Аудан әкімі Н. Мұсабаевтың Арал ауданының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және



бет3/3
Дата27.06.2016
өлшемі382.71 Kb.
#161192
1   2   3

Құрметті қауым!
Біз, қандайда болмасын ауданда басталатын келелі істі, аудандық мәслихаттың депутаттарымен, қоғамдық ұйым өкілдерімен және ауданның активтерімен келісе, кеңесе, ақылдаса отырып шешіп келеміз. Әр жылға арнайы атау беріп, соған орай алдымызға межелі мақсат қойып оны іске асырып жүрміз. Міне, биылғы 2013 жылды да «Халықаралық Аралды құтқару қорына 20 жыл» деп атап өтпекпіз. Біздің ұсыныстарымыз аудан тұрғандары - Сіздердің тараптарыңыздан да ылғи қолдау тауып отырады. Соның арқасында біз сегіз жылда әр жылды атап өтудің мерекелік шараларын дамыттық. Жыл атауына жастарға тәрбиелік мәні зор, өңірдің тарихына тікелей қатысы бар, ел есінде жүрген елеулі оқиғаларды арқау етіп, оны халықтың рухани, мәдени мерекесіне айналдыра білдік.Сондықтанда болар жылдарды атап өтуде біз облыс басшыларының қолдауын ғана емес, қамқорлығын да сезіне бастадық. Әр жылды осылай қорытындылау ауданды белгілі бір биікке көтеріп тастамағанымен ең бастысы елді мекендеріміздің, аудан орталығының көркейіп, көріктене түсуіне өз ықпалын тигізді. Халықтың келешекке деген үмітін арыттырып, жігерін жандыра түсті. Соның арқасында ауданымызда әр жылда қосымша құрылыстар салынып, жаңа нысандар бой көтерді. Көптеген имфрақұрылымдар пайдалануға берілді. Салынған құрылыстар жөнінде баяндаманың басында айттым. Оларды қайталағым жоқ. Сол құрылыстарға қосымша, өздеріңіз куәсі болған, кешегі өткен «Арал күндері» фестивалінің аясында Қарақұм ауылдық округіндегі пайдалануға берілген жаңа мектеп ғимараты алдынан «Қарақұм құрылтайына» арналған стелла орнатылды. Қала орталығынан, қала көркіне көрік қосқан, биіктігі 11 метрлік, гранитпен қапталған, қазақ халқы бірлігінің символындай, айбынды «Алаш» алаңы, теміржол вокзалы жанынан «Қуғын-сүргін құрбандарына арналған алаң» салтанатты түрде ашылды.

Облыстық бюджеттен 21500 мың теңге, аудандық бюджеттен 27560 мың теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстарын шұғыл түрде жүргізгеннің арқасында, жүзге жуық жанұяның күнкөріс көзіне айналып отырған «Қанағат» коммуналдық базары азғантай мерзімде қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді.

Қазір аудан тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінің жақсара түскенінің дәлеліндей болып, қаланы қойып ауылдық елді мекендердің өзінен қос қабатты коттедждер бой көтере бастады. Тек 2012 жылдың өзінде ауданымызда (жеке тұрғын үйлерді қоса есептегенде) жалпы ауданы 17526,4 шаршы метр болатын 174 тұрғын үй салынып пайдалануға берілген болса, солардың 142-сі жеке тұрғын үйлердің үлесіне тиеді екен. Ал, жеке құрылыс салуға ниет білдіріп, жер сұраушылардың саны күн санап көбейе түсуде. Бұл да аудан тұрғындары әл-ауқатының жыл санап жақсарып келетінінің дәлелі десем артық айтпаған болар едім.

Қадірменді аралдық ағайындар, мен жыл көлемінде ауданымызда атқарылған ауқымды шараларға тоқталып, қол жеткізген жетістіктеріміз туралы баяндадым. Енді, 2013-ші жаңа жыл бізгі не береді? Осы жылғы біздің басты бағытымыз, алдағы межелі міндеттеріміз қандай болады деген сауалдарға жауап бере кетейін.

2013 жылы да ауданымызда мектептер мен балабақшалар ғимараттарын салу жұмыстары жалғасын табады. Атап айтар болсақ: облыстық бюджеттің даму трансферттері есебінен: Қарашалаң елді мекеніндегі 100 орындық № 75-ші, Тоқабай елді мекеніндегі 140 орындық № 248-ші, Қосаман елді мекеніндегі 100 орындық № 68-ші мектептердің және Жалаңаш елді мекенінен 90 орындық «Желкен» балабақшасының, Сексеуіл кентінен 2 қабатты әкімшілік үйінің ғимараттары салынатын болады. Сондай-ақ, республикалық және облыстық бюджеттердің қоса қаржыландырулары арқылы, нысаналы даму трансферттері есебінен қаладан 280 орындық балабақшаның және жалпы сомасы 12308,0 мың теңгені құрайтын тұрғын үйлердің құрылыстары салынады. Өткен, 2011 жыл басында біз аудандық мәслихаттың ХХХІ сессиясында Қамбаш көлі жанынан салынатын жалпы аумағы 150 га болатын «Қамыстыбас» демалыс аймағының бас жоспарын бекіткен болатынбыз. Қазір құрылыс аймағына арнайы электр желісі тартылуда. Үстіміздегі жылы осы демалыс аймағының алғашқы құрылыстары бой көтере бастайтын болады. Бұған қосымша көл жағасынан 300 орындық балаларға арналған сауықтыру кешені салынып пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші «Саутс ойл» компаниясы өткен жылы сауықтыру кешені жобасының тұсаукесерін өткізді.

Республикадан берілетін трансферттер есебінен үстіміздегі жылы Аралқұм, Қамыстыбас, Қарақұм ауылдық дәрігерлік амбулаториялары салынып пайдалануға беріледі.

Жыл көлемінде, тиісті жоғарғы органдар алдына мәселе қою арқылы облыстық бюджеттің бос қалдықтарын бөлу, нақтылау кезеңдерінде қаржы бөлдіріп, қаладағы 140 орындық «Жазира» балабақшасының, № 230 Жіңішкеқұм, № 20 Бөген орта мектептерінің құрылыстарын бастауға қол жеткізіледі деп күтілуде. Қазір бұл құрылыстардың жоба – сметалық құжаттарын әзірлеумен мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаржы қаралып отыр.

Жалпы сомасы 512508,0 мың теңгені құрайтын (республикалық бюджеттен 488462,0 мың, облыстық бюджеттен 24046,0 мың теңге) Сапақ, Қосжар, Жалаңаш, Ақбай елді мекендерінің ауыз сумен қамту желілерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүзеге асырылады.

Облыстық бюджеттің төтенше жағдайларға бөлінген қаржысы есебінен 22,0 млн.теңгеге «Жасұлан», «Керіағар» каналдарына, Аманөткел елді мекені жанындағы қорғаныс бөгеттеріне су тасқынына қарсы қосымша күшейту жұмыстары жүргізіледі.

Республикалық бюджеттен жалпы сомасы 134126,0 мың теңге бөлініп «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде Шижаға, Қамыстыбас елді мекендерінің көшелері мен ішкі автокөлік жолдары жөнделетін болады. Бұған қосымша Қамбаш көлі жағасындағы демалыс аймағына баратын кіреберіс автомобиль жолын, Қызылжар елді мекені бағытындағы автомобиль жолының 9-13 шақырымдары аралығының (ұзындығы 4 км) бөлігін күрделі жөндеуден өткізуге және Қарақұм ауылдық округінің орталығына баратын Жақсықылыш-Тоқабай-Абай автомобиль жолының 85 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарын бастауға қол жеткізіледі деп күтілуде.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен ауылдық округтерді дамыту шараларына 29561,0 мың теңге бөлініп отыр. Осы қаржы есебінен үстіміздегі жылы Аманөткел, Аралқұм, Бөген, Жаңақұрылыс, Бекбауыл, Тоқабай, Көлжаға, Қосаман, Ақбасты, Қосжар, Жалаңаш, Шижаға, Қызылжар, Сазды елді мекендеріне 2000,0 мың теңгеден, Құланды елді мекеніне 1561,0 мың теңге бөлініп балалардың ойын алаңдары салынатын болады. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы негізіндегі іс-шараларды іске асыруға 78416,0 мың теңге, оның ішінде жалақыны ішінара субсидиялауға 20419,0 мың теңге, «Халықты жұмыспен қамту» орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 15224,0 мың теңге, «Жастар практикасын» ұйымдастыруға 30190,0 мың теңге, «Кадрларды даярлау және қайта даярлауға» 12583,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр.

Сонымен қатар 2013 жылы да аудан тұрғындарына төленетін әлеуметтік төлемдер мен берілетін қаржылай көмектердің заң талаптарына сәйкес уақытылы төленуі қамтамасыз етілетін болады. Бұл дегеніңіз мемлекеттен көмек алуға тиісті бірде-бір жан қорғаусыз, қолдаусыз қалмайды деген сөз. Демек, 2013-ші жылы да біз үшін, біздің ауданымыз үшін берекелі де, мерекелі жыл болады деп айтуға толық негіз бар.

Қадірменді аралдық ағайындар!

Міне, мен 2012 жылы, жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен қатар биылғы, 2013-ші жылғы алдымызға қойылған міндеттер туралы баяндадым.

Әрине мен бүгінгі күні ауданның проблемалары түгел шешілген, экономикасы төрт аяғынан тік тұр деп айтудан аулақпын. Проблемаларымыз да, кемшіліктерімізде жоқ емес. Шешімін таппай тұрған шаруаларымыз да жеткілікті десе болады. Аудан көлеміндегі ұзындығы 1818 шақырым болатын электр желілерінің 70 пайызға жуығы тозығы жетіп апаттық жағдайда тұр. Бұл жұмысты біз биыл ғана бастап жатырмыз.

Бүгінгі күнге дейін шалғай орналасқан Атанши, Мойнақ елді мекендері электр куатымен қамтамасыз етілмеген. Қалада кәріз жүйесі жоқ. Қала төңірегінде әр түрлі жұқпалы аурулардың ошағына айналып отырған 20-дан астам көмуді қажет ететін сорлы көлдер бар.

Негізінен ауылшаруашылығымен айналысатын аудан болғанымызбен сол ауылшаруашылығынан алынған өнімдерді өңдеуді әліде жетілдіре, жолға қоя алмай келеміз. Бұдан өзге де аудан тұрғындарының тыныс – тіршілігіне аса қажет, бірақ шешуге ауданның шамасы жетпейтін түйінді мәселелеріміз жеткілікті. Біз бұл мәселелерді тиісті жоғарғы орындардың алдына қойып келеміз. Мен бүгін болмағанымен бұл проблемаларымыздың да оң шешімін табатын уақытының алыс емес екеніне сенімдімін.

Мен, есеп беру екен деп баяндамама ештеңені қалдырмай, барлығын жіпке тізіп, жыр қылып жазуды алдыма мақсат етіп қойғаным жоқ. Өйткені, аудандағы атқарылған жұмыстардың барлығы, күнделікті Сіздердің көз алдарыңызда іске асып жатты. Көп нәрсенің іске асырылуына өздеріңіз ат салысып, куәсі болып жүрсіздер. Әрине, айтып шығуы оңай болғанымен, атқарылған шаралар мен салынған құрылыстардың өздігінен оп-оңай орнай қоймайтыны өздеріңізге белгілі. Қай жұмыстың болмасын астарында аудан басшылығы тарапынан жасалған сан-қилы шара, аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп жоғарғы органдардың алдына қойылған мың сан талап, әкімшілік аппаратының, бөлімдердің, тиісті мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің жатпай-тұрмай жасаған еңбегі, ұйымдастырушылық қызметтері тұрғанын Сіздер жақсы түсінеді деп ойлаймын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет