Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары


-Сурет – Ине тісті дискілердің жұмыс істеу сұлбалары



бет20/24
Дата10.06.2016
өлшемі7.01 Mb.
#126574
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

2-Сурет – Ине тісті дискілердің жұмыс істеу сұлбалары



3-Сурет – Тікелей себу сепкішінің ине тісті дискілі кешенді сіңіргішінің құрылымының жаңа технологиялық сұлбасы

1 – тұрақ, 2 – ине тісті дискілер, 3 – аша, 4 – бұзғыш, 5 – жарғыш,

6 – жебе тәрізді табан, 7 – сатылы ось, 8 – аша.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді тексеру мақсатымен 4, 5 суреттерде келтірілген зертханалық құрылғы жасалған. Құрылғы құрылымы сіңіргіш пен инелі диск арасындағы қашықтықты өзгертуге, дискілердің екі жазықтықта еңгіштік бұрыштарын өзгертуге және диск диаметрлері мен олардың сіңіргішпен топыраққа ену тереңдіктерін өзгертуге мүмкіндік береді.

4-ші Сурет – Зертханалық құрылғының жалпы көрінісі

5-ші Сурет – Зертханалық құрылғы жұмыс кезінде
Сонымен келтірілген құрылымның келесі артықшылықтарын атап өтуге болады:

  • агрегат пен дискілердің абсолюттік айналу шапшаңдықтарының айырмашылықтары инелердің топыраққа қарқынды енгізілуіне, өсімдік қалдықтарын топырақ бетінде барынша сақтап топырақты сапалы қопсытуына септігін тигізеді;

  • инелі дискілер жұмыс мүшелерінің алдыңғы бетіне өсімдік қалдықтарының жабысып кептелу деңгейін төмендетеді, және сіңіргіш тұрағының алдында өсімдіксіз жолақты қалыптастырады;

  • келтірілген сіңіргіш құрылымын қолдану инелерді топыраққа енгізуге қажетті тік бағыттағы күштің азайуына және сіңіргішке өсімдік қалдықтарының кептелуінің төмендеуіне байланысты жалпақ дискімен салыстырғанда тарту кедергісін және метал сиымдылығын төмендетуге мүмкіндік береді;

  • топырақ қабағын бұзу үшін қажетті тырмалау немесе аңызды сыдыра жыртуды қажет етпейді;

  • қуат, еңбек шығындары үнемделіп еңбек өнімділігі жоғарлайды.



ӘДЕБИЕТТЕР
1. Матюшков, М. И. Посев зерновых культур на почвах, подверженных ветровой эрозии / М. И. Матюшков // Техника в с.-х. – 1983. – № 3. – С. 28-29.
2. Бойко, В. М. Энергосберегающая обработка почвы / В. М. Бойко, А. В. Павлов. // Механизация и электрификация сельского хозяйства. – 1995. – № 4. – С. 9.



ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ӘОЖ: 349. 422. 231
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық саласындағы өндірістік кооперативтердің қазіргі жағдайы
А. М. Қазамбаева, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

З. И. Шналиева, ізденуші
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық саласында қалыптасқан өндірістік кооперативтің қазіргі жағдайы қарастырылған. Сонымен қатар өндірістік кооперативтің ауыл шаруашылық саласы үшін артықшылықтары мен даму бағыттары талданған.
В статье рассмотрено современное состояние производственных кооперативов сельскохозяйственной отрасли Западно-Казахстанской области. А также проанализированы преимущества и перспективные направления сельскохозяйственных производственных кооперативов.
Modern condition of productive cooperatives of agricultural branch of West Kazakhstan region was considered in the article. Advantages and perspective directions of agricultural productive cooperatives were analysed as well.
Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін айтарлықтай табиғи, өндірістік және еңбек ресурстарына ие. Батыс Қазақстандағы агроөндірістік кешен орасан зор табиғи мүмкіндіктерге ие облыстардың бірі. Көлемді территория, әр түрлі климаттық жағдайлар облыста өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығының дамуына мүмкіндіктер туғызады. Оның жалпы жерінің қоры 15133,9 мың гектар құрайды, ондағы 13907,3 мың гектарды ауыл шаруашылығына пайдалынатын жерлер, соның ішінде жайылымдар (өріс) – 11025,6 мың, шабындық – 1226,4, егіндік – 580, тыңайған жер – 1202, жерді ұдайы суару – 56, көлтабандар (лиман) – 256 алып жатыр.

2008 жылы облыста 4564 агроқұрылымдар есептелген, соның ішіндегі 4379 – шаруа қожалығы, 184 – ауыл шаруашылық кәсіпорыны (жеке меншіктің барлық түрлері), 1 – мемлекеттік кәсіпорын. Мұнда барлығы 39 мың адам жұмыс жасайды. Одан басқа, ауыл шаруашылық өнімдерімен 103 мың жеке (дара) қосымша шаруашылық айналысады.

Шаруашылықтардың ұйымдық-құқықтық ішіндегі үлесі үстем болып жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен дербес шаруашылықтар, яғни ауылшаруашылығындағы тауарөндірушілердің көпшілігі жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық меншік формасын таңдаған. Алайда бұл ұйымдық-құқықтық меншік формасы нарықта кәсіпорынның тұрақты дамуына кепіл болмайды, сонымен қатар кәсіпкерлік саланың кішкене масштабында бұл үлес салыстыру үшін ғана қолданады. Аграрлық сектордағы кәсіпорынның ең жақсы ұйымдық-құқықтық формасы – ауыл шаруашылық өндірісінің ерекшеліктерінің бәріне жауап беретін ауыл шаруашылықтық өндірістік кооператив болып табылады. Осы өндірістік кооперативте қызметкердің және жекеменшік иесінің бір адам (тұлға) атынан толығымен бірігу болып, сол уақытта ірі өндіріс мүмкіндігі пайда болады. Дегенмен бір «бірақ» бар – ол кооперативтен еркін шығу мүмкіндігімен байланысты бұл форма ірі масштабты өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз етпейді.

Көпшілігі, және еш негізсіз, тек кооперативте оның әр мүшесін жеткілікті жоғарғы деңгейде экономикалық қорғау бар деп есептейді. Біз кооперативтік идеялардың мәңгілік екеніне сенімдіміз: ол экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан тиімді [1].

Бірінші этаптағы нарықтық байланысқа көшу көбіне осы өндірістік кооперативтермен байланысты, халықтық тұтынудың тауар өндірісінің өсуіне және қызмет көрсетудің кеңеюіне, экономиканың жаңа бағытқа қайтадан қалыптасуына мүмкіндік туғызатыны жалпыға мәлім. Алайда әрі қарай кәсіпкерліктің бұл формасы ұмыт қалады. Оның арасында өндірістік кооператив ұйымдық-құқықтық форма ретінде акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер алдында өзінің артықшылығына ие, соңғы уақыттардағы кәсіпкерлік қызметі тұрақталған кәсіпкерлер осындай тұжырым жасайды.

Біріншіден, кооператив заңды тұлға қызметіндегі өзінің мүшелерінің жеке еңбекке қатысуын, сол кездегі акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушылары ретінде заңды тұлғаның жарғылық қорына салым салса жеткілікті, яғни заңды тұлға қызметіне қатысу бойынша кіріс алу кооперативтік форма мағынасында әділірек болып табылады. Екіншіден, егер заңды тұлғаның акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушысы оның міндеттері бойынша тек өзінің жарғылық қорының салымдары бойынша жауап берсе, онда кооператив мүшесі қосымша жауапкершілік алады, заңды тұлға ретінде кооперативтің төлем қабілеттілігіне кепілді күшейтумен қатар, кооператив мүшесінің оның қызметінің тиімділігінің жеке құштарлық (ынтасын) деңгейін арттырады. Соңында, қазіргі уақытта бізге анық жетпейтін экономикалық қарым-қатынастың тұрақтылығына мүмкіндік туғызады.

Жалпы мынаны ескеру керек, өндірістік кооператив түсінігі элементтерден және нақты айқындылық, шарттылықтан тұрады, сондай-ақ ол өзіне тек таза өндірістік қызметтерді ғана байланыстырмайды, яғни басқа да ұдайы өндірістік процестерді кірістіреді [2].

Ауыл шаруашылықтық өндірістік кооператив қалыптасып болған жер үлесінің және басқа да мүлік, меншік иесі мүшелерінің бірігуі, тек жер және мал шаруашылығының өнімдерін өндіруді, жеке дақылдарды егуді немесе кейбір мал түрлерін өсіруді (жетілдіру) толығымен мамандануды жүзеге асырушы ретінде көз алдымызға елестетуге болады. Осындай бағыттағы ұстанымдарынан мыналар ескеріледі, өндірістік кооперативтің барлық қызметтері өндіріс шеңберінен шықпайды: қоймаға астықты жинау, ал өнімнің әрі қарай қозғалысын ауыл шаруашылық кооперативтерінің басқа түрлері жүзеге асырады: дайындаушы, сатушы (өткізуші), қайта өңдеуші,саудалық және т. б [3].

Алайда кооператив қызметінің тәжірибелік мәні және барлық кооперацияның ауыл шаруашылық жүйесі күрделі және көпжақты, оның жеке түрлері өз араларында тығыз байланысқан. Осындай кооператив ережесі болып тікелей ауыл шаруашылық өндірісін қалыптастыру, материалды-техикалық жабдықтау, сервистік қызмет көрсету, қайта өңдеу және т. б., сауданы қоса алғанда процесс масштабы бойынша көп үйлесімділігі табылады [4].

Нарыққа көшумен байланысты біздің облыста ауыл шаруашылығында түбегейлі өзгерістер болды: совхоздар шаруашылықтың жаңа формасына сай қайтадан құрылды, соның ішіндегі ауыл шаруашылықтық өндірістік кооперативтер 1,3 %, акционерлік қоғамдар – 0,3 %, серіктестіктер – 6,7 %, шаруа (фермерлік) қожалықтары – 90,6 % құрайды. Шаруашылық жүргізудің жаңа формасына көп үміттер жүктелді. Осылар өндірісті дамытудың экономикалық ынтасын күшейтеді, көп жақты экономиканы қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылық кәсіпорындардың дербестігін арттырады. Реформаны жүргізу кезінде меншік иесінің ауысуы және ұсақ тауар өндірісін ұйымдастыру өнім шығаруды өсіруге мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығының тімділігін арттырады деп болжамдауға мүмкіндік береді.

2004-2008 жылдардың талдау кезеңіндегі ағымында қайтадан өңдеу саласында облыста ауыл шаруашылық кәсіпорынының басқа ұйымдық-құқықтық формасы дамыды.

Облыста ауыл шаруашылық өндірісімен шаруашылықтың келесідей ұйымдық-құқықтық формасы айналысады: акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер, серіктестіктер, шаруа (фермерлік) қожалықтары, мемлекеттік кәсіпорындар. Облыста жалпы 2006-2008 жылдар аралығында агроқұрылымның өсу тенденциясының саны 4,1% өзгеріс байқалды (кесте 1). Бұл, ең алдымен шаруа (фермерлік) қожалықтарының өсу санына байланысты.


1-Кесте – Батыс Қазақстан облысында агроқұрылымның динамикасы мен құрылымы


Субъектілердің

ұйымдық-құқықтық

нысандар

2006 ж

2007 ж

2008 ж

2008 жылдың 2006 жылға

%

сан

қорытынды,

% түрінде

сан

қорытынды,

% түрінде

сан

қорытынды,

% түрінде

қорытынды,

% түрінде

Ауыл шаруалығының

құрылымы барлығы

4561

100

4604

100

4604

100

101

соның ішінде:

өндірістік кооперативтер

25

0,5

11

0,2

11

0,2

44

серіктестіктер

256

5,4

211

4,6

211

4,6

82,4

акционерлік қоғамдар

1

0,02

1

0,02

1

0,02

100

шаруа (фермерлік) қожалықтары

4279

93,8

4344

94,3

4344

94,3

101

басқа да ауыл шаруалығының

құрылымы

35

0,8

37

0,8

37

0,8

105

Талдау жасалған кезең бойынша динамикада облыста өндірістік кооперативтің тез төмендеу санының тенденциясы байқалады 2006 ж 25-тен 2008 ж. 11-ге дейін немесе 74,4 % кеміген, сондай-ақ акционерлік қоғамдар 2008 жылдың 1 бірлігіне ие болып отыр. Бұл жағдай ұйымдық-құқықтық нысандардың басқа нысандарға қайтадан құрылуымен байланысты.

Соңғы жылдары жауапкершілігі шектеулі серіктестердің төмендеу санының тенденциясы назарда. Егер олардың саны бастапқы талдау кезеңінде 256 бірлікті құраса, онда соңында – 211 бірлікті құраған, 24,4 %-ға.

Облыста ауыл шаруашылығындағы агроқұрылымының барлық түрінен өсу мөлшерінің тұрақты тенденциясына ие – бұл шаруа (фермерлік) қожалықтары. Егер бастапқы талдау кезеңінде олардың саны 4055 бірлікті құраса, онда соңында – 4344 бірлікті немесе 7,0 % құрайды. Осы шаруа (фермерлік) қожалықтарының ұлғаюы қарастырылып отырған кезең бойынша облыста агроқұрылым санының өсуімен байланысты.

2008 ж. шаруа (фермерлік) қожалықтарының үлесі 94 %, серіктестіктер үлесіне – 4,6 %, өндірістік кооперативтерге – 0,2 % екенін көруге болады.

Қазіргі кезеңде республикада ауыл шаруашылығын дамытуда кооперцияның классикалық формасын құру үшін қолайлы экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасалған.

Әлемдік және отандық кооперация теориясын зерттегенде (оқығанда) ауыл шаруашылық кооперациясының барлық жүйесінің негізі болып қайта жаңаруы қалыптасуда.

Құрылған өндірістік мүмкіндіктер мен жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ауылшаруашылық кооперациясын дамытуды ұсынамыз, бұл шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін тиімді болуы мүмкін.

Тік кооперация капиталмен бірігу негізінде немесе еңбек пен капиталдың өзге түрлерінің шаруашылық жүргізу формасы ауыл шаруашылық өнімдерін, қайта өңдеу, оның бірыңғай технологиялық қызметін жүзеге асыру бойынша өндірісті дамыту үшін қаржылық ресурстарды біріктіреді.

Осындай жолмен, біріншіден, кооперация ұдайы өндіріс процесінде тиімді болуы мүмкін, яғни өндірісте, өнімдерді тасымалдауда, оны қайта өңдеу мен сақтауда, материалды-техникалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, қаржыландыру және несиелендіру, сондай-ақ әлеуметтік сұрақтарды шешкен кезде тиімді болады деп ойлаймыз. Екіншіден, кооперация қатысушылардың ұдайы өндірістік процесін қалыптастырудың негізгі субъектісі бола алады, соның ішінде ұжымдық және дербес материалдық өндіріс пен салалардың барлық сфеларын түгелдей қамти алады.




ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әбділдин, С. Агробизнесті ұйымдастыру / С. Әбділдин. – Алматы. – 2001. – 51-52 б.
2. Петранева, Г. А. Экономика и управление в сельском хозяйстве / Г. А. Петранева – М: Издательский центр «Академия». – 2003. – 151-153 с.
3. Шутьков, А. Управление и аграрная политика / А. Шутьков. // АПК: экономика, управление. – 2000. – №9 – 49-50 б.
4. Шарипов, С. А. Развитие регионального АПК на основе государственной программы / С. А. Шарипов. // Достижения науки и техники АПК – 2008 – №11. – 15-16 б.

ӘОЖ: 330.34223.(574.1)


Батыс Қазақстан облысының индустриалдық-инновациялық дамуын жетілдіру жолдары
Н. М. Махамбет, магистрант
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Облыстың экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің жағдайы мен дамуын талдау және оның бәсекелестік мүмкіндіктерін зерттеу облыстың индустриалды-инновациялық дамуының басты стратегиялық мақсаты, өндірістік өнімнің экспортын көбейту мен импортын азайту арқылы бұл салаға жаңа заманғы технологиялар мен құрал-жабдықтарды тарту негізінде облыстың жаңа заманғы бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік кешенін құру екендігін көрсетеді.
Анализ состояния и развития основных показателей экономического развития области и исследования его конкурентных возможностей выявляет, что главной стратегической целью индустриально-инновационного развития области является формирование современного конкурентоспособного промышленного комплекса области на основе диверсификации и привлечения в отрасль современных технологий и оборудования для уменьшения импорта и увеличения экспорта производимой продукции.
The analysis of condition and development of main model of economical growth and research of competitive possibility is discovered, general strategic purpose of industrial-innovational development of region is formation of modern competitive industrial complex of region is based on diversification and attraction into the branch of modern technology and equipment for decrease of imports and increase of export producing products.
Экономиканың қазіргі заманғы кезеңінде дамыған елдерде инвестициялық қызметтің мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары жағымды инвестициялық жағдайды туғызу, несиелік-қаржылық, салықтық құралдарды пайдалану мен тиімді инвестициялық және ғылыми-техникалық саясатты дайындауға бағытталған. Инвестициялық стратегия мен саясаттың ұлттың моделін құрастыруда Қазақстан экномикасына бейімдей отырып, үлкен әлемдік тәжірибені қолдану қажет.

Қойылған мақсатқа орай облыста келесідей мәселелер шешілуде:



  • ішкі және сыртқы нарықтағы өнім сұранысын дамыту мен қажеттілікті есепке ала отырып, өндірілетін өнімді дамытудың басым бағыттарын дамыту;

  • техникалық қайта жабдықтау мен қайта кәсіптендіруді жетілдіру негізінде өндірісті диверсификациялау;

  • өнімнің экспортты бағытын дамыту;

  • машина жасаудың кластерлі дамуын қалыптастыру;

  • салалардың сервистік қамтылуын дамыту мен кеңейту;

  • нақты тұтынушылар қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған өндірісті дамыту;

  • ғылыми-техникалық дайындамаларды коммерциализациялауда инновациялық ақпараттың қызметін көрсетуді қамтамасыз ететін жаңа заманғы инновациялық инфрақұрылымды өнеркәсіп кәсіпорындарда қалыптастыру және дамыту;

  • инвестицияларды тарту;

  • өнім сапасының халықаралық стандарттары мен өндірісті басқару менеджментін енгізу;

  • жоғары, бастауыш және орта техникалық және кәсіби білімі бар білікті кадрларды даярлау.

Бәсекелестік күресте артықшылықтарға қол жеткізудің бірден бір құралы аймақтың белсенді жайғалымдық тәсілі болып табылады. Аймақтық басқаруда қолданылатын «позициясын анықтау» терминінде аймақтың әртүрлі урбаникалық иерархия жүйелеріне қатынасы бойынша орны мен рөлі біріктіріледі [1].

SWOT – талдау маркетингтік зерттеулер нәтижелері (ҚР-ның басқа аймақтарымен салыстырғандағы облыстың бәсекеге қабілеттілік факторларының талдауы және облыстың тарихи тұрғыдан мамандандырылып қалыптастырылған талдауды БҚО-ның бәсекелестік артықшылығын күшейтудің негізі болды.

ҚР-ның 2015 жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясы БҚО-ның мамандандырылған салалары ретінде мұнай газды игеру және мұнай-газ өңдеу өнеркәсібін, машина жасау, ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу, ағаш өндеу өнеркәсібін, құрылыс материалдары өндірісін анықтады [2].

БҚО-ның позициясының анықталуы Қазақстанның басқа аймақтарымен (ұлттық деңгей), Ресей федерациясымен (көрші 5 облыс) және ТМД-ның басқа елдерімен (Әзірбайжан) салыстырыла қарастырылады.

Облыстың Ресейдің 5 экономикасы дамыған аймағымен шектесетін есепке ала отырып, ол Ресей Федерациясы мен Қазақстанның арасын байланыстыратын негізгі орталық ретінде көрсету керек [3].

Машина жасау кластері мен саланың бәсекеге қабілеттілігі Ресеймен салыстырғанда айтарлықтай артады. 2008 жылы металл және бұйымдар экспорты олардың ішінде 13,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұған дейін 2004 жылы 7,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Облыс импортын құраушылар – минералды өнімдер, машиналар, құрал жабдықтар және көлік құралдары, химиялық өнеркәсіп өнімдері және тамақ өнімдері (1 сурет).

1-Сурет – 2008 жылғы негізгі тауарлық топтар бойынша импорт құрылымы


Тамақ өнімдерінің импорт үлесі әлі күнге дейін жоғары болып қалып отыр, бірақ жалпы алғанда аймақтық тамақ кластерін құру жолымен ауылшарушылық өнімін қайта өңдеу сапасын дамыту есебінен жеке ауылшарушылық өнімімен толықтай қамтамасыз бола алады. Мұнай, конденсат және газ орындарының болуы облыстық әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етеді.

БҚО алғашқы мұнай өңдеу өнімдері мен минералды шикізатты өндіруші, әрі жеткізуші ретінде өндірістік азық технологияларын енгізу есебінен ұлттық, аймақтық және әлемдік кеңістікте өз ұстанымдарын күшейтіп және сақтап қалады. Минералды шикізат экспортынан түскен пайда облыс экономикасының өңдеу салаларының дамуына мүмкіндік жасап, Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйемен байланыс жасауына өз үлесін қосады. Құрылыс материалдары өндірісі үшін арналған шикізаттың облыста бар болуы құрылыс кластерін құру мен дамыту базасында құрылыс материалдары өнеркәсібінің дамуы үшін алғы шарт болып табылады.

БҚО машина жасау саласының дамуы үшін жақсы қамтылған. Облыста электр техникалық құрал-жабдық, машинаның құрал-жабдығы, құбырларға арналған қосалқы бөлшектер, ауылшарушылық тауарлары өндірмесі, олар тек ішкі нарыққа ғана емес, сондай-ақ Ресейге де экспортталады.

БҚО-ның ұлттық экономикада (Қазақстаннның басқа аймақтарымен салыстырғанда) позитивтілігін анықтау:


1. Минералды шикізатты өндіруші немесе жеткізуші (мұнай, газ) және алғашқы қайта өндеу өндірістерін өндіруші және жеткізуші;

2. Құрылыс материалдарын (цемент, әктас, керамзитті сазбалшық құрылыс кірпіші, металл құрылымдар және т.б.) өндіруші және жеткізуші;

3. Ауылшарушылық өнімін (бидай, ет, астық, өнімдері) өндіруші немесе жеткізуші;

4. Мұнай-газ саласына арналған құрал-жабдықтар мен арматуралар, арнаулы машиналарды (өрт автомобильдері, кіші және орташа тонналы судалар) өндіруші және жеткізуші;

5. Демалыс орталығы, тарихи жерлер, су ресурстары, аң аулау орындары;

6. Инновациалық орталықтар.


БҚО-ның аймақтық экономикада (Ресей және ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда) позитивтілігін анықтау:

1. Минералды шикізатты (мұнай, газ) өндіруші және жеткізуші;

2. Көлік коммуникациялық желі;

3. Нан өнімдерін өндіруші немесе жеткізуші.

БҚО минералды, құрылыс материалдарын, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімін өндіруші ретінде қарастырады.

Облыстың экспорт құрылымында 2005 ж мұнай және газ конденсаты 97,4 пайыз, қара металл және бұйымдар – 1,9 %, нан өнімдері 0,3 %-ды құрады.

Облыс минералды шикізатты және агроиндустриалды потенциалын, инвестициалық тартымдылығын және инновациалық технологиялардың дамуын пайдалана отырып, ішкі және аймақтық нарықтарда жоғары технологиялы өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімін жеткізушілердің ең ірілерінің бірі бола алады [4].

Аймақтың нарықтық жағдайын бағалау үшін мына салалар бойынша диагностика (SWOT талдау) технологиясы қолданылады (1 кесте) өнеркәсіп және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығын және адам капиталын дамыту.



БҚО сервистік орталық ретінде өзін былайша көрсетеді:

  • Аймақтық дистрибуция орталығы, яғни облыста өз өнімін аймақта өндіру үшін тауар өндірушілерге тиімді жағдайлар туғызатын және Ресей нарығына бағытталған ірі сауда – логистикалық орталықтарын құру;

  • Транзитті – логистикалық орталық, яғни облыста Европа мен Азия арасында жүк пен жолаушыларды тасымалдау үшін ыңғайлы және тиімді жағдайлар туғызу, Ресей мен алыс шетелден келген тұтынушыларға қызмет көрсетуге бағытталған көліктік – логистикалық желілерді құру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет