3-тарау. Қоймадағы астықтың және оның өңделген өнімдерінің зиянкестері
50. Қоймадағы астықтың және оның өңделген өнімдерінің зиянкестері (қамба бізтұмсығы, күріш бізтұмсығы, ұнның үлкен қара қоңызы, шоқпар мұртты кіші қара қоңыз, суринам ұн жемірі, жирен ұн жемірі, ұры қоңыз, қойманың күрең тері жемірі, құбылмалы трогодерма, астықтың дән тескіш қоңызы, дән тескіш қоңыз, қамба күйесі, диірменнің қан көбелегі, ұн кенесі, ұзынша кене, кәдімгі түкті кене) есепке алуды және анықтауды жүргізу әдісі:
Сұрыптау әдістері.
1) сақталатын астық пен астық өнімдерін тексеру мерзімдері МЕМСТ-қа сай (үлгілерді іріктеу) жүргізіледі. Тұқымдық дәнді 15% ылғалдықта және 100С тан жоғары температурада 10 күн сайын тексереді, 15 % ылғалдылықта әр бес күн сайын тексереді, астық өнімдері және жем дәндерді 15 % жоғары температурада әр 10 күн сайын, 5-15 0С градуста 15 күнде бір, 5 0С төмен болса айына 1 рет тексереді. Ұнмен жарманы әр 15 күн сайын 5-тен 0С төмен болса әр түрлі сақталып жатқан дәнді азық-түліктер айына 1 реттен көп тексерілмеуі тиісті.
2) толтырылмаған қоймалар қырмандарды және қамбалардың алдыңғы жерлерді әр босаған сайын және де толтырылған сайын тексеріледі.
3) залалданған астықты орташа сынамамен анықтайды. Астықтың сынамасын алу үшін, қоймадағы сақталынып жатқан үйілген астықтың бетінен секциямен 100 шаршы метрге бөледі. әр секцияның 5 жерінен ( қарама-қарсы үш жерден , 1 метр қабырғадан және секцияның шекарасынан бір-бірінен бірдей ара қашықтықта) қабат-қабатымен 11-15 сантиметр тереңдікте орташа және астыңғы қабаттардан сынама алынады. Үйіндінің 1,5 метр биіктікте нүктеленген сынамаларды тек жоғарғы және астыңғы қабаттардан алынады. Барлық нүктелі сынамаларды біріктіріп орташа 2 килограмм салмақта сынаманы алады. Әр сынаманы бөлек талдайды, ал ең көп зиянкестердің санын санап анықталғандардан залалданғандарды сынамамен анықтайды,.
4) залалданған астық өнімдерін анықтау үшін орташа сынамаға 1 килограмм, крупа, комбикорм немесе бидай қалдықтарын бөлеміз.
5) астық қоймаларда бір мезгілде азық-түліктерде тұрған жерлерді тексереді( қабырғаларды, терезенің астыңғы қабатын, тіреуіштерді)мұқият тексереді.
6) астық өнімдерінің зақымдалғандығын анықтау үшін орташа үлгіден 1 килограмм ұн, жарма, құрама жем немесе кебек бөлініп алынады.
7) үстіңгі және астыңғы қабаттарды, құрал-жабдықтар мен саймандарды толығымен тексеріп шығады. Сондай-ақ, қойманың әр жерінен және тесіктерден жинап алынған астық сыпырындылары және үйінділері талданады. Зақымдануды анықтау үшін астық үйіндісінен дәнді қолмен іріктеп алады, әр нысанадағы сынаманы бөлек қояды қоймалардың ауласын және айық қырмандарын залалданғанын анықтау үшін:төгілген дәндерді, тексеру, талдау арқылы жүргізеді. Астық қоймаларын, қоймаларды, дән өңдейтін жерлерді тексереді. Толығымен тексеру арқылы органикалық қалдықтар төгілген жерлер, уақытша сақталатын немесе азық-түлікті қайта өңдеу жерлерде.
8) астық кіргізілмеген қоймалар, диірмен, астық ұнтақтағыш орталықтарда олардың қабырғалары, едендері, ағаш тіректері мен қалқандар, астыңғы жиектемелер мен төменгі және жоғары галерея тіректері, қондырғылар мен саймандар мұқият тексеріледі. Сонымен қоса қондырғылардан, қалқандар мен тіректерден, едендер мен қабырға тесіктерінен алынған астық қалдықтары мен қойма ішінен сыпырып алынған астық және өнім қалдықтарына да тексеру жүргізіледі. Үлгілерден жасалынған сараптама қортындысы мен қолмен жиналып алынған қалдықтарды талдау қорытындысы да әр нысан бойынша жеке-жеке қаралады
Алынған үлгілерді талдау.
1) алынған астық пен өнім үлгілері, сонымен қатар сыпырындылар, төгілген қалдықтар, өсімдік қалдықтары електен өткізіліп, зиянкестерді есепке алу мен анықтау мақсатында кіретін, түсетін жолдарын қарау жолымен жүргізіледі. Астық үлгілері саңылауы 1,5 және 2,5 миллиметр елекпен 2 минут еленеді. Саңылауы 2,5 миллиметр електің дән шығар беті талдау тақтасына орналастырылады, содан соң одан шыққан дән жұқа қабат етіліп жайылады да, ірі бунақденелілерді жинай отырып, қолмен іріктелінеді.
2) Саңылауы 2,5 миллиметр електің дән өтетін беті ақ шынылы сараптау тақтасына орналастырылады, ал саңылауы 1,5 миллиметр електен өткен дән қара шыныға жұқа қабат етіліп жайылады. Бұл ретте қамба және күріш бізтұмсығы, суринам ұн жегіші, кенелер секілді өте ұсақ зиянкестер анықталады. Алынған зиянкестердің тірісі 1 килограмм астыққа есептелінеді.
3) Өнімнің бунақденелілермен және кенелермен зақымдалу деңгейі 10841-64 МЕМСТ шкаласымен белгіленеді. 1 килограмм астықтың бунақденелілермен зақымдалуы:
I деңгей - 1-5 дана;
II деңгей - 6-10 дана;
III деңгей - 10 данадан жоғары.
1 кг астықтың кенелермен зақымдалуы:
I деңгей - 1-20 кене;
II деңгей - 20 кенеден жоғары;
III деңгей -кенелер киіз сияқты қабат түзейді.
4) Астықтың жасырын зақымдалғанын анықтау үшін өлген бізтұмсықтар, дән тескіш қоңыздар кездескен үлгілер немесе солар зақымдаған дән үлгілері алынады. Орташа үлгіден 50 грамм дән алынып, одан 50 дана дән тура ортасынан скальпель арқылы тілінеді. Сосын оларды үлкейткіш әйнекпен қарап, дәннің зақымдалуы пайыз бойынша анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |