41
денотативті теория ұқсас, сәйкес жағдаяттарды сипаттауды,
трансформациялық теория түпнұсқа мен аударманың синтаксистік
құрылымының семантикалық жуықтығын (инварианттылығын),
семантикалық теория мазмұндық (астырт) категориялардың
сәйкестігін және балама бірліктердің семантикалық белгілерінің
жиынтығының
барынша сәйкес келуін, ал балама деңгейлер
туралы теория түпнұсқа мен аударма мәтіндерінің сәйкес
келетін деңгейлері арасындағы аударма қызметінің үлгісін
(модель) қарастырады [4, 61-62-бб.]. Аударматану саласының
аталған теориялық бағыттарының барлығының мақсаты –
аударма жанрының қалыптасып, дамуына қызмет ету. Алайда
аударматану саласымен ғылыми тұрғыдан айналысатын ізденуші
бұл мәліметтермен шектеліп қалмай, батыстық, орыс және қазақ
аударма теоретиктерінің
еңбектерін талмай, танбай оқып, игеруі
қажет.
1.1.1
Аударманың түрлері
Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге
болады: 1) Ауызша аударма. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе
түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер
мен қонақтардың пікір алысуына
аудармашылар көмектеседі; 2)
Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми
және көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқаның түрі
мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-
тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны
қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе,
ғылыми және
техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың
терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді (Ауызша және
жазбаша аударма туралы төменде кеңінен түсінік беріледі).
Қазіргі кезде аударманың түрлері оның әртүрлі белгілеріне
қарай ажыратылып жүр. Мысалы,
құрылымдық сипатына
қарай: 1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің
жазбаша
аудармасы; 2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша
мәтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма);
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша
аудармасы; 4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің
42
жазбаша аудармасы [1, 47-48-бб.];
жанрлық-стилистикалық
Достарыңызбен бөлісу: