Ауда Б. Сыздықов


БАҒЫТ: Экономика Өңірлік макроэкономика



бет2/11
Дата21.06.2016
өлшемі5.08 Mb.
#151990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

БАҒЫТ: Экономика

Өңірлік макроэкономика


Отырар ауданының бай тарихы бар. Аудан көне тарихтағы Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан облысының батыс жағына орналасқан. Тарихта теңдесі жоқ, ХІІ ғасырдың тарихи ескерткіші «Арыстанбаб» кесенесі осы өңірде. Ауданның оңтүстігі Өзбекстан Республикасымен, солтүстігі Қызылорда облысымен шектесіп жатыр. Сонымен бірге, Түркістан қаласымен және Сарыағаш, Шардара, Арыс, Ордабасы аудандарымен көршілес орналасқан.

Отырар ауданының жері 18,1 мың шаршы шақырым, облыстың жалпы жерінің 15,4 пайызын алып жатыр. Аудандағы халықтың саны 2015 жылдың 1-ші тамызына 54170 адамға жетіп, жер көлеміне шаққанда 1 шаршы шақырымға 3 адамнан келеді.

Аудан орталығы Шәуілдір ауылы облыс орталығынан 145 шақырым, темір жол бекетінен 8 шақырым жерде орналасқан.

Ауданда 13 ауыл әкімшілігі, 39 елді мекен бар.

Аудан құрғақшылықты жазымен, сондай-ақ, әр маусымдағы ауа-райының жылдам құбылмалылығымен ерекшеленеді. Ауданның жер бедерін Сырдария, Арыс өзендері қиып өтіп, оның гидрогеологиялық жағдайы Сырдария, Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің су қорына тәуелділікте болып отыр.

Табиғи-ресурстық әлеуеті.

Ауданның бірегей бәсекелестік артықшылықтар әлеуетін құрайтын маңызды ресурстары бар. Оның ішінде жалпы халық санының 63,4%-ын құрайтын еңбекке қабілетті тұрғындар да бар. Табиғи пайдалы қазба қоры уран болып табылады.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өңір экономикасының дамуын анықтайтын басты сала болып табылады.

Ауданда өнеркәсіптің өңір экономикасындағы маңызы орасан зор.

Аудандағы жұмыспен қамтылған халықтың 10,4%-ы осы салада қызмет етеді.

2012 жылғы қаңтар-желтоқсан айында өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қосқанда) қолданыстағы бағалармен 15,3 млн тенгенің өнімін өндірді, бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 112,7 пайызды құрады.

2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айында өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қосқанда) қолданыстағы бағалармен 15,3 мың тенгенің өнімін өндірді, бұл 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,3 пайызды құрады.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айында өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қосқанда) қолданыстағы бағалармен 15,2 мың тенгенің өнімін өндірді, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 107,0 пайызды құрады.

2014 жылы облыс өнеркәсібінде ауданының жалпы өнеркәсібінің үлесі 2,3 пайызды құрады.

ОҚО статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, 2014 жылы өнеркәсіп саласында ауданымызда 8 кәсіпорын, оның ішінде 2 орта, 5 шағын және 1 қосалқы кәсіпорындар жұмыс атқаруда.

Ауданды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы экономикалық дамуға (2011-2014 жылдар) сәйкес жалпы, өнеркәсіптің даму динамикасы оң көрсеткіші сақталғандығын көрсетеді. Өңірдегі өнеркәсіптік өндіріс саласының дамуы Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

2014 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 15003,4 млн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 100,7 пайызды құраған.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымындағы негізгі бөлік кен өңдіру өнеркәсібіне тиесілі, 71,1 %-ды құрайды. Өңдеу өндіру өнеркәсібінің үлесі – 25,6%.


1-кесте-2012-2014 жылдардағы өнеркәсіп көрсеткіштері


 Көрсеткіштер атауы

 


Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млн. теңге

Нақты көлемінің индексі, өткен жылға % - бен

Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі, %

2012ж

2013ж

2014ж

2012ж

2013ж

2014ж

2012ж

2013ж

2014ж

Өнеркәсіп

35923,0

15307,8

15003,4

112,7

100,3

100,7

100

100

100

Тау-кен өнеркәсібі

15983,6

11973,5

10674,4

112,7

100,3

100,7

44,5

78,2

71,1

Өңдеу өнеркәсібі

19614,2

2929,3

4022,0

113,6

100,2

104,7

54,6

19,2

25,6

Электрмен жабдықтау, газ беру, бумен-ауамен ауа баптау

299,7

355,8

415,4

105,7

120,1

92,3

0,8

2,3

2,7

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және үлестіруді бақылау

25,5

49,2

89,9

84,4

107,7

92,4

0,1

0,3

0,6


Дереккөз: Оңтүстік Қазақстан облысы Статистика департаменті мәліметтері негізінде есептелген.// 2012-2014 жылдардағы өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері бюллетені
Кен өндіру өнеркәсібінің дамуы

2014 жылы аудан өнеркәсібінің 71,1 пайызын кен өндіру саласы құраған. Өңірдің тау-кен өнеркәсібі уран өндірумен шектеледі.

Бұл уран өндірумен айналысатын бірден-бір ірі кәсіпорын «Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғыстан біріккен кәсіпорын акционерлік қоғамы болып табылады.

2014 жылы бұл саланың өндіріс көлемі 10674,4 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жыл деңгейімен салыстырғанда 66,8% құрап отыр.

Облыстың тау-кен өнеркәсібінде ауданның тау-кен өнеркәсібінің үлесі 2014 жылы 6,2 пайызды құрады.
2-кесте-2012-2014 жылдардағы тау-кен өнеркәсібі көлемінің даму динамикасы


Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Облыспен салыстырғанда үлесі (2014)

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және уран өндірісі

млн.теңге

15983,6

11973,5

10674,4

6,2%

Тау-кен өнеркәсібінің нақты көлем индексі

%

112,7

100,3

100,7

-


Дереккөз: Оңтүстік Қазақстан облысы Статистика департаменті мәліметтері негізінде есептелген.// 2012-2014 жылдардағы өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері бюллетені
Кен өндіру өнеркәсібінің дамуы пайдалы қазбаларды, ең алдымен уранды экспортқа бағыттап қазумен байланысты.

Сондай-ақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы тау-кен өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді, бұл руда емес пайдалы қазбаларды өндіруге деген сұранысты арттырды.


Перспективалары:

Жақын және алыс келешекте Отырар ауданының тау-кен өнеркәсібінің ғылыми, білімді, инновациялық, өндірістік, басқару және консалтинг құрылымдарының біртұтас, көп салалы және көп деңгейлі жүйесі болып табылатын ұлттық экономиканың жоғары технологиялы және тұрақты дамып келе жатқан индустриалды тау-кен өндіретін кешенін құру қажет.

Кен өндіру өнеркәсібінің тұрақты және тиімді дамуының маңызды талабы – заманауи тәжірибелік-өнеркәсіптік база құру болып табылады. Бұл Қазақстан рудаларының төмен сапалы сипаттамаларымен және физика-механикалық қасиеттері жоғары бизнестік қауіп төндіруімен байланысты. Тиісті тәжірибелік-өнеркәсіптік база болған жағдайда ғана пайдалы компоненттерді өндіру, қайта өңдеу және алу техникасы мен технологиясын бизнеске қажетті деңгейге жеткізуге болады. Бұл кен орнын игерумен байланысты қауіптерді айтарлықтай деңгейде төмендетіп, олардың инвестициялық тартымдылығын арттырады. Ғылыми-техникалық әлеуетті дайындауға да тиісті қарым-қатынастың қажет екені де анық.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде іске асырылатын кен орындарын игеру процесі іріктелген технологиялары бар кен орындарын тендерге шығаруға мүмкіндік береді. Бұл да тау-кен машина жасау, сондай-ақ саланың ғылыми, жобалық және тәжірибелі-конструкторлық әлеуетін дамытуға жағдайын қамтамасыз етеді.


Өңдеу өнеркәсібін дамыту

2014 жылы аудан өнеркәсібінің 25,6 пайызын өңдеу өнеркәсібі саласы құраған.

Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің негізін азық-түлік өндірісі құрайды.

Бұл жерде «Гүлмайра» шаруа қожалығы, «Үсенов Н.» шаруа қожалықтарының түйе сүтін өңдеп шұбат өндіру цехы жұмыс атқарады.

Одан бөлеке шағын кәсіпорындардың өнімдері арқылы өсім байқалып отыр.

2014 ж. өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары 4022,0 млн. теңгеге өнім өндірді. Бұл 2012 жыл деңгейімен салыстырғанда 20,5% құрап отыр.

Өндіріс көлемінің арту динамикасына азық-түлік өндірісіндегі өнім шығарудың ұлғаюы ықпал етті.
3-кесте-2012-2014 жылдардағы өңдеу өнеркәсібі салаларының көлемі және НКИ


Көрсеткіштер атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

млн. теңге

%


млн. теңге

%


млн. теңге

%


Өңдеу өнеркәсібі

19614,2

113,6

2929,3

100,2

4022,0

104,7

Тамақ өнімдерін өндіру

2030,9

57,3

2898,4

119,4

4006,5

104,7


Перспективалары:

«Оңтүстік» АЭА-ның болуы және барлық ауданда индустриалды аймақ құру салаға инвестиция тартуға, өңдеу өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салуға ықпал етеді.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында ауданда кәсіпорындар салу және жаңарту үшін белсенді түрде инвестиция тартылып жатыр.
Тамақ өнеркәсібінің дамуы

Тамақ өнеркәсібі ауданда өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі болып табылады. 2012-2014 жж. аралығында тамақ өнеркәсібі өндірісінің көлемі 97%-ға артқан. Ауылшаруашылық саласының қарқынды дамуы өңірдегі тамақ өнеркәсібінің дамуына өз ықпалын тигізді.

4-кесте – 2012-2014 жж. өңірдегі тамақ өнеркәсібінің көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Тамақ өнеркәсібі өндірісінің көлемі

млн.

теңге


2030,9

2898,4

4006,5

Нақты көлем индексінің өткен жылға

%

57,3

119,4

104,7


Мәлімет көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті мәліметтері негізінде есептелінген// 2012-2014 жылдардағы өнеркәсіп қызметінің негізгі көрсеткіші
Аталмыш саланың негізгі кәсіпорындары: Аталған салада «Төребек-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет-сүт өндіру және наубайхана цехы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, «Отырар Сүт-Ет» селолық тұтыну кооперативінің сүт, ет өндіру өңдеу цехы жұмыстар атқарады. Одан бөлеке шағын кәсіпорындардың өнімдері арқылы өсім байқалып отыр.

2014 ж. азық-түлік өндірісінің нақты көлем индексі 2013 ж. салыстырғанда 104,7%-ды құрады (2013 ж.- 119,4%).

Ауданның тамақ өнеркәсібінің әлеуеті бәсекеге қабілетті өнім өндіруді, ішкі нарықты негізгі азық-түліктермен молайту және экологиялық тұрғыдан таза өнімдерді сыртқы нарықтарға шығаруды қамтамасыз етеді.


Перспективалары:

Отырар ауданы бірқатар ауылшаруашылық өнім көлемі бойынша облыста алдыңғы қатарда;

Негізгі азық-түлік өнімдерін өндіруде, сұраныс пен тұтыну көлемі өсуде;

Өңірдің өңдеу өнеркәсібінде және жалпы өңір экономикасында азық-түлік өнімдерін өндіруді дамытудың салыстырмалы түрде жоғары деңгейі байқалады;

Аудан бойынша тамшылап суару технологиясы енгізіліп, жылыжай көлемі ұлғаюда;

Ауданда азық-түлік өндірісі бойынша Орта және шағын кәсіпорындардың саны көбейген;

Халықтың көп бөлігі АӨК саласында жұмыспен қамтылған;

Әртүрлі азық-түліктерге деген ішкі қажеттіліктің жоғары болуы импортпен және осы үшін жұмсалатын шығын деңгейімен расталып отыр;

Өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу үлесінің арту мүмкіндігі және терең өңдеуде резервтердің болуы;

Инвестиция тым төмен болған кезде бұл саланың өсу қарқыны жоғары болған.



Перспективалары:

2015-2019 жылдарға арналған МИИДБ 2 бес жылдағы аясында


973,0 млн. теңгеге 5 инвестициялық жобаны іске асыру, 265-тен аса жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Инвестициялық жобаларды (5 жоба) Отырар ауданында жүзеге асыру көзделген.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылы іске қосылды. Отырар ауылдық округіне «Барқұт» ЖШС-нің құны 90,0 млн теңгені құрайтын кеңінен пайдлануға арналған автохимиялық өнімдер өндірісі жобасы аталған бағдарламаға енгізілді.

Жобаның І кезеңі 2015 жылдың желтоксан айында іске қосылды. Жоба толық қуатына шыққанда жылына 300 тн автохимиялық өнімдер өндіріліп, 5 адамды тұрақты және 40 адамды маусымдық жұмыспен қамтитын болады. Жобаны мемлекеттік бағдарлама аясында ІІ кезеңін іске асыру 2016 жылы жүзеге асырылуда.

«Ақ мерген» ЖШС-нің қамыстан құрылыс материалдарын шығару жобасы. Жоба құны 623,0 млн. теңгені құрайды. Бұл жоба индустриаландыру картасына енгізілген. «Банк центр кредит» арқылы қажетті несиелер алып, жобаны іске асыру көзделуде. Жаңадан тұрақты 55 жұмыс орны ашылады.

«Алтын Дария» ЖШС балық шаруашылығын дамыту және тамшылатып суғару әдісімен бау өсіру жобасы. Жобаның жалпы құны 150,0 млн. теңгені құрайды. Жобаны іске асыру индустриаландыру картасы аясында жоспарлануда. Жаңадан тұрақты 15 жұмыс орындары ашылады.

«Балық Ақ шығанақ» СПК-нің балық шаруашылығы жобасын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру индустриаландыру картасы аясында жоспарлануда.Жалпы құны 75,0 млн. теңгені құрайтын жоба аясында жаңадан тұрақты 14 жұмыс орындары ашылады.

«Нұр шілік» ЖШС-нің мал сою және сүт өндіру цехының жобасы. Жоба құны 35,0 млн. теңгені құрайды. Жаңадан тұрақты 12 жұмыс орындары ашылады.

Жалпы алғанда, алдағы болашақта бұл саланың басым даму бағыты ауыл шаруашылығы саласын дамыту (бәсекеге қабілетті, балық,сүт, ет өнімдері және автохимиялық өнімдер, қамыстан құрылыс материалдарын шығару т.б) болып табылады.


Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда
Облыс экономикасының дамуының басымды бағыты шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік (ары қарай - ШОК) субъектілерінің саны аудан бойынша 2014 жылы 3910 бірлікті құрады, яғни 2013 ж. деңгейінен 103,3%-ға (3786 бірлік) және 2012 ж. деңгейінен 105,8% жоғары (3578 бірлік).

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бойынша ШОК субъектілер арасында өндірілген өнімнің жоғары үлес салмағы заңды тұлғаларға тиесілі (2012-2014 жж. орта есепен – 51,6%). ШФҚ орта есеппен 19,3%, ЖК шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы өндірілген өнімінің 29,1%-ын құрады.

ШОК белсенді субъектілерінің саны 2012 ж. 2221 бірлікті, 2013 ж. 1980 бірлікті құрады. 2014 ж. ШОК белсенді субъектілерінің саны 2013 ж. деңгейімен салыстырғанда 102,8%-ға өсті және


2035 бірлікті құрады.

ШОК белсенді субъектілерінің жалпы тіркелген субъектілердегі үлесі 2014 ж. 52% құрады.

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бойынша ШОК құрылымында белсенді субъектілердің үлкен үлес салмағы жеке кәсіпкерлерге тиесілі (2012-2014 жж. орта есепен – 29,9,0%). Шаруа-фермерлік қожалықтар орта есеппен ШОК белсенді субъектілерінің 61,3%-ын құрайды, заңды тұлғалар – 8,8 %.

2012 ж. ШОК саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 5123 адамды құрады. 2013 ж. шағын және орта кәсіпкерлікте 5436 адам қызмет атқарды. 2014 ж. жұмыспен қамтылғандардың саны 5593 адам. Бұл көрсеткіш 2012 ж. деңгейімен салыстырғанда 109,1%-ға немесе 465 адамға жоғары және 2013 ж. салыстырғанда 102,9 % немесе 157 адамға жоғары болды.

2013 ж. ШОК субъектілерінің шығарған өнімі 8251,0 млн.теңгені құрады, яғни 2012 ж. салыстырғанда 90,4% -ға төмен (2012 ж. 9130,9 млн. теңге). 2014 ж. қорытындысы бойынша ШОК субъектілерінің шығарған өнім көлемі 2013 ж. салыстырғанда 105,5%-ға жоғарылаған, 2012 ж. салыстырғанда 95,3%-ға төмен, 8703,0 млн.теңгені құрады

2014 ж. жалпы қосылған құн бойынша салада бір қызметкерге келетін еңбек өнімділігі 80,7 мың теңге/адам (республика бойынша –593,4 мың теңге/адам) болған, бұл 2013 ж. салыстырғанда 4,5%-ға, 2012 ж. салыстырғанда 8,7 пайызға артқан (2012 ж. – 74,2 мың теңге/ адам, 2013 ж. – 76,6 мың теңге/адам).


БЖК-2020 бағдарламасы аясында
2010 ж. бастап шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» (ары қарай-БЖК-2020) бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

2012-2014 жж. БЖК-2020 бағдарламасы аясында 1 жоба субсидияланды, 2 жобаға өндірістік инфрақұрылымның дамуы қолдау берілді. 150 дара кәсіпкерлер субъектілеріне сервистік қызметтер көрсетілді.


2011 ж. бастап БЖК-2020 аясында «кәсіпкерлерді қаржылық емес түрде қолдау» бойынша 4 бағыт жүзеге асып келеді (14-кесте).

14-кесте – «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында компоненте кесіндісінде оқудан өткен қатысушылардың саны



Сауда

Отырар ауданында бөлшек сауданың жалпы көлемі 2014 ж. 2012 ж. салыстырғанда 146,7-ға өсті және 1631,4 млн. теңгені құрады.

Отырар ауданының бөлшек сауда айналымының Оңтүстік Қазақстан облысы бөлшек сауда айналымындағы үлесі 2014 ж. 0,5%-ды құрады (2012 ж. – 0,5%).
15-кесте – Бөлшек сауданың негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2012

2013

2014

Бөлшек сауданың жалпы көлемі, млн. теңге

1025,0

1393,2

1631,4

Азық-түлік тауарлары, млн. теңге

-

-

655,1

Азық-түлік емес тауарлар, млн. тенге

-

-

976,3

Бөлшек сауданың физикалық көлемінің индексі, өткен жылға % -бен

108,2

130,6

108,7

Халықтың жан басына шаққандағы бөлшек сауда, тенге

18210

24523

30557

2014 ж. жалпы бөлшек сауда көлемінің 58% сауда кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлер арқылы, 42% базардағы сауда арқылы жүргізілді.

2014 ж. көтерме сауда көлемі 1025,8 млн. теңгені құрады және 2012 ж. салыстырғанда 136,4 пайыз құрады.

16-кесте – Көтерме сауданың негізгі көрсеткіштері



Көрсеткіштер

2012

2013

2014

Көтерме сауданың жалпы көлемі, млн. теңге

752,2

697,6

1025,8

Азық-түлік тауарлар, млн. теңге

-

-

214,5

Азық-түлік емес тауарлар, млн. теңге

-

-

811,3

Көтерме сауданың физикалық көлемінің индексі, өткен жылға %-бен

105,2

100,7

134,3

Ауданда сауда саласын дамыту мақсатында ашық базарды заманауи форматқа ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша 1 базар бар. Сауда базарын паспорттау рәсімі жүргізілген. Сонымен қатар, сауда базарының жетекшісіне сауда базарын заманауи форматқа ауыстыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Базардың жетекшісімен қайта жарақтау мен жандандыру жөнідегі іс-шараға қол қойылды.

Инновациялар мен инвестициялар

2014 ж. қорытындысы бойынша 3 инновациялық кәсіпорындар бар.

«Гүлмайра» шаруа қожалығы, «Үсенов Н.» шаруа қожалықтарының түйе сүтін өңдеп шұбат өндіру цехы заманауи құрылғылар арқылы шұбатты арнайы қаптамаға құю арқылы іске асыруда.

Сонымен қатар, «Отырар Сүт-Ет» селолық тұтыну кооперативінің сүт, ет өндіру өңдеу цехы жұмыстар атқарады.

2012-2014 жж. ішінде аудандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейін арттыру жұмыстары жалғасуда.
19-кесте – Өңірдегі инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер атауы

2012ж

2013ж

2014ж

Кәсіпорындар саны, барлығы бірлік

17

33

25

инновациясы бар, бірлік

3

3

3

Инновация саласында белсенділік деңгейі, %

17,6

9,1

12,0

Өндірілген инновациялық өнімнің көлемі, млн.теңге

149,2

408,5

1,1

Өткізілген инновациялық өнім көлемі, млн.теңге

-

506,4

1,1

Өткізілген инновациялық өнім көлемінен экспортқа жіберілгені, барлығы млн.теңге

-

-

-

Инновацияларға жұмсаған шығындар, млн.теңге

-

41,6

20,3


Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментінің мәліметтері негізінде саналған.
Перспективалары:

Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту, тасымалдау және логистика, сақтау және маркетинг сияқты біліктіліктер мен көрсетілетін қызметтерге деген сұраныстың артуымен ілесе жүретін процесс, бұл, жергілікті еңбек нарығын әртараптандыруға септігін тигізеді.

Ауданды дамытудың перспективалы бағыттары ретінде төмендегілерді атауға болады:

Көкөніс шаруашылығын және оны өңдеуді дамыту;

Ет және сүт өнімдерін өңдеу саласын дамыту;

Жүнді өңдеуді дамыту;

Ауылшаруашылығын және оларға қызмет көрсетуді дамыту;

Балық шаруашылығын және балық өңдеуді дамыту;

Құрылыс материалдарын өндіруді дамыту.

Ауданды дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, оқыту және біліктілікті арттыру жолымен біліктілігі жоғары мамандардың санын арттыруға, өңдеу секторында өндірістің жаңа түрлерін меңгеруге, жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде өңдеуші сектордың үлесін арттыруға, импорт алмасу бағдарламаларын орындауға, сыртқы сауда айналымының экспорттық әлеуеті мен көлемін ұлғайтуға және т.б. мүмкіндік береді.

Ауданның инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жаңа жобаларды іске асыру жолымен де, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау және күрделі жөндеу арқылы да іске асады.
Инвестициялық қызмет

2014 ж. негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 12686,2 млн. теңгені құрады немесе 2013 ж. 55,6% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 2012 ж. 10024,6 млн. теңгені немесе 2011 ж. 53,2% құрады; 2013 ж. – 21910,3 млн. теңге (2,2 есе), 2014 жылы – 12686,2 млн. теңге.


18-кесте – 2012-2014 жж. негізгі капиталға инвестицияның даму динамикасы



Көрсеткіштер атауы

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Млн. тг.

%, үлесі

Млн. тг.

%, үлесі

Млн. тг.

%, үлесі

Негізгі капиталға инвестиция

10024,6

100

21910,3

100

12686,2

100

Республикалық бюджет

1831,9

18,3

3589,6

16,4

98,9

0,8

Жергілікті бюджет

1845,0

18,4

1147,7

5,2

5948,5

46,9

Өзіндік қаражат

1268,4

12,7

669,5

3,1

1472,3

11,6

Шетелдік қаражат

-

-

-

-

-

-

Басқа қаражаттар

5048,9

50,6

16503,5

75,3

5166,5

40,7


Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментінің мәліметтері негізінде саналған.
2014 ж. ішінде ауданның негізгі капиталына 1472,3 млн. теңге сомасында жеке инвестиция тартылды, Соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп көлемі 29,4 млн. теңгені құрайды немесе сәйкес 2013 ж. кезеңмен салыстырғанда 5,8 есеге өсті.

Негізгі инвестициялық салымды, шағын кәсіпорындар жүзеге асыруда, олардың үлесі 56% жуық.


Туризм

Туризм Оңтүстік Қазақстан облысы экномикасындағы келешегі зор салалардың біріне айналуда.

Отырар ауданы ресми түрде 1935 жылы құрылды. Ауданның жер көлемі 18 мың шаршы километр, 2014 жылы аудан халқының саны 56286 адамда құрады, құрамында 13 ауылдық әкімшілік бар. Аудан экономикасын дамытудың басты бағыты –туризм саласы.

Отырар ауданында ежелгі әулиелі тарихи-мәдени киелі зиярат ету орындары 6 қонақ үй орналасқан.

Атап айтар болсақ Арыстабаб кесенесі 12-20 ғғ.,(архит., тарихи), Қоғам ауылынан солтүстікке қарай 1 км қашықтықта. Кесене 12 ғ. өмір сүрген діндар Арыстанбаб қабірі үстінен тұрғызылған. Ортағасырлық жазбаларда Арыстанбабтың ең байырғы түркі шайқы болғаны айтылады. Аңыз бойынша ол 33 дін негіздерін білген, Отырардағы мубайдиялықтардың рухани көшбасшысы болған. Қожа Ахмет Йасауи Арыстанбабтың қолында 16 жыл тәлім–тәрбие алған. Ұстаз ретінде Арыстанбаб Қожа Ахмет Йасауидің «Хикметтерінде» көрсетіледі. Аңыз бойынша Арыстанбаб Қожа Ахмет Йасауиге Мұхаммед пайғамбардан қалған құрманы жеткізген. Қожа Ахмет Йасауи 23 жасқа толғанда ұстазы Арыстанбаб қайтыс болып Отырар іргесінде жерленді.

Ескерткіш бірнеше мәрте құлап қайта тұрғызылды, кұрделі өзгерістер мен жөндеулерді басынан өткерді. Отырар қалашығы б.д. бірінші ғғ. – 18 ғ. (тарихи, археол.). Талапты ауылының оңтүстік шетінде, Темір теміржол стансасынан батысқа қарай 11,5 км жерде, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсына жақын маңда орналасқан. Географиялық координаттары 42Т443072 UTM 4744699. Алғашқы қазба жұмыстарын төбеде Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А.Черкасов 1904 жылы жүргізген. Қазылған траншеялардан олар керамика, қыштар коллекциясын жинап, бірнеше ондаған мыс теңгелер тапты. Қазба жұмыстары осымен тоқтатылды. 40-шы жылдардың аяғында А.Н.Бернштам бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы мұнда аздаған үйлестіру жұмыстарын жүргізді. Барлық мәдени қабаттарды кесіп өткен стратиграфиялық қазба, қаланың пайда болу мерзімін анықтауға, оның өмірінің негізгі кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік берді. 1971 жылдан бастап төбеде Отырардың түрлі кезеңдердегі қабаттарын, жекелеген орамдарын, монументалды қоғамдық құрылыстарын, шеберханаларын кең түрде қазу жүргізілді. Бұл қазбалар бай археологиялық материалдар берді. Тарихи мәліметтермен бірге олар Оңтүстік Қазақстандағы ірі саяси, шараушылық және мәдени орталығының тарихын білуге мүмкіндік берді.

Туризмнің ерекше түрінің бірі емделу және демалу мақсатында табиғи-климаттық жағдайы денсаулыққа пайдалы қандай да бір мекенге саяхат жасататын сауықтыру туризмі болып табылады. Бұл бағыт шеңберінде термал бұлағы бар демалыс аймағын жасау көзделуде. Отырар ауданында қазіргі заманға сай тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туризм саласын құру болып табылады.

17-кесте – Қаладағы туризмнің негізгі көрсеткіштері




Мазмұн атауы

2012ж

2013ж

2014ж

Кіру туризмі бойынша қызмет көрсетілетін туристер саны, бірлік

3888

7333

5595

Ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілетін туристер саны, бірлік

115589

129208

165816

Орналастыру орындарымен көрсетілетін қызмет көлемі, мың теңге.

4067,0

4146,0

7874,0

Орналастыру саны, бірлік

2

2

4

Төсек орын саны, бірлік

36

36

76


Аграрлық-өнеркәсіптік кешен

Соңғы жылдары ауданның аграрлық секторындағы даму қарқыны жақсы, атап айтқанда, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру динамикасы өсіп келеді. Ауданның жалпы өңірлік өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі 13,4% (14-кесте).



5-кесте – Аудан бойынша ІӨӨ-дегі ауылшаруашылығының үлесі

Көрсеткіш атауы

2012 ж.

Жалпы көлемдегі үлесі,

%

2013 ж.

Жалпы көлемдегі үлесі,

%

2014 ж.

Жалпы көлемдегі үлесі,

%

Ауыл шаруашылығы, млн.тг.

6458,8

18,9

7897,3

22,2

8959,2

13,4

2012 ж. аудандағы жалпы ауылшаруашылық өнімдерін (қызметтерін) өндіру 6,4 млрд. теңгені (118,9%) құрады
6-кесте – Ауылшаруашылығының жалпы өнім (қызмет) өндіруі

Көрсеткіштер атауы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млрд.тг.

соның ішінде:

2014 ж. НКИ, 2013 ж. %


Өсімдік шаруашылығы, млрд.тг.

Мал шаруашылығы, млрд.тг.

ОҚО

аудан

ОҚО

аудан

ОҚО

аудан

ОҚО

аудан

2012ж

259,2

6,4

142, 5

5,3

115,5

5,5

108,5




2013ж

297

7,9

168,0

2,8

127,6

5,1

104,1




2014ж

322,8

8,9

180,4

3,4

141, 2

5,5

101,5




Жалпы көлемдегі үлес,%










107,8

2012-2014 жж. ауылшаруашылығы өнімінің облыстық көлеміндегі аудан үлестері айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған, яғни шұғыл төмендеу немесе ұлғаю байқалмайды.

2015 ж. 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ОҚО халық саны 2 788,7 мың адам, оның ішінде ауыл тұрғындары 1 687,4 мың адам немесе жалпы халық санының 61%-ы.

01.11.2015 ж. жағдайымен салыстырғанда пайдалы жердің жалпы ауданы 726 677 га., ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер – 564 288 га, оның ішінде: егіндік – 41 966 га (7,4 %) (оның ішінде суарылмалы – 41 624 га), жайылым – 517 372 га (91,7 %), шабындық – 1 561 га, (0,2 %), басқа жерлер – 3 389 га (0,6 %)

01.11.2015 ж. жағдай бойынша облыста 2763 мың ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген (құрылымдық бірліктер есепке алынбаған), оның ішінде 467 ауылшаруашылық кәсіпорны, 2296 мың шаруа қожалығы

Аграрлық салаға бағытталған мемлекеттік қолдау жыл сайын артып келеді: егістік және бау-бақша жұмыстарының экономикалық қолжетімділігін арттыру бойынша қажетті жанар-жағармай материалдарының құнын, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді, минералдық тыңайтқыштарды, гербицидтер мен биоагенттерді субсидиялау және т.б. Осылайша 2014 ж. ауданның ауылшаруашылығын дамытуға барлығы 247 млн. теңге бөлінді, бұл 2012 ж. салыстырғанда 4 есе жоғары.



Соңғы жылдары АӨК шаруашылық субъектілерінің 755-тен астамы субсидиямен қамтылған.
7-кесте – Ауданымыздың ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлес салмағы, %




Қалалар, аудандар

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

млрд.теңге

%

млрд.теңге

%

млрд.теңге

%

1

Отырар

7,1

2,7

7,7

2,6

9,0

2,8
Дерек көзі: Отырар ауданының статистика бөлімі
Егін шаруашылығында құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды, басым ауылшаруашылық дақылдарының егін алқаптарын кеңейтуді жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Мал шаруашылығын дамытуға азық-түлік дақылдарын арттыруға қажетті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 2012 - 2014 жылдары ауылшаруашылығының егін алқабы 16,3 мың га артып, 19,4 мың га құрады (ауданның жалпы егін алқабы көлеміндегі өңірдің үлесі 2,4%-ды құрады), бұл 2013 жылмен салыстырғанда 5 мың га артық. (18-кесте).

8-кесте – Ауылшаруашылық дақылдардың егіс алқабы


Көрсеткіштер атауы

Ауылшаруашылық дақылдардың егіс алқабы, мың га

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж.

2012 ж. %

ОҚО

742,2

774,3

782,4

105,4

Аудан бойынша

16,3

14,4

19,4

119,3

Жалпы көлемдегі үлесі, %

2,2

1,8

2,4

109
Ауылшаруашылық өнімдерінің түсімі артып, көкөніс-бақша дақылдары және картоптан – 2 есеге өнім алынған, бұл 2012-2013 жж. салыстырғанда 13,3 тн. артқан (19-кесте).

2012 ж. салыстырғанда аудан бойынша өнім - жүгері 40,2 цн/га, бақша өнімдері 141 цн/га, картоп 81 цн/га, жеміс-жидек 37,7 цн/га.


9-кесте – Ауылшаруашылық дақылдарының жалпы жиналуы



Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Анықталған

егіс көлемі

2014 ж.

2012 ж. %

Өнімділігі,

Жалпы жиналған өнім,

2014 ж.

2012 ж. %

жиналған

егіс көлемі

ц/га

 


мың.тонна

 


га

2012ж

2013ж

2014ж

2012ж

2013ж

2014ж

2012ж

2013ж

2014ж

Дәнді және бұршақты дақылдар, барлығы

5222,8

3552,1

7087,5

135,7

40,9

41,9

40,2

21,4

14,9

28,5

133,2



5219,9

3552,1

7087,5

135,8

о.і.: дәнді-масақты дақылдар




 

дәндік жүгері

4540,9

3217,6

6709,8

148

40,9

41,9

40,2

21,4

14,9

28,5

133,2

Майлы дақылдар, о.і.:

 

 

күнбағыс

79

37

153

193,6

14,6

13,8

14,3

115,3

51,06

218,8

189,7

мақта

130

30

128,7

99

19,5

26,7

26

254

80

334

131,5

көкөністер

191,2

295,5

222,9

116,5

129,2

112,9

118

2,5

3,4

2,6

104

Бақша дақылдары

1845

1892,3

2780,2

150,6

135,8

139

141

25

26,3

39,2

157

картоп

69,8

34,2

51,2

73,3

74

79,4

81

5,2

2,7

4,2

81

жеміс-жидек, барлығы/жеміс беретін жастағы екпелер

25,8

6

13

50,3

42,2

42,2

37,7

1088,7

253,2

490,1

45

жүзім ,барлығы/ жеміс беретін жастағы екпелер

61,3

19,2

30,7

50

37,1

15,07

26,5

2274,2

289,3

813,5

35,8

Дерек көзі: Отырар ауданының статистика бөлімі

10-кесте-2012-2014 жылдары аудандар бөлінісінде өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі



Қала/аудан

2012ж.

2013ж.

2014ж.

млрд.теңге

аудандар үлесі,%

млрд.теңге

аудандар үлесі,%

млрд.теңге

аудандар үлесі,%

1

Отырар

2,4

1,7

2,6

1,6

3,4

1,9

Дерек көзі: Отырар ауданының статистика бөлімі

Соңғы жылдары ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемін арттыру үшін егін шаруашылығында заманауи су ресурсын үнемдеу технологиясын енгізу және озық инновациялық әдістерге көшу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп келеді.

Тамшылатып суғару әдісі жалпы ауданы 231,5 га жерге енгізілді, бұл 2013 ж. салыстырғанда 2,5 есеге артық (111,7 га)және 2012 ж. салыстырғанда 13 есеге артық (17,5 га).

Жылыжайлардың жалпы ауданы 6,6 га жерге салынды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3 есеге және 2012 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артық.

Жыл сайын топырақтың құнарлығын сақтау және арттыру үшін ауылшаруашылық құрылымдарының субсидияланған минералды тыңайтқыштар алу көлемі артып келеді. 2012 ж. салыстырғанда ауылшаруашылық кәсіпорындары сатып алған минералды тыңайтқыш мөлшері 2014 жылы тыңайтылған ауданы 5000 га немесе 471 га жерге артқан (110,4 пайызға).

Аудан балансында мынадай техника бар: трактор 625, комбайндар 37, 137 бірлік әртүрлі агрегаттар.



Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығының өсу динамикасы байқалады, 2012 ж. және 2014 ж. аралығында құнмен есептегендегі жалпы мал шаруашылығы өнімдерінің деңгейі 117%-ға артқан (4,7 млрд. теңгеден 5,5 млрд. теңгеге дейін).

2014 ж. салыстырғанда 2015 ж. 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шаруашылықтың барлық санаттарындағы қой мен ешкі саны 107,8%-ға, жылқы 112,1%-ға, түйе 118,2%-ға артқан, ІҚМ 110,9%-ға, құс 102,6%-ға артқан.

2014 ж. салыстырғанда 2015 ж. ет өндіру (сойылған кездегі салмағы) 102,6%-ға артып, 19 тоннаға артқан, жұмыртқа 110,5%-ға артып, 473 мың дананы құрады, сиыр сүті 103,9%-ға артып, 700 тоннаны құрады. (21-кесте).

11-кесте – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру


Көрсеткіштер атауы

Мал шаруашылық өнімдерін өндіру

2014ж. 2012ж. %

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Мал және құс еті

(тірі салмақта), мың тонна



8.0

8.2

8.4

105

Мал және құс еті

(сойыс салмақта), мың тонна



4.4

4.5

4.6

104.5

Сүт (барлық түрі), мың тонна

20.1

18.8

20.1

100

Оның ішінде: сиыр сүті

20.1

18.8

20.1

100

Жұмыртқалар (барлық түрлі құстардан), млн. дана

5.2

5.3

4.8

93

Оның ішінде: тауық жұмыртқасы

5.2

5.3

4.8

93

Жүн, тонна

547.1

549.5

455.3

83.2

Аудан аумағында 1 ірі мал бордақылау алаңдары және сүт өңдейтін 3 кәсіпорын жұмыс істейді.


12-кесте – 2012-2014 жылдары аудандар бөлінісінде мал шаруашылығының жалпы өнімі



Қалалар, аудандар

2012ж

2013ж

2014ж

млрд.теңге

Аудандар үлесі,%

млрд.теңге

Аудандар үлесі,%

млрд.теңге

Аудандар үлесі,%

ОҚО

115,5

100

127,6

100

141,2

100

1

Отырар

4,7

4

5,1

4

5,5

3,9

Дерек көзі: Отырар ауданының статистика бөлімі
Ауданда 2012-2014 жж. мал шаруашылығы өнімдерінің меншікті салмағының жақсы өсу қарқыны байқалады:

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы аясында әзірленген «Сыбаға» бағдарламасының 2011-2014 жылдардағы нәтижелері бойынша шаруа қожалықтары 2,9 мың бас сатып алды, оның ішінде қаржы институттары арқылы 1,4 мың бас сатып алынды.

Бүгінгі таңда, жалпы тұқымды өзгертуге ІҚМ жалпы мал саны 6466 төлдейтін басы бар 119 фермерлік шаруашылық қатысып отыр, бұл жалпы төлдейтін бастың 34,1 %-ын құрайды, бұл 2013 ж. салыстырғанда 1,7 есеге артық.

2014 ж. 9315 бас ІҚМ қолдан ұрықтандырылды, өткен жылмен салыстырғанда бұл 103.5%-ға (ІҚМ жалпы төлдейтін бастың 53%-ын құрайды) және 2012 ж. салыстырғанда 2 есеге артқан.

Отырар ауданында 1 шағын құс фабрикасы бар.

«Жаңа-жер» ш/қ жобасы іске асырылды, өндіріс қуаты тәулігіне 4,5 мың дана жұмыртқа.

Ауданда «2014-2016 жж. арналған «Мал шаруашылығын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары» орындалуда. Іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыссыздықты төмендету, кәсіпкерлікті дамыту және ауылдағы өмір сүру деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Іс-шара жоспарының негізгі бағыты – аудандағы ерекшеліктерін ескере отырып, ұсақ шаруашылықтарды қолдау, жобалардың шағын түрлерін дамыту, жаңа кооперациялық жүйені ұйымдастыру болып табылады:

- сыйымдылығы 10-15 бастық шағын мал бордақылау алаңдарын;

- шағын жанұялық сүт аулаларын;

- сүт қабылдау бекеттерін;

- шағын құс фабрикаларын құру;

- аталған құрылымдарға сервистік қызмет көрсететін селолық тұтыну кооперацияларын ұйымдастыру.

Сонымен қатар іс-шара бойынша 2014 жылы жалпы 163 жобаға 411,8 млн.тг несие қаржы берілді (оның ішінде).

- 5-10 бастық жанұялық сүт фермаларына 10 жобаға 13,9 млн.тг.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет