Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары


Жеткергенова Ұ.Е., Нурмағанбетов А.Л



Pdf көрінісі
бет32/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Жеткергенова Ұ.Е., Нурмағанбетов А.Л.
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 
 
АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ МƏСЕЛЕСІ 
Қазіргі таңда тек Қазақстанда ғана емес сонымен қатар əлем үшін күрделі де қызықты 
мəселелердің бірі ол «адамның өзін-өзі тануы» болып табылады. «Өзін тану» айтқанда немесе 
құлаққа естілгенде сондай оңай дүние болып көрінгенімен, егерде тереңдей зерттей бастар 
болсақ шегіне жетуіміз қиын үдеріс. Үдеріс деп көрсету себебім, ол жүйелі, белгілі бір 
сатылардан тұрады. Ертеден бастап осы уақытқа дейін адамның болмысын зерттеген бірнеше 
ғалымдар бар. Оларда өзінің болмысын, табиғатын тануға тырысты. Осы уақытқа дейін түрлі 
ғалымдар өзіңді тануды бастау үшін табалдырығынан бастап құрастырып, жүйелеп көрсетті. 
Ең қызығыда осы, əр бір тұлғаның өзін тануы əртүрлі жүйе бойынша іске асады, барлығы үшін 
ортақ бір құрылым жоқ. Əр адам жеке тұлға болғандықтан, олардың бəрініңде психикасы əр 
түрлі болғандықтан өзін тану жолында ғалымдар бір жүйені толық қамтып құрастыра алмай 
отыр. Алайда өзін тану жолында, əр адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере 
отырып, əрбір тұлға үшін оның өскен ортасының əсері зор екені белгілі, сондықтан психика 
үшін менталитеттің жəне ұлттық кодтың əсерін ұмытпаған жөн.
Қазақ халқы үшін орны орасан зор ұлы ақын Абайдың санасы биік, еңбектерінің 
құндылығы терең екені белгілі. Абайдың жазған еңбектерінде тек философиялық немесе діни 
бағыттағы көз қарастарды ғана емес сонымен қатар психологиялық та ойларды кездестіреміз. 
Оған дəлел академик Т.Тəжібаев пен профессор Қ. Жарықбаевтың Абайдың психологиялық 
көзқарастарын зерттеп, еңбектерін шығарулары. Абайда өзін танудың белгілі бір құрылымын 
жасап шығарды. Егерде Абайдың «қара сөздерін» мəн беріп оқитын болсақ, тереңінен 
зерттейтін болсақ Абайдың «толық адам» идеясының мəні мен құрылымын түсінетін боламыз 
[1, 23 б.]. 
Өзін-өзі тану дегеніміз не? Өзін-өзі тану – адамның өзінің психикалық жəне физикалық 
ерекшеліктерін зерттеуі, болмысын түсінуі жəне бұл өмірге келгендегі мəнін түсініп,
үйлесімділікте өмір сүруі.
Адамның өзін тануға ұмтылуы оның табиғатына, болмысына тəн дүние. 
Экзестенционалды психологтардың айтуына сүйенер болсақ, адамның алғашқы қажеттіліктері 
өтелгенннен соң, ол өзін тану туралы, өмірге келудегі мəні туралы ойлана бастайды жəне осы 
сатыда егерде осы сұрақтарына жауап ала алмаса депрессияға түсу қауіпі жоғарылайды. Шын 
мəніндеде қазіргі таңда ХХІ ғасырдың дерті болып тұрған бұл дерттің қазіргі таңда белең алып 
жатқаны белгілі. Адамзаттың, өркениеттің, техниканың барлығы қарқынды түрде даму 
үстінде жəне бұл дүниенің барлығы адамның психикасына зор ықпал етуде. Гуманистік 
психологияның өкілі Эрих Фромм «Тəуелсіздіктен қашу» кітабында, адамзаттың ыңғайлы 
өмір сүруі үшін жəне өмірлерін барынша оңайлату үшін түрлі техниканы ойлап тауып тəуелсіз 
боламыз деген сайын керісінше қиындатып жібергендерін айтады. Адамзат əркез табиғатпен 
байланыста болған, бұл екі жаратылыстың арасында бір-біріне қуат берер ерекше байланыс 
бар жəне адамзат бұл байланысты үзуде. Нəтижесінде қуат алар көзімен байланыс үзіліп, 
адамзат үшін қиын кезең басталуда. Қазіргі таңдағы психикалық аурулардың жəне 
депрессияның өршуіде осында деп көрсетеді. Шын мəнінде адамзат өзінің табиғатпен 
байланысын жақсартса, қайта қалпына келтіре алса қуат алар көзіде пайда болушы еді. Міне 
өзін -өзі тану жолында адамзаттың жіберіп жатқан қателігі осы. Адам өзін-өзі тануы үшін ол 
өзінің үш болмысын білуі қажет. Бұл үш болмысты үш түрлі ғылым түрі зерттейді. Оның 


53 
біріншісі-рухани болмыс, адам өзінің рухани болмысын дін жолы арқылы танып, біледі. 
Екіншісі – адамның сезім мүшелері көріп –біле алмайтын нəзік болмыс (психикасы), мінез-
құлық ой –өрісті зерттеe психология ғылымының үлесі. Үшіншісі –адамның сезім мүшелері 
көріп-біле алатын тұрпайы болмыс, яғни тəнді физиологиялық жəне заттардың құрылымын 
қарастыратын ғылымдардың барлығы зерттейді. Адамның өзін тануын психология 
ғылымымен байланыстыра отырып талдауға тырысамыз [2,74 б.].
Өзін-өзі тану дегеніміз не? Өзін — өзі тану-адамның өзінің психикалық жəне физикалық 
ерекшеліктерін зерттеуі, өзін-өзі түсінуі. Ол нəресте кезінен басталып, өмір бойы жалғасады. 
Өзі туралы білім біртіндеп қалыптасады, өйткені ол сыртқы əлемді жəне өзін біледі. 
Абай: «Адам бол!» – деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы 
сыртқы мəдениетке, тілге, дінге мəн бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің-
қайырымдылық, биік талғам, шындық, əділдік негіздерін қабылдауға ықпал етеді. «Адам 
баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озады» – дейді. Адамдықты 
көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух, мінез, əрекет, тəжірибе, білім, өнер, 
кəсіптік икемділік. Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші 
ақыл мен білім, рухтың тазалығыТыныштық қуаты – жүректе, келісім қуаты – қайратты, 
ерікті, иманды кісіде. Адамның кісілігі: – əсерлі, əдепті, табысты өнерінде. Адамның ең биік 
қасиеті – Адам бола білу!» – дейді. 
Абай жоғарыда аталған дүниелерді талдап көрсеткен. Ең алдымен ғылым үйрену керек. 
Алайда ғылым үйрену үшін, адамның ішкі ынтасында ұмытпаған жөн. Абай өзінің қара 
сөздерінде əрбір адамның өзі қалаған іспен айналысуының маңызын көрсетеді.Абай адамның 
адам атануы үшін оған ақыл жəне ғылым керек екенін айтады. Олардың табылуы үшін тəн 
саулығы жəне хауас сəлим керек. Тəн саулығы көпке түсінікті ұғым болса, хауас мəселесі Абай 
мұрасының өте маңызды жəне күрделі мəселелсі. Абай көрсеткен, ақыл, ғылым, ар мінез, 
дегендерге жеке анықтамалар беріп кетер болсақ. Абай табиғат пен жан иелерінің өзара 
байланысын суреттегенде «хауас» «түйсік, сезім), «хауас сəлим» (өзіндік дұрыс қасиет, өзіне 
тəн мінез-құлық) деген сөздерді қолданады. Бұлар нəзік болмысты білдіретін болмыстар [3, 
195 б.]. 
Өзіндік деген ұғымды «МЕН» деген ұғыммен немесе «Эго» деп айтсақ қате болмайды. 
Жан материалдық əлемнің қызығын көру үшін өзінің рухани болмысын ұмытып, материалдық 
сана алуы керек. Жан өзін тəн ретінде танығанда ғана ол өзінің рухани болмысын ұмытады. 
Егер өзінің жан екенін ұмытпайтын болса, онда бұл қасіреті көп жалған өмірде ол бір сəтте 
тұрмас еді. Жанның өзін сезінуін «Эго» дейді. Егер ол өзін тəнмен балап, осы материалдық 
əлемнің бір бөлігі ретінде сезінсе, онда оның эгосы жалған, яғни ол «жалған эгоға» ие болады. 
Бəріне танымал «эгоизм» сөзі осы мағынаны білдірсе керек. Ал егер өзін рухани танып, «мен 
тəн емес, жанмын» деп сезінетін болса, онда ол нағыз эгоның ықпалында. Оның барлық іс-
əрекет. Тіршілігінің мəн-мəнісі міне осыған байланысты. Жалған эго алған жанда «менікі» 
деген сезім бар. Сөйтіп ол өзіне байланыстының барлығын «менікі» деп есептейді. Бұл 
«менікі» деген сезім түрлі заттарды, отбасын, елді, халықты, дінді жəне тағы басқадай тəнмен 
байланысты ұғымдарды қамтып, бүкіл адамзатқа дейін кеңи береді. Бұл түрлі деңгейдегі қоғам 
қайраткерлерінің сезімі. Осы сезім үшін олар жандарын пида етіп, өмірлерін арнап, кейінгі 
ұрпаққа өздерінің аттарын қалдырады. Фəни əлем рухани əлемнің көлеңкесі тəрізді. 
Ес. Жалған эго алған соң жан осы фəни əлемнің қызығын көру үшін жəне өзін толығырақ 
сезінгісі келіп əрекет жасағысы келеді. Сол үшін оған ес беріледі. Естің көрінісі- интеллект. 
Ес түрлі əрекетке ұмтылдырып, үлкен жоспарларды жасауға мүмкіндік береді. Естің міндеті 
болжау, жақсы-жаманды айыра білу жəне жадыға сақтау. Адам ойға алған іс-əрекетін, түрлі 
жоспарларды есі арқылы жүзеге асырды. Ес компьютердің орталық процессоры тəрізді 
ақпарат хабарды жадыға жазады, керек кезінде одан алып талдау жасап, шешімін береді. 
Материалды ес біздің сезімдерімізге керекті жақсы-жаманды айырса, ал рухани ес Алла 
тағалаға тұрғысынан, рухани құндылықтарды айырады. Рухани құндылықтарды жоғары 
жетілген адамдар жүрегі арқылы қабылдай алады [4, 128-130 бб.].


54 
Ақыл. Естен кейін ақыл тұр. Ішкі сезімдер сезім мүшелерінен келген хабарды қабылдап, 
орталыққа- миға жібереді. ми ақпарат хабарды өңдейтін компьютер тəрізді. Сезімдерден 
түскен хабарлы ақыл ми арқылы адамның жеткен санасы тұрғысынан қортып, жақсы немесе 
жаман деген шешім қабылдайды. Сондықтан ақыл туралы Абай «Ақыл- мизан(парыз), өлшеу 
қыл» дейді. Естің міндеті қабылдаған қалауларды орындау жүйесін жасау болса, ал ақыл 
оларды қортытып, өзінше хабар жасайды. Ақылдың міндеті адамның сезімдерінен пайда 
болған ниет қалауды қабылдау немесе қабылдамау. Сырттан түскен хабардың барлығы 
адамның жадында жазылып, көріп білгеніне байланысты ол байлық молая береді. Бұл туралы 
Абай қырық үшінші қара сөзінде былай дейді «Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді 
нəрселерді көбейтіп алса, ол - көп жиғаны бар адам: сынап, орындысын, орынсызын - бəрін де 
бағанағы жиған нəрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл харекетке түсінген 
адамды ақылды дейміз». Абай əрі ұарай ақыл есіңді өсіруге еңбек ет деп үйретеді [5, 382 б.] 
Егер ес жоғары болып, ақылды басқаратын болса, онда ақыл түскен хабардың ішінен сол 
сəтке ең жақсы, қолайлысын қабылдайды. Ал сезімдерден туған ниет- қалаудың құндылығын 
анықтау сол кзедегі естің рухани деңгейіне байланысты болады. Осыдан кейін ес ақылға 
бұйрық береді. Ал ақыл дененің қозғалатын органдарын (қол, аяқ, тіл, жыныс органдары) іске 
қосады. Ал егер естің деңгейі төмен болып ақылды басқара алмаса, онда ақылды сезімдер 
басқарып кетіп, адам барлық хайуанаттар жасайтын төрт іс-əрекеттерден (ұйқы, тамақ, үрпақ 
қалдыру жəне қорғаныс) аса алмай, немесе өзіне берілген ақылды теріс пайдаланып, тіпті одан 
да төмен құлдырап кетуі мүмкін. Бұл туралы Абай əрі қарай былай деп білдіреді «Əрнешік тəн 
қуатыменен сырттан тауып, сырттан сақтайсыз, оның аты дəулет еді. Оның да неше түрлі 
кеселі, кесепаты бар нəрселерін білмесең, сақтай алмаушы едің ғой. Соған ұқсаған іштегі жан 
қуатыменен жиған нəрсенің аты ақыл, ғылым еді ғой. Оның да неше түрлі кеселі, кесепаты 
тиер нəрселері бар. Оны білмесең, бақпасаң - айрыласың. Жəне əрбір жақсы нəрсенің өлшеуі 
бар, өлшеуінен асса - жарамайды. Өлшеуін білмек - бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске 
тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені болады. Ішпек, жемек, 
кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, 
алданбастық - бұл нəрселердің бəрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады.». 
Яғни, қандай нəрсенің болса да қолдану мөлшеріне байланысты дəрі не болмаса у болатын 
тəрізді, өлшеуін білмей жасаған нəрсенің кесəпаты өте көп. Бұл фəни өмірдегілер үшін өте 
маңызды тұжырым. Себебі, өмірдің сергелдеңі көбіне жақсы мен жаманды айырып білмеуден, 
əрнені мөлшерінен асырып жіберуден туады. Бұл естің əлсіздігінен туындайды. Ес ақылды 
басқара алмай, ақыл ес пен сезімдердің арасында болғандықтан, үнемі құмарлық ықпалында 
болып, бірде бір сезімге, келесіде екінші сезімге беріліп, тұрақсыздыққа ұшырайды. Сөйтіп 
сабырлылық кетіп, адам жан тыныштығынан айрылады. Сабырлылық – ақылдылықтың 
белгісі. Ақыл адам өз сезімдерін ие , ол əрқашан да сабырлы, ұстамды.
Абай он жетінші қара сөзінде ақылдың қызметін былай деп түсіндіреді. 
«Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, 
білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан 
қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? 
Менсіз өздері неге жарайды?» - депті. Əрі қарай Абай ғылымның сөзімен ақылдың қасиетін 
былай деп көрсетеді.[6,67б]«-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бəрі де рас. Сенсіз ешнəрсе 
табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тəңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да 
сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бəрі сенен шығады. Жақсының, 
жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның 
жаман, - депті.» Абайдың осы сөздері ақылдың қасиеті материалды екенін тағыда көрсетеді. 
Ол мейірімділік, рахымдылық, сүйіспеншілік тəрізді сезімдерін білмейді. Бұл сезімдер рухани 
болғандықтан, жүректен, яғни жүректе орналасқан жаннан шығады. Сондықтан Абайдың 
«Ақыл мен қайрат жол табар, қашқанға да қуғанға» деген сөзі жүрексіз ақылдың рухани 
мəселелерді шеше алмайтынын білдіреді. ол жан иесіне берілген құрал ғана. Сондықтан, ол 
құралды пайдаланудың нəтижесі адамзатты бақытқа ғана емес, үлкен қорлыққа да алып келуі 
мүмкін. Ол ақылды пайдалану ниетіне байланысты. Қазіргі замандағы жер бетіндегі аса 


55 
қауіпті құралдардың бірі атом бомбасының пайда болуы да осының көрінісі. Осы сияқты 
рухани болмыстың төмендегінен ақылды теріс жолда пайдаланудың нəтижелері қазіргі 
заманда көптеп кездеседі. 
Егер ес жоғары болып, жанға бағынып, сезімдерді Құдайға құлшылық жолына салса, 
онда ақылда таза рухани сезімдердің ықпалында болады. Бұндай адам жаман ниет қалауларға, 
яғни жаман істерге жол бермейді. Осының өзі ақылды таза ұстау үшін жаман, жарамсыз 
істерден аулақ болып, сезімдерді тек қана табиғаттың жақсылық əкелетін обьектілеріне 
бағыттау керек екенін білдіреді.Ақыл ес пен сезімдерді байланыстырып тұратын, солардың 
қызметінің көрінісі. Сондықтан ,Абай осылардың барлығын ақылға қосып, кейде ақыл деп 
атайды. Мысалы «Жүректе қайрат болмаса» өлеңінде ақын «Малда да жан мен тəн, ақыл, сезім 
болмаса» дейді. Бұл арада сезім деген сөз адамдарға берілетін жоғары сезімді білдіреді [7]. 
Сезім. Сыртқы бес сезімге сəйкес ішкі бес сезім бар. Бұлар сыртқы сезімдерден, яғни 
сезім мүшелерінен сезімді қабылдайды. Сезім дегеніміз табиғат көріністерін қабылдау 
қабілеті болып табылады. Бес сезім мүшелері арқылы соларға сəйкес көру, есту, иісті білу, 
дəмді білу, тері арқылы жылуды, қатта мен жұмсақты сезініп қабылдайды. Бұл қабілетті 
исламда ішкі сезімдер деп атайды. Ішкі сезімдердің қарым-қатынасын психология ғылымы 
зерттейді.
Абай қара сөздерінің қазақ ұлттық əдебиетінің ішінде құндылығы жоғары, шоқтығы 
биік, атақты шығарма екені белгілі. Абайдың қара сөздерін психологияның түрлі 
теорияларымен байланыстыра отырып талдап, оның өскелең ұрпақ үшін өзін-өзі тану туралы 
мəліметтеріне назар аударып, оны ғылыми тұрғыдан жеткізу арқылы, болашақта жастар үшін 
жол көрсетер бағдаршамға айналдыру бүгінгі жаһандану заманында ұлттық 
ерекшеліктерімізді сақтап қалу үшін маңызды еңбек болып табылады. 
Əдебиет 
1. Тəжібаев Т. Философские, педагогические и психологические мысли А.Кунанбаева. - КАЗГОС Алма-
ата, 1957 – 23 c. 
2. Тажибаев Т. Педагогическая мысль в Казахстане во второй половине ХІХ века. - Казахстан, Алма- ата, 
1965 – 74 c. 
3. Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері: жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқулық.- Алматы: 
Қазақ университеті, 2005.- 195 б. 
4. Жарықбаев Қ.Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия.- Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 128-130 б.
5. Жарықбаев Қ.Б., Салғынбаев О.С. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2006 - 382 б.
6. Жарықбаев Қ.Б. Абай Кұнанбаев - қазақ халқының ағартушысы. – Алматы, 1970. – 67 б. 
7. Абай. Қара сөз. Книга слов. – Алматы: Атамұра, 2016. – 200 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет