Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Аударма жасаудың техникасы



Pdf көрінісі
бет11/103
Дата16.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#486808
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103
audarmanyng ozektigi Kulmanov

Аударма жасаудың техникасы – қостілділік жағдайында 
аударма процесінде пайдаланылатын кәсіби тәсілдердің жиынтығы. 
Аудармашының мәтінді талдау негізінде оның морфологиялық 
құрылымын, бейресми сөздердің грамматикалық категориясын, 
олардың мағыналық байланысын тез қалпына келтіре білудегі 
кәсіби шеберлігі, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін білу және 
онымен жұмыс істеу қабілеті.
Түпнұсқадағы ақпаратты «сіңіру» әдетте «мағынаны түсіну» 
деп аталады. Бірінші кезеңде аудармашы түпнұсқаның аудары-
латын үзіндісіндегі ақпаратты, сондай-ақ лингвистикалық және 
жағдаяттық контекстегі ақпаратты да алып, осы ақпараттың 
негізінде өзі келесі кезеңде «жарыққа шығаратын» мазмұн туралы 
қажетті ой-түйін жасауы тиіс... бірінші кезеңде аудармашы 
не түсінсе, соны аударады... аударма процесінің екінші кезеңі 
аударма мәтінін жасауда тілдік таңбаларды таңдаудан тұрады. 
Бұл аудармашының кіріс тілдегі сөйлеу әрекетін көрсетеді. 
Аудармашының стратегиясын көрсететін бұл екінші принцип 
әдетте «түпнұсқаның таңбасын емес, мағынаны аудару» талабы 
делінеді және түпнұсқаның тұлғасын (формасын) көшіруге 
жол бермеу болып табылады. Аударма стратегиясының үшінші 
принципі аудармашы аударылған және аударған мәтініндегі қандай 


20
да бір маңызды мағыналық элементтерді анықтаудан тұрады. 
Аудармашының төртінші стартегиялық принципі тұтас мәтінді 
түсіну жекелеген бөліктердің мағынасынан маңызды болып, 
тұтас мәтіннің мағынасын дұрыс беруде жекелеген детальдарды 
«құрбандыққа шалуға» саяды. ... тағы бір ереже – аударма кіріс 
тілдің нормаларына сай болуы тиіс [4, 187-199-бб].
Аударма процесінде ең алдымен аударатын тілдегі лексикалық 
бірліктердің аударылатын тілдегі баламасын дәл қолдану маңызды. 
Сонымен қатар аудару процесінде баламалықтың төрт түрін атауға 
болады. Аударманың бірінші түрдегі баламалылығы түпнұсқаның 
коммуникацияның мақсатын құрайтын мазмұндық бөлігін ғана 
сақтаудан тұрады. Баламалылықтың екінші түрінде түпнұсқа 
мен аударма мазмұнының жалпы бөлігі коммуникацияның 
бірдей мақсатын ғана көрсетіп қоймайды, бірдей тілден тыс 
жағдаятты береді. Түпнұсқа мен аударманы салғастырудың 
үшінші түрінің төмендегідей ерекшеліктері болады: 1) лексикалық 
құрам мен синтаксистік құрылымында параллелизм болмайды; 2) 
түпнұсқа мен аударма құрылымын синтаксистік трансформация 
қатынасы арқылы байланыстыру мүмкін болмайды; 3) аудармада 
түпнұсқадағы коммуникациялық мақсат пен жағдаят бірдей 
сақталады; 4) аудармада жалпы ұғым сақталып, олар арқылы 
түпнұсқадағы жағдаят сипатталады. Баламалылықтың төртінші 
түрінде, жоғарыдағыларды қоса алғанда, аудармада түпнұсқаның 
синтаксистік құрылымының, мағынасының айтарлықтай бөлігі 
көрініс табады. Түпнұсқа мәтінінің құрылымдық ұйымдасуы 
аударылатын мәтіннің жалпы мазмұнына енетін белгілі бір 
ақпаратты айқындайды... Баламалылықтың соңғы бесінші түрінде 
түпнұсқа мен аударма мазмұнының барынша жуықтатылуына қол 
жеткізіледі [4, 52-78-бб.].
Ал дәл баламасы жоқ лексикалық бірлікті берудің төмендегідей 
жолдары кездеседі: а) транслитерация; б) калькалау; в) сипаттамалы 
(түсіндірмелі) аударма; г) жуықтатылған (ұқсас) аударма; д) 
антонимдік (қарама-қарсы) аударма [4, 104-121-бб.]. Баламасы жоқ 
сөзді аударуда аталған тәсілдер арқылы сәйкестік орнату болмаған 
жағдайда сипаттау тәсілі қолданылады.
Құрылымдары әртүрлі тілдердің грамматикалық өзіндік 
ерекшелігі болатындығы белгілі. Кез келген тілдің өзіндік 


21
грамматикалық формасы нақты грамматикалық мағына білдіре-
тіндіктен, сол грамматикалық мағынаны аударылатын тілдегі 
сәйкес құрылымдармен беру қажет. Ал кейде грамматикалық 
бірліктің мағынасы артық деп саналған жағдайда (егер бұл мәтіннің 
жалпы мазмұнына әсер етпейтін болса) белгілі бір грамматикалық 
мағынаны тастап кету нөлдік аударма деп аталады [4, 150-бб.]. 
Алайда грамматикалық мағынаны ескермеу көп жағдайда сөйленім 
мазмұнының толық берілмеуіне алып келетінін есте ұстау керек.
1.1.4 Аудармаға қойылатын талаптар 
Аударма процесінде аударма өніміне және аудармашыға 
қойылатын талаптарды да ғалымдар түрліше атайды. Мысалы, 
Л.К.Латышев аударма қызметінің өніміне – аударылатын мәтінге 
қойылатын бірінші және басты талап турасында былай дейді: 
«... ол (мәтін) шығыс мәтінге коммуникативтік тұрғыда балама 
болуы керек, яғни адресатқа (тыңдаушыға немесе оқушыға) әсер 
етуі шығыс (аударатын) мәтіннің әсерімен бірдей болуы керек; 
ШТ (шығыс тіл) адресаттары мен КТ (кіріс тіл) адресаттарының 
мәтіннің екі нұсқасын да қабылдаудағы және оларға жауап берудегі 
(реакция) алғышарттар объективті түрде бірдей (яғни олардың 
жеке қасиеттеріне байланыссыз) болуы қажет». Ал екінші талап 
– ШТ мен КТ мәтіндердің барынша мүмкін болған семантика-
құрылымдық жақындығы (әрине мұны «таза» буквализмге бару деп 
ұқпау керек). Бұл жақындық аудармада автор (тұпнұсқа авторы!) 
ойының сәйкестігін барынша сақтауға, шығыс тілдегі мәтіннің 
аударылатын тілдегі мәтінде дұрыс «орналасуының» ауқымын 
(диапозон) арттырады (сәйкесінше шығыс тілдегі мәтіннің кіріс 
тілдегі мәтіннің «орынбасар» болуына, яғни дұрыс аударылмауына 
алып келетін жағдайлардың санын азайтады), аударма процесінің 
және аудармашылық шешімнің объективтілігін арттырады [3, 26 
б., 33 б.]. Бұл аталған талаптар әрине аударма жанрының барлық 
түріне жалпы қойылатын басты талаптар болып табылады. 
Негізінде аударманың түрлеріне байланысты (мысалы, көркем, 
ғылыми, саяси, ресми, жарнама т.б.) бұдан өзге де «қосымша» 
талаптарды көптеп атауға болады (Мұнда біз қосымша деген сөзді 
тырнақшаға алып отырған себебіміз: аударманың бір саласында 


22
қосымша саналатын талап екінші түрінде негізгілердің қатарына 
жатуы мүмкін).
Аударма өніміне қойылатын тағы бір талап – коммуникативті-
функционалдық баламалылық. Алайда бұл талап аударма өнімінің 
коммуникативтік тиімділігіне байланысты болады. Аудармашы 
жасайтын мәтін аударма қызметінің өнімі болып табылады және 
төмендегі шарттарға негізделген болуы тиіс:
– коммуникативті-функционалдық тұрғыдан шығыс мәтінге 
балама болуы тиіс;
– шығыс мәтіннің семантика-құрылымдық тұрғыдан барынша 
мүмкін болған деңгейде ұқсас болуы керек (әрине бұл бірінші 
шартқа қайшы келу дегенді білдірмейді);
– шығыс тілдің мәтінінен аударма талаптарының шегінен 
шығып кететін ауытқулар болмауы тиіс [3, 35-б.].
Аудармаға қойылатын талаптарды Х.Савори төмендегіше 
санамалайды:
1. Аударма түпнұсқаның сөздерін беруі керек.
2. Аударма түпнұсқаның мағынасын беруі керек.
3. Аударма түпнұсқа тәрізді оқылуы керек.
4. Аударма аударма тәрізді оқылуы керек.
5. Аударма түпнұсқаның стилін беруі керек.
6. Аударма аудармашының стилін беруі керек.
7. Аударма түпнұсқаға сай шығарма ретінде оқылуы тиіс.
8. Аударма аудармашыға сай шығарма ретінде оқылуы тиіс.
9. Аудармада автор қосқан (добавления) және түсірген 
(опущения) сөздер болуы мүмкін. 
10. Аудармада автор қосқан (добавления) және түсірген 
(опущения) сөздер болмауы керек.
11. Өлең аудармалары қара сөз түрінде аударылуы тиіс.
12. Өлең аудармалары өлең түрінде аударылуы тиіс [6, 48-49-
бб.]. 
Аударма қаншалықты шығармашылық әрекет десек те, 
аудармашы ойына не келсе, соны істей береді деген пікірден 
аулақ болуымыз қажет. Аударма түпнұсқаның мазмұнын толық 
жеткізіп, қабылдаушыға (оқырманға) дәл сондай әсер ету керек 
екені, әрине, сөзсіз. Аударма әрекеті – аудармашының когнитивті-
коммуникативті іс-әрекеті болғандықтан, оның туындысы – 


23
аударма – түпнұсқаның мазмұны мен эмоционалдық, стильдік 
реңін бұзбай жеткізуі қажет. 
Сонымен, нақты айтсақ, аудармаға қазіргі таңда қойылатын 
талаптар қандай? Қазіргі аударматануда аударманың (қандай 
түрі болмасын, барлығына тән) сапасын бағалайтын бес негізгі 
критерий белгіленген. 
Біріншіден, мазмұнның сәйкестігі, аударманың мазмұнындағы 
олқылықтар деректік қате деп саналып, оның сапасына үлкен 
нұқсан келтіреді. 
Екіншіден, аудармаға деректік сәйкестіктен басқа да талап-
тар қойылады. Олардың негізгісі – аударма тілінің ереже
заңдылықтарына сай болу. Аударма мәтінде тілдік қателер болса 
(жазылым жағынан – орфографиялық, сөйлем құру жағынан 
– синтаксистік, сөздердің септелу, жіктелу жағынан – морфо-
логиялық, сөздерді қолдану жағынан – лексикалық т.б.), ондай 
аударма да қанағаттанарлық деп саналмайды. 
Үшіншіден, жоғарыдағы екі көрсеткіш орындалған күнде 
түпнұсқа авторының коммуникативтік мақсаты аудармада дәлме-
дәл болып шықпаса, оның сапасы төмендейді. Мұндай олқылықтар 
(түпнұсқа жарық көргенде автордың алға қойған негізгі мақсаты 
аудармада сәл өзгеріп кетсе) кейбір сөздердің, сөз тіркестерінің, 
идиомалар мен қанатты сөздердің астарлы мағыналарын 
түсінбегендіктен, яғни екінші тілді жаратқан халықтың ұлттық 
мәдениетін жете білмегендіктен пайда болады. 
Төртіншіден, аудармада түпнұсқа тілінің нейтралды, қалжың, 
ысқақ т.б. реңін сақтауды көздеген жөн. Ол үшін мәтіннің 
коннотацияларын жеткізу қажет. 
Бесіншіден, аударма түпнұсқада белгіленген автордың көз-
қарасын аудармашы онымен келіспесе де сақтап қалу керек. Олай 
болмай, мәтіннің жалпы идеясы түпнұсқаға сай болмай, сәл де 
болса, бұрылып кетсе, оны аударма деп санауға болмайды. 
Бұл талаптар, әрине, жалпы, негізгі, аударманың барлық түріне 
ортақ. Ілеспе аударманың тағы бір жалпы талабы бар. Ол ілеспенің 
ауызекі тілге негізделетініне байланысты. Нақты айтсақ, ауызекі 
тіл арқылы қатынас құру дегеніміз сөйлеуші мен қабылдаушының 
сөйлеу кезінде бірімен бірі байланыста болып, сөйлеуден әсер 
алуы. Түпнұсқа авторы тыңдаушыларына сөйлеу арқылы қандай 


24
әсер етсе, ілеспе аудармашы да өз тыңдаушыларына (аударма тілін 
қабылдаушыларға) сондай әсер етуі керек. 
Аударма мәтінінің басты қызметі адресатқа әсер ету 
болғандықтан, негізінен эстетикалық және танымдық қызмет 
атқарады. Ол қызметтерді төмендегіше санамалауға болады:
1) интеллектуалды-ақпараттық қызмет;
2) эмотивті қызмет;
3) эстетикалық қызмет;
4) қозғау салу, бұйыру қызметі;
5) ерекше мән берілетін қызмет;
6) байланыстырушылық қызмет (контактная функция) [3, 66-
69-бб.].
Біз аударма жанрларының барлық түріне қатысты талаптарды 
төмендегіше топтастырамыз:
1. Дәлдік. Аудармашы автордың ойын толығымен аудармада 
жеткізуі тиіс. Мәтіндегі ойлардың негізгі сипаты ғана сақталмауы 
тиіс, сонымен бірге айтылған ойдың ньюанстары мен белгілері 
де сақталуы тиіс. Автордың айтқан ойларын жеткізе отырып, 
сонымен бірге аудармашы өз жанынан ештеңе қосуға, толықтыруға 
және оны түсіндіруге тиіс емес.
2. Ықшамдылық. Аудармашы көп сөзді болмауы керек, 
ойлары барынша ықшамды және мәнерлі (үйлесімді) түрде 
мазмұндалуы тиіс.
3. Айқындылық. Аудармада тілдің жеңілдігі мен ықшам-
дылығы аса қажет. Қабылдауға қиындық туғызатын күрделі және 
екі ұшты оралымдардан бас тартқан жөн. Ой қарапайым әрі айқын, 
баршаға түсінікті тілмен жеткізілуі тиіс. 
4. Әдебилік. Аударма әдеби тілдің жалпыға бірдей тұтастай 
нормасына сай жасалуы қажет. Әрбір сөйлем түпнұсқаның 
синтаксистік құрылымындағы аударма тіліне жат ешқандай 
тұспалдау байқатпай, нақты және табиғи түрде айшықталып тұруы 
тиіс. Шетелдік сөздерге калька жасаудан бойды аулақ салып, 
сөздіктер мен анықтамалық әдебиеттің көмегіне сүйене отырып, 
аударма тілінде балама терминдер табуға тырысу керек.


25
1.1.5 Аудармашыға қойылатын талаптар 
Аудармашының тілдік тұлғасын төмендегі жайттар қалыптас-
тырады: а) тұлғаның әлеуметтік мінездемесі; ә) ішкі тұлғалық 
қасиеттер; б) филиологиялық білімі, білігі, дағдысы; в) түпнұсқа 
авторы мен аудармашы тұлғаларының үйлесуі (жақындығы 
немесе ұқсамайтындығы) (Т.Никитченко). Аудармашы осы қасиет-
тері арқылы шығармашығын танытып, өзі аударған мәтінде өз 
қолтаңбасын қалдырады. 
Аударма жасау кезінде практик аудармашының және осы 
процесті сипаттауда («моделировании») аударма теоретигінің 
алдында тұратын ең маңызды міндеттердің бірі шығыс тілдегі 
аударылуға жататын ең аз бірлікті (мұны аударма бірлігі деп те 
атайды) іздеп табу болып табылады [1, 174-б.]
Аудармашы ең алдымен коммуникацияның тікелей қатысушысы 
болуы тиіс (В.Н.Комиссаров).
Дж.Драйден аудармашыға төмендегідей талаптар қояды: 
1) аудармашы ақын болуы тиіс;
2) түпнұсқа тілі мен өз тілін жетік білуі тиіс;
3) түпнұсқа авторының жеке ерекшеліктерін түсінуі керек;
4) өз дарынын түпнұсқа авторының дарынымен үйлестіруі 
керек;
5) түпнұсқаның мағынасын сақтауы керек;
6) түпнұсқа мағынасын сақтай отырып, оның тартымдылығын 
сақтауы керек;
7) аудармада өлеңнің сапасын сақтау керек; 
8) авторды қазіргі ағылшынның сөйлеуіне орай сөйлетуге 
«мәжбүрлеу»;
9) түпнұсқаның «рухын» жоғалтып алмау үшін оның 
(түпнұсқаның) сөзіне «қатып қалмау» керек;
10) түпнұсқаны тым жақсартуға ұмтылмау [4, 11-б.]
Ал біз ғалымдар мен практиктердің аудармашы қойылатын 
талаптарын қорыта келе, оларды төмендегіше жинақтауды жөн 
көрдік:
1. Ол тек қана жеткілікті түрде түпнұсқа тілінің морфология, 
синтаксис, лексика және идиоматикасын меңгерумен бірге, өзінің 
ана тілін, екі тілдік жүйені жақсы түсінетін, терең білетін қабілетке 
ие болуы тиіс.


26
2. Сондай-ақ негізгі екі міндетті: аударылатын тіл мазмұнын 
дұрыс түсінуімен және аударма тілінің құралдарымен сол 
мазмұнды дәл және толық сәйкестікте жеткізуден тұрады. Бұл 
талаптар мына жағдайда орындалады:
1. аударма тілінің лексикалық бірлігін түп негізіне дейін білу;
2. аударма тілінің грамматикасын және стилистикасын білу;
3. аударма теориясының негізін білу;
4. аударма техникасын меңгеру (сөздіктер мен анықтамалық 
материалдарды пайдалана білу қабілеті, аударма дағдылары мен 
ережелерін игеру);
5. аударма кезінде әдеби тілдің барлық байлығын кеңінен 
пайдалану;
6. аудармаға қатысты білім саласын жақсы білу;
7. аударма сөзбе-сөз күйінде жасалмауы тиіс, калька жасаудың 
кез келген түріне жол берілмейді;
8. аудармашы реалийлерді және аударма жасалатын елдің өмірі 
мен тұрмысының нақты жағдайларын білуі тиіс.
9. Аударматанудың негіздері және аударма теориясын білу.
10. Шет тілі мәтінін түсіну және оны барлық түпнегізіне дейін 
талдай білу.
11. Аударма кезінде қазақ тілінің барлық мүмкіндіктерін, 
ұлттық тіліміздің байлығын пайдалана білу.
12. Аудармашылық жұмыста автордың ойлары мен эмоциясын 
іштей дұрыс жеткізу үшін шығармашылық қабілеті болу.
13. Аудармашы әркез жекелеген сөздерді (бұл сөзбе-сөздік), 
немесе жекелеген құрылымдарды (бұл калька жасау) жеткізіп 
қоймауы қажет, автор ойларын, оның барлық қыр-сырларымен 
бере білуі керек.
14. Аудармашы сөйлемдегі түйінді, негізгі ойды түсініп, 
аңғарып, біліп, сондай-ақ ең бастысы өзінің ана тілінің құрал-
дарымен тиісті талапқа сай жеткізе білуі тиіс. Аудармашы әрбір 
сөйлемдегі ойдың орталық элементін бөліп, ажыратып, анықтап 
ала білуі тиіс.
15. Логикалық екпінді дұрыс жеткізуде түпнұсқа құрылы-
мының жекелеген элементтеріне немқұрайлы қарамауы керек. 
Аудармашы соған сәйкесетін ұғымдағы дәл сөзді дұрыс таңдай 
білуі қажет. Бұл үшін синонимдік қатарларды жақсы таңдай білуі 
әрі оларды дұрыс қолдануы қажет. 


27
Аудармашының неғұрлым тәжірибесі аз, еңбексүйгіштігі мен 
қабілеті төмен болса (бірінші кезекте көркем аудармаға қатысты), 
онда өзін-өзі ақтамайтын еркіндік пен ойдан шығаруға жол бере 
отырып, аудармада барған сайын өзіндік түрлендіруге, бұрмалауға 
салынып кетеді. Тәжірибелі аудармашы өзінің шығармашылық 
қиялын түпнұсқаның дәлдігі мен дұрыстығына негіздейді. 
Егер аудармашы тар шеңбердегі мамандық иесі әрі мамандану 
деңгейіндегі даярлығы нашар болса, ол жүйелі түрде арнайы 
әдебиетті оқи отырып, сол саладағы жаңалықтарға зер салу 
арқылы өзінің зерде-зейінін мамандық жайлы біліммен байыта 
отырып, жұмыстағы өзінің әріптестерінің тәжірибесінен үйрене 
келе, бұл олқылықтың орнын толтыруы тиіс.
Аудармашы кез келген уақытта түпнұсқаның әр сөзіне сәйкес 
балама тауып жеткізу мүмкіндігін іздестіріп, ана тілде баламасы 
болмаған жағдайда соған мағынасы жақын сөздерді дәл табуға 
дағдылануы тиіс. Аудармашының тапқырлығы мен шешімділігі – 
тәжірибелілігі мен шеберлігінің кепілі. Алайда аудармашы дербес 
идеядан бас тартады, ол түпнұсқа авторының ой-ниетіне бағынады. 
Яғни аудармашы аударма мәтінді барынша жетілдіруге тырыспауы 
қажет. Бұл турасында А.Ф.Шираев былай дейді: «Егер аудармашы 
дұрыс сөйлеу сөйленімдерінің шеңберінен өрескел шығып 
кетіп, әңгімелесушілердің бірінің сөйлеуден тыс мақсаттарын 
жүзеге асыру қызметін өзіне ала бастаса, мысалы, сөйленімге 
кеңінен түсініктеме беретін болса немесе мәселеге өзінің жеке 
түсінігін беретін болса, оның қызметі аударма қызметі болудан 
қалады. Мұндай жағдайларда әлеуметтік орта аудармашыны 
оның әлеуметтік шеңберіне қайта оралуға «мәжбүрлейді» [7, 
153-б.]. Демек әдеби шығарма – басқа мәтіндермен бірге жалпы 
құрылымға енетін тұтас құрылым. Аудармашының мақсаты – осы 
тұтастықты беру және осы мақсатқа жету үшін мүмкін болған кез 
келген өзгертулерге барады.
Аударма – осы іспен шұғылданушының кешенді филологиялық 
дайындығын талап ететін, яғни аудармашы халықтың, әсіресе 
аударылатын тілдің иесі – қазақ халқының тарихы мен әдебиетінен, 
мәдениетінен, ұлттық этникасынан жан-жақты хабары бар, 
бірнеше тілді жетік, жақсы білетін маман болғанда ғана жоғары 
деңгейде көрінетін күрделі құбылыс. 


28
Аудармашы тәржіма жасауға қажетті техникалық әдебиеттер 
турасындағы өзінің жалпы білім-тәжірибесін жинақтайды. Жалпы 
бағдарлы ақпаратты меңгеру және оны әрдайым назарда ұстап 
отыру арқылы тәржіма нұсқаның толымды сапада жасалуына 
ықпалын тигізеді. Аударма нұсқаның дәл түпнұсқа сияқты 
эстетикалық қызмет атқаруы, дәл сондай эффект туғызуы үшін 
тәржімашы лингвоэтникалық құзыретке (төл тілдің лексикалық-
құрылымдық жүйесін) ие адам болуға тиіс. Лингвоэтникалық 
құзырет қазақ тілін жетік меңгеруді талап етеді, яғни аудармашы 
қазақ ұлтының сөз, сөйленіс моделдерін кешенді түрде жинақтауы, 
тұтас тілдік материалдарды ұғынуы, ойлау-психологиялық 
қызметі және негізгі ана тілі мәдени-этникалық сипатына орай 
қалыптасқан адам болуға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет