Аударма айшыќтары


Агата Кристи шығармаларының



бет33/39
Дата17.04.2024
өлшемі1.26 Mb.
#499003
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Хрестоматия 2009

Агата Кристи шығармаларының
қазақ тіліне аударылу тарихы


Г.Қ.Қазыбек

Қазіргі қазақ әдебиеті барлық жанры кемелденіп өскен, дүниежүзілік мәні бар әдебиетке айналды. Бірнеше, ондаған жылдар ішінде көптеген идеялық, көркемдік табыстарға жетті. Бұрын негізінде, ауыз әдебиеті ғана дамыса, бұл күнде прозаның да, драматургияның да, поэзияның да тамаша туындылары дүниеге келіп отыр. Әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының да жетістіктері мол. Сонымен қатар, дүниежүзілік әдеби байланыстың арқасында көркем аударма да дами түсіп, әдебиетіміз әлемдік классиктерді ана тілінде оқып, тани бастады. Мұның өзі табыс, әдеби жеміс болып табылады.


Агата Кристи шығармашылығы туралы әдебиетттану ғылымында көптеген пікірлер айтылған, талдаулар жасалған. Жазушының “Шығыс экспрессі” атты шығармасына алғашқы сынның бірі бұдан бірнеше жыл бұрын жарияланды. Содан бері қарай әр кезеңде Агата Кристи шығармашылығы үздіксіз сөз болып әдеби сынның ілтипатына бөленіп келеді.
Жазушының шығармашылық жолы мен суреткерлік диапазонын танытуда бұл аталған еңбектердің қай-қайсысында да болмасын бағалы пікірлер айтылған . Түрлі мәселелерге арналған жекелеген диссертациялар, зерттеу, таныстыру мақалалары бар. Бұларда Агата Кристи шығармашылығының сан қыры, стильдік жағынан өзіне ғана тән ерекшеліктері, характер сомдауы, уақиға іріктеуі, оны құру шеберліктері, өмір шындықтарына көркемдік шындық жасау ұсталығы, тіл байлығы т.б. жайында біршама-ақ сөз болған .
Зерттеу еңбектерінің әрқайсысында Агата Кристи шығармашылығы түрлі түсті қарастырылған.Оның туындылары әдебиет аясында көптен бері талданып келеді. Агата Кристи туралы жазылған белгілі еңбектердің бірнешеуін ерекше атап көрсеткен жөн.Мәселен, Базарбай Исаев ағылшын прозасының даму тарихын зерттеген еңбегінде Агата Кристидің шығармаларына тоқталып өтіп, оның кейбір ерекшеліктерін атап көрсетеді. Базарбай Исаев өзінің «Қазақстан сарбазы» (17.01.2003.) газетіне жариялаған Агата Кристи өмірі мен шығармашылығы жайында сүйікті, танымал елендігінің куәсі . Бұдан Агата Кристи шығармаларының үлкен қоғамдық мәні бар мәселелерді көтергенін байқаймыз.
Ағылшын әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі – Агата Кристидің өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған еңбектері бірсыпыра. Мұның барлығы да жазушы шығармашылығының халыққа қаншалықты сүйікті, танымал екендігінің куәсі. Бұдан Агата Кристи шығармаларының үлкен қоғамдық мәні бар мәселелерді көтергенін байқаймыз.
Агата Кристи ағылшын әдебиетінің көп жанрында еңбек сіңірді. Көркем прозаның әсіресе детектив жанрында жұрт таныған шебері атанған – Агата Кристи өз дәуірінің шындығын суреттеген үлкенді- кішілі әңгімелері, бүгінгі замандас өмірін бейнелеген туындылары – ағылшын әдебиетінің қымбат қазынасына қосылған елеулі үлес болып табылады, жазушының әдебиеттегі орнын одан сайын биіктете түсті. Ол кен іздеген барлаушы секілді халық тілінің тереңде жатқан неше алуан қазынасын таба білді. Ол ағылшын әдебиетінде сөз қолданудың сан салалы үйлесімді үлгілерін әкелді. Агата Кристидің әрбір шығармаларынан маңызды оқиғалар, қызғылықты характерлер ғана табылып қоймай ағылшын тілінің жаңа қырлары, мол мүмкіншіліктері табыла түседі.
Әдебиетке әрбір суреткер өзіне ғана тән тағдырымен келеді. Мектептік, өмірлік білімнің әсері де, әдеби дәстүрдің үлгі-өнегесі де, өмірді танып білуінің шама-шарқы да жазушының шығармашылық ерекшелігіне ықпал етпей қоймайды. Агата Кристи- ағылшын әдебиеті әлеміне бірталай өмір тәжірибесінен өтіп, көп нәрсені өзінше екшеп, пайымдап, түсініп, әдебиет өзінің өмірлік өнері екендігін терең сезініп келген кісі.
Агата Кристи –– ағылшын әдебиетінің үлгі-өнегесін бойына мейлінше мол дарытқан мәдениетті жазушылардың бірі. Агата Кристидің ағылшын халқының керемет бай көркем әдебиетінен де қыруар олжа тапқанын, сол көркем әдебиеттің сиқырлы сұлулығы мен қымбат қазынасы оның көркемдік тұшынысы мен талғамын өсіргенін айтпай кетуге болмайды.
Ең алғашқы шығармаларынан бастап, Агата Кристи шығармашылығына тән кейбір сипаттарды айқын байқауға болады. Жазушының алғашқы он шақты жыл ішінде жазған көптеген роман, әңгіме, пьеса, радиопьеса өлеңдерінің өзінен де осы ерекшеліктерді аңғарамыз. Бұлардың әрқайсысының идеялық, көркемдік дәрежесі де әр түрлі. Осындай шығармашылық ізденудің үстінде жазушының суреткерлік тәжірибесі бірте-бірте толыса, кемелдене түскен.
Агата Кристидің шығармашылық ізденуінің ең бір жемісті қадамы – оның детектив жанрында жазылған әңгімелерімен көрінеді. Бұл жолда Агата Кристи басқалардың ізін қуаламай, өз соқпағын табуға талаптанған. Әсіресе, оның ұстаз тұтып, үлгі алғаны- ағылшынның озық әдебиеті. Жазушының алғашқы әңгімелері тақырыптық жақынан алуан болса да, жазылу мәнері, тәсілі тұрғысынан көптеген ұқсастықты танытады. Ағылшын әдебиетінің қалыптасу кезінде әдебиеттің тақырыптық шеңбері кеңейіп жанрлық түрлері де мейлінше байып отырды. Қаламгер өмірдің сан- саласын суреттеуді, жаңа өмірдің жақсы сипаттарын мақсат етті.
Кристи, Дейм Агата( Мэри Кларисса) өмір сүрген жылдары 1890-1976. Романист, қысқа әңгімелердің авторы, драматург, ақын.
Торки қаласында (Девон графтығы) дүниеге келген. Алғаш білімін үйде алған, кейін музыка мен ән сабағын Париж қаласында үйренген. Дүниежүзілік соғыстардың екеуінде де ағылшын госпитальдарында қызмет еткен, Агата жолдасымен бірге Таяу шығыста-детектив жанырының қайталанбас шебері. Ол 70-тен аса романдардың, жүздеген әңгімелер мен 17 пьесалардың, 13 тілге аударылған шығармалардың авторы. Шытырман оқиғалы шығармалар ханымы аталып, атағы алыс елдерге жайылған Агата Кристидің өмірінен не білеміз? Тіпті жазушының шын аты – жөнін көбіне біле бермейміз. Агата Кристидің толық аты жөні Агата Мэри Кларисса Миллер. Ол 1890 жылы дүниеге келген әкесі американдық бизнеспен, шешесінің шыққан жері ағылшын болатын, қызының әжептәуір дауысы барын сезген әкесі мен шешесі оның опера әншісі болғанын қалайды. Бірақ өмір өз әмірін жүргізді. 1914жылы Агата полковник Кристиге тұрмысқа шығады. Өздеріңізге белгілі, сол бірінші дүние жүзілік соғыс басталды ғой. Кристи майданға аттанады.
Агата Кристи «Стамбулдағы жұмбақ» оқиға деген тұңғыш романын 30 жасында жазады. Бір қызығы, «Хайнеманн» баспасы осы шығармасын баспай қойған. Сол себепті 1930 жылы «Алыптың наны» романын Мэри Уэстмакотт деген лақап атпен жариялады. Романды әдеби орта елеусіз қалдырды. Арада 14 жыл өткенде осы лақап атпен тағы бір романын оқырмандар назарына ұсынды. 1925 жылы «Қыздың қызығы», осыдан төрт жылдан кейін «Уақыт» романдарын шығарды.
Англия–классикалық детективтің отаны. Мысалы, Уилки Коллинз «Ақ көйлекті әйел», Чарльз Дикенстің «Эдвин Друдтың құпиясы», Конан Дойылдың «Шерлок Холмс» туралы шығармаларын жақсы білетін болар. Сондай -ақ Дефо, Стивенсон, Диккенс, Оскар, Уальд, Грем Грин сияқты әдебиет алыптарының қалам қарымы Агата Кристидің шығармашылығына зор әсер етеді. Жазушының өмірбаянында қызықты тұстар көп. Соның бірін айтсақ, күйеуімен арасы суып бара жатқанын сезген Агата ешкімге айтпай, қашып кетеді. Газеттер ол жайлы әр түрлі ойлар айтып шуласып жатады. Ағайындары Агатаның қайда жүргенін айтқан адамға сый ретінде 100 фунт стерлинг беретінін хабарлаған. Тіпті бір дәріхана иесі Агата онымен удың қандай түрлері бары жөнінде ақылдасқанын да айтқан көрінеді. Осыдан кейін жазушыны тапқан адамға берілетін сыйақы мөлшері 500 фунт стерлингке жеткен. Полиция дабыл қағып, аяғынан тік тұрып іздейді. Ақыры, Хароггит дейтін шағын қаланың мейрамханасының бір қызметкері Агата Кристидің қонақ үйде жатқанына 9 күн болғанын хабарлап, 100 фунт стерлинг сыйақысын талап еткен.
Бұл күнде Агата Кристидің атағы әлемге тараған жазушылардың бірі. Тіпті оның кейіпкері Эркюль Пуаро пошта маркасына да шықты. Тағы бір кейіпкер Тюссо ханымның балауыздан жасалған мүсіні мұражайға қойылған. Оның шығармалары әлемнің 120 тіліне аударылған. ЮНЕСКО мәліметіне қарағанда, жазушының «Стайлстегі жұмбақ оқиға» дейтін тұңғыш кітабынан бастап, 1980 жылға шейін бүкіл әлемде 50 тілде 400 миллион дана кітабы сатылған.
Әлем жұртшылығы ағылшындық Агата Кристи ханымды детектив жанрында алдына жан салмаған жазушы ретінде таниды. Оның қаламына 80 криминалдық роман, 19 пьеса, 150 әңгіме, 4 көлемді эссе, сондай –ақ Мэри деген лақап атпен жарияланған 6 сентиментальды повесть туған. Барлық дарын иелері секілді, ет пен сүйектен жаралған пендеге тән неше қилы тосын қылық-әдетте оған да тән болған. Мәселен, ол көйлек, туфли, шляпа, тіпті, суға түскенде киетін киімнің былайғылар біле бермейтін қыр–сырларын тәптіштеп суреттейді. Өзінің ваннада өмірбақи шұлықпен шомылатынына дейін жасырмайды. “Өзімнің жыл сайын бір роман, бірнеше әңгіме жазуға шамам жететінін сезетінмін. Мен солай еттім де, өйткені ол шақтарда жазушылықтың тиімді жағын басым еді. Қаламыңнан шыққанның бәрі буда –буда ақша болатын”, -деп әңгімелейді ол ашықтан –ашық.
Аталған кітабында ол махаббат, еркектер туралы ойларын да бүкпесіз ортаға салады. Еркектерді жанындай жақсы көретінін жасырмай Құлпырған қыз кезімде жиырма немесе отыздағы әсем жігіттермен жақын танысып, бәрімен де ашық-машық болдық. Олармен үлкен қабылдауларға барушы едік. Ондайда жүздерін күн қаққан егде полковниктерге іштей қатты қызығып, ұрлана көз тастайтынбыз. Ал, олар біздейлерге пысқырып та қарамастан, көбінеше күйеулері бар сұлу әйелдердің айналасынан шықпайтын”,-деп ағынан жарылады.
Алайда,бұл айтқандарымыздың бәрі Агата Кристи секілді ғазиз тұлғаны ұшқалақ, жеңілжүрісті болды дегенге саймайды. Ол күйеуге шығып, перзент сүйген, үлгілі ана атанған.
Агата Мария Клариса Миллер 1890 –жылы 15 –қыркүйекте Ла –Манш бұғазына таяу жердегі Торки деген қалашықтағы шипаханада өнегелі отбасында дүниеге келеді. Ештеңеден таршылық көрмей, жақсы тәрбие алған ол жасы жетіге келгенде жергілікті ақсүйектердің балаларына арналған жекеменшік мектепке барады. Үздік оқумен бірге Шекспир, Теннисонның кітаптарына ден қояды. Сомерсет Моэмнің жазу мәнеріне құмартады. Ән–күй сабағын Парижге қатынан оқиды. (Жасы алпысқа келгенде отбасы мүшелеріне опера әншісі болмаппын деп өкініш білдергені бар). Фортепиянода ғажап ойнайтын кішкентай Агата мектептегі балет тобында айтулы биші де атанады. Жас кезінде асқан сұлу, әрі сиқырлы назданғыш қылығы болыпты. 1912 жылы сауық кешінде танысқан ұшқыш жігіт, тамаша биші Арчибальд Кристиге бір көргеннен ғашық болып, 1914 жылы некеге тұрады. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуына байланысты, Арчибальд Корольдік әуе корпусына, Агата әскери госпитальға жұмысқа кіреді. Бұл кезде Арчибальд авиясия полковнигі, Агата танушы жазушы болатын. Ол алғашқы шығармаларын он сегіз жасқа жетер жетпесінде жаза бастаған. Үлкенді –кішілі редакциялар әңгімелерін баспай, кері қайтара берген соң, бір көшеде тұратын Иден Филпот деген есімі онша белгісіз, бірақ түйсігі мол әдебиетшімен ақылдасады. Агатаның шығармаларын оқып көрісімен «Әлі сенен үлкен қаламгер шығады» -деп қолпаштап қояды. Бальзак, Эдгар По, Диккенс және Тургеневтерды оқып, тәлім ал деп ақыл айтады. Көп ұзамай белгісіз әдебиетші –сыншының болжамы шындыққа айналып, баспалар Агатаның жазғандарын таласып–тармасып басатын болды.
Агата Кристидің бес бірдей детективі романын басуға шарт жасады. Бұл зор мәртебе, теңдесіз абырой. Әдебиетте осылайша қысқа мерзім ішінде табысқа жеткен қаламгерлер некен –саяқ. 1922 жылы Агата күйеуімен бірге әлемдік саяқатқа аттанады. Осы жылы олар Гавай аралдары, Африка елдері, Жаңа Зеландия, Канаданы аралайды. Кемеде жүзу Агатаға мүлдем ұнамайды да, керісінше поезбен жүрген ұзақ жолдың әсері өте зор болады. Кейіннен соның бәрі өзінің толып жатқан роман, әңгіме, пьесаларынан көрініс табады.
1926ж Агата дүние жүзілік даңққа ие болады. Сыншылардың жазуынша, Агата Кристидің «Роджер Экройдтың өлімі» атты романы бес құрлық оқырмандарының қолынан түспеген. Детективтік жанрдың ғажайып биллетристика бола алатыны тамаша дәлелденді. Сәл кейінірек жарыққа шыққан «Айыптау куәгері» және «Тәпі» («Мышеловка») пьесалары АҚШ, Англия, Франция, тіпті Жапония театрларының т.б. елдерінің сахыналарында он бес мың рет қойылған.
Агата Кристидің «Шығыс экспресі» («Восточный экпресс») повесін орысшадан қазақ тіліне көрнекті қаламгер–аудармашы Базарбай Исаев аударған. Ағылшынша нұсқасындағы –“Murder on the Orient Express” –орысша нұсқасында –“Восточный экспресс” повесі деп, ал қазақша нұсқасында –«Шығыс экспресі повесі» -деп аударылған.
“Murder on the Orient Express” –ті орысшаға «Восточный экспресс» повесі ᴥ듩꽶ʱ噒瑽ểṩछ귞塽嬻爰풪Υ�竎衧ᐛ冔衩ᄽ�晘넦叡믍ඬ섆艙ꖪ࿠쭳鑊灴ア䅆ꉑꗙ翡ུ菐ஔ둁㓤ꗔ燻ṽ䏒똽쉍⯐䌖荽덴瞢࿥贖뽿䘨ࣈ䍀ꥆɮ㻎頢㞧८雡⼸⒝�㚞锷쭷鈯彺萸ࣾ墮ㆌ҆啈嵃탈⎾嗒뫂踓㗒㩆츿⍕⎀丱⁤뎂༸ꒊ팚앺곀휷율術Ნ㠈뎔࿌�虚〧휟ퟞ됥왁㶊㍨綯┕᫜Œꠅꚥ챲ಠ担睙疡ȋথ됵츒㔄剎渂붺⽪೉厃辪媤㲤蓾퐊六园⤏⟝痝㧇—䶃ᛷ⑦ꛘ毉䯾큧皢迓틁⿱䎵퀂䕪ꓳ逸䣕ථ祣ቍ殾疺୧踇羪⿕凝귖堳絎嘨䢫猳啉޳썵덯縑蒞夼︣㢅ꃏ쑯≖ꈗ蟜存씦茄졊U➁窴ョ됐�妈꙽ꌙЦ߻냯끲�鹙凘꽥଍꫁쾼齽잞픅튵Ѷ溏ᴥ끢뗑㮅⡟諑䏰亰暈�煣灚霭칿ȋঈ鏏곱콄魸톤邜࡙৮풂ᜰ쒅傿ᤢ㓶곯䐆ᜋ�贾꾫潚ဝ䫽兂鈥幐啊쥹鴡郬ᇱ㭎丕㛵ꕇ㊺鎀踵∿錋즕ㄚ䵞驀䴘뱮슯夢ᖫ蜗鏪뺢ꯣ娐搯荐ꅋⓖﱋ킄ѓ㲞뵚尷潂᠗濗傖ൖ驉䶂拀Ჳ✆ἷ㜰䃰羔が⾗燯㑤䫿䀰Ყ╿⹂鰨撛�먉�ᗝ뷙ᾥꡱ饫푌獋泾죵嵔�ⰾꮳ猊䔁邊̶鏙Ꟑ眫䴼껵씳褩둷꺏淋᤹ﰡ袝棇쓤日慃₊썘ꔲঘ麭꡽鬗俟풰໓嚘቙懼緉ᚮ趿૕䖙�ရ䦵莨�໹䍈구̫饔콱蔧蝘디娤绷聐ⵏᛎ㡯퉵睸斱䨿㍿牴㬼皛鏁ꮉ滏탫㈫��垿蔊镃릍⓽㔊唞�퉃沠ꅣぁ硛좯然宏괞㸜㘔퉯稻ᤡ떬Ҋ医핓а оқиға –«Таңғы аязда, жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі саған бесте, Серияның Алепо станциясы платформасының ұзына –бойына созылған, теміржолшылар атықтамалығында «Тавры экпресі» деп аталатын состав тұрды », -деп берілген. Бұл жерде біз қазақша нұсқасында «состав» деген орыс сөзінің баламасын таба алмғаннан ба, әлде білмегеннен бе сөзді аудармай сол күйінде қалдырғанын байқаймыз. Қазіргі күнгі сөздіктерде «состав» деген сөздің аударма баламасы құрам екенін анық көреміз.
Ал «Экспресс состоял из вагона – ресторана, одного спального и двух вагонов местного сообщения» -дегенді Исаев: « Сол экспресс вагон – рестораннан, ұйықтауға арналған бір вагоннан және жергілікті қатынасқа бөлінген екі вагоннан тұратын»-деп берген. Мұның өзіне – ақ біз Исаевтың аудару барысында көркемдікке қарағанда дәлдікке көп көңіл бөлгенін аңғара аламыз.
Түпнұсқада:
«Проводник спального вагона подошел к мужчинам. Дебенхем улыбнулась. Потешный человек! Таких коротышек обычно никто не принемает всерьез. Лейтенант Дюбоск произнес прощальную речь. Он подготовил ее заранее и приберегал до последнего момента. Речь продуманную и блистательную.
Не желая уступить ему, Пуаро отвечал в том же духе».
Аударма нұсқа:
«Ұйықтауға арналған вагонның жол серігі әлгі екі еркектің қасына барды,
Поезд жүргелі тұр, -деді ол. –Мырза, вагонға кіріңіз.
Кішкентай кісі басындағы шляпасын қолына алды. Ананың басына қарашы айнымаған жұмыртқа! Көңілі алабұртып тұрған Мэри Дебенхэм еріксіз күліп жібереді. Қызық кісі екен! Мұндай талаптарды әншейінде ешкім адам қатарына қоспайды. Лейтенант Дюбоск қоштасар алдындағы сөзін сөйледі. Ол өзінің осы айтқан сөздерін алдын ала дайындаған және әлгінде айтқанын көңілінің түпкірінде сақтап келген еді. Бұл сөзі әбден дайындалған және ғажап болып шықты.
Өзіне айтылған әдемі сөздерді естіп, одан кем түспес үшін Пуаро оған дәл сондай жауап қайтаруға тырысты ».
Ал, үшінші тарауындағы: «Мосье Бук –он уже сидел за столиком –приветственно помахал рукой приглашая своего друга занять место напротив него. Вскоре Пуаро понял, за какой стол он попал, -его обслужилали первым и подавали самые лакомые блюда. Еда тут, надо сказать, было удивительно хороша.
Масье Бук позволил себе отвлечь внимание от трапези лишь тогда, когда они перешли к нежному сливочному сыру. Мосье Бук был уже на той стадии насищения, когда тянет филосовствовать.
Будь у меня талант Бальзака, -взднул он, -я бы обязательно описал вот это! –и он обвел рукой ресторан ». –дегенді Базарбай Исаев төмендегідей етіп аударған.
«Бук мырза – ол бұл кезде үстелде отырған –сәлем бергенін білдіріп, қолын бұлғап, өзінің қарсысына келіп отыруға белгі жасады. Пуаро көп кешікпей өзінің қандай үстелге тап болғанын түсінді, оған даяшы жүгіріп жүріп қызмет көрсетті, тамақты да бірінші әкелді және ең әдемі тағамдарды әкелгенін айтсаңшы. Мұндағы дайындалған тағамдардың өте тамаша екенін баса айту керек.
Бұлар алдарына майлы ірімшікке кірісе бергенде, бағанадан бері тамақ ішуге бөгет болғысы келмеген Бук мырза әңгіме бастаған еді. Бук мырза бұл сәтте қарыны тойып қанағат жасағанда, енді философиялық ойлардың жетегіне ерген сыңайы бар-ды ». Нежный сливочный сыр, -дегенді: майлы ірімшік, -деп тәржімалаған.
Ал орысша мәтіндегі:
Труп дегенді –мүрде деп аударып берген.
Я не вполне вас понимаю, Мосье Пуаро.
Ну что ж, приведу пример. Мы находим женский насовой платок. Кто его потерял, женщина? А можеть быть, мужчина, совершивший преступление, решил: Пусть думают, что это дело рук женщины . Я нанесу куда больше ран чем нужно, причем сделаю это так что будет казаться будто некоторые из них нанесены человеком слабым и немощным, потом оброню на видном месте женский платок. Это один ватиант. Но есть и другой. Предположим, что убийца –женщина и тогда она нарочно роняет ершик для трубки, чтобы подумали, будто два человека, мужчина и женщина, не сговариваясь, совершили одно и то же преступление и притом каждый и них был так небрежен, что оставил нам по улике? Не слишком ли много тут совпадений? –дегеннің қазақша мәтіндегі баламасын төмендегідей етіп табамыз.
Мен сізді онша түсініп отырған жоқпын, Пуаро мырза.
Онда не істеймін, мысал келтіріп көрейін. Біз, жаңа өзіңіз, көрдіңіз, әйелдің бет орамалын тауып алдық. Оны жоғалтқан кім, әйел ме? Мүмкін, оны жоғалтқан осы қылмысты жасаған еркек шығар және ол бұл қылмысты әйел екен деп ойлап тура бағыттан адассын. Жарақатты көбірек салайын, жарақат салғанда да оны әлсіз, күш қуаты кем адам салғандай жеңіл жаралайын, содан кейін әйел бет орамалын көзге бірден түсетін жерге тастап кетейін, -деп түйген болуы керек. Бұл –бір жорамал. Бұдан басқасы да бар. Солай–ақ деп ойлайықшы: кісі өлтірген әйел–ақ болсын және ол трубка тазалағышты әдейі тастап кетеді, сөйтіп қылмыс жасаған ер адам деп ойласын дейді. Сонда деймін–ау, құдды екі адам: бір әйел, екіншісі ер кісі, бірімен бірі алдын ала келіспей–ақ, екеуіде бір қылмыс жасап, бір адамды өлтіреді, оның үстіне олардың әрқайсысы бізге бір бір айғақ қалдырады деп шынымен –ақ сенеміз бе? Мұндағы айтылған жайттардың дәл келуін қалай түсінсек екен? Мұнда ершик для трубки, -дегенді: трубка тазалағыш, -деп берген. Стопка паспортов и билетов. Рядом были разложены бумага, чернила, карандаши.
Все в порядке, сказал Пуаро,-мы можем без дальнейшых проволочек приступить к расследованию. Прежде всего, я думаю, нам следует выслушать показания провадника спального вагона. Вы, наверное, знаете этого человека. Что вы можете сказать о нем? Можно ли отнестись с довереим к его словам? –дегенді:
Вагон – ресторан іші түгелдей жауап алуға әдейі дайындалып қойған екен. Пуаро мен Бук мырза үстелдің бір жағына отырды. Доктор оларға қарсы отар. Пуароның алдында үстел үстінде Сиамбул–Кале вагонының жоспары жатыр. Әр купеде онда келе жатқан жолаушының аты жазылған. Жоспардың бір бүйірінде паспорттар мен билеттер қаттаулы тұр. Солардың қасына қағаз, сия, қаламсаптар мен қарындаштар қойылған.
Бәріде реттелді, -деді Пуаро, -біз енді алаңсыз тергеу жұмысына кірісе аламыз. Бәрінен бұрын менің ойымша, ұйықтауға арналған вагонның жол серігі не айтады, соны тыңдауымыз керек. Сіздер ол туралы не айтасыздар? Оның сөзіне сенуге бола ма, өзі? –деп тәржімалайды.
Аударма өнерінің қыры мен сыры мол. Оның өзіндік қиындықтары да қаншама. Одақтық көлемде салиқалы пікір алысулар өткізіліп , келең ойлар айтылып тиісті шаралар да белгіленіп жатады. Тіпті, аударма саласындағы үлгі тұтарлық өнегелі мектеп қалыптасумен орыс әдебиетінің өзіне де бұл мәселе толық шешілді деуге болмайды. Тұрсын Жұртпаев өзінің көркем аударма: табыс пен талпыныс мақаласында: Шекспир, Флобер, Хэмингуэй шығармаларының тәржімалану сапасы жөніндегі сын мақалалар, ұлы драматургтың Отеллосының орыс тілінде төрт түрлі аударма нұсқасының бар екені жайлы айтады. Әрбір сөзінен тарихи дерек пен аңыздық оқиғаның бедері байқалатын Гомердің Одессейі мен Иллиадасының үш–төрттен өлеңдік және қара сөздік тәржімалары бар. Мұның барлығыда аудармаға деген қатаң талапты шығарманың көркем де дәл жеткізілуін қамтамасыз етудегі ыждахаттылықты, өнерге деген жауапкершілікті меңзейді.
Біз аударма сапасын сөз еткенде, ондағы әдеби көркемдікке тіл кестесінің дұрыс өрілуіне, стильдік тазалыққа баса назар аударудың себебі де осыдан туындаса керек. Өзінің жазылу мерзімі мен әлеуметтік астарлы ой айта білуімен, таза кәсіптік шеберлігімен классикалық әдеби шығарма дәрежесіне көтерілген Агата Кристи шығармалары бізге әлі күнге дейін толық жеткен жоқ.
Ең алғашқы қадамдарынан–ақ қазақ аудармашылары орыс аудармасын ғана пайдаланған. Ағылшын әдебиетінің байланыстары туралы Мұхтар Әуезовтың сіңірген еңбегі өте зор. Мұхтар Әуезов былай деген: Аудармашы өзі аударатын шығармасын фабула дамуында ғана емес, автордың жеке стилистикалық ерекшеліктерін де оны түбегйлі ойлап, терең сезінуі керек. Ұлттық колоритті жеткізудегі кемшіліктердің ерекшеліктерін де оны түбегейлі ойлап, терең сезінуі керек. Ұлттық колоритті жеткізудегі кемшіліктердің көбі орыс аудармасының кемшілігінен, қателігінен болған. Ағылшын әдебиетіндегі ұлт азаттық қозғалысты терең көрсете білген жазушылардың шығармашылардың шығармаларын қазақ тіліне өз дәрежесінде аудармаған. Кейбір аударма теоретиктері сатылы аударманың орнына жанама аударма деген терминді ұсынады. Яғни, екі аударма да тікелей аударманы берудің тәсілдері. Ағылшын жазушыларын орыс тіліне аудару арқылы қазақ оқырмандарына жеткен. Ал орыс тіліндегі қателіктер қазақ тіліне дәл солай етіп аударылған. Ал ағылшын тілінен тікелей қазақшаға аудару 1960 –жылдары басталады. Және де жалпы қазақ тілінде жарық көрген шығармалардың саны біршама өсті. Мысалы: Гарто Бредтің Гүрілдеген қостың бақыты, Куин Майктың Ырыққа көнбеген адам әңгімесін Жандос Қалиев аударған. Осы кездері Роберт Бернстің Шелли Персиі қазақ тілінде сөйлей бастады. Шекспирдің сонеттері аударылды. Ал 1970- жылдары Фенимор Купердің Магиканың соңғы тұяғы, Артур Конан Дойлдың Тор айының жеті күні, Майн Ридтің Жұмбақ салт атты шығармасы, Агата Кристидің Брэд Бэрри, Эдгар По әңгімелері қазақ тіліне аударылды. 1970-жылдары көптеген туындылардың тәржімалау дәрежесі көркем шығармалардың аудармаға қойылатын талаптарға жауап береді. Мәселен, Агата Кристи шығармаларын аударған Әділ Ахметов нұсқаларын мысалға келтіруге болады. Ал соңғы он жылда ағылшын тіліндегі әдеби шығармаларды аудару өріс алмай қалды. Тікелей аударма жасауға талпыныс соңғы жылдары тіптен байқалмайды.
Сөйтіп әлемдік әдебиеттің алтын қорына қосылған детектив жанрында жазылған романдар мен повестер, әңгімелер өмірге бірінен кейін бірі біртіндеп келіп жатты. Солардың ішінде шоқтығы биік туындылардың бірі болып «Шығыс экспресін» атауға әбден болады.
1.Асабаев З. Өзі де, сөзі де көркем кристи өміріне бірер хикаят. / Алматы ақшамы. 21 қаңтар, 1998ж.
2.Джанет Морган. Агата Кристи. Изд. Русич, Смолеск, 1999.
3.Русская мысль. Париж, 4390, 4 января, 2002.
4.Magazine «Mozaika» ғ7.9, 1976.
5. «A prologue to English Literature» W. W. Robson. 1998.
6. «Agatha Christie», Janet Morgan, Smolensk «Rusich» 1987.
7.Magazine «Speak Out», 1998. ғ4.
8. «Agatha Christie» - Collection of stories, Moskow, 1976.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет