31
басталып жатады, сондықтан маман түпнұсқаның тыңдау арқылы
қабылдануын бөлік-бөлшектерге бөле алатындай тәжірибе
жинақтауы қажет. Ауызша аударма кезінде тұтас құрылымды
сегменттер арқылы жеткізуге болады,
бұл әсіресе әр басқа
типологиялық ерекшеліктерге ие орыс тілі мен қазақ тілдеріне
тән. Біздің байқауымызша, ілеспе аударма кезінде сөздің таңбалық
құрылымы, абсолютті сәйкестіктер (сөздіктегі денотат баламалар)
алынады, өйткені түпнұсқадағы тілдік бірліктің коннотатты
мағыналарын, экспрессивті реңктерін игеруге уақыт жібермейді.
Орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жасау кезінде қазақ тілі
сөздерінің мағыналық байлығын, тұрақты
сөз тіркестерін еркін
қолдана білсе, бұл аудармашының лингвомәдени құзыретінің
жоғары деңгейде екенін айқындайды. Алайда ықшамдау, кейбір
мәліметтерді түсіріп тастау – ілеспе аударма кезінде жиі кездесетін,
бірақ барлық жағдайда да дұрыс деп бағаланбайтын тәсілдер.
Ілеспе аудармада қандай ерекшеліктер
болатынын мысалдар
арқылы байқастыралық:
1. Түпнұсқада:
– Днем подачи заявления считается день, когда документы
будут собраны в полном объеме.
Ілеспе аудармада:
– Құжаттар толық көлемде жиналған күн өтінішті берген
күн болып есептеледі.
2. Түпнұсқада:
– Как только пенсионер предоставляет документов, наши сотру-
дники формируют макет этого пенсионного дела, выносят проект
решения и направляют его в Департамент труда и соцзащиты по
городу Алматы, который непосредственно назначают пенсию.
Ілеспе аудармада:
Түпнұсқаны бірнеше вариантта айтуға болады,
дегенмен
құзыретті маман орыс тіліндегі күрделі сөйлемді қазақ тілінде
төмендегіше түзеді:
Зейнеткер өз құжаттарын ұсынғаннан кейін ≥≥ біздің
қызметкерлеріміз осы зейнетақы туралы істің макетін жасайды
≥≥ шешімнің жобасын дайындайды және жобаны ≥≥ Алматы
қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментіне жібереді,
≥≥ департамент тікелей зейнетақы дайындайды.
32
3. Түпнұсқада:
Конечно, в налоговой у пенсионеров начинается хождения по
мукам.
Достарыңызбен бөлісу: