Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Аударматану теориясына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет17/103
Дата16.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#486808
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103
audarmanyng ozektigi Kulmanov

1.1.7 Аударматану теориясына қойылатын талаптар 
Аударматану саласының теоретигі В.Н.Комиссаров аударма-
тану саласына төмендегідей талаптар қояды:
1) аударманың жалпылингвистикалық негіздерін ашу және 
сипаттау, яғни аударма процесінің негізінде тіл жүйесінің қандай 
ерекшеліктері мен тілдің жұмсалымдық заңдылығы жататындығын 
анықтау;
2) аударманы лингвистикалық зерттеудің нысаны ретінде 
қарастыру, тілдік зерттеулердің басқа түрлерінен оның айырма-
шылығын көрсету;
3) аударма қызметі түрлерін жіктеудің негізін жасау;
4) түпнұсқа мен аударма мәтіндерінің коммуникативтік теңдігі 
ретіндегі аударма процесіндегі баламалылықтың мәнін ашу;
5) аударма ғылымының жеке және арнайы теориясын жасаудың 
жалпы ұстанымдары мен ерекшеліктерін талдау;
6) түпнұсқа мәтінді аударма мәтінге айналдырудағы аудар-
машының іс-әрекеті ретіндегі аударма процесінің жалпы ғылыми 
ұстанымдарын жасау;
7) прагматикалық және әлеуметтік факторлардың аударма 
процесіне тигізетін әсерін ашып көрсету;
8) «аударма нормасы» ұғымын анықтау және аударманы бағалау 
ұстанымдарын жасау [4, 35-36-бб.]. Аударматану теориясына 
қойылатын бұл талаптар толық орындалып, жалпы аударма 
процесінің ерекшеліктері, аудармашы мен аудармаға қойылған 
міндет-мақсаттар сақталған жағдайда шынайы аударма жасалады 
деуге болады.
Аталмыш міндеттерден аударматану теориясының төмендегі 
түрлері туындайды: денотативті, трансформациялық, 
семантикалық, балама деңгейлер туралы теория. Мұндағы 


41
денотативті теория ұқсас, сәйкес жағдаяттарды сипаттауды, 
трансформациялық теория түпнұсқа мен аударманың синтаксистік 
құрылымының семантикалық жуықтығын (инварианттылығын), 
семантикалық теория мазмұндық (астырт) категориялардың 
сәйкестігін және балама бірліктердің семантикалық белгілерінің 
жиынтығының барынша сәйкес келуін, ал балама деңгейлер 
туралы теория түпнұсқа мен аударма мәтіндерінің сәйкес 
келетін деңгейлері арасындағы аударма қызметінің үлгісін 
(модель) қарастырады [4, 61-62-бб.]. Аударматану саласының 
аталған теориялық бағыттарының барлығының мақсаты – 
аударма жанрының қалыптасып, дамуына қызмет ету. Алайда 
аударматану саласымен ғылыми тұрғыдан айналысатын ізденуші 
бұл мәліметтермен шектеліп қалмай, батыстық, орыс және қазақ 
аударма теоретиктерінің еңбектерін талмай, танбай оқып, игеруі 
қажет.
1.1.1 Аударманың түрлері 
Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге 
болады: 1) Ауызша аударма. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе 
түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер 
мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі; 2) 
Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми 
және көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқаның түрі 
мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-
тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны 
қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және 
техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың 
терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді (Ауызша және 
жазбаша аударма туралы төменде кеңінен түсінік беріледі). 
Қазіргі кезде аударманың түрлері оның әртүрлі белгілеріне 
қарай ажыратылып жүр. Мысалы, құрылымдық сипатына 
қарай: 1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің 
жазбаша аудармасы; 2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша 
мәтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма); 
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша 
аудармасы; 4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің 


42
жазбаша аудармасы [1, 47-48-бб.]; жанрлық-стилистикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет