196
көрді [88], Мемтерминкомде сарапталып, бекітілген терминдер де
жарияланды [89].
Жалпы алғанда, қазақ әдеби тілінің терминдік жүйесін
қалыптастыру жұмыстары қолға алынған кезден бастап-ақ айқын
байқалған бір жайт – түп негізі роман-герман, латын, грек және
т.б. тілдері болып саналатын, қазақ тілтанымында дәстүрлі түрде
«орыс тілінен енген сөздер» деп аталатын өзгетілдік элементтер
үшін қазіргі қазақ әдеби тілінің айналымында сирек қолданылатын,
көнерген сөздер, жергілікті тіл ерекшеліктері қатарынан алынған
саналуан сөздердің ұсынылуы. Бұл, әрине, бүгінгі таңда да
жалғасын тауып келе жатқан оң құбылыстардың бірі. Тіл қорында
бар, алайда белгілі бір кезеңдерде қолданыстан сыртқары қалған,
мағынасы терең, төл қазақ сөздерінің терминдік айналымға сәтті
түсуі – қазақ тілінің ұлт тілі ретіндегі бекемдігін,
өміршеңдігін,
тамыры тереңде екендігін дәлелдейтін фактор. Төл тілдік
әлеуеттің осындай мүмкіндіктеріне иек арту жоғарыда аталған,
Мемтерминком бекіткен терминдер тізбесінде де байқалады.
Әдетте, осындай алқалы орган бекіткен сөздер мен сөз орамдары
заң күшіне ие, олардың қолданылуы (бұрын бірнеше вариантта
жұмсалып келгендерді, екіұдай мағына болғандарды ығыстырып
) міндетті болып саналады. Алайда тілдің қолданымға түсу
тәжірибесіне зер салсақ, бекітіліп ұсынылған аталымдардың бір
тобының коммуникативтік актіге түспейтіндігін байқауға болады.
Оның сырттай бақылағанда аңғарылатын бірнеше себептері бар:
қазақ тілін ресми-іскери қарым-қатынаста пайдаланушылар
лексикографиялық еңбектердің мәліметтерін
басшылыққа алуға
назар салмайды; өзінің терминдерге қатысты бар білімімен
шектеледі және, ең бастысы – екітілді терминологиялық
сөздіктермен таныс болғанның өзінде де оларда берілген төл
тілдік сөздердің (көнерген сөздер, белгілі бір аймаққа тән сөздер
және т.б.) мағынасын түсінбегендіктен, өзінің коммуникативтік
сөйлеу актісінде жоқ болғандықтан,
бұған дейінгі жинақтаған
білім- ақпаратының қорында бұндай типтес сөздер мүлдем
кездеспейтіндіктен, пайдаланудан қашқақтайды (тіпті бас тартады),
олардың орнына орыс тіліндегі баламаларын немесе калька арқылы
жасалған (бұлар құрылымы мен формалды мазмұны жағынан
ұғынықтырақ) нұсқаларды жұмсауға бейім тұрады. Демек, қазақ
197
әдеби тілінің терминдік жүйесін қалыптастыру процесінде тілдің
сөздік қорының күллі мүмкіндіктерін толық игеру ізгі бағыт
дегенді қайталап айта отырып, біз терминдердің толыққанды
айналымға түсуі үшін ұсынылатын терминнің семантикасының
қандайлық екендігін (термин ретінде ұсынбастан бұрын) барынша
ескеру қажет деп есептейміз.
Бұл ретте алдымен лексикографиялық еңбектерде берілетін
семантикалық анықтамаға (семантикалық анықтама –
сөздің
лексикалық мағынасын түсіндіру дегенді білдіреді) тоқталу
қажет болады. Сөздің лексикалық мағынасы – тілдік бірліктің
мағыналық құрылымын ашады, оның барлық семантикалық
компоненттерін көрсетеді, тілді пайдаланатын ұлттың, халықтың
ұзақ тарих бойында жинақтаған тәжірибесінен мағлұмат береді,
сөздің мағынасынан терең ақпаратты жеткізеді, сөйтіп, оны дұрыс
қолдануға жол ашады. Қазақ тілтанымындағы лексикографиялық
еңбектерде лексикалық мағынаны түсіндірудің бірнеше функ-
ционалдық
типтері қалыптасқан; олар, біздің байқауымызша,
мыналар: сөзді тіркеу (яғни сөзді қолдану мен түсінудің
констатациясы), нормативтік түсіндіру, формалды және мазмұны
жағынан түсіндіру, аударма арқылы түсіндіру.
Ал сөздің семантикалық анықтамасын жеткізудің тәсілдеріне
келсек, онда мыналарды көрсетуге болады: синонимдік қатарлары
арқылы; санамалау арқылы; сипаттау арқылы; түрлік атаулардың
тектік атауларын немесе, керісінше, тектік атаулардың түрлік
топтарын нақтылау арқылы; антонимдеріне нұсқау арқылы.
Бұл жайттар екітілді нормативтік терминологиялық сөздіктер
жасау барысында аса маңызды болып саналады.
Жоғарыда аталған 31 томдық екітілді терминологиялық
сөздіктер кешенінің арасынан біз «Әскери іс»
саласы бойынша
(12-том) сөздіктің материалдарын мұқият қарап шықтық. Құрас-
тырушылардың көрсетуі бойынша 5000-нан астам термин
қамтылған еңбекте төл тілде байырғыдан бар сөздерге терминдік
мағына үстеу жолымен жасалғандардың саны біршама; олар біздің
санамалауымыз бойынша шамамен 1000-нан асады.
Әрине, терминологиялық екітілді сөздіктің міндеті мен
ұстанымдары түсіндірме сөздіктен өзгеше; бұнда егжей-тегжейлі
түсіндіру, стильдік немесе басқадай да бір сипаттама беру мүддесі
198
жоқ. Бұл сөздікте көнерген сөздер, сирек қолданылатын сөздер,
жергілікті тіл ерекшеліктері қатарынан алынып,
термин ретінде
ұсынылғандардың бірқатарының мағынасын аудармасы арқылы,
сондай-ақ синонимдік сыңарлары арқылы қабылдап түсінуге
болады.
Алдымен «Әскери іс» саласы бойынша терминдер жиынтығына
назар аударғанымыздың себептерін түсіндіре кетелік:
Біріншіден, бұл саладағы күнделікті ресми-іскери қарым-
қатынас ұзақ жылдар бойы орыс тілінде жүргізілгені белгілі.
Сондықтан, екіншіден, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-
2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» елдің
Қарулы Күштеріндегі қазақ тілінің қолданылу жағдайының
бәсеңдігі аталып, оны жолға қоюдың бағыттары ұсынылады.
Үшіншіден, қазақ тілінің тарихы тіл қорында әскери іске қатысты
саналуан сөздер болғандығын дәлелдейді. Мысалы, ғалым
Р.Сыздық
сақетер (қылыш деген мағынада),
салар, аға, адырна,
Достарыңызбен бөлісу: