Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет69/103
Дата16.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#486808
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103
audarmanyng ozektigi Kulmanov

тасымалдаушы, түзетуші, сарапшы, дайындаушы және т.б.;
Тілдік аталым 
Лексикалық аталым 
Терминологиялық 
аталым 


191
2) мутациялық терминологиялық аталым (стандартты, 
тұрақты үлгілер арқылы жасалған терминдер): сауыншы, зергер, 
емші, қазаншы, малшы, күмісші және т.б.;
3) жасанды терминологиялық аталым (тілдік нормаға сәйкес 
жасалған, бірақ алғашқы кезеңде термин жасандылығы белгілі 
болып тұрады. Ескере кететін жайт, бұл терминологиялық 
аталымның лексикалық түрінен айырмашылығы ешбір экспрессия 
болмайды. Себебі лексикалық аталымда бұл түрге жатқызылатын 
атаулар негізінен белгілі бір экспрессия тудыру үшін жасалады): 
аспансерік, асқарпаз, әуежайшы, төлқұжатшы, планшетші және 
т.б.
Лексикадағы патологиялық аталым түрі тек жалпы 
қолданыстағы сөздер қатарында ғана кездесіп, терминологиялық 
аталым талаптарына сай келмейді. 
Терминологиялық аталым оны тіл білімінің жеке, дербес 
саласы ретінде анықтайтын бірнеше төмендегідей мәселелермен 
байланысты болып келеді:
1. термин шығармашылығы;
2. терминологиялық мағынаның арнаулы бағытта дамуы;
3. жүйелілік;
4. реттілік;
5. бірізділік;
6. белгілі бір жүйеде және оған сәйкес терминологиялық өрісте 
ұйымдастырылып реттелуі;
7. термин экстенциясы мен интенциясы және т.б. 
1. Тілдің терминологиялық аталым тәсілдер жүйесінің 
сипатын айқындау үшін алғашқы терминологиялық және екінші 
терминологиялық аталымдардың ара жігін ажырату мәселесі 
маңызды. Бұл мәселенің шешімі тіл білімінің семасиологиялық 
және ономасиологиялық бағыттарына сәйкес тілдік бірліктерді 
талдау ерекшелігіне алып келеді. Мәселен, грамматика саласының 
маманы Б.С.Қапалбеков қазақ грамматикасының тұлғалық және 
жұмсалымдық бағытының ерекшелігін зерттеуде осы екі аспектіге 
ерекше мән береді: «Тұлғалық грамматика тіл жүйесінің «құралдық 
көрсеткіштен мағынаға» қарайғы бағытта зерттесе, жұмсалымдық 
грамматика «мағынадан құралдық көрсеткішке» қарайғы бағытта 
қарастырады. …семасиологиялық және ономасиологиялық 


192
зерттеулер бастау нүктесінің «тұлғадан» және «мағынадан» 
бастап сипатталуына байланысты алынып отыр. Ал негізінде 
ономасиологиялық грамматиканың өзі құрылымдық жағынан да 
жұмсалымдық жағынан да қарастырыла береді» [сөз мағынасының 
шектелуі: биржалық маклер, бас мердігер, ресми өкіл, яғни маклер, 
мердігер, өкіл сөздерінің интенциясы арта түседі;
2. сөз мағынасының кеңеюі: өріс → семантикалық өріс → 
терминологиялық өріс → мал өрісі, яғни өріс ұғымының көлемі 
кеңейіп, оның экстенциясы ұлғаяды;
3. бір сөз мағынасына басқа сөз мағынасы элементтерінің 
қосылуы: тұсаукесер – «презентация» – баланың тұсаукесері;
4. екі сөз мағынасының бірігуі: пікірсайыс, шаңсорғыш
іссапар және т.б.
Мағынаның кеңеюі ғылыми және техникалық терминологияны 
толықтыратын ең бір өнімді тәсілдердің бірі болып саналады. 
Мысалы, делдал – посредник, брокер, маклер, дилер. Сол сияқты 
сөз мағынасының тарылуы да терминологиялық аталымның тиімді 
тәсілдерінің бірі. Мәселен, түрлі терминологиялық жүйелердегі 
түрлі мағыналар білдіретін терминдердің қолданылуы: оператор 
– құрылыс, байланыс, кино және т.б.; аппаратшы – байланыс, 
мемлекеттік аппарат т.б. Мағынаның тарылуы түрлік тар белгінің 
орнына кең, жалпы тектік белгінің қолданылуы тіл жүйесінде жиі 
қолданылатын тәсіл.
Семантикалық жылжыту (сдвиг) құбылысы, әдетте гетеро-
жүйелік (диалектаралық) немесе диахронды (бір тіл тарихында) 
қарама-қайшылық ретінде қарастырылады. Мысалы, жабдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет