Ауыл шаруашылығы жерлеріндегі зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді есепке алу, анықтау және болжау әдістемесі


балл – өсімдіктің әлсіз зақымдалуы, сабақта қарқынды жолақтар пайда болады және сабақтың жартылай сарғайяды



бет6/7
Дата20.05.2022
өлшемі1.16 Mb.
#457974
1   2   3   4   5   6   7
) 25.10.2017

1 балл – өсімдіктің әлсіз зақымдалуы, сабақта қарқынды жолақтар пайда болады және сабақтың жартылай сарғайяды;

2 балл – өсімдіктің орташа зақымдалуы, жапырақтар сарғайып, құрғайды, сабақтың төменгі жағы қараяды;

3 балл – өсімдіктің қатты зақымдалуы, сүттену-балауыздану кезеңінде өсімдік деформацияға ұшырайды, сабақтың астыңғы жағы қарайып түседі;

4 балл – өсімдік өсу-түптену кезеңінде толығымен солады.


Астық дақылдарының вирустық ауруларының таралуы мен дамуы туралы ақпарат осы Әдістеменің 136-қосымшасына және бактериялдық аурулары осы Әдістеменің 137-қосымшасына жазылады.
58. Біржылдық және көпжылдық бұршақ тұқымдасты өсімдіктердің
ауруларын (асбұршақтың аскохитоз, антракноз ауруы, жоңышқаның қоңыр дақ, ақ ұнтақ, тат ауруы, ноқат бұршақтың аскохитоз, фузариозды-вертициллезды солуы ауруы, бұршақ дақылдарының альтернариоз ауруы) есепке алу және анықтау әдістемесі келесі тәртіптер бойынша жүзеге асады:
1) Бұршақ дақылдардың ауруларын анықтау үшін 10 гектар алқаптан 10 сынама әр қайсында 10 өсімдіктен, 20-50 гектар-15, 75-100 гектар және жоғары 20 сынамадан алынады.
2) Аурудың даму деңгейін төменгі шкаламен есептейді:
0- зақымданғаны жоқ;
1-10% дейін жапырақтың беті, сабақтар және бұршақ (тұқымдар) зақымдануы;
2-15-25% дейін жапырақтың беті, сабақтар және бұршақ (тұқымдар);
3- 30 дан-50% дейін жапырақ беті, сабақтар және бұршақтар (тұқымы);
4 -50% жоғары жапырақтар беті сабақтар және бұршақтар (тұқымы);
Бұршақ дақылдарының ауруларының таралуы мен дамуы туралы ақпарат осы Әдістеменің 138-қосымшасына және көпжылдық шөптердің аурулары осы Әдістеменің 139-қосымшасына жазылады.
59. Майлы және техникалық дақылдардың аурулары: Қытайбұршақтың септориоз, жалған ақ ұнтақ ауруы, мақтаның вертицеллезды солу, гоммоз ауруы, күнбағыстың ақ шірік, сұр шірік, тат, ауруы, жалған ақ ұнтақ, вертицеллезды солу, қара дақ ауруы, темекінің қара тамыр шірігі, мозаика ауруы, қант қызылшасының тамыр жегісі, ақ ұнтақ, ризомания гетеродерез ауруы.
Майлы дақылдардың ауруларын есепке алу және анықтау әдістемесі:
1) күнбағыстың тауарлық және тұқымдық егістерінде ақ шірік ауруына қарсы есептеу жұмыстарын 3 рет жүргізеді: бірінші – 3-4 жұп кәдімгі жапырақ шығу фазасында, екінші – гүлдену фазасында және үшінші – себеттермен жинау алдында. Сұр шірікпен зақымдалуына қарсы бірінші және үшінші есептеулерді, құрғақ шірікке қарсы тек үшінші есептеуді қолданады. Аталған күнбағыстың ауруларының есептеулерін келесі әдістеме бойынша жүргізеді: егістіктен 50-100 өсімдікті 5-10 орыннан диаганаль бойымен жүру арқылы қарайды, бұл барлық зерттелетін аумақты қамту үшін жасалады. Барлық сынамаларды қосқанда өсімдіктер саны 400-ден кем болмауы керек. Өсімдіктердің залалдану пайызы анықталады, яғни аурудың таралуы, ал егін жинар алдында (үшінші есеп жүргізу мезгілінде) аурудың дамуы да анықталады (R, %);
2) себеттің залалдану дәрежесін М. Д. Вронских және т.б. (1981) шкаласы бойынша анықтайды:

  1. балл – себеттің залалданған аумағы 10 % аспайды;

1 балл – 25 % дейін;
2 балл – 26-дан 50 % дейін;
3 балл – 51 ден 75 % дейін;
4 балл – 76 %-дан жоғары;
3) күнбағыстың вертициллезды солу ауруын есепке алу жұмыстарын гүлдеу және егін жинау алдында келтірілген әдістеме бойынша жүргізеді. Аурудың таралуы мен дамуы анықталады. Өсімдіктің залалдану дәрежесін А. Е. Чумакова, И. И. Минкевича және т.б. (1975) шкаласы бойынша анықтайды:
0 балл – сау өсімдіктер;
1 балл – өсімдікте солудың белгілері бар (солғын жапырақтар), жемістенуі қалыпты;
2 балл – өсімдік солған, жемістенуі қалыпты;

  1. балл – өсімдік жемістің пісуі алдында солған;

4 балл – өсімдік жеміс піспей тұрып өлген;
4) жалған ақ ұнтақ ауруын жоғарыдағыдай әдістемемен 3-4 жұп нағыз жапырақ және гүлдену фазасында анықтайды. Сонымен қатар өсімдіктің залалдану пайызы анықталады.
5) таттың дамуын себеттің пісуі кезеңінде анықтайды, сонымен қатар аурудың дамуы мен таралуы К. М. Степанова, А. Е. Чумакова шкаласы бойынша анықталады (1972 жылы).
0 балл – заладану жоқ;
1 балл – 10 %-ға дейін залалданған;
2 балл – 11 ден 25 %-ға дейін залалданған;
3 балл – 26 дан 50 %-ға дейін залалданған;
4 балл – 50 %-дан жоғары;
Техникалық дақылдардың ауруларын есепке алу және анықтау әдістемесі:
1) Тамыр жегісі ауруына есептеу жұмыстарын өсу кезеңінен бастап, 2-3 жапырақ шыққанға дейін әр 10 күн сайын жүргізеді. Егістіктің екі диагоналынан әр жерінде 3 сынама (100-200 өркен) алып, фитопатологиялық талдау жүргізеді. Әр сынаманы участоктың үшінші бөлігінен алады. Өркендерді топырақтан тазалау үшін сілкиді. Сонымен қатар, топырақпен бірге тамыр жегісінен өлген өркендер түсіп қалмау керек, олардың есептері маңызды. Өркендерді құрғап қалмауы үшін, ылғалдандырылған қапшыққа салады. Қапшыққа учаскенің номерін, сынамасын және есептеу мезгілі жазылған этикетканы салады.
2) Өркендер құрғап қалмауы үшін, талдауды сол күні жүргізу керек.
3) Талдаған кезде әрбір өркенді қарап, келесі шкала бойынша, шамамен баға береді:
0 – аурумен заладанбаған;
25% өсімдіктің әлсіз зақымдалуы (түбірдің ¼ бөлігі күреңденеді немесе түбірде қоңыр жолақтар пайда болады, тарылмайды);
50% өсімдіктің орташа зақымдалуы (түбірдің жартысы зақымдалады, түбірдің ортасына дейін қараяды, түбір тарыла бастайды);
75% өсімдіктің қатты зақымдалуы (түбірдің ¾ бөлігі зақымдалады, тарылады, зақымдалған жері қараяды);
100% өркен толығымен солады, түбір мен тұқымшық құрғайды.
Күнбағыстың кешенді ауруларының таралуы мен дамуы туралы ақпарат осы Әдістеменің 140-қосымшасына, мақта 141-қосымшаға, қант қызылшасы 142-қосымшаға және темекі 143-қосымшаға жазылады.
60. Көкөніс, бақша және картоп ауруларын (қырыққабаттың қара сирақ, жалған ақ ұнтақ, түтікше бактериоз, шырышты бактериоз ауруы, қызанақтың қоңыр дақ, фитофтороз, макроспориоз, бактериялы қара дақ, төбе шірігі, альтернариоз, столбур ауруы, қиярдың бактериоз, жалған ақ ұнтақ, ақ ұнтақ ауруы, қауынның бактериоз, асқабақ пен қарбыздың антракноз ауруы, пияздың жалған ақ ұнтақ, мойын шірігі ауруы, картоптың кәдімгі таз қотыры, ұнтақ тәрізді таз қотыры, ризоктониоз, фитофтороз, күміс түстес таз қотыры, альтернариоз, макроспориоз, фузариозды және вертициллезды солу, құрғақ шірік, қара мойнақ, сулы шірік, түйнектің сақиналы шірік, қатпарлы мозаика, жолақты мозаика, жолақты мозаика, теңбілді мозаика, жапырақтың ширатылуы, түйнектің ұршықтануы ауруы, сабақ жұмырқұрты) есепке алу және анықтау әдістемесі келесі тәртіп бойынша жүзеге асады:
1) Отамалы дақылдардың ауруларын есепке алу үшін екі қатардан тұратын және ұзындығы 5-10 м2 құрайтын 3-4 тұрақты алаңға бөлінеді. Ал сәбіз және пияз дақылдары үшін оның көлемі 1 м-ді құрайды. Бірінші есеп аурулардың алғашқы белгілері байқалғанда жүргізіледі. Ол көптеген дақылдардың гүлдеу кезеңіне сәйкес келеді. Одан кейінгі есепке алу 15-20 тәуліктен соң жүргізіледі.
2) Үлгі өсімдіктерде әрбір жапырақтың (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) ауруға шалдығуы анықталады.
3) Жапырақтар мен сабақтардың дақ, ақұнтақ, церкоспороз және фитоспороз ауруларына шалдығу дәрежесі келесі шкала бойынша есептеледі:
0 - ауру белгілері байқалмайды;
1 балл - сабақ немесе жапырақтың беті 1%-ға дейін шалдыққан;
2 балл - сабақ немесе жапырақтың беті 5-10%-ға дейін шалдыққан;
3 балл - сабақ немесе жапырақтың беті 25%-ға дейін шалдыққан;
4 балл - сабақ немесе жапырақтың беті 50%-ға дейін шалдыққан;
5 балл - сабақ немесе жапырақтың беті 75-100%-ға дейін шалдыққан.
4) Жапырақтардың переноспорозға шалдығу дәрежесі төмендегі шкаламен жүргізіледі:
0,1 балл - жапырақта жекелеген дақтар бар;
1 балл - жапырақтың 1/5 бөлігі залалданған;
2 балл - жапырақтың 1/3 бөлігі залалданған;
3 балл - жапырақтың 2/3 бөлігі залалданған.
5) Жабық алаңда (жылыжайда) қиярдың дақ және ақұнтақ ауруларымен залалдануын саңырауқұлақ өңезімен жабылған жапырақ ауданын ескере отырып анықтайды. Олардың шалдығу дәрежесін анықтау үшін, жоғарыда келтірілген ақұнтақ пен дақ ауруларына ұсынылған шкала пайдаланылады.
6) Қияр мен қызанақтың ақ және сұр шіріктерімен залалдануы төмендегі шкаламен анықталады:
0 - ауру белгілері байқалмайды;
1 - сабақта, жапырақ пен жапырақ сабағында жекелеген ұсақ дақтардың (мөлшері 2 см-ге дейін) пайда болуы;
2 - дақтар (мөлшері 5 см-ге дейін) сабақты белдеулеп тастайды, өсімдіктің ұлпасы жұмсарады немесе түйіндері мен жемістері залалданады;
3 - залалданған бөліктер бір-бірімен қосылады да, өсімдік солып, қурайды, түйіндер мен жемістер шіріп кетеді.
7) Картоптың саңыраукұлақ, бактерия және вирусты ауруларын есепке алу. 50-100 бұтаны талдай отырып, 3-4 есеп жүргізіледі: 1-ші есеп өскіндер толық шыққанда − олардың қара мойнаққа және ризоктониозға шалдыққаны анықталады; 2-ші есеп жаппай гүлдеу кезеңінде - өсімдіктің макроспориоз, альтернариоз, фитофтороз және вирусты аурулармен залалдануы анықталады; 3-ші есеп жиын-терінге 2-3 апта қалғанда, пәлектерді шаппай тұрғанда (қара мойнақ, фитофтороз, ризоктониоз, солу, вироз) жүргізіледі.
8) Жапырақтың дақ ауруларының (макроспориоз, альтернариоз және фитофтороз) қарқындылығын немесе даму дәрежесін, сондай-ақ, түйнектердің олармен шалдығуын 5 баллдық шкаламен анықтайды:
0 - ауру белгілері байқалмайды;
1 балл - жапырақ немесе түйнек 1%-ға дейін шалдыққан;
2 балл - жапырақ немесе түйнек 15%-дан 25%-ға дейін шалдыққан;
3 балл - жапырақ немесе түйнек 30%-дан 50%-ға дейін шалдыққан;
4 балл - жапырақ немесе түйнектің 50%-дан астамы шалдыққан;
5 балл - пәлектер қурап қалған немесе түйнек толық шіріген.
9) Картоптың вирусты аурулары 4 баллдық шкаламен есептеледі.
1 балл - жай көзбен қарағанда әрең көрінетін әлсіз белгілері байқалады;
2 балл - аурудың айқын көрінетін белгілері байқалады, алайда өсімдікті айтарлықтай әлсірете қоймаған;
3 балл -жапырақтардың пішіні бұзылған, некроздар байқалады және өсімдіктің өсуі мен дамуы баяулайды;
4 балл - ергежейлілік, жапырақтардың, кейде сабақтардың қурап қалуы, өсімдіктің солып, опат болуы.
10) бұл шкаланы техникалық, көкөніс, бақша дақылдары мен майлы, сондай-ақ, өзге де дақылдардың жапырақтарының вирусты аурулармен залалдану деңгейін анықтау үшін қолдануға болады.
Қырыққабаттың кешенді ауруларының таралуы мен дамуы туралы ақпарат осы Әдістеменің 144-қосымшасына сәйкес, томат 145-қосымшасына сәйкес, қиярды 146-қосымшасына сәйкес, пиязды 147-қосымшаға және бақша дақылдарын 148-қосымшасына сәйкес жазылады.
11) отырғызудың алдында және сақтау кезеңінің соңында картоп түйнектерінің аурулармен залалдануы анықталады. Бұл үшін 10 тоннаға дейінгі әр топтың түрлі тұсынан талдауға 200 түйнектен үлгі алынады. Олар сумен жуылып, әр түйнек мұқият қаралады. Қара мойнақты, сақиналы шірікті, фитофторозды, темірлі дақты, кеуектілікті, фомозды, түйнек жұмсағының қараюын және дителенхозды анықтау үшін түйнектер ортасынан кесіледі. Аурулар кешені кездескен жағдайда, аса зиянды деген екі-үшеуі мынандай тәртіппен есептеледі: дителенхоз, қара мойнақ, фитофтороз, құрғақ және сақиналы шірік, таз қотыр. Сонымен қатар, талдау жүргізу барысында түйнектердің ұршық тәрізділігі, өскіндердің жіп тәрізділігі және ішкі некроз есепке алынады.
12) картоп, техникалық, көкөніс және т.б. дақылдар ауруларының негізгі түрлеріне шолу жасалады, онда аймақ бойынша аурулардың таралуы мен даму қарқындылығы сипатталады.
Мұндай жағдайда сипатталған факторлар көрсетіледі және аурулардың келесі жылы таралу деңгейіне болжам жасалады.
13) аурулардың таралуын сипаттайтын шолуларда мына жайттарды белгілеген жөн:
Аурудың көп таралатын аймақтары және аурудың даму мерзімі;
Былтырғы жылғымен барлық көрсеткіштерді салыстыра отырып, депрессивті немесе аурудың қатты дамуына себепші болған факторларды талдайды. Осыдан келіп аурудың тенденциясы және олардың келесі жылғы таралуы мен дамуы анықталады.
14) Картоп фитофторозының дамуын алдын-ала болжау үшін келесі ақпараттарды пайдалануға болады:
пәлегінің қураудың басында аурулардың сорттар бойынша (ерте, орташа және кеш пісетін) даму дәрежесі;
өткен жылы тексерілген және залалданған аудан;
дақылдың өсу фенологиясы (мерзімі мен даму кезеңдері), химиялық өңдеулердің көлемі, қолданылған препараттардың биологиялық тиімділігі.
15) Өткен жылы аурулардың дамуына толық шолу жасау үшін келесі қосымша ақпараттарды пайдалануға болады:
өнімді жинау барысындағы іс-шаралар тізімі: пәлекттерді шауып алу және пайдалану, дефолианттар қолдану және т.б.
өнім шығынының пайыздық көрсеткіші және ауруларға шалдыққан түйнектер саны;
әрбір он күн сайынғы ауа температурасы (ең аз,орташа, ең көп) және өткен жылдың маусым айынан бастап жаз мезгілінде жауған жауын-шашын мөлшерінің жиынтығы.
16) мамырда жасалған маусымдық болжам үшін мынандай қосымша ақпараттар пайдаланылады:
ауаның температурасының ай сайынғы көрсеткіштері (ең аз, орташа, ең көп) және қыс-көктем маусымындағы жауын-шашын мөлшерінің жиынтығы;
тұқымдық (отырғызылатын) материалдардағы ауруларға шалдыққан түйнектер саны, пайызбен.
17) Бүкіл ресейлік фитопатология институтының ғалымдары картопты фитофтороз және альтернариоз (макроспориоз) ауруларынан химиялық қорғауда оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін диалогтық компьютерлік жүйе жасап шығарған. Бұл жүйеде картопта фитофтороз ауруының эпифитотиясының басталуына метеорологиялық факторлардың жиынтығының шектік мәнін бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығының әр апталық ең төменгі көрсеткіші мен апта ішінде жауған жауын-шашын мөлшерінің жиынтығының көрсеткіштері қолданылады. Метеорологиялық көрсеткіштердің жиынтығының шамасын анықтау үшін арнайы номограмма жасалынған.
18) Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының зерттеулері республиканың оңтүстік-шығысының таулы аймақтары мен Солтүстік Қазақстанның далалық аймақтарында фитофтороз бен макроспориоз ауруларының дамуының арасында жақсы корреляциялық тәуелділік (r=0,50+0,60±0,29-0,33) бар екендігін анықтаған. Аурудың дамуы салыстырмалы ауа ылғалдылығына (r=0,81-0,93±0,23) және маусым-шілде, сондай-ақ, шілде-тамыз айларындағы жауын-шашынның жиынтық мөлшеріне (r=0,82±0,27) байланысты.
19) Фитофтороздың болжамды даму деңгейін мына теңдеулер бойынша анықтауға болады: У=4,7Х1-9,37 немесе У=2,1Х2-75,6, мұнда дәйек ретінде шілдедегі жауын-шашынды күндер саны (Х1) және маусым-шілде айларындағы ауа ылғалдылығы (Х2) пайдаланылады.
20) Алматы облысының таулы аймағы үшін У=0,86Х3-31,4 және У=2,8Х2-145,7 теңдеуі сәйкес келеді, мұндағы маусым-шілде айларындағы жауын-шашын мөлшері (Х3) және шілде-тамыз айларындағы ауа ылғалдылығы (Х2). Коэффициенттер осы Әдістеменің 149-қосымшасында көрсетілген.
21) Облыстың белгілі бір ауданында (шаруашылығында) картопты фитофтороз және басқа да саңырауқұлақ ауруларына қарсы өңдеулердің жоспарлы мөлшерін есептеу үшін дақыл егілген ауданды аурудың болжамды даму коэффицентіне көбейту керек.
У=S х К
мұндағы: У- өңдеудің жоспарланған мөлшері
S - егіс ауданы, га
K - аурудың болжамды даму коэффиценті.
Картоптың кешенді ауруларының таралуы мен дамуы туралы ақпарат осы Әдістеменің 150-қосымшасына және картопты вирустық, вироидты, микоплазмалық ауруларын тексеру жөніндегі акпарат осы Әдістеменің 151-қосымшасына жазылады.
61. Жеміс-жидек және жүзім дақылдарының ауруларының (алманың ақ ұнтақ, алма мен алмұрттың таз қотыр, жеміс дақылдарының сұр шірік, алманың цитоспороз, алма ағашының қара шірік, тат ауруы, сүйекті жеміс ағаштарының клястереспороз ауруы, алмұрт пен сүйекті жеміс ағаштарының бактериозы, алманың мозаика ауруы, бүлдіргеннің сұр шірігі, бүлдірген жапырақтарының ақшыл дағы, қарақат пен қарлығанның ақ ұнтағы, таңқурайдың қошқыл-қызыл дағы, жүзімнің милдью, оидиум, антракноз ауруы) есепке алу және анықтау әдістемесі келесі тәртіптер бойынша жүзеге асады:
1) Жеміс-жидек дақылдарының ауруларына мониторинг жүргізу үшін, әрбір сорттан 5-10 үлгі ағаш немесе бұта іріктелініп алынады. Өсімдіктің өсу кезеңінде ауруларға бақылау бірнеше рет жүргізіледі: 1-ші жолы - ауру байқалғаннан кейін 2-3 тәуліктен соң, кейінгілері айына 1-2 рет жүргізіледі, бір маусым ішінде 3-4 мәртеден кем болмау тиіс.
2) Үлгі ағаштың төрт жағынан ауруларға бақылау жүргізу үшін, бөрікбасының әр түрлі тұсында орналасқан жемістер мен жапырақтардың 25-50 данасы жұлынбай-ақ талданады.
3) Олардың әртүрлі дақ ауруларына шалдығу дәрежесі (таз қотыр ауруы, клястероспориоз және т.б.) келесі шкала бойынша анықталады:
0 - ауру белгілері байқалмайды;
1 - жапырақтар пен жемістерде майда, бірлі-жарымды дақтар бар;
2 - дақ талданып отырған мүшенің 5%-ға дейінгі ауданын басқан;
3 - дақ талданып отырған мүшенің 10%-ға дейінгі ауданын басқан;
4 - дақ талданып отырған мүшенің 25%- ға дейінгі ауданын басқан;
5 - дақ талданып отырған мүшенің 50%- ға дейінгі ауданын басқан, бұл жағдайда жапырақтар мезгілінен бұрын түсіп қалады.
4) Алма, қарлыған және шабдалы жапырақтары мен өркендерінің ақұнтақ ауруына шалдығу дәрежесі 4 баллдық шкаламен анықталады:
0 - ауру белгілері байқалмайды;
0,1 - жапырақтар мен өркендердің бірлі-жарымы шалдыққан (1%-дан аспайды);
1 - жапырақтар мен өркендердің 5%-ға дейіні шалдыққан;
2 - жапырақтар мен өркендердің 10%-ға дейіні шалдыққан;
3 - жапырақтар мен өркендердің 25%-ға дейіні шалдыққан;
4 - жапырақтар мен өркендердің 50%-нан астамы шалдыққан;
5) Алма ағашының цитоспорозға шалдығуы 5 баллдық шкаламен анықталады:
0 - өсімдік ауруға шалдықпаған;
1 - аурудың бастапқы байқалу дәрежесі (ағаштарда 1-3 цитоспорозды дақтар болады, кейде бөрікбасында қурап қалған бұтақтар көрінеді);
2 - бұтақтардағы дақтар (үшеуден көп) көлемі едәуір, жекелген қаңқа бұтақтар қурап қалады;
3 - қаңқа бұтақтарында, кейде дің мен сүректе үлкен некротикалық дақтар жақсы байқалады, ол дақтар көбіне бұтақты айнала орналасады, бұтақтардың көбі қурап қалады, алайда, ағаштың өсуі, әлі де болса, қалыпты;
4 - қаңқа бұтақтардың барлығы дерлік, көп жағдайда сүрек те ауруға шалдыққан, бөрікбасының 2/3 бөлігі қурап қалған, ағаш опат болды дерлік;
5 - ағаш қурап қалған.
6) Осы шкаламен жеміс-жидек ағашының қара рак ауруымен залалданғанын анықтайды.
7) Жүзімнің жапырақтары мен жемістерінің мильдю мен оидиумға шалдығу дәрежесін анықтайтын шкала:
0 - өсімдік ауруға шалдықпаған;
1 - жапырақтарды бірлі-жарым, әрең байқалатын дақтар немесе өңез басқан;
2 - жапырақтардың 10%-ға дейінгі ауданын дақ немесе өңез басқан;
3 - жапырақтардың 25%-ға дейінгі ауданын дақ немесе өңез басқан;
4 - жапырақтардың 50%-дан астам ауданын дақ немесе өңез басқан;
8) Жүзімнің мильдю, оидиум және сұр шірік ауруларына шалдығу дәрежесін анықтау үшін кемінде 50-100 жеміс шоғына талдау жасалынады: 1-ші жолы - ауру байқалғаннан кейін 2-3 тәуліктен соң, кейінгілері айына 1-2 рет жүргізіледі. Соңғысы егін жинау кезінде келесі шкала бойынша жасалынады:
0 - өсімдік ауруға шалдықпаған;
1 - жидектер мен жеміс шоқтарының 10%-ға дейіні шалдыққан;
2 - жидектер мен жеміс шоқтарының 25%-ға дейіні шалдыққан;
3 - жидектер мен жеміс шоқтарының 50%- ға дейіні шалдыққан;
4 - жидектер мен жеміс шоқтарының 50%- дан астамы шалдыққан.
9) Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің ауруларға шалдығуын есепке алу нәтижелерін осы Әдістеменің 152 және 153-қосымшасына жазылады.
62. Негізгі аурулардан қорғау шараларын жоспарлау:
1) Қорғау шараларын жоспарлау үшін, химиялық препараттардың экономикалық және экологиялық тиімділігін білу қажет.
2) Осыған байланысты, жұмыстың жоспарлануы ауруларға мониторинг жасау арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, жеке аурулар түрінің немесе кешенінің таралу, даму динамикасын және экономикалық маңызын анықтайды.
3) Осы көрсеткіштерге байланысты, өсімдік ауруларын үш топқа бөледі:
бірінші – өсімдіктердің әр түрлі өсу кезеңінде күрделі аурулар болдырмау үшін, жыл сайын профилактикалық сақтандыру іс-шараларын жүргізу қажет. Бұл ауру түрлеріне жататын масақты дақылдардың гоммоз және күрделі аурулары, майлы, көкөніс дақылдарының тұқымы арқылы және ақ түйнек арқылы таралды;
екінші – аурулардың салыстырмалы тұрақты және зақымдауы. Бұл ауру түрлері жыл сайын өзгеріп тұрады, бірақ экономикалық зардап шегінен шықпайды. Бұл топқа ақтүйнек, қызанақ макроспориоз, альтернариоз, аурулары жатады, қиярдың ақ ұнтақ, пероноспороз, алма-алмұрттың ақ ұнтақ қотыр, жүзімнің милдью, оидиум, масақты дақылдардың сары дағы, гельминтоспориозы, ақ ұнтақ. Бұл аурулардың сақтандыру іс-шараларын жүргізу үшін, аталған аурулардың көлемін және қайталануын анықтау қажет;
үшінші - аурулар жыл сайын таралуы және зиян келтіру дәрежесі жыл сайын өзгеріп тұрады. Бұл ауруларға масақты дақылдардың септориоз, дақ түрлері жатады, ақтүйнек және қызанақ фитофториоз және басқалары. Бұл ауруларға қарсы жоспарлы іс–шаралар жүргізу үшін болашақта таралуы, өсіп-өнуін есепке алу қажет. Ауа райына байланысты сақтандыру көлемін жоғарғы және төменгі дәрежелерін көрсету қажет .
2) осы қорытындылар арқылы ауылшаруашылық дақылдарын сақтандыру үшін іріленген шаруашылықтар аудан, облыс әкімшіліктері арқылы атқарылар іс-шараларын, ауа райын ескеріп, өндірілетін сортты егіс көлемін анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет