Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет75/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

 
 
Сейітнұр Ж., Сайлауханқызы Г.
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 
С. БАЛАУБАЕВТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Кез-келген ғылымның қалыпты дамуы оның өткен тарихын білуді жəне арнайы зерттеуді 
талап етеді. Қазақстанда ХХ ғ. 50-60 жылдарынан бастап тарихи-психологиялық зерттеулер 
жүргізіле басталғанына қарамастан олардың саны əлі аз (Т.Т. Тəжібаев, Қ.Б. Жарықбаев, А.Т. 
Ақажанова, В.В. Чистов, А.Ж. Мірəлиева, Ж.Н. Сабирова, Ж.С. Сейітнұр жəне т.б.). 
Психологтардың жаңа буыны үшін шаң басқан мұрағаттарда отырғаннан көрі қолданбалы 
психологияның өзекті мəселелерімен айналысқан анағұрлым тартымды. Оның үстіне күн 
сайын жаңа ақпараттар легі толассыз ағылып жатан кезде жастарға өткенге оралудың қызығы 
шамалы. Алайда психология ғылымның қазіргі жағдайы мен болашақ даму тенденциясын 
жақсы түсінуге көмектесетін құрал, ол - тарихи-психологиялық зерттеулер. Өйткені, 
ғылымның қазіргі таңдағы жай-күйі – кешегінің салдар-нəтижесі. Елімізде психология 
саласында не істелінді, кім қандай үлес қосты, қандай жағымды жəне жағымсыз факторлар 
болды? Оның дамуына не болмаса тежелуіне не əсер етті? Осыны психология тарихшылары 
түсіндіріп беруі тиіс. 
Қазақстандағы психология ғылымының даму тарихы, əсіресе кеңестік кезеңдегі тарихы 
күрделі жəне қарама-қайшы болып табылады. Бұл тарихи процесте көп нəрсе тек ғылыми 
факторлармен ғана емес, идеологиялық, саяси- əлеуметтік факторлармен де анықталды. 
Бұрыңғы Кеңес Одағындағы психология ғылымның даму тарихын Торонто университетінің 
ғылыми қызметкері, Ph.D. (University of Toronto) докторы Антон Ясницкий өзінің «Сталиндік 
ғылым моделі: ресейлік психологияның тарихы мен қазіргі жағдайы» («Stalin model of science: 
The history and the state of the art of contemporary Russian psychology») атты мақаласында қатты 
сынайды [8]. Тоталитарлық режимнің ғылымды орталықтандыру мен қатаң бақылауға ұстауы, 
кеңес психологиясындағы теория мен практиканың алшақтығы, интеллектуалдық жəне 
лингвистикалық оқшаулану, жеке басқа табыну мен агиографиялығы (тарихи-теологиялық 
тұрғыдан əулиелердің өмірін зерттеуге ұқсастығы), ғылымды бақылау бір адамның немесе өте 
шектеулі адамдардың қолында болатын жағдайды (көбіне Мəскеу мен Ленинградтан 
келгендер елдегі психологияны басқарды) атап өтті [9-10]. Психология тарихын зерттеуде 


164 
экстерналдық жəне интерналдық тұғырлармен қатар, жүйелілік əдіснамасы жиі қолданылады. 
Сондай-ақ, психология тарихшысы М.Г. Ярошевскийдің кең танымал үлгісі психология 
дамуын үш факторлар тобының біріккен əрекеті – əлеуметтік, пəндік-логикалық жəне 
тұлғалық-психологиялық өлшемдер арқылы анықтайды [11]. Кейде ғылымның дамуы 
аномальды сипатқа ие болады, өйткені əлеуметтік-саяси факторлардың əсері қалғандарынан 
басым болып жатады. 
ХХ ғ. 20-ғасырдың 30-жылдары қазақтар үшін қасіретке толы кезең болғаны белгілі. 
1932-1933 жылдары ашаршылық кезі мен Сталиндік репрессия қазақ ұлтының жартысының 
(2 млн адам) өмірін əкетті. Республикадағы санаулы психолог ғалымдарымыз (Мағжан 
Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмағамбетов, Салкен Балаубаев саяси қуғын - 
сүргіннің құрбаны болды. Бұлардың ішінен тек жалғыз С. Балаубаев қана аман қалды. 
Сталидік лагерьден ол жиырма жылдан кейін елге оралды. Қатігез лагердегі өмір қайратты 
адамның жанына өшпестей жара салды, қаншама ғылымға жұмсайтын уақытын өлтірді. Бұл 
фактілер сол жылдардағы еліміздің тарихы Кеңес Одағындағы болған жалпы қоғамдық-саяси 
жағдайдың көрінісі болғанының дəлелі. Республика советтік білім беру кеңістігінде ғана емес, 
сонымен одан туындайтын барлық салдарлармен ортақ идеологиялық жəне саяси өрісте 
болды. 
Жалпы психология ғылымы тарихын зерттеудің əр түрлі нұсқалары бар. Тарихи- 
психологияялық зерттеудің пəні жеке тұлғаның ғылыми мұрасы мен өмірбаяны болуы да 
мүмкін (персоналдық тұғыр). Біздің магистрлік диссертациялық жұмысымыз жеке ғалым –
Салкен Балаубаевтың психологиялық мұрасын зерттеуге арналады. Өйткені, осы уақытқа 
дейін Балаубаевтың ғылыми өмірбаяны мен шығармашылық мұрасы арнайы тарихи-
психологиялық зерттеу нысаны болған емес. 
Тарихи-психологиялық зерттеулердің маңызды бір функциясы - өз кезінде жөндеп дұрыс 
бағаланбаған тұлғалар жəне терең əрі арнайы зерттеу пəніне айналмаған деректер мен 
психологиялық ой - пікірлер, бағыт-бағдарларды іздеп табу, бұлардың ғылыми құндылығын 
анықтау. Еліміздің тарихында өзіндік елеулі із қалдырған зиялы қауым өкілдері мен 
ғалымдарымыздың бірқатарының ғылыми мұралары мен өмірбаяны зерттелініп, көпшілік 
қауымға ұсынылып жатыр. Дегенмен бұл бағыттағы ғылыми – зерттеу жұмыстарын тереңдете 
жүргізіп, қазақ психолог ғалымдарыңың қатарын ары қарай толықтыра түсуіміз керек. 
Тоталитарлық режим кезеңінде тарихи-ғылыми зерттеулердің көп бөлігі «рұқсат етілген», 
белгілі бір тұлғаларға - отандық физиологтар, философтар мен педагогтар, ағартушыларға 
арналған еді. Ал саяси сенімсіз адамдардың есімдері мен еңбектерін атауға тыйым салынды.
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты – Балаубаевтың психологиялық мұрасы мен
ғылыми өмірбаянын талдап, ғалымның отандық психологияның дамуына қосқан үлесін ашып
бағалау. Зерттеу нысанымыз - С.Балаубаевтың ғылыми мұрасы (жарияланған еңбектері мен 
қолжазбалары, өзінің жəне əріптестерінің естеліктері), оның өмірі мен шығармашылық жолы. 
Зерттеу пəні - С.Балаубаевтың жалпы психология жəне өзге де психология салаларындағы 
психологиялық көзқарастары мен қосқан үлесі. Алға келесідей зерттеу міндеттері қойылды: 
1. С. Балаубаевтың өмірі мен шығармашылық жолының негізгі кезеңдерін, оның ғылыми 
дүниетанымының қайнар көзі мен қалыптасу факторларын бөліп көрсету. 
2. С. Балаубаевтың жалпыпсихологиялық көзқарастарына сипаттама беру 
3. С. Балаубаевтың психологиялық мұрасының отандық психология ғылымының дамуы 
үшін маңызын бағалау. 
Зерттеудің теориялық- əдіснамалық негізін тарихи-психологиялық танымның іргелі 
қағидалары құрайды: тарихи-психологиялық білімді сипаттаудағы ғалымның шығармашылық 
мұрасын жан-жақты зерттеуге бағытталған тұтас жүйелік талдау принципі; ғалымның 
психологиялық көзқарастары мен ой-пікірлерінің қалыптасуы мен дамуын əлеуметтік-саяси
жағдаймен байланыстыра отырып қарайтын əлеуметтік-мəдени шарттану принципі; тұтастық 
пен нақтылықты талап ететін тарихилық принципі; детерминизм принципі, оған сəйкес 
психиканы оны тудыратын факторлармен шартталған себеп-салдарлық түсіндіру ; логикалық 
жəне тарихи бірлігі принципі жəне т.б.


165 
Біз үшін тарихи-психологиялық зерттеуде өзінің артықшылығын көрсеткен жүйелі 
тұғыр қолданылды, оған сəйкес ғалым мұрасы біртұтас жүйе ретінде қарастырылады (Б.Ф. 
Ломов, Ю.Н. Олейник) жəне пəндік-логикалық, əлеуметтік жəне тұлғалық деңгейде де 
талданады (Б.Г. Ананьев, Л.И. Анцыферова , В.В.Большакова, Е.А.Будилова, А.Н.Ждан, 
В.А.Кольцова, 
Б.Ф.Ломов, 
Т.Д.Марцинковская, 
А.В.Петровский, 
А.А.Смирнова, 
М.В.Соколов, Б.М.Теплов, М. Г. Ярошевский, Т. Тəжібаев, Қ.Б. Жарықбаев, Ж.Сейітнұр жəне 
т.б .). Психология тарихшыларының еңбектерінде психология тарихының əртүрлі аспектілері 
қарастырылады: психологиялық білімнің дамуының əлеуметтік-мəдени жағдайлары 
(А.Н.Ждан, В.А.Кольцова, Ю.Н.Олейник, т.б.), ғалымдардың ғылыми шығармашылығы ( 
В.В.Большакова). Біз мұның бəрін өз зерттеулерімізде ескереміз.
Біз жұмысымызда келесі зерттеу əдістерін пайдаландық: 
1. қалыптасқан қоғамдық-тарихи жағдайды ескере отырып, белгілі бір құбылыстың 
шығу тегін (бастауын) зерттеуді көздейтін тарихи-генетикалық əдісті; 
2. тарихи-функционалдық əдісті, соның арқасында əлеуметтік факторлардың ғылым 
дамуына əсері зерттеледі, бұл əдіс ғылыми идеяның тағдырын болжауға мүмкіндік береді; 
3) сабақтастықты зерттеуге мүмкіндік беретін салыстырмалы-тарихи əдісті; 
4) ғылыми идеялардың даму процесін ретроспективті қайта құру əдісі; 
5) ғалымның ғылыми еңбегін талдаудың өмірбаяндық, автобиографиялық (жеке 
өмірдерек), психобиографиялық əдістері; 
6) ғалымның өз мəтіндерінде келтірілген ой-пікірлерін жалпылау жəне жүйелеу 
7) мұрағаттық зерттеулер мен куəгерлермен сұхбат жəне т.б, 
Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ қайраткерлерінің отандық ғылыми 
психологиясының қалыптасуына қосқан үлесін зерттеудің адамгершілік-имандылық 
тұрғысынан да маңызы бар. Тарихи əділеттілікті қалпына келтірудің тағылымдық мəні аса зор. 
Бұл зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: диссертация материалдарын 
университеттердің психологиялық факультеттерінде, біліктілікті арттыру институттарында 
психология тарихы бойынша лекциялық курстарда пайдалануға болады. 
Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана насихатталып, арнайы конференциялар арналып, 
қалың көпшілікке есімі кеңінен таныла бастаған ғалым-психолог – Сəлкен Балаубаев. Бұл кісі 
жалпы республика бойынша, түрлі аймақтарда жоғары білім беру ісін ұйымдастырған, 
бірнеше кітапты қазақ тіліне аударған əрі аудармашы, əдеби қызметкер жəне қазақ ұлтынан 
психологиядан алғашқы ғылым кандидаты атағын алған ғалым. Сəлкен Балаубаев туралы 
біршама ақпараттар легін табуға болады, алайда бір арнаға жиылып, қалыпқа келтірілмеген. 
Əр жерден түрлі сарындағы мақалалар мен кітаптарды, аудармаларды кездестіруге болады. 
Ғалымның шығармашылық мұрасы бай, оның ішінде психология, педагогика салаларына 
арналып жазылған ауқымды еңбектері, журналистік қызметтегі мақалалары, біршама өлеңдері 
де бар.
Сəлкен Балаубаев (кейбір деректерде 1900, кейбірінде 1902 жылы) Қарағанды облысы 
Спаск зауытының маңында өмірге келген. Кейбір ғылыми дереккөздерге сүйенер болсақ, 
Сəлкен Балаубаевтың шын есімі «Мұхамедсалық» болса керек. Бұл жағдайды көпшілік 
зерттеушілер Шоқан мен Абай есімдерімен байланыстырып, ұқсастық тауып жатады.
Ол ең алғаш гуманитарлық пəндер бойынша 7 сыныптық білім алып, артынша Спасктегі 
қарапайым жұмысшы жастардың сауатын ашып, хат таныту мақсатында саяси-ағарту 
істерімен айналысады. Ғалымның алғашқы еңбек жолы осы кезеңде басталады. Мəдени-ағарту 
жұмыстары кезінде алдыңғы шепте тұрған болашақ ғалым, доцент С.Балаубаев пен жастар 
арасында көзі ашық, сауатты жас О.Беков болатын. Қарапайым ауыл балаларынан құралған 
топпен С.Сейфуллиннің «Бақыт жолы» деп аталатын пьесасын қояды. Сондағы мақсаты 
халыққа ой салу, мəдени істердің ұйымдастырушысы болу [1]. С.Балаубаевтың қалыптасу 
жолында үлкен рөл атқарған мемлекет қайраткері, қазіргі қазақ əдебиетінің негізін құрушы 
С.Сейфуллин болды. Өз ауылында жүріп С.Сейфуллиннің көмекшісі қызметін атқарады [2]. 
Жазушы С.Балаубаевты ғылым-білімге жетелеп, ары қарай дамуына ат салысады. 
Қызылжардағы «Бостандық туы» газетінде тілшілік қызмет атқарады. Бұл газеттің əр санын 


166 
Парижде жүрген Алаш қозғалысының төл перзенті Мұстафа Шоқай да алып отырады. Осы 
ықпалмен болашақ ғалым Ташкенттегі Орта Азия университетіне «Психология жəне 
педагогика» мамандығына оқуға түседі. Сабақпен қатар жұмыс істеп жүреді, елге қайтып 
оралған соң Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институына проректорлыққа 
тағайындалады.
С.Балаубаев шығармашылығындағы негізгі бағыт психология жəне педагогика болды. 
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары елімізде Жүсіпбек Аймауытовтың «Психологиясын» айтуға 
тыйым салған замандарда республикада училищеге арналған Қ. Б. Жарықбаевтың 
«Психология» кітабынан басқа оқу құралы болмаған еді. Осы себепті психология саласындағы 
ақпараттың аздығы мен кітап жетіспеушілігі айтарлықтай сезіледі. Осыдан кейін Білім Беру 
министрлігінің қолқалауымен С.Балаубаев 1966 жыылы А. Темірбековпен бірге жоғары оқу
орындарының студенттеріне арналған "Психология" оқулығын жазып шығады. Ғалым бар 
білімі мен тəжірибесін осы бір кітапқа жинақтайды. Кейіннен балалар мен жасөспірімдер 
психологиясын жете зерттеп, осы бағытта «Балалар психологиясы» кітабын жазады, артынан 
тəрбиелеу немесе оқыту барысында қиындық тудыратын балалардың қалыптасуы мен дамуы 
туралы толыққанды «Қиын балалар» деп аталатын кітабы жарық көреді. Ғалымның айтуы 
бойынша бала бойындағы проблемалардың пайда болуына тек қана биологиялық қана емес, 
сонымен қатар əлеуметтік факторлар да үлкен əсер етеді. Қиын балаларды классификациялау 
барысында екі топқа бөледі. Бірінші топқа биологиялық қорында ешқандай патология жоқ, 
яғни дені сау, ешбір өзгеріссіз, қалыпты дүниеге келген балалар. Тек уақыт өте келе қандай да 
бір қолайсыз жағдайға тап болу салдарынан дивиантты мінез-құлық көрсете бастайды. 
Айналасындағы адамдардың жаман жолға итермелеуі, нашар үлгі көрсету, отбасында болатын 
теріс факторлар психологиялық жағынан керісінше ықпал етеді. Мысалы, отбасында ата-
анасының арасындағы келіспеушіліктер, балаға жиі қол көтеру, аштық немесе қалаған 
нəрсесін алып бермеу, əрдайым кемсітушілік болса, ол мəселелер бала есейгенде де ешқайда 
жоқ болып кетпейді. Өмірлік ситуациялар туындағанда əрдайым деструктивті əрекет етеді, 
себебі бала кездегі жарақаттары адамның жадында сақталынып қалады [3]. Анасы бала үшін 
маңызды тұлға, егер дүниеге келе салып ана жылулығын көрмесе, сезінбесе, психологиялық 
ауытқуларға алып келуі мүмкін.
Қиын балалардың екінші тобына тумысынан патологиясы немесе қандай да бір «гендік» 
жетіспеушілігі, физиологиялық ауытқуы бар балаларды жатқызады. Бұл санаттағы балалар 
денсаулық жағдайына байланысты мінез-құлқындағы өзгерістерге ұшырайды жəне өзі сияқты 
деструктивті балаларды тартады. Бұл дегеніміз баланың тұлғалық тұтастығы мен қабылдауы 
бұзылады деген сөз. Ғалым С.Балаубаевтың айтуы бойынша қиын балаларды топқа 
жіктегенмен олардың нақты бір санатқа жататындарын кездестіру қиын, себебі отбасы 
жағдайы, ортасы немесе гендік ерекшеліктері де үлкен рөл атқарады.
Негізінен тұқым қуалаушылық, моральдық сананың қалыптасуы, қоғамдық ортада өзін-
өзі ұстай білуі баланың психологиялық жетілуіне ықпалын тигізеді. Баланың индивид ретінде 
қалыптасуы баланың өмірге келген отбасына, ал ол отбасының қайдай тапқа жататындығына 
да байланысты. Себебі, кейінгі мақсаттары мен есейген шағындағы қабылдайтын шешімдері 
бала кезінде көрген дүниелерінен бастау алады. Өзі өмірге келген тапты қабылдай алуы, 
армандарын жүзеге асырып, түрлі өмірлік ситуациялардан шығу жолын таба алуы да маңызды 
[3]. Ал анасының аяғы ауыр кезінде қандай да бір патологиялық факторлардың туындауы 
баланың жетілуін баяулатып, кейде биологиялық дамуын да бəсеңдетеді. Сəйкесінше «қиын 
баланың» қалыптасуының алғашқы факторлары көрініс табады.
С.Балаубаев балалар психологиясымен ғана емес, сонымен қатар жалпы психологияның 
белгілі бағыттары мен теорияларын да зерттеп, өзіндік анықтама берген. Ересек адамның 
психологиялық ерекшеліктерінің түп-тамырын табу үшін балалық шақтағы жағдайларын 
толыққанды ескеру қажет екендігін алға тартады, дей тұрғанмен мінез-құлқы мен бітістерін 
ескерген абзал екендігін де атап өтеді. «Жеке адамның» психологиялық ерекшеліктерін 
сипаттай отырып, адамның өзі құрған қиялындағы образдар мен идеалдар, əрекеті, мақсаты 
мен мотивтеріне де анықтама береді. Себебі, адамның түпкі мақсатын түсіну қиын, ол негізгі 


167 
де болмауы мүмкін, тек өз қиялынан шығарған образды реалды өмірге алып келген бейнесі де 
болып шығатын жағдайлар кездеседі. Өзі ойлап тапқан, мүлтіксіз деп есептейтін идеалының 
соңын, жалпы нəтижесін көру үшін қандай да бір іс-əрекет жасайды, яғни мотив бар. Адамның 
идеалы ақылымен ұштасып жатса ғана іске асуы мүмкін, ал оған дейінгісі Абай тілімен 
«əурешілік». Осы тұста бір нəрсеге деген мұқтаждық мотивті тудыратындығын айтады. 
Адамның өмірге келіп, тіршілік есігін ашқан сəттен бастап əрдайым бір нəрсеге деген 
мұқтаждығы болады. Бұл ситуацияға байланысты əртүрлі формада көрініс тауып жатады, 
алайда бір қажеттілік немесе мұқтаждық артынша келесі бір қажеттілікті тудырады, 
тұйықталған шеңбер іспеттес тоқтаусыз жүріп жататын адам өмірінің бір бөлігі. Ғалым 
С.Балаубаев «мұқтаждық» ұғымына анықтама берген кезде адамды ғана емес, барлық тірі 
организмді де қамтиды жəне түрлі табиғаттағы мысалдар арқылы түсіндіруге тырысады. Жем 
немесе шөп шашқан кезде тауықтың тұмсығының өз асын шоқуы – тұқым қуалайтын рефлекс, 
ал одан басқа тірі организмдер елеңдеу немесе сыбысқа тітіркену сияқты күйінде де өз 
мұқтаждықтарын көрсетіп жатады [4] . 
Жалпы психология тақырыптарында жазған кітаптары мен мақалаларында қазақ 
тіліндегі ақпараттың аз екендігін, ал бар материалдар мен еңбектерге сыни көзбен қарай 
отырып, ой елегінен өткізіп барып қолданған дұрыс екендігін айтады. [3] Əрбір тақырыптың 
мазмұнын аша алатындай аудармалар жасалса, психология, педагогика саласындағы қазақ 
тілді еңбектердің қатарын толықтырары сөзсіз еді. Сол себепті, қолда бар дүниелер мен 
мүмкіндіктерді ескере отырып, асығыс диагностика жүргізуге немесе диагноз қоюдың 
қажеттілігі жоқ екенінде атап өтеді.
Ғалым жəне доцент С.Балаубаев адамның əрекеті, қиыншылықты ығыстыру жəне жеңу, 
мінез-құлық, темперамент ерекшеліктері мен қиын балалар жəне оларды тəрбиелеу, жалпы 
педагогикалық негіздер сияқты көптеген ауқымды тақырыптарды зерттеген. С.Балаубаев 
қазіргі Өзбекстан жеріндегі М.Ұлықбек атындағы Ұлттық университет те білім алады жəне 
Ташкентте алғашқы еңбектерін жазуды бастайды. Ташкенттегі ОАМУ (САГУ) - дің жанында 
Педагогика жəне Психология Институты мамандарымен бірлесіп С. Балаубаев өзбек жəне 
қазақ балалары үшін Бине-Симон -тестілер топтамасын құрастырды [6 ]. "Советская 
психотехника" журналына талқылау, пікірсайыс ретінде жарияланған тете автор С. 
Балаубаевтың мақаласында тестің мазмұны əр елдің саяси-экономикалық, мəдени 
жағдайларын, сол елдің ана тілі мен ұлттық форма мен образда болуы тиістілігін негіздейді 
[7]. Ғалымның бірнеше оқу құралдары Ташкентте қазақ тілінде жарық көреді. Сол себепті 
көптеген мақалалары мен психология, педология бағытында жазылған тың еңбектерін 
Ташкенттегі мұрағаттардан табуға болады. Қазақстанға толықтай келіп, жиыстырылған жоқ. 
Бір өкініштісі «халық жауы» деген желеумен 1938 жылы ақпанда ұсталынып кетеді. Осыдан 
кейін 18 жылға сотталып, айдауда болып, тек 1953 жылы шығады. Кейіннен бірнеше жылдан 
кейін қайта ақталып, барлық ғылыми атақтары қайтарылып беріледі. Арада болған үзілістерге 
қарамастан ғылым жолында еңбек етуін жалғастырады. Өзі қызмет еткен университетте 
аспирантура ашыла салысымен бірнеше аспирантқа жетекшілік етеді. Соның ішінде 
алғашқылардың бірі болып З.Ақмедин мен Б.Хамзин кандидаттық диссертацияларын сəтті 
қорғап шығады [5]. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып психология саласында оқу 
құралдарын жазып, журнал басып шығарған, кандидаттық қорғатқан да С.Балаубаев еді. 
«Психология» кітабында «Ақыл өрісі – кісінің өте маңызды сипаты» деп анықтама берген, 
осыдан барып білімділік пен біліктілікті бағалағандығын көруге болады. Ғалымның шəкірті 
əрі ҚарМУ профессоры Ə.Н.Тельғарин С.Балаубаевтың өткізген сабақтарын қызықты əрі 
тартымды деп айтуының да себебі осы болар. Одан бөлек жылда өткізілетін С.Балаубаев 
оқуларындағы материалдар мен шəкірттерінің естеліктері де жоғарыдағы сөздерге куə 
болатындай. 
Қорыта келе айтарым, С.Балаубаевтай тұлғаның Қазақстанда енді қалыптасып жатқан 
психология ғылымына сіңірген еңбегі ерен еді. Жан-жақты ізденіс пен талмас қажыр-
қайраттың арқасында көптеген жетістіктерге жетті. Қуғын-сүргінге ұшырап, шамамен он сегіз 
жыл бойына ғылымнан қол үзгенімен, қарайып қалған жоқ. Араға 1-2 жыл салып, еңбек жолын 


168 
қайта жалғастырды. Қазіргі зерттеушілерді қынжылтып отырғаны ғалымның еңбектерінің 
біршамасы жоғалып кеткен. Түрлі мұрағаттар мен университет кітапханаларында, жақын 
туыстарының қолында қалғандарын жинақтап біріктіру қажет. Себебі, Қазақстан тарихындағы 
алғашқы ғылым кандидаты атағын алған бірден бір тұлға – С.Балаубаев. Ерен еңбегі ғылым 
кандидаттығынан бөлек, докторлық алуға жететіндей еді. Психология жəне педология 
салаларындағы жетістіктерін, еңбектерін еске алу мақсатында жыл сайын «С.Балаубаев 
оқулары» өткізіледі. Ал 2020 жылы біртуар ғалым С.Балаубаевтың 120 жылдығы мен 
С.М.Джакуповтың 70 жылдығына орай Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік 
университетінде Республикалық ғылыми-практикалық конференция біріктіріліп өткен 
болатын. Конференция нəтижесінде білім алушыларға «Əлеуметтік жəне педагогикалық 
ғылымдар» бағытында материалдар жинақталып, С.Балаубаевтың өмір жолы, еңбектері 
турасында біршама мақалалар жарық көрді, себебі С.Балаубаевтай психолог ғалым бар 
екендігін көпшілік білуге тиіс.
Əдебиет 
1. С.Сейфуллин туралы есте қалғандары: «Бақыт жолы». С.Балаубаев, Жұлдыз-1964, №5. 62-64 б.
2. «Сəкен ағамен кездескенде». С.Балаубаев, Орталық Қазақстан, 1973, 26 май. 
3. «Нравственное воспитание личности: вопросы казахстанской педагогической теории, истории и 
практики» уч.пособие. Алматы, 1999. 99-121 б. 
4. «Қазақтың тəлімдік ойларының антологиясы» 6 том. С.Қалиев, К.Аюбай, Алматы 2009. 190-195 б. 
5. «Психологиядан алғашқы ғылым кандидаты атағын алған ғалым (С.Балаубаевтың туғанына 120 
жыл)» Р.С.Каренов, Ғылыми Хабаршы, 2020. №1, 160-165 б. 
6. Балаубаев, С. Метод Бине-Симона, приспособленный к исследованию умственного развития 
казакских детей // Методы изучения ребенка Средней Азии. I. Сборник статей Института Педагогики и 
Психологии САГУ с предисловием Т. Барановой. Ташкент: Издательство Средне-азиатского государственного 
университета, 1930. Труды Средне-азиатского государственного университета. Серия I-c. Психология, вып. 3, с. 
91. 
7. Баранова Т., Балаубаев С., Голяховская А., Рахматуллина С. Вопросы конструирования 
национального теста. // Советская психотехника, 1933 -№1. С. 47-55. 
8. Ясницкий А. [Yasnitsky, A.] Сталинская модель науки: история и современность российской 
психологии [Stalin model of science: The history and the state of the art of contemporary Russian psychology] // Доклад 
на конференции "Ананьевские чтения - 2015: Фундаментальные проблемы психологии". С.-Петербург, 20-22 
октября 2015. // PEM: Psychology. Medicine. - 2015. - № 3-4; С. 407-422. 
9. Ясницкий А., Завершнева Е. Об архетипе советской психологии как научной дисциплины и 
социальной практики // Новое литературное обозрение. 2009. № 100. C. 334-355; 
10. Ясницкий А. Дисциплинарное становление русской психологии первой половины ХХ века // Науки о 
человеке: история дисциплин / под ред. А.Н. Дмитриева и И.М. Савельевой. М.: Издательский дом НИУ ВШЭ, 
2015. С. 299-329. 
11. Ярошевский М.Г. История психологии от античности до середины XX века. Учеб. пособие. — М. , 
1996. — 416 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет