Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет166/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

 
 
 


386 
Усербаева А.Н. 
(Қазақстан Республикасы, Атырау қ.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) 
 
ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ 
 
Елімізде салауатты өмір салтына қол жеткізуде, басты байлығымыз денсаулықты сақтау 
мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі – балалардың құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа 
қарсы профилактикалық жұмыс жүргізу, түйінін шешу. Зорлық-зомбылықты физикалық 
қасірет көрсету əрекеті деп анықтайтын болсақ, тұрмыстық зомбылықта осы əрекеттің 
бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – Отбасы, яғни зорлық-зомбылық 
көрсетуші мен оның құрбаны өкінішке орай бір-біріне ең жақын адамдар болып келеді. 
Зомбылықтың құрбаны – жұбайлар мен балалар. Жалпы отбасындағы зорлық-зомбылық 
мəселесі əлем бойынша белең алып келе жатырған күрделі мəселелердің бірі. Зорлық-
зомбылықтың салдарынан балаларға физикалық жəне психологиялық тұрғыда 
денсаулықтарына зиян келеді, жан-жақты дамуына кері əсерін тигізеді, тұлға болып жетілу 
процесінде қиындықтар, яғни айтқанда балада комплекстер пайда болады.
Өкінішке орай, Қазақстанда əрбір екінші неке ажырасумен аяқталып отыр. Соңғы 
статистикаларға сүйенетін болсақ, жолдары екіге айырылған жандардың 83%-ының ортақ 
балалары бар. Елімізде зорлық зомбылықтың құрбандарының ішінен жылына кем дегенде 400 
əйел адам өз өмірімен қош айтысты [1]. Зорлық-зомбылықтың алдын-алу шараларын қатаң 
түрде күшейтпейтін болсақ, бұл сандардың көбеймесе азаятын түрі жоқ. Əйелдер мен 
балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, сонымен қатар бағытталған 
профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде Бұқаралық ақпарат көздерін қолданып, 
үгіттеушілік жұмыстарын өткізу аса қажет. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші 
бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тəни жəне психикалық ықпал 
жасауы» делінген [2]. Адамның өмірі мен денсаулығына қасақана қауіпті əдіс қолданылып 
жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына 
сайкес жауаптылықпен қатаң түрде жазалануы керек. Қазақ халқының «Əйел адамға рухы 
əлсіз ер адам ғана қол көтереді» деген дана сөзі бар. Алайда, өкінішке орай осы дана сөздер 
кейбір ер адамдарға жат сыңайлы [3]. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, 
ең алдымен балаға отбасы, ошақ қасының берер тəрбиеснің əсері мол. Тəрбиенің қайнар көзі 
– отбасы, ата-ананың берген тəрбиесі дұрыс болмаса, қоғамдағы ортасы кері əсерін тигізетін 
болса, бала уақыт өте келе қазіргі қоғамдағы мəселе туғызушы, бір сөзбен айтқанда 
«абьюзерге» біртіндеп айналады. Яғни осындай типтегі адамдарды біз – қоғам өз қолымызбен 
жасап жатқандаймыз.
Ал енді зорлық-зомбылықтың түріне терең үңілетін болсақ, отбасындағы зорлық-
зомбылықтың негізгі себептері көп. Мəселен, “агрессордың», «абьюзердің» отбасы мүше-
леріне жұмсайтын өзінің эмоциясы мен агрессиясын басқаруға құлықсыздығы немесе 
қабілетсіздігі. Сондай-ақ отбасындағы қақтығыстарды бейбіт шеше алмауы немесе шешкісі 
келмеуі, яғни жеке сезімдеріне ерік беріп, бір-біріне иілгісі келмеуі, эгоизмдікке беріліп, 
ақыры соңында жанжалмен аяқталуы. Жоғарыда айтқандай, кейінгі 5 жылда отбасылық-
тұрмыстық құқықбұзушылық тұрақты түрде өсіп келеді .
Криминологиялық зерттеулерге сүйенсек, зорлық-зомбылық жасағаннан лəззат алатын 
агрессорлар бар. Мұндайда агрессорларға отбасы мүшелері “оңай олжа”. Өйткені агрессор 
олардың ешқайда кетпейтінін жəне оған төзетінін біледі. Мысалы, кішкентай балалар өз 
бетімен қайда кете алады?! Бұндай агрессорлар отбасы мүшелеріне қол көтеру үшін кез келген 
сылтауды іздейді: əйелім сұрағыма дұрыс жауап бермеді, кешкі асты дұрыс дайындамады, кеш 
оралды, т.с.с. Жоғарыда айтып өткенімдей, агрессорлардың басым бөлігі - бала күнінен дұрыс 
тəрбие алмаған, кішкене кезінде психологиялық тұрғыда жарақат (травма) алған адамдардан 
шығады [4].
Зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады. Ол үшін:


387 
- үйдегі жанжалдарды бейбіт шешу; 
- саналы ата-ана болу; 
- ашуланшақтық пен эмоцияны басқаруға психологиялық көмек көрсету арқылы 
құқықтық тəрбиелеу арқылы; 
- жазаның неғұрлым тиімді шараларын енгізіп, агрессорға тұрмыстық зорлық-зомбылық 
жасағанда жауапқа тартылатынын түсіндіре отырып, қатаң түрде жазалау; 
- құрбанмен де, агрессормен де психологиялық түрде жеке түзету жұмыстарын жүргізу. 
Кейбір агрессорлар белгілі бір кезеңде ашушаң болады. Көктем, күз мезгілдеріне қарай 
агрессия күшейе түседі. Бұл мəселені арнайы зерттеу керек, себебі бұл психологиялық ауытқу 
болуы əбден мүмкін. Сол себепті агрессияның түп тамырын зерттеген абзал. Егер айтқандай 
психологиялық ауытқу болатын болса, арнайы мамандарға жүгініп, емдеуге болады. Ал егер 
есірткі, алкоголь салдарынан туындаған агрессия болса, оны тəуелділіктен айықтырудан 
басталуы керек. Бəріне бірдей қарап, бір алгоритммен емдеуге болмайды. Агрессияның да 
əртүрлі себебі болады, агрессия танытатын адам - психологтың көмегіне мұқтаж адам. Біздің 
қоғамда агрессорлармен жұмыс жасау мəдениеті қалыптаспаған. Емдейтін арнайы орталықтар 
жоқ, сондықтан агрессиямен күрес əлсіз болғандықтан, салдары үлкен қылмысқа алып келіп 
жатады.
Жалпы айтқанда, қазіргі заманғы отбасы көптеген қолайсыз дағдарысты басынан кешіп 
отыр. Нақтырақ айтсақ, ер адам мен əйел адам арасындағы байланыс заңды түрде бекітуді 
мұқтаж етеді. Ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынастардың үйреншікті қалпы 
бұзылуда: отбасы ұғымы өз тұрақтылығынан айырылды, ажырасу ерекше фактіден қалыптыға 
айналды, ата-аналардың ықпалы əлсіреді. Туысқандар арасындағы даулар жиілеп, қылмыстық 
сипатта (ұрып-соғудан - кісі өлтіруге дейін) орын алуда. 
Ата-анаға, қарттарға деген құрметтің бастапқы түп қазығы жоғалуда, мүмкін моральдық 
жəне этикалық құндылықтардың дағдарысы өскелең ұрпақтың тəрбиелілігінің деңгейіне 
əсерін тигізгендіктен шығар. Сондықтан қазіргі жас ұрпақтың жағдайын «қаңбақ» синдромы 
ретінде қарастыруға болады. Өскелең ұрпақ қаңбақ секілді белгілі бір құндылықтардан 
алшақтап, жаңа нысандағы «əке мен бала» қарым-қатынастарына жете қоймады. Өйткені 
олардың ата-аналарының өзі қоғам өмірінің қазіргі болмысы аясындағы адамгершілік-
этикалық көзқарасын анықтай алмай отыр. 
Ұлы Абайдың «Қара сөздерінде» (бірінші сөз) айтып кеткен жағдайды еске алатын 
болсақ: «Бағар едім, қалайша бағудың мəнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге 
қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын 
тыныштықпенен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, 
не бол деп бағам...?» [5]. Біз əлі де тура жол таба алмай келеміз, адасу үстіндеміз... 
Əдебиет 
1. Tengrinews.kz ақпараттық порталы. 
2. Зорлық-зомбылық құқығы (Зорлық — Уикипедия (wikipedia.org)) 
3. «Білім айнасы» газеті. 
4. «Egemen Qazaqstan» газеті, 16 қараша 2020 ж. 
5. Абайдың қара сөздері (бірінші сөзі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет