Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет40/103
Дата16.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#486808
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103
audarmanyng ozektigi Kulmanov

1. Жүйенің прагматикасы. Машиналық аударма жүйесін 
өндірістік немесе эксперименттік дәрежеде құруға байланысты 
оның негізгі сипаттамасы мен талдау әдістемесін таңдау түрлері 
ерекшеленеді. Бұл өлшем сөздік базасының көлеміне қойылатын 
талаптарды (өндірістік машиналық аударма жүйесінде бір тілдер 
жұбына 20000 сөздік мақаладан кем болмау) анықтайды. Мысалы, 
Bravice – Weidner LOGOS, GAT, S’YSTRAN және т.б. жүйелерде 
сөздік мақала көлемі көрсетілген мөлшерден кем емес. Бұл шартқа 
бағынбайтын жалғыз жүйе – TAUM-METEO. Оның сөздік мақала 
көлемі 1500-ге тең, өйткені бұл жүйедегі «кіретін» мәтіндердің 
тақырыптары қатаң түрде шектелген. Тәжірибелік (эксперименттік) 
жүйелерде автоматты сөздіктер «төменгі» жағынан шектелмеген, 
яғни көлемі 200 сөздік мақаладан тұратын сөздіктер бойынша да 
ол жүйе аударма жұмысын атқара алады.
Өндірістік машиналық аударма жүйесін құрудың мақсаты анық 
– үзіліссіз процесс түрінен ұйымдастырылған құжат ағымдарынан 
машиналық аударма алу. 
Машиналық аударманың өндірістік жүйелері мынадай 
талаптарға сай келуі керек:
жүйе жұмысының тұрақтылығы. Машиналық аударма 
жүйесінен алынатын нәтиже сапасының ойдағыдай болмауына 
қарамай, тұтынушы оны өз қажеттігіне пайдалана алатындай 
мүмкіндігі болуы керек. Машиналық аударма жүйесінен 
«шығатын» ақпараттың сапасының төмен болуы, көбінде, жүйенің 
сөздіктермен толық жабдықталмауына байланысты болып келеді. 
Сондықтан жүйеден «шыққан» кейбір сапасы төмен («тұрпайы») 
аудармалар әрі қарай маман аудармашының қолынан қайта 


124
түзетіліп, сапасы жақсартылады. Осыған байланысты SYSTRAN 
жүйесін пайдалану тәсілімен танысу қажет. 
жүйенің тираждануы (таратылуы). Аударма жүйесінің 
қолдану аясы кең болуы үшін оның программалық және 
лингвистикалық құралдары барынша қарапайым түрде болуы 
қажет. Сонымен бірге жүйеде басқа тақырыптық аяға және тілдерге 
көшу әрекетін жеңілдетуге қажетті әмбебаптық модельдер орын 
алуы керек. 
жүйенің икемделінуі (адаптациялануы). Машиналық 
аударма жүйесінің нақты тұтынушының мұқтаждығына және 
өңделетін материалдың ерекшелігіне қарай икемделу мүмкіндігі 
болуы қажет. 
– уақытша параметрлердің оптималдығы (ауқымдылығы). 
Машиналық аударма жүйесінің аударма жасау жылдамдығы 
уақыт бірлігі ішінде қабылданатын ақпарат көлемімен немесе 
жүйені тұтынушы ретіндегі редакторлардың, аудармашылардың, 
мамандардың жұмыс әрекетімен сәйкес келіп отыруы қажет.
тұтынушыға жайлылық (комфорт). Жүйенің сервистік 
құралдары тұтынушының әрекеттерінің «пакеттік» және диалогтік 
режимдері үшін аса қолайлы болуы шарт.
Эксперименттік жүйелерді құрудың мақсаты машиналық 
аударманың даму жолдарын зерттеу, адамның ойлау-сөйлеу 
қызметін модельдеу болып табылады. Тек осы аталған тұрғыда 
ғана машиналық аударма мен жасанды интеллекттің міндеттері бір-
бірімен сәйкес келе алады. Эксперименттік жүйелер мен оларды 
құрастырушы ғалымдар машиналық аударманың көшбастар рөлін 
атқарады да, ал олардың қол жеткізген нәтижелері өндірістік 
жүйелерде қолданыс табуы мүмкін. Мысалы, Саарбрюкен 
университетінің SUSY атты эксперименттік жүйесін құру арқылы 
алынған нәтижелері бойынша MARIS атты өндірістік жүйе 
құрылуда және SUSANNAH атты аудармашының автоматтанған 
жұмыс орны зерттеліп, жасалуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет