2 параграф. Ғимараттарды, құрылыстар мен копірлерді
салу кезіндегі жұмыстар
220. Нөлдік циклдегі жұмыстарды жүргізу кезінде ғимараттар мен құрылыстардың жобалық діңін жердің жоғарғы қабатына ауыстырады; олармен қиылысатын жер асты коммуникациялар діңін тармақтандырады; қада белгілердің биіктік белгілерін анықтайды; қазан шұңқырдың тереңдігін бақылайды; іргетас тұғырығының тіктігін; сондай-ақ іргетастың көлемі мен қалпын; қорама қалып пен бекіту (анкерлік) ойықтарын орнатудың дұрыстығын тексереді.
221. Ғимарат қаңқасының бағанасын жиналатын болат және темірбетон құрылымдардан іргетас тақтасының үстіне және одан тыс бағананың діңіне қосарлас орнату алдында монтаждық тор салады. Монтаждық тор жақтарының арасының арақашықтығы 5 мм артық ерекшеленуге жол берілмейді. Бағананы монтаждағаннан кейін олардың орналасу дұрыстығын тексереді, өзгеріс бойынша бағандардың арасындағы жобалық және нақты арақашықтықты көрсете отырып кесте құрылады.
Бағаналарды орнату кезіндегі рұқсат етілген ауытқулар 30-қосымшада көрсетілген.
222. Мұнаралық копер қаңқасын тексеруді (31-қосымша) теодолиттермен немесе тігінен көретін аспаптармен жүргізеді; желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 м болған кезде тіктеуіштермен жүргізуге рұқсат етіледі. Бағана ярусын монтаждағаннан кейін оқпанның осьіне қосарлас салынған тік проекция түрінде бағаналар қатарының сызбасын жасайды. Сызбаларда әр бағананың жобалық ережеден ауытқуларын және ярустардың биіктік белгілері көрсетіледі.
Қаңқаны бастапқы қабаттан көтеру көлеміне қарай барлық монтаждық қабаттарда бөлу діңін қарастырады және олардың биіктік белгілерін береді.
223. Мұнаралық коперларды тұтас құймалық темірбетоннан салу (31-қосымша) кезінде жылжымалы қорама қалыптағы жылжымалы қорама қалыптың іргетас тақтасында дұрыс жиналғандығын тексереді, қорама қалыптың жай-күйін биіктігі бойынша және жалпы мұнараны салу кезінде тексереді; тұрақты қорама қалыптардың діңін қабатаралық жабындыларды, бункерлер мен машиналық залды орналастыру үшін шығарады, іргетастарды технологиялық жабдықтармен түсіруді және копердің шөгуін бақылауды жүргізеді.
Мұнаралық типті коперлердың геометриялық элементтерінің 30-қосымшада көрсетілген көлемнен артық ауытқуларына рұқсат етілмейді.
224. Жылжымалы қорама қалыптың жай-күйін мұнараны салу процессінде қорама қалыптың жылжуына байланысты әр 4 м сайын тексереді. Қорама қалыптың жылжуын мұнараның қабаттық қима сызбасында немесе копердің қабырға бетінде көрсетеді.
225. Копер мұнарасының қабырғасын ауытқыған шкивтердің және машиналық залдың қабатына дейін көтергеннен кейін осы әр қабаттың монтаждық діңін белгілейді және металл қапсырмадағы бедермен бекітеді; берерлер арасындағы екі рет өлшегендегі айырмашылық 30 мм аспайды, ал тік бұрыштан (көтергіш машинаның) машиналық біліктің негізгі діңдері арасындағы ауытқу – 2'. Монтаждық қабаттарда реперлер салынады. Екі тәуелсіз анықтамадағы бір репердің биіктік белгісінің айырмашылығы 20 мм аспайды.
226. Мұнаралық коперлер іргетасының шөгуін геометриялық тегістеумен анықтайды; шөгуді анықтау кезінде рұқсат етілген қате жіберушілік құмда және саз балшықта салынатын коперлер үшін - 2 мм, үйілген, шөгетін және басқа да қатты нығыздалатын топырақтарда салынған коперлер үшін – 5 мм аспайды.
Шөгуді анықтау алдында топырақтық немесе қабырғалық реперлер салынады. Шөгу маркаларын іргетастың шығыңқы бөлігінің бұрыштарынан бекітеді; оларды айына бір рет тегістейді (нивелирлейді). Егер үш өлшеу циклі бойы шөгудің көлемі өлшеудің нақты берілген шегі шамасында болса, оны бақылау тоқтатылады.Әр бақылау циклінің деректері бойынша іргетастың орта шөгуі мен қисаюын есептеп шығарады.
227. Тіреуішті коперлерді монтаждау кезінде копер астындағы жақтау мен іргетастың діңін тіреуішке сәйкес бөледі, шкив асты алаңының, коперлік шкивтер мен төккіш қиғаштардың монтаждық діңін шығарады.
228. Копер астындағы жақтау осьінің жобалық ережеден ауытқуын: метал коперлер үшін тік жазықтықта 5 мм, ағаш коперлер үшін 20 мм; қосарлас жазықтықта 30 мм аспауы қамтамасыз етіледі. Мұнда жақтау бұрыштарының биіктік белгісінің әртүрлілігі: металл коперлер үшін 5 мм, ағаш коперлер үшін 20 мм артық болмайды. Тексеру нәтижесінде ауытқулары көрсетілген копер астындағы жақтауды орнатудың орындау кестесін жасайды.
229. Шкив асты алаң мен тіреуіштің тік байланыстарында оқпан діңінің жобалық жай-күйін белгілейді.
Коперді бекіту тек оқпан діңдерін көтерілген копердің шкив асты алаңына жылжытқаннан және шкив асты алаңынан жылжытылған және жобалық діңдерінің жай-күйін салыстырғаннан кейін рұқсат етіледі. Шкив асты алаңдары діңдерінің жобалық ережеден ауытқуы: көтергіш діңіне перпендикуляр бағытта 25 мм; көтергіш діңіне қосарлас бағытта 50 мм аспайды.
Коперлік буындарды жүйелі түрде арттыру арқылы монтаждау кезінде әр монтаждық буынды орнатудың дұрыстығын тексереді.
230. Оқпан мен көтергіш діңдерін оқпаннан 40-100 м қашықтықта орналасқан копердің шкив асты алаңына діңдік бекеттерінен теодолитпен жеткізеді. Теодолиттің екі орналасуынан анықталған діңдері арасының арақашықтығы 15 мм аспайды.
231. Коперлік шкивтердің дұрыс орнатылғандығын тіреуіш пен копер негізі толығымен бекітілгеннен кейін тексереді. Шкивтің доңғал қырынан бөлу діңіне (көтергіш діңіне) дейінгі қашықтық жобалық қашықтықтан 10 мм артық ерекшеленуіне жол берілмейді.
Коперлік шкив білігінің тіктігін тексеруді біліктік ұштарының қателігі 1 мм аспайтын тегістеу (нивелирлеу) арқылы жүргізіледі.
232. Төккіш қиғаштарын монтаждау үшін олардың қондырғылары қабаттарына бөлу діңдері мен биіктік белгілерін шығарады. Жобалық ереже және биіктіктен өткізгіштердің қатысынан төккіш қиғаштардың бас тартуына 10 мм артық жол берілмейді.
3-параграф. Көтергіш машиналардың дұрыс
орнатылуын тексеру
233. Көтергіш машинаның ғимаратын салу кезінде көтеру және машинаның басты білігі діңдерінің бағыттарын бекітеді. Діңдік қапсырмаларды көтергіш машинасын монтаждау кезінде және бақылау өлшемдер жасау үшін пайдалануға болатындай деңгейде машиналық залдың жоғарғы бөлігіне бекітеді.
Негізгі біліктің дирекциялық бұрыш діңінің мағынасы жобалық мағынадан 2' артық ерекшеленбейді; бекітілген діңдер арасындағы бұрыш тік бұрыштан 1' артық ерекшеленуіне рұқсат етілмейді; оқпан ортасынан басты біліктің діңіне дейінгі қашықтық жобалық қашықтықтан 100 мм артық болмайды; басты білік діңі мен қабырға бағытындағы көтергіш діңінің қиылысу нүктесінің 50 мм артық орнынан жылжуына рұқсат етілмейді.
234. Көтергіш машинаны орнату алдында ірге тастың көлемі мен қалпын, анкерлік болттар астында орналасқан ойықтарды тексереді. Тексеру қорытындыларын актімен рәсімдейді.
Бір арқанды көтергіш машинасын орнатқаннан кейін басты біліктің жай-күйін тік және көлденең жазығы бойынша тексереді. Білік діңі ұштарының бөлу діңіне қатысты ауытқуының 1 мм артық болуына рұқсат етілмейді. Көтергіш машинаның басты білігін көлденең жазықта салуды тегістеу арқылы тексереді; шектен шығу анықталған кезде білік мойыны диаметрлерінің ықтимал теңсіздігін ескереді. Білік діңі еңісінің бұрышы 2'' аспайды. Біліктің орны биіктігі бойынша жобалық биіктіктен 100 мм аспайды.
235. Бір арқанды көтергіш қондырғыны монтаждау аяқталған кезде, оны пайдалану кезінде: көтергіш машина білігі діңінің еңіс бұрышын; барабандар мен коперлік шкивтердегі көтергіш арқандардың девиациялық бұрыштарын; басты көтергіш арқандардың тігінен ауытқу бұрышын; копердің тіктігін (32, 33-қосымшалар) анықтайды.
236. Көп арқанды көтергіш машиналарды орнату үшін мұнаралық коперді салу кезінде машина залында бекітілген монтаждық діңдерді пайдаланады (223 тармақ). Ауытқитын шкивтердің бөлу діңін көтергіш машинаның осьіне қатысты табады; діңдерін табу кезіндегі қателік - 10 мм аспайды.
237. Көп арқанды машиналарды орнатқаннан кейін басты біліктің, жүргізуші және ауытқитын шкивтердің қалпын бөлу діңіне байланысты өлшеп тексереді. Бөлу діңінен білік діңіне, сондай-ақ жүргізуші және ауытқитын шкивтердің жазықтығына дейін өлшенген қашықтық жобалықтан 10 мм артық ерекшеленбейді.
238. Көп арқанды көтергіш қондырғыны монтаждау аяқталған кезде, сондай-ақ оны пайдалану процессінде: басты білік пен ауытқитын шкивтер білігі діңінің еңіс бұрыштарын; жүргізуші және ауытқитын шкивтердегі аралық арқандар жүйесі діңінің девиация бұрыштарын; басты арқандар жүйесі діңдерінің тіктен ауытқу бұрыштарын; жүргізуші және ауытқитын шкивтердегі басты көтергіш арқандар девиациясының бұрыштарын анықтайды (34-қосымша).
13-тарау. Тік шахталық оқпандарды салу кезіндегі жұмыстар
1-параграф. Жалпы ережелер
239. Шахталық оқпандарды салу кезінде тік бағытты ұстанады, қима көлемін, бекітпе салудың тіктігін және әбзелдеу монтажын бақылайды, оқпан мен технологиялық жабдықтың қағаздық түсірмесін жасайды.
240. Монолитті бетоннан, темір бетоннан және тюбингтік бекітпеден жасалған шахталық оқпандардағы бекітпе қабырғаларының шекті ауытқулары 30-қосымшада көрсетілген.
Оқпан діңінің жобалықтан жалпы ауытқу көлемі (50+0,15Н) мм аспайды, мұнда Н – оқпанның м тереңдігі болып табылады.
241. Атпаның шектес қабаттары арасындағы аралық бағыттауыштың түзуліктен шекті ауытқуы: металл өткізгіштер үшін 10 мм, ағаш өткізгіштер үшін – 20 мм құрайды; қазық енінің жобалықтан ауытқуы металл өткізгіштер үшін 8 мм, ағаш өткізгіштер үшін – 10 мм аспайды.
242. Оқпанда маркшейдерлік өлшемдер жасау кезінде копердегі, шкив және жер астында жүргізілетін барлық құрылыс және монтаж жұмыстары тоқтатылады.
2-параграф. Оқпанды қазу кезіндегі жұмыстар
243. Уақытша салынатын ғимараттар мен құрылыстарды жер бетінің діңіне шығаруды жару торы бекеттерінен немесе оқпан діңінен, ал қазатын жабдықты орнату мен монтаждауды тек оқпанның діңдік бекеттерінен жүргізеді.
244. Қазатын шығырларды орнатуға мынадай талаптар қойылады: қазатын шығырдың жақтау діңінің көтеру діңінен рұқсат етілген ауытқуы 50 мм құрайды; жақтау бұрыштарының биіктігі бір-бірінен 15 мм және жобалық биіктігінен – 0,3 м артық ерекшеленбейді; қазу шығыры діңінің бөлу діңінен ауытқуы 10' артық болмайды, білік діңінің бір ұшының екінші ұшынан асуы білік ұзындығынан 0,001 аспайды. Шығыр жақтауының дұрыс орнатылуын оны бетонмен құйғанға дейін және кейін тексереді.
Оқпанды қазуға қолданылатын тұрақты және жылжымалы көтергіш машиналарды 233-238 тармақтарда мазмұндалған талаптарды сақтай отырып орнатады.
245. Өткізгіш копердің шкив асты алаңы жазығының доңғалағындағы ауытқу жобалық қалыптан, 220 – 232 тармақтарда көрсетілген көлемнен аспайды.
246. Жер жақтау діңінің жобалық қалыптан ауытқуы 15 мм, ал жақтаудың биіктігі бойының жобалық қалыптан ауытқуы – 50 мм, жүк түсіретін станок тірегінің биіктік нүктесінің айырмашылығы 5 мм аспайды.
247. Оқпанды қазуды бастар алдында қазу коперінің орнын, (қазбаның қосарлы кестесі кезінде) сақтандырғыш щиттің қалпын, қорама қалыпты оқпанға орнатқаннан кейінгі негізгі өлшемдерін, қазу тіктеуіштерінің аспа нүктелерін бөлуді тексереді. Тексеруді шығатын есіктің аузына бекітілген оқпан осьіне қатысты жүргізеді. Қазу процессінде тау-кен жұмыстарының көлемін есептеу, жыныстардың орындары мен түсу көлемдерін және бос жерлерді толтыруды анықтау, жылжымалы қорам қалыптардың жай-күйін, оқпан қимасының өлшемдері мен бекітпе қабырғасының тіктігін бақылау үшін өлшемдер жасайды, қада белгінің тау-кен орындарындағы оқпан жанына іргелес оқпан бекітпесіне бекітеді және олардың биіктік белгілерін анықтайды, оқпан жанындағы тау-кен орындарымен іргелестігін топтастыруды жүргізеді, оқпанда орнатылатын жабдықтар үшін ойықтар, шахталық оқпан мен шахта үстіне салынған ғимараттардың формаларын өзгертулеріне бақылау жасайды.
248. Қазу тіктеуіштерін тұрақты бекітпеден кемінде 200 мм қашықтықта орнату ұсынылады. Орталық тіктеуішті жапқыштар арасына, ал бүйірлік тіктеуіштерді жапқыш пен бекітпе қабырғасы арасына еркін орналастырылады.
249. Оқпанда жүргізілетін өлшемдерді қазу журналына енгізеді. Қазу журналын арнау мен оны толтырудың негізгі талаптары 35-қосымшада көрсетілген.
250. Жылжымалы қорама қалыптың, жыныстық және бекітілген оқпан қабырғаларын маркшейдер әр 3-4 қазу циклі сайын қашықтықты орталық тіктеуіштен 45° арқылы сегіз бағыт бойынша өлшейді, есептеуді сантиметрге дейін жүргізеді.
251. Оқпан қабырғасының кескінді пішіндерін қазбаны жедел тексеру кезінде маркшейдер жасаған өлшемдер бойынша жасайды; өлшемдердің қадамдары 8 м аспайды. Егер кескінді пішін салу үшін өлшемдер жеткіліксіз болса, қабырлардың кескінді пішінін түсіруді қазуды аяқтағаннан кейін жүргізеді. Өлшемдер арасындағы аралықты әбзелдеу қадамдарына немесе қорама қалыптың биіктігіне тең есептейді. Тіктеуіштерден оқпан қабырғаларына дейінгі қашықты сантиметрге дейін есептеп өлшейді.
Егер атпалардың ұштарын тюбингтердің мықты жазық қабырғаларына бекітсе тіктеуіштердің саны мен орнын атпалардың ұштары бекітілген орындардағы тюбинг элементтерінің қалпын анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
252. Кесілген ағаш бекітпені салу кезінде тіреуіш тәжді орнатудың дұрыстығын бұрыштық тіктеуіш және диагоналдарын өлшеу бойынша тексереді. Тіктеуіштен бекітпе тәжіне дейінгі қашықтық жобада қарастырылғаннан 15 мм артық, ал тәж бұрыштары арасындағы қашықтық диагоналы бойынша – 50 мм артық ерекшеленбейді.
253. Іргелестіктерді бөлу:
1) оқпан жанындағы тау-кен орындарына дейінгі іргелестікті 10-20 м бөлу үшін оқпанның бекітпесіне қада белгі қояды және биіктік белгісін береді.
Оқпан жанындағы тау-кен орындарының бағытын оқпанның мойынына немесе нөлдік жақтауға бекітілген, діңдік сызықтан төмен түсірілген тіктеуіштер бойынша жасайды;
2) оқпан жанындағы тау-кен орындарын іргелестікті бөлу үшін берілген бағыты бойынша жүргізуді 20 м қашықтықта жүргізуге рұқсат етіледі. Оқпан жанындағы тау-кен орындарын ары қарай қазу үшін жер асты маркшейдерлік тіреуіш желілерінің бекеттерін анықтайды және қада белгілерді салады;
3) қондырғыларды монтаждау алдында тиеуіш камераға жобалық белгіге төңкеру жақтауын орнату үшін қада белгілер салады және рельстік жолдардың діңін шығарады. Төңкеру барабан рельстері бастиектерінің жазық және тік жазықтықтардағы кіру жолдарына қатысты ауытқулары 5 мм – ден аспайды.
254. Мұздатылатын ұңғымаларды бұрғылау кезіндегі жұмыстар:
1) жасанды мұздатылған жынысты оқпандарды қазу кезінде: мұздатылатын ұңғымалардың аузын бөлуді, бұрғылау жабдықтарының геометриялық элементтерінің қатынасын және ұңғыма кондукторлерінің тіктігін тексеруді, мұздатылатын ұңғымаларды түсіруді, мұз жынысты қоршаудың қабаттық жоспарларын жасауды жүргізеді;
2) мұздатылатын ұңғымалардың аузын бөлуді ортасы мен салынатын оқпан діңінен бастайды. Әр ұңғыма аузының жай-күйін анықтаудағы қателіктер 50 мм аспайды. Ұңғымалардың орны олардың нөмірлерін көрсету арқылы белгіленеді;
3) бұрғылау қондырғысын монтаждау алдында бұрғылау мұнарасы платформасының бағыттағыш рельстерінің жазықтығын әр 1 м сайын тегістеу арқылы тексереді; олардың биіктіктері бір-бірінен 10 мм аспайды.
Бұрғылау қондырғысы платформасының бұрыштық нүктелері биіктігінің әртүрлілігі 5 мм аспайды. Роторды ұңғыма аузының үстіне орталықтандырудағы кетелік 10 мм, ротор үстелінің діңдік нүктелері биіктігінің әртүрлілігі – 2 мм, ал жүргізуші құбырлар мен кондуктор діңінің тік қалыптан – құбыр ұзындығынан – 0,001 ауытқымайды.
Ұңғыма кондукторларының тіктігін проекциометрмен, тігінен көретін оптикалық аспаппен немесе тіктеуішпен тексереді;
4) мұздатылатын ұңғымаларды түсіруді зениттік бұрыштардың орта квадраттық қателігі 3' дирекциялы бұрыштардың - 5° аспайтын инклинометрмен жүргізеді. Мұздатылатын ұңғымалардың тік проекциялық діңдері бойынша мұз жынысты қоршаудың қабаттық жоспарын жасайды.
255. Оқпанды бұрғылау қондырғыларымен қазу кезіндегі жұмыстар:
1) шахталық оқпанды бұрғылап қазу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстарға: бұрғылау қондырғысының геометриялық элементтерінің қатынасын тексеру, оның ірге тасының шөгуі мен бұрғылау мұнарасының қисаюын анықтау, оқпан осьінің тіктігі мен оның жынысты қабырғаларын қағазға түсіруді бақылау жатады;
2) бұрғылау бағанасының жүргізуші құбырының діңі, ротордың ортасы мен форшахтаның ортасы бір тіктеуіш сызықта болуы керек; ротор үстелінің жазықтығы мен жылжымалы платформалардың рельстік жолдары көлденең болады.
Жүргізуші құбырдың, ротор мен форшахтаның жарамдылығын сақтауды тексеруді өзара перпендикуляр діңдерде орналасқан бекеттерден теодолиттермен жүргізеді. Ротор ортасының форшахта ортасына қатысты ауытқуының 20 мм артық болуына рұқсат етілмейді. Жүргізуші құбырдың тіктен ауытқуы оның ұзындығынан 0,001 артық; ротор үстелі жазықтығының көлденең қалыптан ауытқуы – үстел диаметрінен 0,002 артық бола алмайды. Жылжымалы платформа астындағы рельстік жолдар бастиегінің биіктігін әр 1 м сайын тегістеу (нивелирлеу) арқылы анықтайды, биіктіктің әртүрлілігі 5 мм аспайды;
3) бұрғылау қондырғысының шөгуін бақылауға арналған қада белгілерді бұрғылау шығыры мен бұрғылау мұнарасының ірге тасына, сондай-ақ форшахтаның бекітпесіне салады. Қисаюды анықтау үшін кронблокты арқалыққа көлденең шкалалы маркаларды бекітеді;
4) оқпанның тіктігін бұрғылау снаряды ортасының орны бойынша анықтайды; өлшеуді проекциометрмен жасайды, оқпан ортасын анықтау кезіндегі шекті рұқсат етілген қателік 100 мм құрайды (36-қосымша). Кенжардың биіктігі бойынша орнын бұрғылау снаряды мен бұрғылау бағанасы құбырының жалпы ұзындығы бойынша анықтайды;
5) көлденең қималардың және оқпанның жыныстық қабырғаларының көлемі мен пішінін дыбысты локациялық түсірумен анықтау ұсынылады, локатордың өлшеуіш снарядымен оқпан қабырғасы арасындағы қашықтықты анықтау кезіндегі қателік қашықтықтан 0,02, ал қималардың немесе профильдердің бағыттық қателігі 3° артық болуына рұқсат етілмейді.
3-параграф. Әбзелдеуді монтаждау кезіндегі жұмыстар
256. Әбзелдеу үшін оқпанды қайта жабдықтау кезінде қосымша шығырлар мен бағыттағыш шкивтердің діңін бөледі. Шығырларды бекіткеннен кейін көтергіш арқандар девиациясының бұрыштарын, сондай-ақ оқпан діңдерінің арқан діңдеріне қатысты орнын анықтайды. Уақытша көтергіш ыдыстардың көтергіш арқандар діңінің жобалық ережесінен 30 мм артық ауытқуына рұқсат етілмейді.
257. Бақылау ярусының атпаларын салуды оның мойнына бекітілген діңдік қапсырмалармен бекітілген оқпанның діңіне байланысты тексереді. Әр атпаның бойлық және көлденең қалпын деңгейі мен екі тіктеуіш арқылы тексереді.
258. Әбзелдеу тіктеуіштерін бекіту нүктелерін атпалардың ярустағы орнына және әбзелдеуді монтаждаудың қабылданған технологиялық үлгісіне байланысты оқпан қимасында белгілейді (37-қосымша). Тіктеуіштерден атпаға және бағыттаушының бүйірлік қырына дейінгі шекті қашықтығы 200 мм құрайды. Тіктеуіштердің оқпан діңіне қатысты орны мен тіктеуіштер арасындағы қашықтықтар қима сызбасында көрсетіледі. Әбзелдеуді монтаждауға қажетті жұмыс өлшемінің сызбаларын жасайды.
Бақылау ярусының атпаларына әбзелдеу тіктеуіштерін бекіткеннен кейін тіктеуіштердің түйісу нүктесінің нақты орны мен олардың арасындағы қашықтықты анықтайды. Оқпан діңінің бағыты бойынша тіктеуіштер орындарының ауытқуы 2 мм артық, ал тіктеуіштер арасындағы қашықтығы бойынша – 3 мм артық болмайды.
259. Оқпанды өрлеу үлгісі бойынша әбзелдеу кезінде екінші бақылау ярусын бекітілген тіктеуіштерге немесе жоғары ярустан түсірілген проекциометрлік тросқа байланысты оқпанның зумпфтік бөлігіне орнатады. Тіктеуіштердің төменгі жағын бекітілген арқалықтарда орнатылған кронштейндер арқылы өткізеді. Тіктеуіштерді нақты бекіту алдында олардың орнын түзеткеннен кейінгі араларындағы қашықтықтың жоғарыдағы тиісті қашықтықтан кемінде 5 мм артық ерекшеленуіне рұқсат етілмейді.
260. Монтаждық құрамның артынан тіктеуіштерді түсірген кезде тербелістерді шектеуіштерді тіктеуіштердің қалыпты орнын анықтағаннан және бақылау ярусындағы тіктеуіштер арасындағы тиісті қашықтықтан кемінде 5 мм артық болмайтын олардың арасындағы арақашықтық өлшегеннен кейін орнатады.
261. Әбзелдеуді маркшейдерлік бақылауды кемінде әр үш-төрт атпа ярусынан кейін жүргізеді. Бақылауға атпалардың шектес ярустары арасындағы қашықтықты, атпалар мен бағыттаушылардың әбзелдеу тіктеуіштері мен атпалар осьінің көлденеңдігіне байланысты орнын тексеру кіреді.
Орнату қабаты мен бақылау ярусындағы тіктеуіштерден атпаларға (бағыттауыштарға) дейінгі қашықтық металлды әбзелдеу кезінде – 5 мм және ағаш әбзелдеуде – 10 мм артық рұқсат етілмейді.
Атпа ярустары арасындағы қашықтықтың жобалықтан ауытқуы: метал бағыттағыштарды ілу кезінде -15 мм артық, ағаш бағыттағыштарда – 50 мм артық болуына рұқсат етілмейді.
Атпалар биіктігінің тіреуішке бекіту жеріндегі әртүрлілігі оның ұзындығынан 0,005 артық болуына рұқсат етілмейді.
262. Әбзелдеуді монтаждағаннан және көтергіш ыдыстарды ілгеннен кейін, сондай-ақ тіреуішті, әбзелдеуді жөндегеннен немесе көтергіш ыдыстарды ауыстырғаннан кейін пайдалану кезінде көтергіш ыдыстардың шекті шығып тұрған бөліктері мен атпалардың әр ярусындағы оқпан тіреуіші арасындағы қашықтық тексеріледі.
263. Бағыттағыштың жақсызымдық түсірмесін тік бекітілген сымдарға (арқандарға) байланысты немесе басқа да тәсілдер бойынша өлшенетін автоматты аппаратурамен жүргізеді.
Жақсызымдық түсірмемен бағыттағыш аралықтарының тігінен атпалардың шектес ярустары арасынан ауытқуын және бағыттағыштар колінің жалпақтығын анықтайды.
Бағыттағыш аралықтарының тіктен ауытқу қателігі 5 мм, ал бағыттағыш колінің жалпақтығы – 3 мм артық болмайды.
Тіктеуіштің қалыпты жағдайын анықтау уақытында жүктер мен сымды ауа ағынының тікелей әсер етуінен оқшаулайды. Жердің бетінде және шахтада өлшеніп бекітілген сымдар арасындағы қашықтық 5 мм артық ерекшеленбейді.
Тереңдігі 400 м көп оқпандарда тік бекітілген сымдарды тербелістерді шектегіштерге шамамен әр 200 м сайын бекітеді.
Сымнан бағыттағыштың жұмыс шегінен дейінгі қашықтық пен бағыттағыштар колінің жалпақтығын милиметрге дейін есептеп атпаның әр ярусында өлшейді.
264. Шахталық оқпан қабырғаларының орнын қатты бағыттауыштың жақсызымдық түсірмесінің қорытындылары мен қауіпсіздік саңылауларының өлшемдері немесе оқпан қабырғаларының жақсызымдық түсірмелерінің нәтижелері бойынша анықтайды.
265. Арқандық әбзелдеуді монтаждау кезінде бөлу діңдерін монтаждау қабаттарына шығарады; арқандық және қосалқы бағыттағыштар орындарының, сондай-ақ көтергіш ыдыстардың бағыттағыш қондырғыларының дұрыстығын тексереді.
266. Копер жабындысына (аспа қабында) тіркемелік құрылыстарды орнату және керілмелі жақтауды зумпфқа (бекіту қабатына) монтаждау үшін әр қабатта монтаждық діңін шығарады.
Діңдік рисоктар қалпының екі анықтамадан айырмашылығы аспа қабатта 20 мм және бекіту қабатында 50 мм аспайды.
267. Арқанды бағыттағыштарды ілгеннен кейін олардың аспа және бекіту қабаттарындағы орындарының дұрыстығын тексереді. Арқандар діңдері мен бөлу діңдері арасындағы қашықтықтың жобалықтан 7 мм артық болуына рұқсат етілмейді. Арқанды бағыттағыштардың бекіту үлгісін копер жабындысы мен керілме жақтауда жасайды.
268. Монтаж аяқталғаннан кейін, сондай-ақ арқанды әбзелдеудің көтергіш жабдықтарын пайдалану кезінде: көтергіш ыдыстардың бағыттағыш құрылғылар колінің жалпақтығын, аспа және бекіту қабаттарындағы арқанды бағыттағыштар колінің жалпақтығын, көп арқанды көтергіш машинасы діңіне немесе шкив астындағы алаң діңіне байланысты аспа арқандарының қалыпты нүктелерін, қосалқы бағыттағыштардың және қопару арқандарының бағыттағыштарға байланысты орындарын, бағыттағыш арқандар жүйесінің тік діңінен ауытқуын анықтайды.
Рұқсат етілген ауытқулар:
көп арқанды машиналар діңдері (бір арқанды көтеру алаңының шкив асты діңдері немесе) мен арқанды бағыттағыштардың аспа нүктелері арасындағы қашықтықтың жобадан ауытқуы - 30 мм;
арқанды бағыттағыштар мен көтергіш ыдыстардың бағыттағыш құрылғылар колінің жалпақтығының жобадан ауытқуы - 10 мм;
қосалқы бағыттағыш дің мен жақын орналасқан бағыттағыш арқандар діңдерінің арасындағы жазықтықтағы атпаларға қосарлас және перпендикуляр қашықтықтардың жобадан ауытқуы - 20 мм;
қопарғыш және бағыттағыш арқандар діңдерінің арасындағы қашықтықтың жобадан ауытқуы - 20 мм;
бағыттағыш арқандар жүйесінің тік діңінен - бағыттағыштың ұзындығынан 0,0001 құрайды.
Арқанды әбзелдеу элементтерінің геометриялық қатынасын тексеру 38-қосымшада көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |