырымдарымен сабақтастық тапқан. Оның еңбектерінде ұлттық менталитеттің қалыптасып 
дамуының əлеуметтік- психологиялық аспектілері, тұлға қалыптасуындағы қоғамдық сананың 
маңызы, ұстаз бен оқушы арасындағы өзара қатынастардың əдістері мен тəсілдері 
қарастырылған [6]. 
Шетелдік ғылымдардың еңбектерінде толеранттық ұғымы кең қарастырылған. (И. Кант, 
Л.М. Дробижева, В.А. Лекторский, А.И. Панченко, В.А. Тишков, М. Уолцер жəне т.б.). 
Бұл еңбектер толеранттықты адамның өмір сүру жағдайы ретінде кез-келген деңгейдегі 
қарым-қатынас қағидасының негізгі сапасы ретінде талдап көрсетеді. Біздің пайымдауымызша 
толеранттықтың ең көп қарастырылған аспектісі сенім шыдамдылығы мəселесі болып 
табылады. (П. Бейль, Н.А. Бердяев, Р.Р. Валитова, Вольтер, Д. Локк. 
Толеранттық мəселесін зерттеуге Қазақстандық зерттеушілер де үлес қосып келеді. Бұл 
зерттеулер толеранттық мəселесінің маңызды бағыттарына арналған: рухани философия, Е.З. 
Батталханов Формирование гуманистического мировоззрения учащейся молодежи как 
социально-педагогическая проблема, 2002 [7]; Л.И. Сексенбаева Педагогические условия 
формирования культуры межнационального общения учащихся, проживающих вне своей 
национальной государственности, 2000 [8], тірі жəне əлеуметтік жүйелердің экологиялық 
мəселелері жəне т.б. 
Т.Т. Тəжібаев, Қ.Б. Жарықбаев, А.И. Сембаев, А.С. Ситдықов, К.К. Құнантаева, Г.М. 
Храпченков, А.А. Калюжный, Ғ. Нұрғалиева, С.А. Ұзақбаева, Л.К. Керимов, Г.Ж. Меңлібекова 
секілді Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде тұлғаны тəрбиелеудің жалпы теориялық жəне 
əдістемелік ерекшеліктері əлеуметтік-психологиялық тұрғыда толық сипатталған, бұл 
міндетті шешудегі білім беру жүйесінің жетекші ролі анық көрсетілген. 
Тұлғаны қалыптастыру мəселелері философтардың (Н.А. Бердяев, Б.С. Гершунский 
жəне т.б.), психологтардың (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Л.И. Божович, И.С. Кон, Д.Б. 
Эльконин, Ж.И. Намазбаева, А.А. Тынышбаева, К.А. Айдарбеков, А.У. Ескендірова жəне т.б.) 
еңбектерінде де көрініс тапқан. 
Əбу-Насыр-əл-Фарабидің еңбектері баланың əрбір əрекетінің ізгілікке бағытталған 
құлқын қалыптастыруды көздейтін, тұлға тəрбиесінің ізгіліктілігі идеясымен ерекше. 
Тұлғаның бойында алғыр да аңғарымпаздық, білімге құмарлық, қанағатшылдық, 
шыншылдық, ізгі ниеттілік, əділеттілік, батыл да ер жүректілік қасиеттерді тəрбиелеу «мінсіз 
адамды» қалыптастыруға мүмкіндік береді деп тұжырымдайды [9]. 
Ж. Баласағұнның дидактикалық сарында жазылған «Құтты білік» шығармасында этика, 
əдептілік, қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасы, сөйлесуі, жан-жақты сөз болды. Ақын 
мемлекеттің мықтылығы қалың əскерге де, қарулы күштердің көптігінде емес, адамдардың 
татулығына байланысты деп санап, адамдықты сипаттайтын негізгі төрт қасиетті бөліп 
көрсетті; əділдік, ақыл, бақыт, қанағат деп бөліп көрсетті. 
М. Қашғари адам бұл өмірге ізгілік жасау үшін келеді деп ойлап, адам бойындағы 
еңбекқорлық, .үлкенді сыйлау, қиыншылыққа төзу сияқты қасиеттерді ерекше атап өтті. 
Яссауи Қожа Ахмет тақуалықты, барға қанағат, жоққа төзімділік мұраттарын уағыздай 
отырып, байлығы асқан, мейманасы тасқан феодалдар мен халыққа жағымсыз діндарлар іс-
əрекетін мансұқтап: «Дүниеқор болма, опасыз дүние үшін жамандық жасауға барма. Бір-
бірініңе мейірімді, қайырымды бол! Момынның, жетімнің ақысын жеме, кем-кетік пен кедей-
кепшікке жəрдемдесіп жүр»,-деген пікір айтқан. Ол ұрлыққа, зорлық-зомбылыққа жаны қас 
болды. Адамды түзету арқылы қоғамды, қоғамды түзету арқылы заманды түзету, жалпыға 
бірдей əділетті өмір орнату, оның адамдық мұраты діндарлық мақсаты, ақындық парызы деп 


370 
түсінген. Адам бойындағы туралық, адалдық, қиындыққа төзу, шыдамдылық қасиеттерді 
жоғары бағалайды. 
Қазіргі заманғы философиялық зерттеулерде толеранттық мəселесі алғашқы зерттеу 
сатысында қалып отыр. Осы мəселеге қатысты көптеген материалдар мерзімді баспасөз 
беттерінде жəне əлеуметтік-философиялық жинақтарда жарық көріп отырады. Бұл жұмыстар 
толеранттық түсінігін адамның өмірлік əрекетінің түрлі салаларына қатысты талдайды жəне 
толеранттықты қазіргі заманғы адамның өмір сүруінің ең басты шарты ретінде қабылдау 
қажеттілігін көрсетеді. Толеранттық проблемасының ең көп талданған аспектісі Батыс 
Еуропада Д. Локк, Вольтер жəне т.б., ал Ресейде В.С. Соловьев, Н.А. Бердяев жəне т.б. 
көтерген сенім шыдамдылығы мəселесі болып табылады. Орыс философы В.С.Соловьев 
былай деп жазады: «Жоғары деңгейдегі мінез-құлық идеалы бізден өзге адамдарды өзімізді 
сүйгендей сүюді талап етеді, бірақ жеке адамдардың тұтас халықтан тыс өмір 
сүрмейтіндіктен (халық жеке адамдарсыз болмайтындығы сияқты) бұл байланыс та мінез-
құлықтық, ішкі болып кеткен. Бұдан шығатын қорытынды, біз бар халықты өзімізді сияқты 
сүюіміз керек». 
Қазіргі таңда этникалық толеранттықты шыдамдылықпен араластыру мүлде дұрыс емес 
деп таниды. Бір жағынан алып қарағанда қазіргі заманғы қоғамда толеранттық өзгеге белсенді 
қарым-қатынас ретінде қызмет атқаруы мүмкін. Ал екінші жағынан бұл өзгелердің этникалық, 
діни ерекшеліктеріне, күшті не əлсіздігіне қарамастан оның құқығы мен еркін саналы түрде 
мойындау болып табылады. Басқаша айтқанда, толеранттық қазіргі заманғы түсінікте өзге 
əсерлерге қарамастан өмір сүру əрекеті дегенді білдіреді. 
А.Г. Асмоловтың пікірінше толеранттылық өзара бəсекелес мəдениеттер арасындағы 
өркениетті келісім жəне өзгешелікті, əртүрлілікті сақтаудың жағдайы болып табылатын өзге 
қисындар мен көзқарастарды қабылдауға дайындық. Бұл жағдайда толеранттықтың сипаты 
төмендегідей болып табылады: 
Біріншіден, шыдамдылық көрсету, өзін-өзі ұстау, бейбітшілікті сүю, өзгенің пікіріне, 
мінез-құлқына шыдау;
Екіншіден,қоршаған табиғат пен əлеуметтік ортаға бейімделеті дей жоғары адаптивтік
қабілеттердің көрінісі; 
Үшіншіден, қақтығыс жағдайларынан бейбіт жолмен шығу. Этникалық толеранттықтың 
зерттелу тарихына жасалған қысқаша шолудан əр дəуірде бұл мəселенің əртүрлі 
түсіндірілгенін көруге болады. Ғасырлар бойы этникалық толеранттық қоғамдық жəне діни 
біліктің, дін мен секталардың, дінге сенушілер мен атеистердің өзара қарым-қатынасының 
қағидасы ретінде түсіндіріліп келді. Антикалық кезең толеранттықты танудың екі жолын 
көрсетеді. Біріншісі діни тəжірибенің, философиялық жəне саяси плюрализмнің көп түрлі 
формаларынан көрінсе, екіншісі ұлтты алалаушылық пен сенім үшін шеттетудің жоқтығынан 
көрінеді. 
Орта ғасыр философтары үшін негізгі мəселе сенім шыдамдылығы мен көнбістік болды 
ХҮІІ–ХҮІІІ ғғ. толеранттылық негізінен саяси улитаризм тұрғысынан қарастырылды жəне 
діндер, ұлттар, əлеуметтік топтар арасындағы татулық пен келісімнің негізін салушы 
компонент, яғни жалпыға ортақ құндылық деп танылды. 
ХІХ ғасырда этникалық толеранттық адамның ішкі «мені» мен оның басқаға қарым- 
қатынасы тұрғысында сипатталды. ХХ ғ. басындағы отандық философияда толеранттық 
тұрмыстық диалог ретінде сипатталды. 
Сонымен қорыта келгенде этникалық толеранттық мінез-құлық басқаның пікіріне 
сыйластықпен қарап, шыдамдылық танытып, туындаған мəселені келісіп шеше білу, зорлық-
зомбылыққа қарсы əрекет ету. 
Шиеленісті жағдайларда өзін-өзі ұстай білетін, қақтығыс жағдайларынан бейбіт жолмен 
шаға білетін, өзгенің пікіріне, мінез-құлқына шыдай алатын, қарым-қатынасқа əр уақытта 
дайын, өз ұстанымын қайта қарауға икемді тұлғаны - толерантты тұлға дейміз. 


371 
Əдебиет 
1. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасы. - 2004 жыл, 11-қазан, № 1459 
2. Тəрбие хрестоматиясы. /құрастырған Қалиев С., Майғаранова Ш., Нысанбаева Г. – Алматы: «Ғылым» 
ғылыми баспа орталығы, 2001 . – 331 б. 
3. Алтысарин Ы. Избранные произведения. /сост. и подг. к печати Сулейменов Б.С. – Алма-Ата: Акад. 
Наук Каз ССР,1957- 466 с. 
4. Ауезов М.О. Абай Кунанбаев статьи и исследования. /под.общ.ред. Дюсенбаева И.Т. – Алма-Ата: 
Акад. Наук Каз ССР, 1957 - С. 391. 
5. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тəлім-тəрбиесі // Қазақ ұлт педагогикасы мен ұлттық психологиялық 
тарихы. Оқу құралы.- Алматы: Санат, 1995. – 352 б. 
6. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытовтың көзқарастары.- Алматы: Білім, 2000. - 76 б. 
7. Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе. Хрестоматия. Ж.О.О-ның студенттеріне арналған оқулық. – 
Алматы: Дарын, 2005 – 186 б.. 
8. Шолпанкулова Г.К. Формирование гуманных отношений у учащихся (8-9 класс). В процессе обучения 
на основе межпредметных связей: Дис к.п.н.: 
9. Алматы, 1995.- 157 с. 
10. Узакбаева С.А. Эстетическое воспитание в казахской народной педагогике: дис. ... д.п.н.: Алматы, 
1993.- 420 с. 
11. Болеев К. Теория и практика подготовки будущих учителей к национальному воспитанию учащихся: 
дис д.п.н. - Тараз, 2002.- 343 с. 
12. Толеубекова Р.К. Исполльзование прогрессивных традиции народной педагогики в нравственном 
воспитании учащихся начальных классов казахской школы: дис. ... д.п.н. - Алматы, 1994.- 162.с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет