228
ғана аударып қоймай, сонымен бірге сезім иірімдері мен ойнақы
сырын, күллі поэтикалық рухын өзінің сол бір табиғи қалпында
майдан қылшық суырғандай татаусыз қалпын сақтаған. Кәне, енді
әке мен бала арасындағы диалогқа назар аударып қараңызшы:
«Дитя, что ко мне ты так робко прильнул?»
«Родимый, лесной царь в глаза мне сверкнул:
О в темной короне, с густой бородой»
«О нет, то белеет туман над водой».
Әлбетте,
қадағалап, зейін қойып, шұқшиып оқыған кісіге
түпнұсқа мен аударманың тек өлең өлшемінде болар-болмас
айырма әсері сезіледі. Мәселен, неміс поэзиясына тән дольник
(қазақша баламасы маған беймәлім) өлең өлшемін Жуковский
орыстың поэтикалық өлшем-ырғағына лайықтап келтіріп, кәдуілгі
амфибрахий өлшеміне салған. Ал, сол амфибрахий өлең өлшемін,
айталық, қазақ тіліне аударар болсақ, оған қазақтың бәрімізге
белгілі дәстүрлі он бір буынды қара өлең ырғағының оң жамбасына
дөп келер еді ғой.
Гетенің «Эрлкенигі» мен Жуковскийдің «Лесной царь»
арасындағы көзге көрінер-көрінбес,
сәл-пәл айырмашылықты,
ырғақ-өлшеміндегі әлде қалай ауытқулықты белгілі орыс ақыны
Аполлон Григорьев дәл байқаған да әйгілі ақын Жуковскийдің
өзімен бәсекеге түскен. Сөйтіп түпнұсқада
кездесетін дольник
өлшемін орысша аударғанда айнытпай, мейлінше дәл жеткізбек
болып, жанын салып, «Орман патшасын» өзінше аударып шыққан.
Енді сол Григорьевтің аудармасындағы алғашқы екі шумақты
келтірейін:
Кто мчится так поздно под вихрем ночным?
Это – отец с малюткой своим
Мальчика он рукой охватил,
Крепко прижал, тепло приютил!
– Что все личиком жмешься, малютка, ко мне?
– Видишь тятя, лесного царя в стороне?
Лесного, царя в венке с бородой ?
– Дитятко — это туман седой.
Аударманы көркемдік қасиетіне зақым келтірмей түпнұсқаға
229
одан сайын жақындату, тіпті, мүмкін емес сияқты. Аполлон
Григорьев өз аудармасында жолына жолын, сөзіне сөзін, үніне
үнін, ырғағына ырғағын, әуеніне әуенін, өлшеміне өлшемін
келтіріп, әрі-берідесін, тіпті тыныс белгісіне дейін дәл сақтапты.
Тіпті бұл аударма емес, түпнұсқаның басқа бір тілге бұлжытпай
түсірген дәлме-дәл көшірмесі, калькасы іспеттес. Қайран қаласың!
Сүйдей тұрсақ та, неміс поэзиясында кездесетін дольник
өлшемінің екінші бір тілде туғанда орыс оқушыларының құлағына
сәл-пәл қатқылдау тиетіні кәміл. Оны Григорьев тәржімасынан
көріп отырмыз. Әсіресе әрбір шумақтың екінші, төртінші жолын
оқығанда, бірер буыны мүлт кетіп тұрғандай іштей кібіртіктеп
қаласыз. Сондықтан да болу керек, салған жерден орыс
оқырманының сезімін баурап алып, эстетикалық ықпал-әсері
жағынан алып қарағанда, әрине, Жуковский аудармасы түпнұсқаға
көп жақын. Бір есептен мұның себебі түсінікті де. Мәселен, он бір
буынды қара өлең ұйқасына ғасырлар бойы әбден құлағы қанып,
еті үйреніп, эстетикалық талғамы қалыптасқан алаш баласына,
айталық, көне грек гекзаметрі,
иә болмаса, ешкі құйрығындай
шолтаңдаған орыс частушкасының өлшем-ырғағы бір түрлі жат,
тұрпайылау естіліп тұруы хақ.
Әрине, Гетенің «Орман патшасы» Аполлон Григорьевке қатты
әсер еткені сөзсіз. Оны ақынның өзі де жасырмай, 1850 жылы
«Отечественные записки» журналында басылған бір мақаласында
былай деп жазған болатын. «Орман патшасын» оқығанда адам бір
түрлі тебіреніп, таңғажайып сезімге түседі. Сіз бірде жас баланың
ыңырсып жылағанын естисіз, бірде құлағыңызға сәбиді азғырған
орман патшасының әзәзіл үні келеді, енді бірде әкенің баласын
алдарқатып жұбатқан сөзіне кәдімгідей иланып қаласыз, ал, орман
патшасы сонадайдан бұлдырап, ақшыл тұман болып елестейді.
Кішкентай балладаның бар болмысы, терең сыры мен құдірет-
күші де осында».
Гетенің балладасы жер-дүниенің талай ақын-аудармашы-
ларының назарын аударып, талай тілде сөйлеп, талай ұрпақпен сыр
сүзіскен шығарма. Бұл баллада қазақ тілінде де өзіне сырластар
тапқан.
Осы ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында «Орман
патшасын» қазақ тілінде тұңғыш
сөйлеткен Мағжан Жұмабаев
230
болыпты. Ақиық ақынның шабытын оятқан Жуковскийдің әйгілі
аудармасы-тұғын. Оны білу үшін екі аударманы қатар қойып
салыстырсаңыз, егіз қозыдай ұқсастықтары көзге ұрып тұрады.
Бұл тұстағы Мағжанда өлеңнің мағына-мазмұнын беру жағынан
не бұрмалау, не өз бетінше көсіліп еркін кеткені байқалмайды.
Жуковский аудармасын негізге алған ақын Гетенің балладасын
қазақ тілінде мейлінше жеріне жеткізіп, ұтымды сырлы сөзбен
сезімтал сұлу суреттер жасап, жарық дүниеге жаңа бір туынды
әкелгендей. Лексикалық жағынан Жуковскийдің аудармасынан
құттай да ауытқу байқалмаса, ал поэтикалық түр жағынан қазақ
ақыны орыс классик әріптесі
қолданған амфибрахий өлшем-
ырғағын қазақ қауымының құлағына икемдеп, баршамызға
үйреншікті, етене таныс жеті-сегіз буынды өлең шығарған да
берген. Демек, түпнұсқа мен Жуковский аудармасындағы әрбір
жол Мағжан тәржімасында екі тармақ түрінде туындалады.
Тыңдап көріңіз:
Достарыңызбен бөлісу: