4-параграф. Шахта оқпандарын үңгілеу кезіндегі жұмыстар
269. Оқпанды жоғарыдан төменге қарай жыныс астында толығымен немесе сақтандырғыш құраммен үңгілеу кезінде үңгіленетін жерге оқпанның ортасы мен діңін апарады. Екі анықтаманың нәтижелері арасындағы айырмашылықтардың: орта бағытында 20 мм, дің бағытында 5' артық болуына рұқсат етілмейді.
270. Жынысты үңгілеу қабатына шығаратын үңгілеу үшін жұмыс жүргізілетін қабаттағы оқпанның ортасы мен діңін анықтайды; жұмыс жүргізіліп жатқан қабатты тереңдетілетін қабатпен байланыстыратын тік немесе еңіс тау-кен орындары арқылы тереңдетілген қабатқа бағыт көрсетеді; оқпанның ортасы мен діңін кен діңгегі астына шығарады және бекітеді.
Оқпанды тереңдету кезінде бағытты анықтау үшін өлшемдерді нәтижесіне қарамастан екі рет жасайды. Оқпан қимасының координат ортасын анықтаудың әртүрлілігі: жұмыс жүргізілетін жер үшін 20 мм, тереңдетілетін жер үшін 70 мм аспайды.
271. Оқпанның іске қосылған жерімен қиылысатын қазбамен бір уақытта оқпанның тереңдетілетін бөлігін әбзелдеу кезінде атпаның 4-5 ярустарын тек оқпаның іркелісінен кейін орнатады. Сондай-ақ, тиісті атпалардың тік жазықтықтағының бір-біріне байланысты ауытқуы металлды әбзелдеу кезінде 10 мм және ағаш әбзелдеу кезінде 20 мм аспайды.
272. Оқпанды төменнен жоғарыға қарай қазу кезінде көлденең қималар өлшемдерінің дұрыстығын және оқпанның өткен бөлігінің тіктігін тексеру үшін қазу бөлігінен төмен баспалдақ және қауға бөлімшелерінде қапсырмамен бекітілген екі қазба тіктеуішін пайдаланады.
Забойдың орнын тексеру кезінде қазу тіктеуіштерінің үстіне забойға тікелей бекітілетін уақытша сымдық тіктеуіштерді ортаға дәл келтіреді. Оқпанның тіктігін забой жылжыған кезде әр 3 м сайын, ал қазу тіктеуіштерінің қапсырмаларын ауыстыруды - әр 10 м сайын тексереді.
14-тарау. Тік және еңіс тау-кен орындарын
қазу кезіндегі жұмыстар
1-параграф. Бағыттарды белгілеу
273. Тік және еңіс тау-кен орындарына бағытты бұрылыс бұрыштары мен жобалық құжаттарда көрсетілген рельсті жолдардың еңістері бойынша тіреу және қағаздық түсірме желілерінен дің бойымен белгілейді.
274. Тік жазықтықтағы бағыттарды тіктеуіштермен, лазерлік көрсеткіштің сәулесімен немесе басқа да аспаптармен және тәсілдермен белгілейді. Бұрылыс бұрыштары мен бақылау бұрыштарын өлшеудің нақтылығы шешілетін есептердің талаптарымен анықталады; бұрыштың бұрынғы және бақылау мәндері арасындағы айырма 1,5' аспайды.
Бағытты бекіткеннен кейін тіктеуіштердің жармасын тексереді және бақылау бұрышын өлшейді.
275. Бағыттағыш тіктеуіштердің саны кемінде үшеу болады. Тіктеуіштер арасындағы қашықтық: сымдар үшін 2-3 м, сәулелер үшін – кемінде 10 м болады.
Лазерлік сәулені тік бағыт бойынша аспаптан шеткі тіктеуішке дейін кемінде 25 м сәуле ұзындығы 300 м және аспаптан 50-100 м сәуле ұзындығы 300-500 м қашықтықта 3-4 бақылау тіктеуіштерінен орнатады.
Тау-кен орындарына бағытты көрсету үшін тасты жыныстарда сымды тіктеуіштермен бағытты арнайы бұрғыланған шпурларда бекітілген екі маркшейдерлік ортамен белгілеуге рұқсат етіледі.
276. Тау-кен орындарының тік сызықты учаскелеріне бағытты көрсететін тіктеуіштерді немесе аспаптарды шекті жою, түбінен есептегенде: сымды тіктеуіштерде – 40 м, сәулелі тіктеуіштер – 80 м, лазерлік көрсеткіштер – 500 м құрайды.
277. Тік жазықтағы бағытты осьтік, бүйірлік қада белгімен немесе лазерлік көрсеткіштің сәулесімен белгілейді. Бүйірлік қада белгілерді тау-кен орындарының қарама-қарсы қабырғаларында жұптап орындалады; ұзындығы 10-15 м қазу учаскесінде кемінде екі жұп бүйірлік қада белгілер немесе бір-бірінен 2-5 м қашықтықта үш діңдік қада белгілер орнатылады. Қада белгілерді кенжарға әр 40 м, ал лазерлік көрсеткішті – 500 м жиі емес қашықтыққа ауыстырады.
278. Қуатты тұрақты конвейерлермен жабдықталатын қазбаларды жүргізу кезінде бағытты жер асты полигонометриялық бағыт бекетінен бастап белгілейді. Бүйірлік тау-кен орындарының қағаздық түсірмесін берілген бағыттан әр 10 м жиі емес қашықтықта жүргізеді. Конвейердің тік сызықтығын бақылау әдісі 39- қосымшада келтірілген.
2-параграф. Ұшырасқан кенжармен тау-кен орындарын
қазу кезіндегі жұмыстар
279. Ұшырасқан кенжармен тау-кен орындарын қазуды қамтамасыз ету үшін тау-кен кәсіпорынның бас инженері бекітетін маркшейдерлік жұмыс жүргізу жобасын әзірлейді. Жобада негізгі бағыттар бойынша кенжарлардың шекті ауытқу шамасы талаптарының негіздемелері, кенжарлардың тұтасу нақтылығын алдын ала бағалау, маркшейдерлік жұмыстарды орындаудың әдісін сипаттау қарастырылады. Кенжарлардың тұтасу нақтылығын алдын ала бағалау мысалы 40-қосымшада көрсетілген.
Тұтасудың (қима пештердің, көтерілетін, желдетілетін тау-кен орындарының) жоғары нақтылығын талап етпейтін тау-кен орындарын ұштасқан кенжарлармен қазуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар алдын ала арнайы есептеусіз жүргізіледі.
280. Егер тұтасудың есептелген күтілетін қателігі шекті бекітілгеннен аса жұмыстың ең нақты әдістері мен маркшейдерлік (мысалға, гирожақты анықтау, сызықтарды жарықпен алыстан өлшеу) құралдарды қолдана жүйелілікпен есептеуді қайталау, ал қажет болған жағдайда тұтасудың жалпы күтілетін қателігінің шамасын негізінен анықтайтын жұмыс түрлерін бақылау көлемі арттырылады.
281. Ұшырасқан кенжармен қазу жұмыстарын жүргізу кезінде барлық өлшемдерді әдетте екі рет әртүрлі орындаушылар жасайды.
Қазу бағыттарын белгілеуге арналған полигонометриялық бағыттардың (кемінде үш) соңғы бекеттерін тұрақты ортамен бекітеді. Бақылау бағыттарын кенжардың жылжуына қарай әр 300 м жиі емес қашықтықта салады. Қазудың соңғы бағытын ақырғы бекеттердің координаты бойынша, кенжар арасындағы қашықтық 50 м, ал конвейерлік қазу – 150 м құрған кезде анықтайды.
282. Кенжарлар арасындағы қашықтық 20-30 м құрған кезде бас маркшейдер жазбаша түрде бұл туралы кәсіпорынның техникалық басшысы мен қазуды жүргізетін учаскелердің бастықтарын хабарлап отырады.
Қиын тау-кен техникалық жағдайларда қазу іркілісіне дейінгі қашықтық туралы қайта алдын алудың қажеттілігін тау-кен кәсіпорынының техникалық басшысы бекітеді.
283. Қазуды жылжыту, сондай-ақ белгіленген немесе жалғастырылған аспаптық бағыт жоспарда соңғы тіктеуіштен кенжарға дейінгі қашықтықты көрсете отырып суреттеледі. Кенжарлар тұтасқаннан кейін алынған ауытқуды өлшейді, бағытты аяқтайды және түйіспеушіліктерді есептейді. Түйістірме нәтижесі туралы деректер үйлестіруді есептеу журналына енгізіледі.
6-бөлім. Құжаттама
15-тарау. Жалпы ережелер
284. Ұйым осы Нұсқаумен қарастырылған міндетті түрде өлшемдер журналдарынан, есептеу және графикалық құжаттардан тұратын маркшейдерлік құжаттар болады.
285. Маркшейдерлік құжаттамалар ұйымның маркшейдерлік бөлімінде сақталады. Құжаттарды сақтау мерзімі (41-қосымшада) көрсетілген. Ұйым тоқтаған және жойылған кезде үнемі сақталатын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамалары тәртібімен бекітілген сақтауға беріледі.
286. Өлшемдер журналдарын, есептеу және графикалық құжаттарды тау-кен кәсіпорнының бас маркшейдері, ал қауіпті аймақ көлемі мен жанында тау-кен жұмыстарын жүргізу және жауапты тау-кен орындарының іркілісі кезінде – жұмыстар аяқталғаннан кейін бірден тексереді.
287. Құжаттардың толықтығын, дұрыстығы мен сақталуын, оның дер кезінде дайындалуын немесе толықтырылуын ұйымның техникалық басшысы қамтамасыз етеді.
288. Өзінің маңыздылығын жойған құжаттама құрамында ұйымның техникалық басшысы, бас маркшейдер және бас геологы бар комиссияның актісі жасалып, үнемі жойылып тұрады.
16-тарау. Өлшемдер журналы және есептеу құжаттары
289. Өлшемдер журналы мен есептеу құжаттарын ұйымда жүргізілетін барлық маркшейдерлік жұмыстардың түрі бойынша толтырады. Журналдардың жобалық тізбесі 42-қосымшада көрсетілген.
290. Типтік үлгідегі атқарылатын жұмыстың түріне сәйкес журналдарды пайдалану ұсынылады. Жұмыстың негізгі түрлері бойынша өлшемдер журналдарының типтік үлгілері 11, 22, 27-қосымшаларда; ал есептеу журналдарының үлгісі 26, 25, 28-қосымшаларда көрсетілген. Есептеулерді журналға түптелген арнайы есептеу қағазында жүргізуге рұқсат етіледі.
Әр журналға нөмір беріледі. Оның соңғы парағында нөмірленген парақтардың жалпы саны жазбаша түрде көрсетіліп, ұйымның бас маркшейдерінің қолымен рәсімделеді.
291. Өлшемдер журналындағы жазбалар анық болады. Қате нәтижелер сызылып, қайта жаңа жолға жазылады. Өлшемдер журналында сыртқы жобаның қағаздық түсірмесін немесе өлшемдердің үлгісін жазады, өлшенген көлемдердің орта мәнін есептеп шығарады, өлшемдердің орны мен күнін, орындаушының аты-жөнін, өлшеу құралының түрі мен нөмірін көрсетеді. Өңделетін жағдайларда журналындағы өлшемдерді «екінші рет» тексереді. Бұл туралы жазба жасалынады.
Өлшемдер журналында тау-кен орындарын жоспарға енгізу туралы жазбалар жазылады.
292. Өлшемдер журналында негізгі деректер мен өлшемдер нәтижелері алынған журналдарға (құжаттарға) сілтеме жасау ұсынылады. Негізгі деректердің жазбасы «екінші рет» тексеріледі. Ішкі бақылау жүргізілмеген өлшемдерді сондай-ақ «екінші рет» тексереді.
Жазбаны сиямен немесе тушьпен анық жазумен толтырады. Қате өлшемдерді қызыл түсті сиямен немесе тушьпен сызып, орындаушының қолымен дұрыс өлшемдер жазылған орынды көрсетеді.
293. Өлшемдер құжаттарына жұмысты орындаушының қолы қойылады және ұйымның бас маркшейдерімен тексеріледі. Бұл туралы тиісті жазба жасалынады.
17-тарау. Есептерді компьютерде жасау кезінде
құжаттарды толтыру
294. Бағдарлама бойынша есептеу кезінде құжаттарды толтыруға мыналар кіреді:
1) кіріс құжаттарын толтыру, олардың толтырылуын бақылау;
2) тапсырмаларды компьютерде шешу кезінде табылған негізгі деректердегі қателерді түзету;
3) шығыс құжаттарын рәсімдеу және бақылау. Бағдарламаларға қойылатын жалпы талаптар 43-қосымшада мазмұндалған.
295. Кіріс құжаттарын толтыру кезінде компьютерде тапсырмаларды шешу жөніндегі нұсқауларда көрсетілген деректерді, ережелерді басшылыққа алады. Құжаттарды сиямен немесе тушьпен анық жазумен толтырған жөн.
Егер есептеу бағдарламасымен арнайы кіріс құжаттар ретінде бар журналдарды, ведомостерді, тізімдемелерді пайдалану қарастырылған болса, арнайы кіріс құжаттары болмауы мүмкін.
296. Кіріс құжаттарының толтырылуын бақылауды оларды кезекті өңдеуге бергенге дейін жүргізеді.
Бақылау тәсілдерінің бірі ұсынылады: екінші орындаушының құжаттарды толтыруын тексеру; деректерді дайындаудың екі нұсқасын салыстыра отырып құжаттарды қайта толтыру.
Қателерді түзету кезінде бөлек цифрлар мен әріптерді жоюға және олардың дұрыс мәнін жазуға рұқсат етіледі. Бөлек қате жазылған сандар мен сөздерді сызып, олардан жоғары жерге дұрыс мәнін жазу ұсынылады.
297. Негізгі деректердегі қателерді компьютерде тапқан кезде оларға компьютерде тапсырмаларды шешу жөніндегі нұсқауда келтірілген ұсыныстарды қолдана отырып түзетулер енгізіледі. Кіріс құжатына түзетуді қызыл түсті сиямен немесе тушьпен жасайды.
298. Компьютерде тапсырманы шешу нәтижелері бар шығыс құжаттарын алу кезінде тапсырманы шешу жөніндегі нұсқаулармен қарастырылған бақылауларды жүргізеді. Шығыс құжаттары екі данада алынады. Құжаттардың екі данасының және кіріс және шығыс құжаттарындағы тапсырманың негізгі деректерінің толық сәйкестігін міндетті түрде салыстырады.
299. Тексерілген шығыс құжаттары журналға түптеледі. Бірінші титулдық парақ, содан кейін құжаттың мазмұны мен парақтары тігіледі. Алғашқы үлгіні шығыс құжаттарының арнайы бөлінген жерлерінде немесе сол форматтың бөлек беттерінде сызады. Компьютерде шешілетін тапсырмалардың әр түрі бойынша журналдың екі данасы толтырылады, Оның біреуі алғашқы үлгісіз болуы мүмкін. Сирек орындалатын тапсырмалар үшін екі дана шығыс құжаты әзірленетін бір журнал толтыруға рұқсат етіледі.
300. Шығыс құжаттарының журналдары құжаттардың түсу көлеміне байланысты журнал соңына формат бойынша салынады және бұрынғы парақтардың шетіне жапсырылады; парақтарды нөмірлейді және тиісінше мазмұнын толтырады. Жинақ 50 – 60 параққа толған кезде оны толықтыруды тоқтатып, журнал түптеуге ұсынылады.
Титулдық парақтың төменгі жағында қолданылатын бағдарламаның сипаты мазмұндалған құжаттың атауын көрсетеді.
301. Шығыс құжаттарын журналдарға қосқаннан кейін тапсырманы орындауға арнайы дайындалған кіріс құжаттарын жоюға болады.
302. Микрокалькуляторларда есептеген кезде журналға тек одан әрі есептеуге қажетті аралық нәтижелерді ғана жазу ұсынылады. Бағдарламалы басқарылатын микрокалькуляторларды тексеруді тапсырмаларды шешу бағдарламаларына қоса берілетін бақылау мысалды шешу арқылы жүзеге асыру ұсынылады.
18-тарау. Тау-кен графикалық маркшейдерлік құжаттама
1-параграф. Негізгі ережелер
303. Міндетті түрдегі маркшейдерлік графикалық құжаттамаға тау-кен кәсіпорнының өндірістік-шаруашылық қызметі аумағының бедері мен жағдайын сипаттайтын жер бетінің жоспары, кен орнының геологиялық құрылысын, кен орнын ашуды, дайындауды және өңдеуді сипаттайтын тау-кен орындарының жоспарлары мен басқа сызбалар жатады. («Сызба» терминіне карталар, жоспарлар, тік және көлденең қималар, тік жазықтықтағы жобалар мен кеңістіктік жобалар).
304. Маркшейдерлік құжаттардың сызбалары бастапқы және туынды болып бөлінеді.
Бастапқыға осы нұсқаудың талаптарына сәйкес келетін объектілердің қағаздық түсірмесін нақты және толық бейнелейтін жер бетінің жоспары мен тау-кен орындарының сызбалары (түпнұсқалары, көшірмелері, жұмыс жоспарлары) жатады.
Бастапқы сызбаларды жасау үшін олардың қағаздық түсірмесін пайдаланады. Егер қағаздық түсірме жасау (мысалы, тау-кен орындарының кенеттен үйіндімен жабылған немесе оқшауланған жағдай) мүмкін болмаса, сұрастыру негізінде тау-кен орындарының бастапқы сызбасын жасауға рұқсат етіледі. Бұл туралы сызбаға тиісті жазбалар жазылады.
Қандай да бір сызба жоғалған жағдайда ол қағаздық түсірме материалдары немесе бар графикалық материалдар бойынша қайта әзірленеді.
Туынды сызбаларға бастапқы сызбалардың қажет болған жағдайда арнайы мазмұнмен толықтырылған және кәсіпорынның, ұйымның ағымдағы тапсырмаларын шешуге арналған көшірмелері мен баспа машинасы арқылы жасалған көшірмелері жатады.
305. Бастапқы графикалық құжаттарды қатты немесе жұмсақ негізге және формасын өзгертпейтін тұнық синтетикалық материалдарға жапсырылған жоғары сапалы сызба қағаздарында дайындайды.
Синтетикалық сызба материалдарының сипаттамасы мен оларға бастапқы сызбаларды сызуға қойылатын талаптар 44-қосымшада көрсетілген.
Туынды сызбаларды тұнық синтетикалық материалдарда, таза қағаз калькаға, жарыққа әсерлі оң диазотипті қағазға және қағаздық жарыққа әсерлі диазотипті калькаға салу ұсынылады.
306. Тау-кен орындарының бастапқы жоспарын төрт бұрыш жол-жол қылып сызылған планшеттерде жасайды.
Карьерлердің бастапқы жоспарларын, сондай-ақ жер асты тау-кен орындарының жоспарларын шахталық алаңның көлемі кемінде 1 км2 болған жағдайда ыңғайлы көлемдегі парақта жақтауға байланысты тор координатына еркін бағдар жасай отырып жасауға рұқсат етіледі.
307. Маркшейдерлік графикалық құжаттаманы қолданыстағы талаптарға сәйкес әзірлейді және сызады. Автоматты құрылыс сызбасын пайдаланып графикалық құжаттарды әзірлеу кезінде математикалық қамтамасыз етумен қарастырылған шрифттерді қолдануға рұқсат етіледі.
308. Жер асты тау-кен орындарының бастапқы сызбаларын айына бір реттен жиі емес аралықта толықтырады. Толықтыруларды қаламмен енгізуге рұқсат етіледі; объектілердің суреттерін тушьпен салуды жер асты полигонометриялық бағытты салу көлеміне қарай жылына екі реттен жиі емес аралықта жүзеге асырады.
Жер асты тау-кен орындарының кескінін су басқан және газдалған тау-кен орындарының қауіпті аймағының шекарасы шегінде және жанында жүргізілетін тосқауылдық және сақтандырғыш кен діңгегін жұмыс жоспарларында қағаздық түсірме аяқталғаннан кейін тәулік ішінде тушпен бекітеді.
309. Жер бетінің бастапқы жоспарларында уақытша объектілерді тушьпен бекітпеуге болады; егер нақты кескін үшін деректер жеткіліксіз болса, тау-кен орындарының жоспарларында орын элементтері жобамен анықталған геологиялық бұзылуларды және қабаттардың изогипстерін тушьпен бекітпейді.
2-параграф. Міндетті тау-кен графикалық маркшейдерлік құжаттардың тізбесі
310. Тау-кен кәсіпорнының жер бетінің міндетті сызбаларының тізбесі 5-кестеде көрсетілген.
311. Тау-кен кәсіпорнының тау-кен орындарының міндетті сызбаларының тізбесі 6-кестеде көрсетілген.
3-параграф. Маркшейдерлік графикалық құжаттар
сызбаларының мазмұны
312. Жер бетінің жоспарларында (5-кесте, 1.1 – 1.4 сызбалары) қолданыстағы «1:5000, 1:2000, 1:1000 және 1:500 масштабтарындағы топографиялық жоспарларға арналған шартты белгілермен» қарастырылған объектілер салынады. Тау-кен кәсіпорындарына тән объектілерді: тау-кен жыныстары мен пайдалы қазбалар қыртысының жер бетіне шығуын; кен иеліктері мен тау-кен кәсіпорыны жер учаскелерінің шекараларын; жер бетіне шығатын тау-кен орындарының аузы мен оның қасындағы құрылыстарын жоспарларда суреттейді.
313. Пайдалы қазбалардың қоймасына бөлінген жер беті учаскесінің жоспарларында (5-кесте, 1.5 сызба) қағазға түсіру желісі бекеттерінің нөмірлері мен биіктіктерін көрсете отырып, бедерлерді; қабылдау, бөлу және тиеу құрылғыларын суреттейді.
314. Маркшейдерлік геодезиялық тірек торабы бекеттерінің орналасу жоспарын (5-кесте, 2.1 сызба) жер беті жоспарының көшірмесі негізінде жасайды. Онда маркшейдерлік геодезиялық тірек торабы мен топтастыру тораптарының бекеттері, ұзақ мерзімге бекітілетін түсірме торабының бекеттері, бастапқы бағыт, өлшенген табан, өзара көрінгіштік бағыттары суреттеледі. Жоспарда шартты белгілермен тораптардың санаты мен разряды, сондай-ақ сырттық белгілер мен бекеттер орталықтарының түрлері көрсетіледі.
315. Бөлу торабының бекеттері мен шахталық оқпанның діңдік бекеттерінің орналасу жоспарында (5-кесте, 2.2. сызба) оқпан діңдері мен діңдік бекеттерді маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптары бекеттеріне байланыстыра көрсетеді, ғимараттар мен құрылыстардың негізгі діңдерін оқпан діңіне байланыстыра кескіндейді; бөлу (салу) торабының негізгі және қосымша бекеттерін, ғимараттар мен құрылыстардың негізгі діңдеріне бекітілген бекеттер, маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптарының бекеттері арасындағы өзара көріністік қашықтығы мен бағыты;
5-кесте
Таңба
көрсет
кіші
|
Топтар мен сызбалардың
атауы
|
Масштаб
(көрсетілгеннің біреуі)
|
1
|
2
|
3
|
1
1.1
1.2
1.3
1.4
1.5
1.6
1.7
1.8
1.9
2
2.1
2.2
2.3
3
3.1
3.2
|
Бедер мен жер бетіндегі жағдайды сипаттайтын сызбалар
Тау-кен кәсіпорнының өндірістік-шаруашылық қызметі аумағының жер бетінің жоспары
Жер бетінің салынған бөлігінің жоспары (қалалар, кенттер)
Өнеркәсіп алаңының жоспары
Жыныстық үйінділердің жоспары (шахталар, кен шығаратын жерлер үшін)
Пайдалы қазбалар қоймасына бөлінген жер беті учаскесінің жоспары
Аршу жыныстарының сыртқы үйінділерінің жоспары
Суүйінділерінің, қойыртпа және қалдықтар қоймаларының жоспары
Тау-кен өңдеу жұмыстарымен бұзылған жерлерді реттеу учаскелерінің жоспары
Жер бетінің түсірме планшеттерінің орналасу картограммасы
Тау-кен кәсіпорнының маркшейдерлік геодезиялық тірек және түсірме тораптары бекеттерімен қамтамасыз етілгендігін сипаттайтын сызбалар
Маркшейдерлік тірек тораптары бекеттерінің жер бетінде орналасу жоспары
Шахталық оқпандардың осьтік бекеттерінің бөлу тораптары бекеттерінің орналасу жоспары(құрылыс ұйымы үшін)
Қада белгілер орталары мен тірек тораптар бекеттері құрылғысының сыртқы жобасы мен кестесі
Тау-кен кәсіпорнының сызбасы
Тау-кен кәсіпорны жер учаскесінің жоспары
Тау-кен кәсіпорнының тау-кендік жоспары мен олардың қималары
|
1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10 000
1:1000; 1:2000
1:500; 1:1000;
1:1000; 1:2000;1:5000
1:200; 1:500; 1:1000
1:2000; 1:5000
1:2000; 1:5000
1:2000; 1:5000
Регламенттелмейді
Регламенттелмейді
сондай-ақ
сондай-ақ
жоспар масштабында 1.1
сондай-ақ
|
Ескерту.
1. Егер бір немесе бірнеше жоспарлар 1.2 - 1.8 масштабы бойынша 1.1 жоспармен сәйкес келсе, онда мұндай жоспарларды бөлек жасамайды.
2. Жер бетінде әртүрлі мақсаттағы ұңғымалар аузының айтарлықтай саны болғандықтан 1.1 жоспарында оларды суреттемей, бөлек ұңғымалардың орналасу жоспарын жасауға рұқсат етіледі.
3. Егер табиғи үйінділер 1.3. жоспарында суреттелген болса, 1.4 жоспарын жасамайды. Көп аумақты алатын құнарсыз немесе кондициондық емес пайдалы қазбалар үйінділерінің 1.4 жоспарларын 1:2000 немесе 1:5000 масштабында жасайды.
6-кесте
Таңба
көрсет
кіші
|
Сызбалардың атауы
|
Масштаб
(көрсетілгеннің біреуі)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Кен орнын ашуды, дайындау мен өңдеуді сипаттайтын тау-кен орындарының сызбалары
|
|
Өңдеудің ашық тәсілі
|
4.1
4.1.1
4.1.2
4.1.3
4.1.4
4.1.5
4.2
4.2.1
4.2.2.
4.2.3
4.2.4
4.2.5
|
Карьерлер
Тау жұмыстарының жүргізілетін қабаты бойынша тау-кен орындарының жоспары
Карьердің тау-кен орындарының жинақтық жоспары (4.1.1 жоспары негізінде жасайды)
Барлау сызықтарына қиыса созылған немесе көлденең бағыт бойынша ұштастырылған карьердің тау-кен орындарының қимасы
Жұмыс көлемінің (тік қима тәсілі бойынша тау-кен массаларын ойып алу көлемін есептеу кезінде) жылжу бағыты бойынша тау-кен орындарының қимасы
Тау-кен орындарының түсірме планшеттерінің орналасу картограммасы
Кен орындары
Тау-кен орындары полигондарының жоспары
Тау жұмыстарының жүргізілетін қабаты бойынша тау-кен орындарының жоспары (ұсақ тау жыныстарын бірнеше қабатта немесе кемерде өңдеу кезінде)
Тау-кен орындары полигондарының қимасы (ұсақ тау жыныстарына көлденең және жағалай, барлау сызығына ұштастырылған)
Тау-кен жұмыстарының орындалу бағыты бойынша қималар (тік қима тәсілі бойынша тезектер мен құмды ойып алу көлемін есептеу кезінде)
Тау-кен орындары полигондарының түсірме планшеттерінің орналасу картограммасы
|
1:1000; 1:2000
1:1000, 1:2000, 1:5000
1:1000, 1:2000, 1:5000
4.1.1 жоспары масштабында
Регламенттелмейді
1:1000, 1:2000
4.2.1 жоспары масштабында
4.2.1 жоспары масштабында тік; вертикальный в 10 раз крупнее горизонтального
4.1.1 жоспары масштабында
Регламенттелмейді
|
Өңдеудің жер асты тәсілі
|
4.3
4.3.1
4.3.2
4.3.3
1
|
Пластикалық кен орнын, қабатталған тыңайған жерлер мен ұсақ тау жыныстарын өңдейтін тау-кен кәсіпорындары
Әр қабаттың, қабатталған тыңайған жерлердің құлау және қалыңдық бұрыштарына қарамастан тау-кен орындарының жоспарлары
Қалың қабаттарды қабаттарға, қосарлас қатпарларға бөлу кезінде әр қабат бойынша тау-кен орындарының жоспарлары
Тау-кен орындарының әр қабат бойынша құлау бұрышы 60° және одан жоғары тік жазықтықтарының жобалары
2
|
1:1000, 1:2000
1:1000, 1:2000
Жоспардың 4.3.1 т. масштабында
3
|
4.3.4
4.3.5
4.3.6
4.4
4.4.1
4.4.2
4.4.3
4.4.4
4.5
4.5.1
4.5.2
4.5.3.
4.5.4
4.6
4.6.1
4.6.2
4.6.3
4.6.4.
4.7
4.7.1
4.7.2
4.7.3
4.7.4
|
Кен қабаттарының тік құлауын өңдеу кезіндегі негізгі транспорттық қабаттардың тау-кен орындарының жоспарлары
Қиыса созылған негізгі ойып алынатын кен орындарына ұштасқан қималар
Тау-кен орындарының қабаттары бойынша түсірме планшеттерінің орналасу картограммасы
Өзек кен орындарын өңдейтін тау-кен кәсіпорындары
Тау-кен орындарының негізгі транспорттық қабаттары бойынша жоспарлары
Әр өзек бойынша тау-кен орындарының тік жазықтық жобасы
Қиыса созылған негізгі ойып алынатын кен орындарына ұштасқан қималар
Тау-кен орындарының негізгі транспорттық қабаттары бойынша түсірме планшеттерінің орналасу картограммасы
Қалың рудалық заттар шығатын орындарды өңдейтін тау-кен кәсіпорындары
Негізгі транспорттық қабаттар бойынша тау-кен орындарының жоспарлары
Бөлу блогының әр қабат асты бойынша тау-кен орындарының жоспарлары
Тік жазықтық блоктары мен жобалары бойынша көлденең және ұзындық қималары
Тау-кен орындарының негізгі транспорттық қабаттары бойынша жоспарлары парақтарының орналасу картограммасы
Тұз шығатын кен орындарын еріту тәсілі бойынша өңдейтін тау-кен орындары
Тау-кен орындарының әр қабаттары бойынша жоспарлары (тыңайған жерлер)
Барлау және пайдалану ұңғымаларының бағыттары бойынша ұзынды және көлденең қималары
Еріту сатыларының тіктік жоспарлары
Еріту камераларының тік қималары
Түбегейлі тау-кен орындары мен ондағы транспорттық жолдар. Тау-кен кәсіпорындарының барлық түрлері
Шахталық оқпандардың тіктік және еңістік қималары
Тік шахталық оқпандарды қатты әбзелдеудің кескіні
Оқпан жанындағы тау-кен орындарының және басты қабатты еңістер мен бремсбергтердің қабылдау-тиеу алаңдарының жоспарлары
Дренажды тау-кен орындарының жоспарлары
|
1:1000, 1:2000, 1:5000
1:1000, 1:2000
Регламенттелмейді
1:1000, 1:2000
Жоспардың 4.4.1 т. масштабында
Сондай-ақ
Регламенттелмейді
1:1000, 1:2000
1:500, 1:1000
1:1000, 1:2000
Регламенттелмейді
1:1000, 1:2000
Жоспардың 4.6.1 т. масштабында
1:500, 1:1000
Жоспардың 4.6.3 т. масштабында
1:200, 1:500
Тігінен 1:100, 1:200, 1:500
1:500, 1:1000
Жоспардың 4.1.1 т. масштабында
|
4.7.5
4.7.6
4.7.7
4.7.8
4.8
|
Тасып шығаратын тау-кен орындарындағы рельстік жолдардың ұзындық кескіндері
Тұрақты, темір жол, троллерлік, автокөліктік және аспалы арқан жолдардың ұзындық кескіндері
Арна бүру, су заводтары мен түбегейлі траншейлер мен орлардың (кен орындары үшін)
Ұзындық кескіндері
Жер асты маркшейдерлік жоспарлы тірек тораптары мен биікті негіздердің кестесі
Тосқауыл, сақтандырғыш кен діңгектері мен тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу шекараларын есептеу (салу) бойынша сызбалар
|
Көлденеңінен 1:1000
Тігінен 1:100
Көлденеңінен 1:2000
Тігінен 1:200
Көлденеңінен 1:1000
Тігінен 1:100
1:1000, 1:2000, 1:5000
Арнайы нұсқаулармен регламенттеледі
|
Ескертулер 1) Карьерлердің фотограмметриялық түсірмесі кезінде, сондай-ақ қиын таулы-геологиялық жағдайларда тау-кен жұмыстарының қабаттарын нақты көрсету мүмкін болмағанда 4.1.1 және 4.1.2 сызбаларының орнына көрсетілген сызбалар масштабында «Карьердің тау-кен орындарының жоспары» жасалынады;
2) ұсақ тау жыныстарын ашық және жер асты тәсілімен бір мезгілде өңдеу кезінде тау-кен орындарының жоспарларын 4.2.1 жоспарының масштабында бір планшетте жасайды;
3) геологиялық барлау ұңғымалары желілерінің жиілігі мен олардың жер бетінде орналасуының арнайы жоспары болған кезде тау-кен жұмыстарының қабаттары бойынша (4.1.1 сызба) тау-кен орындарының жоспарларында ұңғымалардың сиретілген желілерін суреттеуге жол беріледі. Ұңғымалар желілерінің сиретілу деңгейін кәсіпорынның бас маркшейдері мен бас геологы белгілейді;
4) екі жақын орналасқан жыныстық (еңістік) қабаттардың төменгі (орта) қалыңдықтың және жағдайлардың құлауы кезінде негізгі тау-кен орындары тек бір қабат бойынша өтетін болса екі жоспардың орнына екі қабаттың біріктірілген жоспарын жасауға рұқсат етіледі;
5) дизъюнктивтік бұзылудың салдарында өзара қанаттармен жабылған қабаттарды өңдеу кезінде екі қанатқа бірдей қабаттар бойынша (тік жазықтығына жобалар) тау-кен орындарының жоспарларынан басқа әр қанат үшін бөлек жоспарлар (тік жазықтығына жобалар) жасау ұсынылады;
6) екі қабаттан артық өңделмейтін қалың қабаттар үшін тау-кен орындарының қабаттарын, қабаттары бойынша тау-кен орындарының бір жоспарында суреттеуге рұқсат етіледі;
7) жобалардың тік жазықтығын қабаттардың немесе жарықтардың жан-жақты іргелерінен орналастыру қажет. Созылу бұрышы 7° артық өзгерген кезде 4.3.3 жобалары бір қабатқа, ал үлкен өзгерістер болған кезде – әрқайсы көрсетілген шекте қабаттың немесе жарықтың тиісті бөлігіне қосарлас болатын бірнеше қабаттарға салады. Жобаның тік қабаттарының іздерін қабаттары бойынша тау-кен орындарының жоспарына, ал жарықтар үшін – тау-кен жұмыстарының негізгі транспорттық қабаттары бойынша тау-кен орындарының жоспарына енгізеді;
8) 4.5.2, 4.6.2, 4.6.4, 4.7.1, 4.7.4 сызбаларын МСТ қарастырылған форматтың бір парақтарына, парақтың беттеріне байланысты координат сызықтарына еркін бағдар жасай отырып жасайды;
9) еріту деңгейлерінің тік жоспарларында (4.6.3 сызбасы) әр деңгейді аспап арқылы анықталған немесе камераның есептік пішіні мен оны анықтаған күнді көрсеткен жағдайда үш деңгейден асайтын дәрежеде біріктіруге болады.
316. 5-кестенің 2.3. сызбасында бекеттің немесе қада белгінің ортаға жақын орналасқан объектілеріне қатысты қалпын, орта мен белгі құрылымының үлгісін сипаттайды.
317. Карьерлік тау-кен орындарының жинақтық жоспарында және тау жұмыстарының қабаттары бойынша тау-кен орындарының жоспарларында (6-кесте, 4.1.1, 4.1.2 сызбалары) 75-тармақта аталған түсірме объектілерін және сондай-ақ тау-кен орындарының бөлінген шекараларын немесе карьер алаңының (осы қабаттың) техникалық шекарасын, жер учаскесін, бедерлерді бөлу шекарасы мен жақын орналасқан аумақтың жер бетіндегі жағдайын, жер асты дренаждық және пайдалану тау-кен орындарын суреттейді. Тау жұмыстарының қабаттары бойынша тау-кен орындарының жоспарларында, карьердің тау-кен орындарының жоспарларында (6-кестеге ескерту) 77 тармаққа сәйкес бекітілген пикеттердің биіктіктерін көрсетеді. Карьерлердің тау-кен орындарындағы жинақ жоспарында пикеттердің биіктіктерін сирек ерекше орындарда көрсетіледі. Тау жұмыстарының қабаттары бойынша тау-кен орындарының жоспарларында салалық министрліктің өкімімен түсірме жүргізу кезінде экскаваторлардың орны, түрі мен нөмірі көрсетілуіне жол беріледі.
318. Ұсақ тау жыныстары кен орындарының жоспарларында (6-кесте, 4.2.1,4.2.2 сызбалар) 115 тармақта жазылған түсірме объектілерін, сондай-ақ таулы және сулы жерлердің бөлінген шекараларын, жер учаскелері мен полигондарының бөлінгендігін, баланстық және баланстан тыс қорлардың контурларын, өңделген кеңістіктердің жылдары бойынша шекаралары мен жоғалған кен діңгектер, көп жылдық тоңдар мен жібіген тоңдар аймақтары суреттеледі.
319. Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер асты тәсілімен өңдеу кезінде тау-кен орындарының сызбаларында (6-кесте, 4.3.1-4.3.5, 4.4.1-4.4.3, 4.5.1-4.5.3) 201 тармақта көрсетілген түсірме объектілерінің салынуы және мыналар көрсетілген:
тау-кен орындарын бөлу шекаралары немесе шахталық және кендік алаңдардың техникалық шекаралары;
атаулары, жылдары мен айлары бойынша күндері, түбегейлі тау-кен орындары бойынша тіреуіш материалдары көрсетілген жұмыс жүргізілетін және сөндірілген тау-кен орындары;
тазалау кен орындарындағы қабаттардың (жыныстық қыртыстардың, кендердің) құлау бұрышы мен әр 150-300 мм сайын белгілі бір дайындалған кен орындарының еңістері бойынша еңіс бұрыштары;
әр 200-500 м сайын дайындалған кен орындары етектерінің, сондай-ақ жақсызымдықтың бүгілген жерлеріндегі, тік кен орындарының қиылыстарындағы, басты еңісті кен орындарының қабатты және қабат асты тік тау-кен орындарымен тоғысқан жерлеріндегі, оқпандар, өрлемелер сағаларының маңындағы биіктік белгілері;
тоқсан сайын, ал айтарлықтар өзгерістер болған кезде ай сайын ұштау кен жарларындағы пайдалы қазбалардың толық және шығарылатын қуаттылығы;
үнемі су басқан кен орындарындағы, тосқауыл және сақтандырғыш кен діңгектеріндегі қауіпті аймақтардың бекітілген шекаралары;
үнемі су басқан тау-кен орындарының, өрттерді және олардың қайталануын жою үшін алдын ала құйылған учаскелер;
жер бетіндегі опырылған, құйылатын жерлер, (ені 25 см артық) сызаттар, тау-кен орындарындағы опырылыстардың (биіктігі 1 м артық) карсттары мен күмбездері;
тау-кен кәсіпорнының техникалық шекарасынан 200 м жолақ шегінде орналасқан шектес шахталардың, кендердің тау-кен орындары;
жасанды және табиғи су айдындар, өзендер мен бұлақтардың кеуіп кеткен арналары тау-кен жұмыстарын жүргізуге қауіп тудыратын болса, судың азаюын немесе арнаның түбін көрсетілген белгілер;
дайындалған кен орындарында және өңделген кеңістікте қалдырылған пайдалы қазбалардың кен діңгектері; геологиялық бұзылымдар; пайдаланылмайтын және жоғалған пайдалы қазбалар қорының учаскелері;
ұңғымалар: барлау, гидрогеологиялық (гидробақылау және суды азайтқыш), техникалық, газды жер бетіне тасымалдауға арналған магистралдық, топтық толтырғыш, электрокабелдерді төсу үшін, ормандарды және сусымалы материалдарды түсіру, суды айдау және қайта жіберу, желдету.
Ескерту. Жоспар масштабындағы бұрғылау сызығы кемінде 100х100 мм болған кезде суды азайтқыш және барлау ұңғымалары бастапқы сызбаларда суреттелмеуі мүмкін; мұндай жағдайда олар бастапқы жоспар масштабында анық материалда жасалған арнайы сызбаға салынады; бастапқы жоспарда ұңғымалардың арнайы сызбаға салынғандығы туралы жазу жазылады:
маркшейдерлік тіреуіш тораптардың бекеттері мен қада белгілері;
тік жазықтықтағы жобалардың жазықтық іздері мен қима сызықтары;
жұмыс жүргізілетін тау-кен орындарында орнатылған үнемі оқшаулағыш бөгеттер;
жалпы шахталық мақсатта пайдаланылатын түбегейлі кроссингтар.
320. Көлденең және бойлық қабаттарда блоктар бойынша тау-кен орындарының жоспарларындағы объектілерді және сонымен қатар жер бетінің жақсызымдығын, пайдалы қазбалардың борпылдақ шөгінділердің астынан шығу сызығы мен тотығу аймағының шекарасын суреттейді.
321. Тік және еңіс шахталық оқпандар бойынша қабаттарда (6-кесте, 4.7.1 сызба): оқпанның сағасын, қабырғалары мен астын; тұрақты бекітпе мен оның материалы, кенжар мен тұрақты бекітпенің әр айдың бірінші күніндегі (қазу және тереңдету кезіндегі) қалпын, геологиялық және гидрологиялық жағдайдың; жыныстардың 1 м артық құлауы мен тұрақты бекітпедегі қуыстарды жою тәсілдерін; оқпан маңындағы кен орындарымен, қазбалармен және жолдармен іргелесуін суреттейді.
Тік шахталық оқпан бойынша қабаттар оқпанның діңі, әбзелдеуі, басты атпаның бағыттық бұрышы мен қабаттардың сызықтары көрсетілетін оқпанның тік қимасымен толықтырылады.
322. Шахталық оқпандардың қатты әбзелдеу бағыттағышының кескінінде (6-кесте, 4.7.2 сызба): ярустардың нөмірлері көрсетілген атпа ярустарының қабаттары, тереңдік немесе биіктік белгісі көрсетілген оқпан жанындағы кен орындарының қабаттарын; әр ярустағы бағыттағыштар арасындағы кольдердің ені мен атпалардың шектес ярустары арасындағы бағыттағыштардың аралықтар тіктігінен ауытқу көлемі көрсетілген екі өзара перпендикуляр (тік қарсы және бүйірлік) жазықтықтағы бағыттағыштардың кескіндерін; көтергіш ыдыстар мен оқпан бекітпесі арасындағы саңылаулардың үлкендіктерін суреттейді.
Кескіндерді оқпанның діңі, көтергіш ыдыстар, кескін сызықтары мен бағыттағыштардың нөмірлері көрсетілген әбзелдеу элементтері көрсетілген оқпанның тік қимасымен толықтырады. Тіктеуіштердің оқпан қимасына қатысты жақсызымдық түсірмесі кезінде сонымен қатар тіктеуіштердің оқпан діңіне қатысты орналасқан орны мен тіктеуіштерден тіктеуіштердің байланысты қабатына дейінгі қашықтық өлшенген бағытты көрсетеді.
323. Оқпан жанындағы тау-кен орындарының сызбаларында тау-кен орындарын, әртүрлі мақсаттағы камераларды қоса; маркшейдерлік тірек тораптарының тұрақты бекеттері мен қада белгілері; ерекше нүктелердің биіктіктерін; қазудағы тау-кен орындарының тұрақты бекітпелері мен контурларын; геологиялық жағдайын; су айдау құбырлары мен сорғыш станцияларды суреттейді.
324. Тартып шығаратын кен орындарындағы рельстік жолдардың бойлық кескінінде (6-кесте, 4.7.5 сызба) жолдың жобалық және нақты кескіні суреттеледі.
Кескін тау-кен орындарының кестесімен және сызбанұсқамен толықтырылған болады. Кестеде жобалық және нақты еңістер, пикеттердің нөмірлері мен олардың арасындағы қашықтықтар, рельс басты егінің жобалық және нақты биіктік белгілері мен пикеттері бойынша кен орындары жарықтағы төбелері, тегістеген күн көрсетіледі.
Тасып шығарылатын кен орындарының сызбанұсқасында басқа кен орындарымен қиылысу кескінін жасау кезінде олардың биіктік белгілері қолданылған қада белгілер мен тіреу және түсіру тораптарының бекеттері, айлары бойынша қазба жұмыстары жүргізілген күндер көрсетіледі.
325. Жер асты маркшейдерлік тірек тораптарының сызбанұсқасын (6-кесте, 4.7.8 сызба) тау-кен орындары жоспарының көшірмелері негізінде жасайды. Онда жер бетіндегі маркшейдерлік тірек тораптарының бекеттерін; жер асты тораптарын бағыттау және ортаға дәл келтіру үшін қолданылған тірек торабының қабырғалары мен бекеттерін, нөмірлері көрсетілген тірек тораптарының бекеттері; тұрақты бекеттер мен бағдаржақтар, сондай-ақ тірек тораптарын теңеу кезіндегі түйіндік нүктелер көрсетеді.
Жоспар әр бағыт бойынша бұрыштық және сызықтық (нақты және рұқсат етілген) түйіспеушіліктер; бағыттың периметрі мен ондағы бұрыштардың саны көрсетілген кестемен толықтырылды.
326. Шахталық алаңдар арасындағы және су басқан кен орындарындағы тосқауылдық кен діңгектері бойынша сызбаларында:
тау-кен орындарының жоспарларында – шахталық алаңдардың шекаралары немесе қабаттары бойынша су басқан қауіпті аймақтардың шекаралары, қабатталған қыртыстар немесе жер жарықтары; шахталық алаңдар шекаралары мен су басқан кен орындарындағы алаңдар; тау-кен орындары мен олардың ішіндегі өңделген ұңғымалары (бұрынғы су басқан кен орындарын нақтылау үшін); қабаттың, қыртыстың бүйірлік бетінің тұрпатөлшемін; геологиялық жағдайын; тосқауылдық кен діңгектерінің қабаттары, қыртыстары бойынша шекаралары;
тік қималарда (жоғарыда аталған элементтерден басқа) – тау жыныстары мен пайдалы қазбалар қыртыстарын; шектелетін жазықтықтардың бұрыштары (β, γ және δ) мен олардың пайдалы қазба қыртыстарымен қиылысу нүктелерін; құлау бұрыштары мен пайдалы қазба қыртыстарының қалыңдықтарын суреттейді.
327. Тұзды кен орындарын еріту әдісімен өндіру кезіндегі сызбаларда: шөгу аймағын, жарықтар мен опырылған жерлер, карст шұңқыры мен құлаған жерлерді, сондай-ақ олардың тығындамасын; белгі қойылған төбеліктердің құлауы көрсетілген қабаттары мен олардың құлаған күні; сақтандырғыш және үңгіраралық кен діңгектерінің шекаралары; пайдаланылатын, барлау, бақылау, гидрогеологиялық ұңғымалар; өңделген кеңістіктің (дыбыстылокациялық, есептік, геофизикалық және басқа да мәліметтері бойынша) кескіндері; сілтілеу үңгірлері параметрлерінің аспаптық анықтамаларының күні; ұңғымалардың технологиялық ұстыныларын орнату белгісі мен күні; аспаптық немесе есептеу арқылы анықталған ерітілмеген қалдықтың немесе сілтілеу үңгіріндегі құлаған жыныстардың деңгейі; қорларды есептеу шекаралары; игерудің жобалық кескінінің шекаралары суреттеледі.
Пайдалану ұңғымалары бойынша қималарда (6-кесте, 4.6.2 сызба) сонымен қатар: ұңғыманың мұнарасы, қондырма бөлімі, төменгі бөлігі мен оның құламалары; шегендеу, шегендеу дренаждық, арынды, сорғыш, ауаны бағыттайтын және қысып топтайтын құбырлар бағаналары, кондуктор, сүзгіштер, табандар; шегендеу бағанасын қатты кіріктіру; жер асты суларының деңгейі; сынау алуды іріктеу орындары; ұңғымалардың еріту үңгірлерімен, қуыстармен, карсттармен қиысу нүктелері; олардың еріту өнімдерімен, құлаған жыныстармен, тұздармен және құмдармен толықтығы; еру үңгірлерінің есептік көлемдері суреттеледі.
7-бөлім. Маркшейдерлік өлшемелерді жүргізу, тау-кен
жұмыстарын бақылау және қабылдау
19-тарау. Жалпы ережелер
328. Барлық тау-кен жұмыстары бекітілген жоба (төлқұжат) және тау-кен жұмыстарын дамыту күнтізбелік жоспарына сәйкес орындалады. Жобадан (бағыты, көлденең қима пішіні) және бекіту төлқұжатынан ауытқу және жерасты қазба төзбесін басқару немесе жұмысты сапасыз орындау түзетілуге жатады.
329. Тау-кен жұмыстарының маркшейдерлік өлшемелерінің мақсаттары:
1) тау-кен жұмыстарының жобаларға, құжаттарға және техникалық пайдалану ережелері мен бірыңғай қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес жүргізілуін бақылау, түрлері бойынша орындалған тау-кен жұмыстарының көлемін анықтау;
2) есеп беру айының аяғындағы уатылған кеннің блоктардағы, қоймалардағы және кенқұдықтардағы қалдықтарын анықтау;
3) пайдалы қазбаларды ойып алу нәтижесінде түзілген, өңделген кеңістіктің аумағын, жүргізілген толтырмалау жұмыстарының көлемі мен толтырылмаған қуыстардың қалдықтарын анықтау;
4) жер қойнауынан пайдалы қазбаларды ойып алудың толықтығы мен сапасын бақылау;
5) маркшейдерлік графикалық құжаттарды толтыру үшін мәліметтерді анықтау;
6) бұзылған және қалпына келтірілген жерлердің алаңын анықтау болып табылады.
330. Есеп беру кезеңінде жүргізілген тау-кен жұмыстарының барлық көлемі өлшеуге және бақылаулық тексеруге жатады. Әр өлшемді жүргізу алдында участік бастығы тау-кен орындарын қабылдауға дайындайды және оларды қауіпсіз қалыпқа келтіреді.
331. Қауіпсіздік жағдайлары қамтамасыз етілмеген кен орындарында маркшейдерлік және геологиялық жұмыстарды жүргізу ұсынылмайды.
332. Бір ай ішінде жүргізілген тау-кен жұмыстарын қабылдауды кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілген комиссия жүргізеді.
Жүргізілген жұмыстарды қабылдау немесе оларды ақаулыққа жатқызу туралы шешім сол жерде қабылданады.
333. Өлшем жүргізу және жұмысты қабылдау кезінде учаске бастығы комиссияға бір ай ішінде жүргізілген барлық жұмысты тапсырады, өлшем жүргізуге көмектеседі, бригадалар жүргізген жұмыстар арасындағы шекараларды көрсетеді, ақаулықтарды жоюдың тәртібі мен мерзімін белгілейді.
334. Учаскелік геолог міндетті түрде шығарып көрсету қажет:
1) түйіспелердегі, төбелердегі, жердегі және басқа да жерлердегі ойылмаған кендерді;
2) белгіленген ойып алу қалыңдығынан артық сыйымды қуыс жыныстарды немесе шартқа сәйкес келмейтін кендерді анықтайды және көрсетеді.
Тау-кен геологиялық жағдайлар төмендеген кезде геолог тау-кен орындарын өңдеу жұмыстарын жүргізуді бекіту құжаттарын қайта қарағанға дейін тоқтатылады.
335. Маркшейдерлік өлшемдерді жүргізуде және жұмыстарды қабылдауды кәсіпорынның бас (аға) маркшейдері жүргізеді.
336. Өлшем жүргізу кезеңіне дайындалмаған, сондай-ақ жартылай немесе толығымен ақаулығы анықталған тау-кен жұмыстарының көлемі келесі кезекті өлшем жүргізу кезінде толығымен дайын және ақаулықтар жойылған жағдайда қабылдануы және төленуі мүмкін. Осы жүргізілген жұмыстар сол айда түзетілген және маркшейдерге тапсырылған айдағы жұмыстарға енгізіледі.
337. Тау-кен геологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты қажет болған жағдайларды есепке алмағанда, ақаулы таулы жұмыстардың жобаларына (төлқұжатына) өзгерту енгізуге жол берілмейді
338 Ұйым басшыларына ақаулы жұмыстарды олар түзетілгенге дейін қабылдау туралы өкім берулеріне жол берілмейді.
339. Учаскіде жүргізілетін маркшейдерлік жұмыстардың және өлшемдердің сапасын анықтау үшін кәсіпорынның (кеннің, шахтаның, карьердің, кен орнының) бас (аға) маркшейдері жүйелі түрде (тоқсанына бір реттен жиі емес) далалық есептеу, графикалық құжаттарды және бақылау өлшемдерін тексеруді жүргізеді. Құжаттарды тексеру мен бақылау өлшемдері жұмысы бақыланатын маркшейдердің міндетті түрде және жеке өзі қатысқан жағдайда жүргізіледі. Тексерудің қорытындылары кітаптар мен журналдардың соңғы парақтарында жазылады.
Далалық, есептеу және графикалық құжаттар маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу жөніндегі техникалық нұсқаудың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Алғашқы (негізгі) және бақылау өлшемдерінің нәтижелері арасындағы айырмашылық:
түбегейлі, дайындық, барлау және бөлінген кен орындарын түсіру торабының соңғы бекетінен кенжарға дейін салу жолдарын жылжыту үшін ± 20 см артық рұқсат етілмейді.
Өңделген кеңістіктің (кенжар және жылжыту сызықтарының) негізгі өлшемдерін анықтаудағы қателік 1:100 аспайды.
340. Учаске геологы гелогия мәселелері бойынша мүмкін қателіктер мен күмәнді ақпаратты жоққа шығарады:
1) тау-кен жұмыстарының көлемін анықтау үшін қолданылатын геология-маркшейдерлік құжаттардағы аралас жыныстары мен кен денелері контурларының құрылымындағы қателер;
2) пайдалы қазбалардың толық көлемде алынуы туралы мәлімет;
3) жыныс тұрақтылығы санатындағы бағалау дұрыстығы, қопарылу себептерін анықтау.
341. Жұмыс орнында жүргізілген тау-кен жұмыстарының жобаға (паспортқа) сәйкестігі туралы белгі қойылған барлық өлшемдер алғашқы құжат болып табылатын егістік өлшемдерді есепке алу кітабына (46-қосымша) енгізіледі. Алғашқы құжатты толтыру анық және оған міндетті түрде сыртқы жобаны, алғашқы нұсқалар мен суреттемелерді таза өшірусіз болады. Дұрыс жазылмаған цифрлық деректер ұқыпты түрде сызылады және жаңадан енгізіледі.
Өлшемге қатысы жоқ жазбаларды, сондай-ақ бөлек парақтарға өлшемдердің деректерін жазуға және сыртқы жобасын жүргізуге рұқсат етілмейді.
342. Журналдағы маркшейдерлік өлшемелердің мәліметтері бойынша (47-қосымша) есеп беру кезеңі аралығындағы кенді (жыныстарды) өндірудің көлемдері анықталады, тау-кен жұмыстары жоспарын орындау туралы есеп беру мәліметтерін дайындау және жұмысты жүргізген орындаушыларға еңбекақыны төлеу үшін негізгі құжаттар болып табылатын өлшемдер (45, 46-қосымшалар) және ақаулы жүргізілген тау-кен жұмыстарын есепке алу (47-қосымша) кітабы толтырылады. Өлшемдер бойынша құжаттар кеннің (карьердің, кен орнының) мүлік тізімін жасау кітабында ескеріледі және белгіленген тәртіпте сақталады.
20-тарау. Жер асты тау-кен жұмыстары
1-параграф. Өлшемдер жүргізу, тау-кен жұмыстарын
бақылау және қабылдау
343. Өлшеу жүргізу және жұмыстарды қабылдау кезінде жобалық (паспорттық) мәліметтерге сәйкес маркшейдерлік қызмет:
1) тазарту кен орындарының, кен діңгектері мен өңдеу жүйесінің басқа да элементтерінің көлемдерін;
2) тау-кен орындарының бағыттары мен еңістерін;
3) өту жолындағы және жарықтағы кен орындарының нақты қимасын;
4) кен орындары қабырғаларының және рельстік жолдардың кен орындары діңіне қатысты қалпын, сондай-ақ жылжымалы құрам мен кен орындары қабырғаларының ең шығыңқы тұрқылары арасындағы саңылауларды;
5) атылыстық ұңғымалардың орналасу, бағыттау жерлерін және тереңдіктерін;
6) пайдалы қазбалардың толық және сапалы алынуын (ойып алынбай қалдырылған кендердің немесе сыйымды жыныстардың белгіленген ойып алу қалыңдығынан асыра алу себептерін);
7) дайындау және тазалау кен орындарында уақытша және тұрақты кенжар бекітпесінен, тұрақты рельстік жолдардан, суды сыртқа ағызу шұңқырынан (өлшем күні) артта қалуды;
8) тау-кен орындарының геометриялық элементтерін бақылайды.
Маркшейдерлік нұсқаулар кітабында ай бойы және алғашқы өлшем жүргізу кезінде бақылаушы тұлға маркшейдер жасаған нұсқаулардың орындалуы бақыланады.
344. Өлшемдерді жүргізуге дейінгі 2-3 күн бұрын учаскенің маркшейдері кен орындарының қосымша жоспарлы және биіктік түсірмелерін жасайды.
345. Кен орнының ұзындығын өлшеу рулеткамен немесе басқа да қажетті нақтылықты қамтамасыз ететін аспаппен жүргізіледі.
Қисық сызықты кен орындары учаскелерінің ұзындығы оның сол және оң жақ өлшемдерінің орта мәні ретінде анықталады.
Өңделген кен орындарының жалпы ұзындығын анықтау кезінде дифференциалды түрде әр түрлі сипаттағы (қимасы, бекітпесі, ені бойынша) учаскелер көрсетіледі.
346. Өту жолдары мен жарықтағы жер асты кен орындарының қимасын өлшеу әр 5 м сайын жүргізіледі. Биіктігі 2,0-2,5 м дейінгі кен орындарының ені жер қыртысы бойынша биіктігі 2,5 м артық, төбесі – орта биіктікте жер қыртысы мен төбе бойынша анықталады.
Кен орындарының рельстік жолдарсыз биіктігі жер қыртысынан бекітпе мен төбеге дейін, рельстік жолдармен есептегенде – рельстердің бастиектерінен жер қыртысына және бекітпе мен төбеге дейін анықталады.
Кен орынының өту жолындағы және жарықтағы ені мен биіктігінің орта мәндерін осы шамалардың нақты өлшемдеріне сәйкес егістік өлшемдерді есепке алу кітабында (48-қосымша) есептейді.
Кен орындарының енін өлшеумен қатар рельстік жолдардың бастиектерінен кен орындарының қабырғаларына дейінгі қашықтықты: биіктігі 1,8 м еркін өту жағынан және қарама-қарсы жағынан – жылжымалы құрам тұрқысының айтарлықтай шығыңқы жиегі деңгейінде анықтайды.
Кен орнының төбесі жазық кезде әр қиманың алаңын орта енді орта биіктікке шығару арқылы анықтайды. Күмбезді төбе кезінде кен орны қимасының орта алаңын күмбезді ескере отырып анықтайды. Бұл үшін күмбездің биіктігін өлшейді.
Параболалық және цилиндрлік күмбездердің биіктігі нақты жасалынған күмбездің жобалық кескінге сәйкестігін міндетті түрде бірдей бақылау арқылы өлшенеді. Қиманың алаңы формулалар бойынша есептеледі немесе орындаушылық сызбаларда суреттелген көлденең қималар бойынша графикалық түрде анықталады.
Кен орындарын бетонмен бекіту кезінде көлденең қиманың алаңы кен бойынша бетондық жұмыстар көлемін есептеу үшін альбомда 1:200 масштабында графикалық түрде суреттеледі.
347. Тік және тік құламалы кен орындарының көлденең қимасы (оқпандар, өрлеме, резенкелер, еңістер, кенқұдықтары) биіктігі бойынша әр 3-5 м жиі емес қашықтықта және ерекше орындарда (тұрқысыз учаскелер, қималардағы күрт өткелдер) өлшенеді.
Қиманы ұңғымада тұтас бекіткен кезде бекіткенге дейін кен орнының өту жолы бойынша өлшенеді. Өрлеме, КПВ өту құрамының көмегімен өтетін көлденең қималарды өлшеу биіктігі бойынша әр 5 м жиі емес қашықтықта жүргізіледі.
Еңістік өрлеменің белгіленген бағыт бойынша өтуі кезінде қималарды (тік және көлденең жазықтықтарда) өлшеумен қатар бағыт діңіне қарай (солға, оңға, жоғары және төмен) қалпы бойынша өрлеген қабырғаларды өлшеу жүргізіледі.
Қима шахталарының оқпандарын өлшеу кезінде оқпандарды ұңғымалық тіктеуіштерден бастап өлшейді.
Шахта оқпандарының қималарымен бірге (бетондық бекітпе кезінде) тірек табандары астындағы, (ағаш бекітпе кезінде) бекітпе жақтаулары астындағы «қазулар» және шахталық оқпанның ұңғыма журналын толтыру үшін, сондай-ақ бекітпе мен әбзелдеуді қабылдау үшін қажетті барлық басқа элементтер өлшенеді.
348. Терең атпалық ұңғымалар сағасының қағаздық түсірмесін 1-ші және 2-ші дәрежелі түсірме торабының бекеттерінен жүргізеді. Жоспарда ұңғымалар діңінің бағытын ұңғымалар сағасының жазықтығы мен ұңғымалардан 2,0-2,5 м жылжытылған бұрғы қарнақтың тігі бойынша немесе басқа тәсілдермен анықтайды.
Жоспарда ұңғыма діңінің бағытын анықтауда жіберілетін қателік ±30/ аспайды. Ұңғыма еңісінің бұрышы дәлдігімен ±30/ болып анықталады.Ұңғыманың тереңдігі ± 0,2 м аспайтын қателікпен өлшенеді.
349. Ашық өңделген кеңістікпен (төбелік кемерлі керме бекітпемен, жүйелі және жүйелі емес кен діңгектерімен, кен үңгірлі діңгектік, қоймалық, толтырмалық, қатпарлық құлама) қазу жүйесі кезінде тазалау жұмыстарының көлемін анықтау аспаптық маркшейдерлік қағаздық түсірме негізінде жүргізіледі.
Кенжардың нұсқалық нүктелері ± 0,15-0,25 м орта шаршы қателікпен анықталады.
Қалдықты кенжарды өлшеу кезінде оны ақырғы рет қабылдау жүргізіледі, қағаздық түсірме жасалған кезден бері өткен уақыттағы кенжардың жылжуы өлшенеді, орта қазып алу қуаттылығы, жүргізілген тау-кен жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері анықталады және 199-тармақ бойынша шарттар мен қалған барлық параметрлер тексеріледі.
Блоктың өңделген бөлігінің шекараларындағы алаңдары планиметрдің немесе ірі масштабтағы жұмыс жоспарлары (қималар, жобалар) бойынша басқа тәсілдердің көмегімен кен үңгірлік өңдеу арқылы анықталады.
Кенді қоймалауды өндіру жүйесі кезінде кеннің қалдықтарын анықтау үшін қоймадағы ойып алынған кеннің қалпы өлшенеді, ал толтыру жүйелері кезінде толтырудың қалпы анықталады және толтыру жұмыстарын жүргізу алдында әр қабаттың тазартылуы тексеріледі.
350. Жүргізілген толтыру жұмыстарын қабылдау кезінде:
1) оларда толтыруға дейін оқшаулағыш далдалар (тығындама жасалынбаған) салынбаған қуыстармен байланысқан қазбалардың (ұңғымалардың) болмауы;
2) салынған далдалардың сапасы, олардың жобаға (үлгілік жобаға) конструкциялық сәйкестігі, материалдың сапасы;
3) есеп беру кезеңі аралығында жүргізілген толтыру жұмыстарының көлемі;
4) толтыру материалының сапалық құрамының жобаға сәйкестігі;
5) толтырылмай қалған қуыстардың көлемі мен толтырудың толықтығы;
6) барлық уақытта толтыру барысын бақылауға мүмкіндік беретін, бақылау-қарау кен орнының бар болуы;
7) бақылау-қарау кен орындары болмаған жағдайда толтырудың толықтығын немесе толтыру ұңғымалары арқылы «тәуекелмен» толтыруды дәлелдейтін барлау ұңғымаларының болуы тексеріледі және анықталады.
351. Өлшем кезінде қабылданатын, орындалған тау-кен жұмыстарын 7-кестеде көрсетілген талаптарды басшылыққа ала отырып рәсімдеу ұсынылады.
352. Толтыру жұмыстарының көлемі өңделген кеңістіктің көлемі бойынша кеннің бақылау-қарау орнынан анықталатын есеп беру мерзімінің аяғындағы толтырылатын деңгейді ескере отырып анықталады.
Өлшемдердің мәліметтері бойынша толтыру жұмыстары мен толтырылмаған қуыстардың көлемін есепке алу кітабы толтырылады (49-қосымша).
353. Өлшемдерді жүргізу үшін участік бастығы кен орындағы бақылау-қарау жерлерін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып дайындайды.
354. Барлық уақытта толтыру барысын бақылауға мүмкіндік беретін, бақылау-қарау кен орны немесе басқа да жерлер болмаған жағдайда жұмыс көлемін өңделген кеңістік көлемі бойынша толтыру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін міндетті түрде келесі айлардағы жұмыс көлеміне өзгертулер енгізе отырып, жедел есепке алу бойынша анықтауға рұқсат етіледі.
355. Әр блок (кен үңгірі) бойынша толтыру жұмыстарының аяқталуы маркшейдердің қатысуымен толтырылатын актімен рәсімделеді және шахтаның (кеннің) техникалық басшысы бекітеді.
356. Ашық өңделген кеңістікті зерттеу жүйесі (қабат аралық штректер немесе қияқаздармен, кейін толтырылатын ашық кен үңгірлерімен зерттеу жүйесі) кезінде ашық кен үңгірлерінің қағаздық түсірмесін қашықтықтан өлшеумен жабдықталған, аспабында табаны бар арнайы немесе дыбысты локациялы құралдармен жүргізеді. Ашық кен үңгірлерінің нұсқаларын анықтаудағы қателік 1:100 аспайды.
Өндірістің жұмыс көлемін жоспар және қағаздық түсірменің мәліметтері бойынша жасалған ірі масштабтың (1:200-1:500) жармасы бойынша есептеледі.
357. Кендерді терең ұңғыма жасау арқылы оюды (қабатты және қабат асты құлатуды) зерттеу жүйесі кезінде өңделген кеңістікті тікелей өлшеу мүмкін болмағанда, ойып алынған кеннің көлемін жанама тәсілмен атпа ұңғымаларын өлшеу және қағаздық түсірменің қорытындысы негізінде жасалынған жоспарлар мен жармалардағы нұсқаулар бойынша анықталады.
7-кесте
Қазбалар бойынша параметрлердің рұқсат етілген ауытқулары
Параметрлер
|
Қазбалар бойынша параметрлердің
рұқсат етілген ауытқулары
|
Негізінде рұқсатнамалар қабылданған нормативтік құжаттар
|
|
түбегейлі
|
дайындық
|
қима және
тазалау
|
|
Тау-кен қазбаларын
жүргізу және бекіту
|
|
|
|
|
Бекітілген қазба діңінің тік жазықтықта берілген бағытынан ауытқуы
|
±50Х)
|
100
|
150
|
Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу жөніндегі нұсқау
|
10-20 м, бір. қатысты ара қашықтықтағы тұрақты рельстік жолдың берілген еңістен ауытқуы
|
±0,001
|
±0,002
|
_
|
Сондай
|
Кері еңістер мен жүйелі түрдегі еңістердің арту жағына және төмендеу жағына бір жақты ауытқуы
|
Рұқсат етілмейді
|
-//-
|
Тау-кен қазбаларының көлденең қимасының өту жолындағы рұқсат етілген артуы, %:
жыныстардың қаттылық санаты (ҚНжЕ бойынша) II-IY кезінде және қималар
8 м2 дейін
|
5
|
-
|
-
|
ҚНжЕ
|
8 - 15 м2 дейін
|
4
|
-
|
-
|
|
15 м2 артық
|
3
|
-
|
-
|
|
жыныстардың қаттылық санаты (ҚНжЕ бойынша) Y-YШ кезінде және қималар
|
3
|
-
|
-
|
|
8м2 дейін
|
10
|
-
|
-
|
|
8 - 15 м2 дейін
|
8
|
-
|
-
|
|
15 м2 артық
|
5
|
-
|
-
|
|
жыныстардың қаттылық санаты (ҚНжЕ бойынша) IХ-ХI кезінде және қималар
|
|
|
|
|
8м2 дейін
|
12
|
-
|
-
|
|
8 - 15 м2 дейін
|
10
|
-
|
-
|
|
15 м2 артық
|
7
|
-
|
-
|
|
Бекітілген қазбалардың берілген қима өлшемдерінен тек бір арту жағына ауытқуы, мм
|
|
|
|
|
қазудың ені
|
50
|
50
|
100
|
ҚНжЕ
|
қазудың биіктігі
|
50
|
50
|
100
|
|
Тұрақты рельстік жолдың кенжардан артта қалуы , м
Ірі тұрқылы өзі жылжитын жабдықты және өту кешендерін қолдану кезінде тұрақты рельстік жолдың кенжардан артта қалуы , м
|
50 артық емес
100 артық емес
|
Түсті металлургияның жетекші кәсіпорындарының жұмыс тәжірибесі бойынша
Сондай |
Шахталық оқпандарды ұңғылау, бекіту және әбзелдеу
Бетондық және темірбетондық қабырғалардың қалыңдығын жобалықпен салыстырғанда азайту, мм
|
30
|
|
|
|
Уақытша бекітпенің кенжардан артта қалуы
|
Бекітпе паспортына және төбені басқаруға сәйкес
|
|
Атпалардың көлденең осьтерінің тік қалпынан ауытқуы
|
1:200 (атпаның ұзындығынан)
|
Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу жөніндегі нұсқау
|
Кейбір шірлердің ішкі қабатының жобалық қалыптан ауытқуы, мм
|
±15
|
|
|
Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу жөніндегі нұсқау
|
Шірлер бұрыштары арасындағы қашықтықтың қиғашы бойынша жобалықтан ауытқуы мм
|
±50
|
|
|
|
Атпа ярустары арасындағы қашықтықтың жобалықтан ауытқуы, мм:
металл бағыттағыш кезінде
ағаш бағыттағыш кезінде
|
±15
±50
|
|
|
Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу жөніндегі нұсқау
|
Атпалардың екі шектес ярустардағы тік жазықтықтан ауытқулары, мм
металл бағыттағыш кезінде
ағаш бағыттағыш кезінде
|
±5
±10
|
|
|
ҚНжЕ
|
Бір бағыттағыштың екінші бағыттағышқа қатысты жоба жазықтықтағы ауытқуы, атпаларға қосарлас, мм:
металл бағыттағыш кезінде
ағаш бағыттағыш кезінде
|
±10
±20
|
|
|
Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу жөніндегі нұсқау
|
Бағыттағыштар аралықтарының атпаның шектес ярустары арасындағы тіктен ауытқуы,мм:
металл бағыттағыш кезінде
ағаш бағыттағыш кезінде
|
±10
±20
|
|
|
Сондай
|
Кольдер енінің ауытқуы, мм
металл бағыттағыш кезінде
ағаш бағыттағыш кезінде
|
±5-8
±10
|
|
|
-//-
|
Монолит бетоннан (темір бетоннан) және шойын бекітпеден жасалған бекітпелі ауытқу, мм:
Бекітпе кемерлерінің шектес аралық байланысындағы көлемдер
оқпан бекітпесі қабырғасының оқпан ортасының радиусі бойынша
монолит бетонды және темір бетонды бекітпе үшін
шойын бекітпе үшін
|
30 дейін
±50
±30
|
|
|
ҚНжЕ
|
шойын бекітпе сақиналарының тік жазықтықтығынан шойын бекітпе
|
±20
|
|
|
|
оқпан діңдері жобалықтан (салыстырмалы бірліктерде)
|
1:20000 (оқпанның тереңдігі)
|
|
Ұсақ кен орындарын өңдеу
Тазалап алу қуаттылығының жобалықтан немесе нормативтен ауытқуы, %
|
+5
|
|
|
Түсті металлургияның жетекші кәсіпорындарының жұмыс тәжірибесі бойынша
|
Алаңдарды кенжардан тазалаудың (актировкалаудан) артта қалуы
|
12
|
|
|
Сондай
|
Дайындық, қима және тазалау кен орындарын тексеруде артта қалу
|
10
|
|
|
-//-
|
өту кезіндегі геологиялық барлап қазу (жару) қималарының көлемі, м
|
Қиманы кішірейтуге
рұқсат етілмейді
|
-//-
|
358. Комиссия 7-кестеде көрсетілген талаптарды бұза отырып жүргізілген жұмыстарды ақаулы деп есептейді.
359. Жұмысты жарамсыз деп есептеудің көрсеткіштері болып жобаларда, паспорттарда, нормативтерде қабылданған рұқсат етілген көлемдерден ауытқу табылады. Тау-кен өндірісінің барлық даму сатыларында ең көп кездесетін ақаулықтар түрлерінің мысалдары 50-қосымшада көрсетілген.
360. Орындалған жұмыстың жарамсыздық деңгейіне қарау ақаулық екі сатыға бөлінеді: толық (жөнделмейтін) және жартылай (жөнделетін).
Толық жарамсыздыққа жобада рұқсат етілген ауытқуларды өрескел бұза отырып жүргізілген, оларды түзету техникалық тұрғыдан мүмкін емес және экономикалық жағынан мақсатсыз жұмыстар жатады.
Жартылай жарамсыздыққа техникалық тұрғыдан түзетуге болатын және экономикалық жағынан мақсатты болып табылатын жұмыстар жатады.
2-параграф. Кендерді (құмды) өндіру көлемін есепке алу
361. Кен орындарын жер асты өңдеу тәсілі кезінде өндірілген болып жер бетіне шығарылған пайдалы қазба табылады.
Жер бетіне шығарылған және арнайы үйіндіге жиналған салқындатылмаған пайдалы қазба өндірілген болып есептелмейді.
Үйіндідегі салқындатылмаған пайдалы қазбаны пайдалану қажет болған кезде ол геологиялық қор балансына енгізіледі, содан кейін есеп беру айында «үйінділерден» деген белгімен өндірілген өнім көлеміне қосылады.
Блоктардағы (кен үңгірлеріндегі) сөндірілген тау-кен массасының көлемі маркшейдерлік түсірмесінің немесе есебінің мәліметтері бойынша анықталады және кен толығымен шығарылғаннан кейін түзетіледі.
362. Кенді қоймалауды өңдеу жүйелері кезінде әр қоймадан кеннің шығуын есепке алуды аса мұқият бақыланады.
Блокты (қойманы) пайдалануға кенді шығару жобасын және паспортын жасайды. Оған ай сайын ойып алынған өнім мен кен өнімдерін дайындау және тазалау кен орындарынан кенді шығару қорытындылары енгізіледі, шығарылатын кендегі металлдың құрамы есепке алынады. Кен шығарылғаннан кейін қажет болған жағдайда гидравликалық тазалау жүргізіледі.
363. Кенді (құмды) өндіру бойынша қорытынды мәліметтер болып:
1) жалпы кен, шахта, карьер, кен орны бойынша – кенді (құмды) тұтынушыларға тию кезіндегі, маркшейдерлік өлшеммен есеп беру кезеңінде айдың басы мен аяғында анықталған қоймалардағы (үйінділердегі, бункерлердегі) қалған өнімнің барлығын есептегендегі мәліметтер;
2) учаскелер, пайдалану блоктары, кен үңгірлері бойынша – тау-кен жұмыстарын қабылдау кітабында жазылған маркшейдерлік өлшемдердің және жалпы кен, шахта, карьер, кен орны бойынша қорытынды мәліметтерді ескере отырып, түзетілген мәліметтер табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |