1-кесте – Өнеркәсіп өндірісінің SWOT талдауы Батыс Қазақстан облысындағы инфрақұрылымы
1. Басым жақтары
|
2. Әлсіз жақтары
|
1.1 Көмірсутек шикізатының қорлары мен қуаттылығы
1.2 Көмірсутек шикізатын алғашқы қайта өңдеу бойынша қуаттылығы (КПК,МТУ-400)
1.3 Жоғары технологиялы құрал-жабдығы бар әскери-өнеркәсіп кешенді кәсіпорын-дардың болуы
1.4 Жоғары білікті персонал
1.5 Ресей федерациясының 5 облысымен көрші болу
1.6 Қоғамдық – саяси тұрақтылық және халық реформаларын қолдау
1.7 Аймақтық технопарктін жұмыс жасауы
1.8 Құрылыс материалдарын өндіру үшін шикізаттың болуы
1.9 Көлік комуникацияларының трасшекаралық желілерінің болуы( авто және теміржолдар, магистралды құбырлар )
|
2.1 Өңдеу саласы кәсіпорындарындағы құрал-жабдықтардың жоғары моральдық және физикалық тозуы
2.2 Көмірсутекті терең қайта өңдеу бойынша кәсіпорындардың жеткіліксіз қуаттылығы
2.3 Бизнес-жобалау, менеджмент және маркетинг бойынша жоғары білікті мамандар-дың болмауы
2.4 Қоғаныс кешені өндірісіне мемлекеттік тапсырыстың азаюы
2.5 Экспорттік өнімді құрайтын шикізаттың болуы
2.6 Шығарылатын өнімнің жоғары өзіндік құны
2.7 Мұнай-газ кешеніне пайда келтіретін өнеркәсіптегі құрылымдық диспропорция
2.8 Облыстағы сақталынатын электр-энергетикалық тәуелділік
2.9 Автомобиль жолдары, электр желілері, жылу-су-канализация желілерінің техникалық жағдайының төмен деңгейі
|
3. Мүмкіндіктер
|
4. Қауіптер
|
3.1 «Мұнай-газ, машина жасау» кластерін дамыту
3.2 Машина жасау, мұнай химиясы, құрылыс индустриясы саласында инновациялық өндірісті құру
3.3 Мұнай-газ секторы кәсіпорындарына арналған сервистік қызметтер нарығын дамыту
3.4 Екі мәндегі өнім өндірісін игеру
3.5 Жергілікті энергия тасушы көздердің
есебінен энергия ресурстарының қажеттілігін қамтамасыз ету
3.6 Көліктік логистикалық орталықпен индустриалды аймақты құру
|
4.1 Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін облыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін жоғалту
4.2 Мұнай-газ кешенді кәсіпорындарының қоршаған ортаға тигізетін зиян мүмкіндігі
4.3 Көмірсутек шикізатына әлемдік нарықта бағалардың күрт төмендеуі
|
БҚО Технопарк «Алгоритм» ЖШС базасында құрылған аймақтық инновациялық орталық ретінде ұсына алады:
-
Минералды шикізат пен жергілікті материалдарды кешенді пайдалану және қайта өңдеу технологиялары;
-
Ауыл шаруашылығы саласындағы дайндаушылар;
-
Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану, энергияны альтернативті көздері және экология саласындағы дайындамалар;
Облыстың бәсекеге қабілетті салаларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін факторларын дамыту мақсатында келесі шаралар іске асырылатын болады:
-
Облыстың ресурсты потенциялын (жер, су, минералды шикізат) рационалды пайдалану;
-
Аймақтық – экономикалық ұйымдастыру мен дамыту институттарын тартумен бизнесті еңгізудің жаңа заманғы модельдерін ұсынуы;
-
Жергілікті инфрақұрылымды (көліктік-коммуникациялық, әлеуметтік сала және еңбек ресурстары және т.б) дамыту.
Басым және әлсіз жақтарды нарықтық мүмкіндіктер, қауіптермен салыстыру аймақтың дамуында басым жақтарды пайдалану қажеттілігін көрсетеді.
БҚО үшін даму алгоритмін келесі матрицамен көрсетуге болады (2 кесте). Машина жасау, мұнай химиясы және құрылыс индустриясы саласындағы инновациялық, бірікен өндірісті құру жөніндегі стратегия бағыты:
-
жеке мемлекеттік әріптестік жағдайларында өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қайта жабдықтауға инвестициялар көлемін ұлғайту;
-
шағын бизнесті дамыту мен оны несиелендіруге жеңілдіктер жасау;
-
өндірілетін өнімнің энергия сиымдылығын төмендету;
Қауіптердің әсерін азайту үшін стратегияны іске асыруда келесі шараларды қарастырған жөн:
-
көмірсутектерді терең қайта өңдеу үшін кәсіпорындар құру
-
ЖОО-да және кәсіптік-техникалық колледждерде мамандықтар тізімін кеңейтіп,орта буын мамандарын даярлау
-
Біліктілікті арттыру жүйесі, тренинг, курстар сонымен қатар халықаралық орталықтар арқылы кадрларды даярлау
-
Мемлекеттік тапсырысты алу бойнынша әрекеттерді күшейту
-
Инновациялық бағдарламаларды дамыту, жаңа заманғы технологиялады еңгізу.
Аймақтың кәсіпорындарында сапа стандарттарын енгізу бойынша уақытында қабылданған шаралардың бұл қауіпті жоюға мүмкіндігі бар.
Аймақтың бәсекеге қабілеттілігін жоғалту күрделі факторының бірі- кәсіпорындардың негізгі қорлардың жағдайы. БҚО бойынша орташа алғанда негізгі қордың тозуы 35 %-ды құрайды [4].
SWOT әдістемесін сәтті қолдану үшін қауіптер мен мүмкіндіктерді ашқан дұрыс, сондай-ақ стратегиядағы есепке алудың аймақ үшін маңыздылығын атап өткен жөн.
2-кесте – Аймақ өнеркәсібі үшін SWOT талдау бойынша мүмкіндіктер мен қауіптерді бөліп көрсету
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
«Басым жаққа» тәуелділік
|
мүмкіндіктерді іске асырудың басым жақтары
|
қауіптерді төмендетудің басым жақтары
|
Потенциалды мүмкіндіктері мен қауіпті төмендетуді толық іске асыруда пайдалануы мүмкін
|
Ол үшін 3.1 → 1.3; 1.4; 1.5.
3.2 → 1.1; 1.6; 1.7; 1.9.
3.3 → 1.1; 1,2.
3.4 → 1.3; 1.4; 1.7.
3.5 → 1.1; 1,2.
3.6 → 1.3;1,5; 1,9
|
Ол үшін 4.1 → 1.1; 1.2; 1.3; 1.6.
4.2 → 1.3; 1.4; 1.8.
4.3 → 1.2; 1,3;
|
«Әлсіз жаққа» тәуелділік
|
әлсіз жақтар мен мүмкіндіктер
|
әлсіз жақтары мен қауіптер
|
Потенциалды мүмкіндіктер мен жоғары қауіптерді төмендетуге әсер етеді
|
Оған 3.1 → 2.1; 2.3; 2.5; 2.6. 2.8.
3.2 → 2.2; 2,3.
3.3 → 2.3; 2,5.
3.4 → 2.4; 2.8.
3.5 → 2.2; 2.6.
3.6 → 2,9; 2,6; 2,3.
|
Оған 4.1 → 2.1; 2.2; 2.3; 2.5; 2.6; 2.8.
4.2 → 2.5; 2.7.
4.3 → 2.2; 2.5; 2,7.
|
Мүмкіндіктер матрицасы пайдалану маңыздылығына қарай нақты әр мүмкіндіктің бағытын анықтайды.
3 кестеден көрініп тұрғандай, мұндағы мүмкіндіктердің аймақ үшін мәні зор. Барлық мүмкіндіктер ресурстық қамтамыз ету тұрғысынан қарастырылу керек. Бұдан қиын жағдайдың өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғалту қаупін тудыратынын көреміз.
3-кесте – Мүмкіндіктер матрицасы
Мүмкіндіктерді пайдалану ықтималдылығы
|
Күшті
|
Орташа
|
Аз
|
Жоғары
|
3.5 Жергілікті энергия тасығыш көздердің есебінен энергия ресурстары қажеттілігін қамтамасыз ету
|
3.3 Мұнай-газ саласы
кәсіпорындарына арналған сервистік қызмет көрсету
нарығын дамыту
|
|
Орташа
|
3.1 «Мұнай-газды машина
жасау» кластерін кеңейту
|
3.2Бірікен кәсіпорындар
құру, сонымен қатар
машина жасау, мұнай
химиясы, құрылыс
индустриясы саласында
|
|
Төмен
|
|
3.4 Қос мәнді өнім өндірісін меңгеру
|
|
Адам капиталының дамуы адам дамуының индексі арқылы көріну мүмкін. АДИ есептеуде облыс үшін «2007-2027 жылдарға арналған ҚР-ның тұрақты дамуына көшу тұжырымдамасында», ҚР Президентінің 2006 жылы 14 қарашада бекіткен №216 Үкімінде белгіленген даму көрсеткіштері есепке алынған, олардың негізгілері көрсетілген (4 кестеде).
Адам дамуының деңгейі бойынша Атырау мен Маңғыстау облыстарымен қатар 2009-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы да кіруі ықтимал.
Сонымен қатар ересек тұрғындардың сауаттылығы жан басына шаққандағы көрсеткішпен салыстырғанда арта түседі. 2015 жылға қарай облыс әлеуетінің өсуі еліміздің бәсекеге қабілеттілігі жоғары көш басшы 50 елдің қатарына ену көрсеткішін арттыруға қол жеткізеді.
4-кесте – Адам ресурстарын дамыту көрсеткіші
Көрсеткіштер
|
Нақты
|
Болжау
|
2005 ж.
|
2007 ж.
|
2009 ж.
|
2011 ж.
|
2013 ж.
|
2015 ж.
|
Туу көрсеткіштерінен күтілетін өмір сүру үзақтығы, жасы
|
65,00
|
66,00
|
67,00
|
68,00
|
69,00
|
70,00
|
6-24 жас аралығындағы оқушылардың орташа үлесі,%
|
79,90
|
80,32
|
80,74
|
81,16
|
81,58
|
82,00
|
Жан басына шаққандағы нақты ЖНӨ, АҚШ долларымен
|
4561,7
|
8903,9
|
13082,4
|
16858,9
|
22086,9
|
25089,6
|
Туу көрсеткіші мен өмір ұзақтығының индексі
|
0,667
|
0,683
|
0,700
|
0,717
|
0,733
|
0,750
|
Тұрғындар сауаттылығының индексі
|
0,995
|
0,995
|
0,995
|
0,995
|
0,995
|
0,995
|
Жан басына шаққандағы кіріс индексі
|
0,637
|
0,750
|
0,814
|
0,857
|
0,902
|
0,926
|
Адам капиталының даму индексі
|
0,745
|
0,788
|
0,815
|
0,835
|
0,857
|
0,870
|
Батыс Қазақстан облысының көрсеткіштерінің әрбір жекелеген тобында шешілуге тиісті стратегиялық міндеттері бар:
1. Білім беру үрдісін дамыту саласында:
- 12 жылдық білім беруге көшу үшін білім беру жүйесін ақпараттық жүйелерді еңгізу негізінде жетілдіру;
- машина жасау, мұнай-газ тағам өндірісі, құрылыс саласы тәрізді техникалық бағыттағы мамандар даярлау.
2. Денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер саласында:
- материалдық базаны нығайту, медициналық мекемелерді жарақтандыру, мемлекеттік мекемелер базасында жеке медициналық мекемелер желісіне емдеудің жаңа әдістерін еңгізе отырып тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету;
- аз қамтылған жағдайы төмен азаматтардың өмір сүру ауқатын жұмыссыздықты төмендету, коммуналдық тұрмыстық сала мәселелерін шешу негізінде арттыру;
3. Еңбекпен қамту, шағын кәсіпкерлікті дамыту және орта буынды қалыптастыру саласында:
- шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шағын несие бөліп, пайдаланылмайтын бос тұрған ғимараттар мен құралдарды пайдалану;
- мемлекеттік сату мен сатып алу тапсырыстары шеңберінде кәсіпорындардың тиісті құжаттарын рәсімдеуге ықпал ету;
4. Мәдениет, туризм, спорт салаларын дамытудағы мақсаттар мен міндеттері [5].
- Орал өңірінің бай тарихи және мәдени тәжірибесін қолдану, Ресей мен шекаралас облыстармен экономикалық мәдени байланыс орнату қазақ ұлты жиі орналасқан жерлерде ұлттық дәстүр мен патриоттық тәрбиеге басты назар аударған жастар арасындағы тәрбие мәселесіне жіті көңіл бөлу, ұлттық бірлестіктер арсында достықты нығайту;
- Қазақстандық және шет ел азаматтарын мәдени дем алуына жағдай туғыза отырып туризмді дамыту, түрлі туристік қызметтерді ұсыну, шет ел азаматтарын туризмге тарту [6].
Облыстың өнеркәсіптік-технологиялық саясатын жүзеге асыру үшін оны екі кезеңде жоспарлау қажет. Өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру тәсілдерінің бірі – өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру болып табылады. Облыстың өнеркәсіптік саясатының мақсаты – ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілетті облыстың индустриалды кешенін қалыптастыру.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Закон Республики Казахстан от 8 января 2003 года № 373-II «Об инвестициях» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 31.01.2006 г.) // Казахстанская правда. – 2006. – 5 февраля – С.3-4.
2. О Стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 17 мая 2003 года N 1096 [Электронный ресурс] / Правительство РК. – Электрон. дан. Астана, 2003 – Режим доступа: http:// www.government.kz, свободный. – Загл. с экрана.
3. Стратегия социально-экономического развития Западно-Казахстанской области на 2009-2011 гг. [Электронный ресурс] / Акимат Западно-Казахстанской области. – Электрон. дан. Уральск, 2008 – Режим доступа: http: // www.government.kz, свободный. – Загл. с экрана.
4. Ахметов, С. А. Инновационно-кредитный фонд и производственно-инновационное предпринимательство Казахстана / С. А Ахметов // Транзитная экономика». – 2007. – № 2(59). – С. 116-122.
5. Рахматуллина, Г. Г. Структурная перестройка экономики Казахстана / Г. Г. Рахматуллина. // Казахстан Спектр. – 2008. – №3. – С. 59-64.
6. Самакова, А. Социальный итог успешных реформ / А Самакова. // Казахстанская правда. – 2007. – 6 марта. – С. 3.
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ЗАҢ
ӘОЖ: 347
Шетел азаматтық құқығының негізгі ерекшеліктері
В. Б. Тапакова, ізденуші
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Бұл мақалада шетел азаматтық құқықтарының негізгі ерекшеліктері мен мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ, Франция, Германия,Англия, АҚШ, Жапония, ТМД елдерінің азаматтық заңдарына ерекше мән беріле отырып, шетел мемлекеттеріндегі азаматтық құқықтың негізгі институттарының және заңды тұлға туралы, банкроттық туралы мазмұнын ашуға толықтай септігін тигізеді.
В этой статье рассмотриваются основные особенности и проблемы зарубежных гражданских прав. В странах СНГ уделяется большое внимание особенностям, закона о гражданстве, о содержание банкротстве, и в том числе во Франции, в Германии, в Англии, в США и в Японии.
Main particulars and prowlems of forejgn ciuil law are considered in this article sauboliniz.Countrjes of cis pay attention for pecularity of civil rights, maintenance of bankruapicy including France, Germany, England, USA, and Japan.
Құқық пен заң шығарушылық адамзат мәдени мұрасының ажырамас бөлігі, сондықтан да басқа халықтар мен мемлекеттердің тарихи тәжірибесіне зерделей қараудың еліміздің құқық жүйесі үшін маңызы өте зор. Демек, мемлекетіміздің сыртқы байланысының дами түсуіне орай шетел азаматтық құқығын білудің әрбір заңгер үшін де, кез-келген жеке тұлға үшін және цивилистер үшін де маңызы өте зор.
Маман-цивилист шетел азаматтық құқығымен қоса халықаралық жеке құқықты да оқып-үйренуі керек.
Халықаралық жеке құқық дегеніміз мемлекеттің жеке ішкі заңдарын, халықаралық шарттар мен әдет-ғұрып нормалары мен біріктіретін кешенді құқық жүйе болып табылады. Бұл жүйе коллизиялық – құқықтық және материалдық құқықтық әдістемелерге сүйене отырып, халықаралық сипаты бар қатынастарды, яғни мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттейді [1].
Осы құқықтың аясында Қазақстанның барлық аумағындағы шетелдік заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі, шетелдік азаматтардың Қазақстанның аумағындағы мүлікке құқық меншігі, сыртқы мәмілелерін жасаудың шарты мен тәртібі, интелектуалдық меншікке шетелдіктердің құқығын қорғау, Қазақстан азаматтарының шетелдегі өнертабыс құқығын қорғау, шетелдіктермен некеге тұрудың ұйымдық-құқықтық нысандарын жасау және т.б. жатады.
Бүгінгі таңда әлемдегі әрбір мемлекеттің өзіне тән құқық жүйесі бар. Француз ғалымы Рене Давид азаматтық құқыққа мынадай анықтамасын берген: Нағыз құқық-жеке құқық болып қала береді, заңгерді қалыптастыру тек азаматтық құқықты оқып-үйрену арқылы ғана болуы мүмкін [2].
Арнайы әдебиеттерде азаматтық-құқықтық жүйені бір-бірінен ажыратуға көмектесетін мынадай элементтер келтірілген: 1) құқық дерекнамасының құрамы мен ара салмағы, 2) азаматтық құқықтың құрылымы(мәселен, тұлғалар, заттық құқық, міндеттемелік құқық, отбасы және мұрагерлік құқық), 3) құқық қолдану тәжірибесі (сот, конституция, әкімшілік және т.б.) 4) құқыққа қатысты орныққан пікірлердің (доктрина) жиынтығы және оны тәжірибеде қолдану [3].
Шет елдердің азаматтық құқығында азаматтың кәсіпкерлікпен немесе өзге де шаруашылықтармен айналысуына болатындығы айтылған. Мәселен, Франция акционерлік қоғамы үкіметтің белсенді араласуы мен дамиды. Құқығы институционалды жүйеге бағындырылған. Ал, Германияда акционерлік қоғамдары қатаң автономиялы реттеу жолымен жүргізу және оны тәртіптеу пандекттік жүйеге енгізілген.
Шарт еркіндігі принципі азамат және сауда айналымына қатысушылардың шарттың қандай болмасын тәртібін өздері келісіп шешетіндігіне негізделген болатын. Демек, Француз азаматтық құқығының нормативтік негізін оның азаматтық кодексі (Наполеон кодексі деп те атайды) құрайды. 1807 жылы қабылданған Сауда кодексі Францияда әлі күнге дейін қолданылып келеді. Онда Жалпы сауда, теңіз саудасы, дәрменсіздікті сотпен реттеу және оны ақтау, сауда, юрисдикция туралы айтылған. Англияда әлі күнге дейін не азаматтық кодекс, не сауда кодексі жоқ.
Англияның құқығын Сату туралы (1979 ж.), Талап қою (1980 ж.), Компаниялар туралы (1985 ж.) және т.б. заңдар құрайды. АҚШ азаматтық құқығының негіздеріне келетін болсақ, оның да өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, АҚШ-та азаматтық және сауда құқығының екі жүйесі-штаттық және федеративтік жүйе болып қалыптасқан. Екіншіден, американ сотына заңдар мен қаулылардың түсінілуіне ғана құқық беріліп қоймаған, сонымен бірге оның федеративтік немесе штаттық конституциясына қарама-қайшылығын мойындату құқығы да берілген.
Кодификациялық құжат Біріңғай сауда кодексі болып табылады,сол арқылы сауда айналымындағы қатынастар реттеледі. Жапония азаматтық кодексі 1898 жылы күшіне енді, ол ауқымды нормативтік құжаттардан тұрады, оған істер қатарына байланысты маңызды заң ережелері де енгізілген. Кодекс құнды қағаздарға заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесіне және т. б. қатысты көптеген ережелерді реттейді. Сондай-ақ, Қытай еліне келіп тоқталатын болсақ, Қытайда азаматтық кодекс әлі жоқ. 1982 жылы Азаматтық кодекстің төрт нұсқасының жобалары дайындалды, бірақ оның бірде-бірі қабылданбады. Азаматтық кодексінің орнына 1986 жылы 12-сәуірде қабылданған ҚХР-дің Азаматтық құқығының жалпы ережелері қолданылады. Ал, өзіміздің ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы Үлгі азаматтық кодексінің 1994 жылы 29 қазанда бірінші бөлімін, 1995 жылы 13 мамырда екінші бөлімін, 1996 жылы 17 ақпанда үшінші бөлімін қабылдағаны баршаға мәлім. ТМД-ның көптеген елдері өздерінің Азаматтық кодекстерін қабылдады. Бұл орайда егемендік алған елдер жаңа азаматтық кодекстеріне азаматтық құқықтың өзіндік даму жолдарын таңдаған болса керек. Эмансипация, патронаж, сервитут, бенифициар, шарт еркіндігі, ұстап қалу және т. б. бұл мемлекеттердің Азаматтық кодекстеріне тұңғыш рет енгізілді. Әрине, мұндай жаңалық атаулының бәрі де жан- жақты ой елегінен өткізуді өзгелерден үйренуді және оны дұрыс қолдана білуді талап етеді.
Қазіргі таңда ТМД елдерінде азаматтық заңдардың жиынтығын құрайтын көптеген заң-нормативтік құжаттар қабылдады. Бірақ, азаматтық кодекс бұл елдердің азаматтық заңдарының темір қазығы болып табылады. Сондай-ақ көптеген елдердің заңдарында толық көлемде әрекет қабілеттілігіне азамат кәмелетке толғаннан кейін ие болатындығы жазылған. Мысалы, Германияда 18 жасқа толған соң, Швейцарияда 20 жасқа, ал АҚШ-та 18 бен 21 жас аралығында ие болады және сот пікірі бойынша азаматтық құқық қабілеттілігін жоюға жол берілмейді. Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігі тек қайтыс болуымен немесе заңда белгіленген мерзім бойынша хабар-ошарсыз кеткеніне немесе өлді деп жариялануына байланысты тоқтатылады. Мысалы, кейбір елдерде ол хабар-ошарсыз кетуіне орай сот шешімімен жарияланған соң тоқтатылады. Айталық, Францияда әлі күнге дейін адам қанша уақыт бойы хабар-ошарсыз кетсе де, өлді деп жариялауға рұқсат етілмейді, тек тұлғаның хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлауға ғана құқық берілген. Ал, Германия азаматтық құқығы бойынша хабар-ошарсыз кеткен адамды он жылдан кейін ғана өлді деп жариялауға болады. Бірақ ондай адам 25 жасқа толуы керек, ал жасы 80-ге толған адам жоғалса, оны өлді деп жариялау 5 жыл өткен соң жүзеге асады.
Заңды тұлғаға келіп тоқталатын болсақ, Заңды тұлға деп өз атынан мүліктік құқықтар мен міндеттерді еншілейтін, оның құрамына кіретін тұлғалардан тәуелсіз өзі жауап беретін тұлғаны айтамыз. Заңда жария заңды құқық тұлғасы және жеке заңды тұлғасы деп бөлінеді. Жария заңды тұлғаның ерекшелігі: а) алға қойылған мақсаттарының жария түрде сипаты болады; ә) билік өкілеттігі болуы; б) мүшеліктің ерекшелігі.
Жария заңды тұлғаларына мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөлініс, мемлекеттік мекемелер, сауда және өнеркәсіп палаталары, мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жатады.
Жеке заңды тұлғаларға, жеке заңды тұлғаның қалауына орай азаматтық-құқықтық құжаттар мен әрекет етуге құрылған ұжымдық құрылымдар жатады. Мысалы, Германия құқығында заңды тұлға одаққа және мекемеге бөлінеді, Францияда заңды тұлғалардың негізгі түрлері-серіктестік пен ассоциация, ал Англияда заңды тұлға ең алдымен тұлғалардың басын біріктіретін корпорациялар және дербес түрінде болады. Англия құқығына мекеме деген ұғым мәлім емес, ал ФРГ, Швейцария құқығында мекемеге үлкен мән беріледі, әсіресе, сенімгерлік меншік институтын кеңінен пайдаланады. АҚШ заңды тұлғаларды корпорация мен мекемелерге бөлуді мойындамайды. Мысалы, штаттар мен федералды заңдарды заңды тұлғаның құқықтық режимін, әдетте, қоғамдық қызметінің сипатына тәуелді етіп қояды. Заңды тұлғалар онда: а) жария (үкіметтік); ә) кәсіпкерлік емес; б) кәсіпкерлік деп бөлінеді. Заттық құқықтың негізгі институты жеке меншік құқығы болып табылады. Меншік дегеніміз тек адамның объектіге, адамның табиғатқа қатысы ретінде көрінеді. Германияның азаматтық заңдар жинағының 544-бабына сәйкес пайдалануға заңмен немесе регламентпен тыйым салынбайтын болса, мейлінше абсолюттік мәнділігі затқа қолданылатын және оған жүретін құқық меншікті білдіреді. Бұл меншік тұжырымы Ұлы Француз революциясы ұсынған принципке негізделген, меншік те бостандық сияқты адамның ажырамас құқығы деп есептеледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттілігі заңдастырылса керек. Дамыған елдердегі банкрот болу туралы заңдарды білу бізге өте қажет, себебі экономикамыз үшін бұл проблеманың орны бөлек екені белгілі. Қазіргі кезде Батыстың заңдары дәрменсіздік деген терминді қолданады. Мысалы, Англия тек тиісті соттың шешімі болса ғана жеке тұлғаны банкрот деп таниды.
Банкроттықты реттеуде құқық жүйелерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Мәселен, несие берушінің мүддесі ағылшын құқығында өте мықты қорғалады. Сондықтан да банкроттықты оңалту рәсімдері онша көп қолданылмайды, көбінесе мұнда басқару рәсімі енгізілген.
Германия құқығының негізгі ағымы оңалту рәсімін жоққа шығаруға бейім келеді. Бұл елдің заңдары банкротқа ұшыраушыға қарағанда, несие берушінің мүддесін қорғауға баса мән береді. Американдық құқықтық жүйе мүмкін болатын оңалту мақсатымен борышқорлардың мүдделерін көбірек қорғайды, ал француздар кәсіпорындарды оңалтудағы міндетті несие берушінің мүддесіне залал келтіру арқылы жүзеге асырады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан жағдайында ұлттық мүдденің және экономиканың даму барысын ескере отырып, экономикалық құрылым ретіндегі борышқор кәсіпорынды қорғауға барынша мән берген тиімді деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |