Ауыл шаруашылығы жерлеріндегі зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді есепке алу, анықтау және болжау әдістемесі


-тарау. Ауылшаруашылық дақылдарында аса қауіпті ауруларды есепке алу, анықтау және болжау әдістемесі



бет5/7
Дата20.05.2022
өлшемі1.16 Mb.
#457974
1   2   3   4   5   6   7
) 25.10.2017

5-тарау. Ауылшаруашылық дақылдарында аса қауіпті ауруларды есепке алу, анықтау және болжау әдістемесі

52. Қаракүйе ауруларын (бидайдың қатты, тозаңды, қортық қаракүйесі, арпаның қатты, тозаңды, қара немесе жалған тозаңды қаракүйесі, қара бидайдың қаракүйесі, тарының жабық қаракүйесі, жүгерінің тозаңды, толарсақ қаракүйесі, құмайдың тозаңды қаракүйесі) және дәнді-дақылдардың қыстауыш ауруын есепке алу және анықтау әдістемесі келесі тәртіптер бойынша жүзеге асады:


1) Аурудың даму қарқынын есептеу және анықтау жұмыстары өсімдіктердің вегетациялық кезеңінде, яғни көктеп шыққаннан толық піскенге дейін 3-4 рет жүргізіледі. Дәнді дақылдардың даму кезеңдерін анықтау үшін осы Әдістеменің 116-қосымшасында көрсетілген Цадокс шкаласын нұсқа ретінде пайдалануға болады. Өсімдіктің көктеу және түптену кезеңінде өсімдіктің тамыр шірігі және қурап өлуге әкеп соқтыратын топырақтағы патоген ауру қоздырғышын анықтайды. Дәнді дақылдың түптену және сүттеніп пісу кезеңінде өсімдіктің жапырақтары және сабақтарында пайда болған аурулардың түрлерін, ал масақтану және толық пісу кезеңінде масақтардың ауруларын есепке алады.
2) Зерттеу жұмыстары кезінде әрбір ауру толық пайда болғанда есепке алу керек. Кейбір аурулардың топтарын анықтау тәсілдері төменде көрсетілген.
3) Қара күйе түрлері. Дәнді дақылдардың қара күйемен залалданғанын апробация тәсілімен дән қамырланып және толық піскен кезеңдерінде анықтайды. Ол үшін танаптың диагоналімен немесе үшбұрыш тәсілімен біркелкі қашықтықта (50-100) метр сайын өсімдіктің тамырын тексеру немесе зертханалық талдау үшін 1000 сабақ (50-100 сабақ әр аумақтан) 100 гектар көлемнен, әр 25 гектар көлемге 100 сабақтан тұратын бір сынама қосады. Апробациялық бауды талдауда барлық қара күйе белгілерін есептейді.
4) Жүгері дүмбілінің күбіршек қара күйе және тозаңды қара күйесімен залалданғанын есептеу үшін, танап диагоналімен 10-20 қатарда, сол өсімдіктерде (10-20 сабақ) апробациялық сынамалардағыдай жүргізіледі. Астық дақылдарының қаракүйе ауруларының таралуы және дамуы туралы ақпарат осы Әдістеменің 117-қосымшасына, астық дақылдарының қыстауыш аурулары осы Әдістеменің 118-қосымшасына сәйкес жазылады.
5) Қара күйе ауруларын болжау үшін келесі ақпаратты пайдаланады:
Қамырланып пісу кезеңінде аурудың таралуы, яғни зерттелген және залалданған аумақ дақылдары бойынша (гектар) және залалданған масақ (шашақ гүлді) саны пайызбен көрсетіледі.
Түрлі қара күйе ауруларының себебінен дақылдардың өнімінің төмендеуі.
Дәннің өсу кезеңінде метеорологиялық жағдайлар туралы ақпарат (қатты, тас, жабық қара күйе) және гүлдеу кезеңінде (тозаңды қара күйе).
Нақтырақ айтқанда дәннің көктеуі және гүлдеу кезеңдері аралығындағы температура (айдың орташа және ең төменгі көрсеткіштері), топырақтың ылғалдылығы көрсетіледі.
Күздік және жаздық дақылдардың тұқымдарын егу алдында дәрілеу.
6) Қара күйе ауруларын нақты болжау мақсатында келесі қосымша ақпараттар қажет.
Дәнді дақылдардың тұқымдарының қара күйе телиоспорасымен зақымдануы және тұқым ұрығының қара күйе саңырауқұлағымен залалдануы бойынша фитопатологиялық талдау нәтижесі;
7) Масақтың залалдану экономикалық зиянды шегі қатты қара күйе -0,1%, тозаңды қара күйе - 0,5%.
8) Дәнді дақылдардың қара күйе ауруларының сыртқы түрлерінің (қатты, тас, жабық) зақымдануға бейім болуы дәннің телиоспора қоздырғышының тозаңдануына байланысты. Тарының жабық қара күйесінен жоғарғы коррелятивті байланыс (r=0,64-0,97) тұқымның споралануымен шашақ гүлдің қара күйемен залалдануы регрессия теңдеуімен көрсетеді:
У=1,38+0,0014 Х+5,5,
мұнда: У - шашақгүлдің қаракүйемен зақымдануы;
Х - тұқымның телиоспорамен тозаңдануы;
9) Аурудың пайда болуына ауа-райы әсер етеді, әсіресе көктеу кезінде. Осыған байланысты келесі болжам теңдеуін пайдаланады:
У= 0,00187 Х1-2,4 Х2 + 0,12 Х3+1,15,
мұнда: У - шашақгүлдің қаракүйемен тозаңдануы, %
Х1- тұқымның телиоспорамен зақымдануы, дана;
Х2 - егіс егу кезеңінен өскіннің шығуына дейінгі ауаның тәулік орташа температурасы, 0С;
Х3 - егістен бастап шашақ шығарғанға дейінгі, жауын-шашын жиынтығы, миллиметр.
10) Бұл формуланы күздік және жаздық бидайдың қатты қара күйе, арпаның қатты қара күйе, сұлының жабық және тозаңды қаракүйемен залалданғанын болжағанда қолданады.
11) Егістегі жаздық бидайдың қаракүйе ауруымен залалданғанын болжау үшін регрессия теңдеуімен жоғарғы коэффициент коореляциясы (r=0,77) ұсынылады:
У= 0,334-0,0002 Х1+0,022 Х2 + 0,04
мұнда: Х1 - ауаның шілде айындағы орташа, жоғарғы температурасы;
Х2 - маусым айындағы 5миллиметр асқан жаңбырлы күндер саны.
53. Тат ауруларын (қоңыр тат, сабақ таты, сары тат, қортық тат, сұлының тат ауруы) есепке алу және анықтау әдістемесі келесі тәртіптер бойынша жүзеге асады:
1) Күздік бидай, қара бидай егілетін аудандарда қоңыр, сары, сабақ таттарын анықтау жұмыстарын күзден бастап жүргізеді. Күздік дақылдардың 2-3 жапырақ пайда болу немесе түптену кезеңдерінде, 10-15 танапта 300-500 өскінге немесе жапырақтарға талдау жұмыстары жүргізіледі. Зертханада олардың залалдану деңгейін шкалага сай талдап, егіс журналына түсіреді. Көктемде күздік дәнді дақылдар толық өсіп болған кезінде, өсімдіктердің тат ауруының қай түрлерімен залалданғаны есептеледі. Жаздық дәнді дақылдардың залалдану уақытын анықтап, түптену немесе сабақтану кезеңінде бақылау жүргізеді. Тат ауруының бірінші күлдіреуігіші табылғаннан кейін ауру қарқынын есептеу үшін бірдей қашықтықта 10-20 сынама әр қайсысында 10 сабақтан алынады. Сабақ татының қарқынды дамуын пайызбен анықтайды, Петерсонның, Кемпбелл және Ханнаудың осы Әдістеменің 119-қосымшасында көрсетілген, өзгертілген шкаласы бойынша, сары тат ауруын Маннерс, қоңыр тат ауруын Русаков осы Әдістеменің 120-қосымшасында көрсетілген шкалаларымен анықтайды. Егерде анықтау дақылдың түтіктену-масақтану кезеңінде жүргізілсе, онда сабақтың төменгі 2 және ортаңғы 2 жапырағы, ал дән сала бастаған кезде жоғарғы 2, жалауша жапырақты қосқанда талдау осы Әдістеменің 121-қосымшасында көрсетілгендей жүргізіледі. Қоңырқай, сары және тәжді таттардың соңғы анықтау жұмыстарын сүтті пісу, ал сабақты татты қамырланып немесе толық пісу кезеңдерінде жүргізеді. Сұлының тәжді тат ауруын қоңыр тат ауруына жасалған Русаков шкаласымен анықтауға болады. Бидайдың тат және септориоз ауруларының таралуын және дамуын есепке алу нәтижесі осы Әдістеменің 122-қосымшасындағы актіге сәйкес енгізіледі. Аурулардың таралуы мен дамуы туралы ақпарат осы Әдістеменің 123-қосымшасына жазылады.
2) Вегетацияның бірінші жартысында бидайдың қоңыр тат ауруының экономикалық зиянды шегі жапырақтың ортаңғы деңгейінің 5-10% зақымдалуы, жапырақтың жоғарғы деңгейінің 1% зақымдалуы. Егерде ауру ерте шықса (түтіктену кезеңіне дейін) және ауа райы жағдайы қолайлы болса, бұл көрсеткіштер 2-3 есеге азаяды, ал кеш шықса (сүттену кезеңіне дейін), керісінше артады.
3) Бидайдың сабақ таты ауруының экономикалық зиянды шегі масақтану кезеңінде аурудың дамуы 5,0 %.
4) Бидайдың сары тат ауруының экономикалық зиянды шегі сүттену
кезеңінде аурудың дамуы 30,0 %.
5) Бидайдың қортық тат ауруының экономикалық зиянды шегі сүттену
кезеңінде аурудың дамуы 40,0 %.
6) Өсімдіктердің ауруымен залалдану мерзімін анықтау үшін, жаңбыр тамшыларында, ауада таралған спораларды анықтап, дәнді дақылдарының ауларының санының өзгеруін ұдайы бақылауда ұстау қажет. Тат ауруының спораларының ауада таралуына сараптама жүргізудің қолайлы әдістемесі флюгерлік немесе ПЛС-71, ПЛС-71 М осы Әдістеменің 124-қосымшасында көрсетілген, спора қаққыштарымен ұстау болып табылады. Бұл әдістеме аурудың даму мүмкіндігінің кезеңінде: күздік астықта түптеу, жаздық астықта түтіктену – дәннің толысуы кезеңінде жүргізіледі.
7) Заттық шынысы бар құралдар вазелинмен немесе кастор майымен майланып, егістіктің ортасына орналастырылады. Бұл құралдар күнара немесе 2-3 күнде ауыстырылады.
8) Қағаз жабысқышқа бақылау нүктесінің атауы мен уақыты жазылады. Зертханада микроскоптың әлсіз үлкейтуінде (8х20,10х20) заттық шыны тексеріледі. Спора жоқ болса немесе аз көлемде болғанда заттық шынының үсті түгел, 1-2 спора болса -2/3; 3-4 спорада - 1/2, 5-10-1/3, 10-нан жоғары-1/5 бөліктері қаралады. Микроскоптың 1 көру түтігі тат ауруының түрі мен спора санын анықтайды. Қажет болған жағдайда оларды микроскоптың 10 полялық көру түтігімен анықтайды.
9) Диаметрі 44 миллиметр, ұзындығы 30 сантиметр шыны түтігі бар диаметрі 15-24 сантиметр болатын құйғыш арқылы жауын-шашын түскен тат спораларына сараптама жүргізіледі. Шыны түтіктің төменгі жағына саңырауқұлақтың спораларын ұстап қалып, суды өткізетін майда сүзгіш (микрофильтр) орнатылады. Әр жауыннан кейін тат спорасын және басқа патогенді анықтау мақсатында сараптама жүргізіледі.
10) 1 шаршы метрдегі урединиоспораның (тат саңырауқұлақтарының жаздық споралары) санын анықтау үшін төмендегі формуланы қолданады.
N= n 104
S
мұнда: N -1м2 споралар саны, дана;
n- сүзгіштің бетіндегі споралар саны, дана;
S- құйғыштың жоғарғы горизонтальды бетінің көлемі, шаршы сантиметр.
11) Астық дақылдарының сабақтану кезеңінде тәулік бойы ауадан немесе түскен ылғалдан 2 немесе одан көп тат спорасы 1м2 ұсталса, өсімдіктің ауруға шалдығуына қолайлы жағдай болса, 7-10 күнде аурудың жаппай көбеюуі мүмкін. Бидайдың масақтану кезеңінде тат спораларының 1 сантиметр2 тығыздығы 10-15 дана болғанда эпифитотия (аурудың үлкен аумағын қамтуын) мүмкін.
12) Топырақ үсті ауа қабатында, жерге түскен ылғалдың құрамында саңырауқұлақ урединиоспорасы табылған күннен бастап, ауаның ылғалдығына, орташа тәуліктік ауа температурасына, жапырақта немесе сабақта алғашқы саңырауқұлақ урединиоспорасының пайда болуына бақылау жүргізіледі. Бұл өсімдікке түскен шықтың әсерінен болады. Бидайдың қоңыр тат ауруына тәуліктік температура 10-150С, шықтың кебу кезеңінің ұзақтығы 4-5 сағатта, ал 16-200 С, 3-4 сағатта шалдығады. Тат ауруының ауру қоздырғыштарының даму жылдамдығы тікелей ауа температурасына байланысты.
13) Саңырауқұлақтың бір генерациясына (ұрпақ) керекті уақытты төмендегі формуламен есептейді:
Пr =  
Пr – бір генерацияның ұзақтығы тәулік, күн;
С – бір генерацияның дамуына керекті тиімді температура жиынтығы, 0С;
Т – тәуліктің орташа ауа температурасы, 0С;
t – саңырауқұлақтың дамуының ең төменгі температурасы.
14) Қоңыр тат ауруының дамуына орташа тәуліктік температура жиынтығы – 850С, сабақ таты үшін – 1250С, сары таты үшін – 1710С, ал төменгі шектеулері тиісінше - 1,9-2 және 0,70С. Жаздық бидайда бурыл тат және септориоз ауруларының дамуын анықтайтын климаттық параметрлер осы Әдістеменің 125-қосымшасында көрсетілген, жапырақтардың аурулармен қатты залалдану көрсеткіштері, өсімдіктің даму кезеңіне байланысты фунгицидтармен өңдеу орындылығы Әдістеменің 126-қосымшасында көрсетілген.
54. Септориоз, сары дақ, арпаның қоңыр, торлы, жолақ дақтары ауруы, сұлының гельминтоспориозды дағы, күріштің пирикуляриоз, гельминтоспориозды дақ ауруы.
Есепке алу және анықтау әдістемесі:
1) жапырақ, сабақтың инфекциялары (жұқпалы аурулары). Аэрогенді жапырақ немесе сабақ инфекциясын есепке алу үшін, егістікте әрбір 20-25 қадамнан кейін 10-15 сынама алынады. Әрбір сынамада 10-15 сабақ (жапырақ) болады. Аурудың біркелкі таралған жағдайда сынамаларды егіс шетінен 25-50 метр үшбұрыш немесе тік бұрыштан 200-300 метр алынады. Егер ауру біркелкі емес (ошақтық) жағдайда шахматтық ретпен немесе танап диагоналі бойынша жүргізіледі;
2) аурудың қарқынды дамуын көзбен бағалау балы төмендегі шкаламен есептеледі:
0- сау өсімдіктер;
1- балл өсімдіктің төменгі дәрежеде залалдануы;
2-балл өсімдіктің мүшелерінің орташа дәрежеде залалдануы, қатты залалданған өсімдік жоқ;
3-балл орташа залалданған, бірақ кейбір өсімдіктер өте қатты залалданған;
4-балл өте қатты залалданған, өсімдіктің қурауы (өлуі);
3) күздік және жаздық бидайлардағы жапырақтың сары дақ және септориоз ауруының түрлерін зерттеуді бөлек жүргізу керек, саңырауқұлақ дақтарына сияқты. Жапырақтардың сабақ буындарының жарақаттану дәрежесін пайызбен анықтайды: 1,5; 10; 25; 50 және 100, масақтарда тиісінше 5; 10; 25 және 50 анықталады, осы Әдістеменің 127-қосымшасында көрсетілген.
4) Сұлыдағы гельминтоспориоз, сонымен қатар масақты және шашақты дәнді дақылдардың бактериалдық ауруларын, арпаның дақ ауруларына және септориозға жасалған шкаламен анықтауға болады;
Дәнді-дақылдар егістіктерінің тат және септориоз ауруларымен заладануының анықтау нәтижелері осы Әдістеменің 128-қосымшасына енгізіледі.
Дәнді-дақылдардың аурулармен заладануына алынған сынамалардың талдау нәтижиелері осы Әдістеменің 129-қосымшасына енгізіледі;
5) егістіктің фунгицидтермен өңдеу қажеттілігін анықтау үшін болашақ өнімді, төгіліп жоғалатын дәнді және жапырақтың сабақтық зақымдану қолайлы кезеңін есепке алу керек. Астық дақылдарының негізгі ауруларының экономикалық зиянды шегі осы Әдістеменің 130-қосымшасында келтірілген. Астық дақылдарының жолақ дақтарының таралуы мен дамуы туралы ақпарат осы Әдістеменің 131-қосымшасына жазылады;
6) вегетацияның бірінші жартысында бидайдың септориоз ауруының экономикалық зиянды шегі жапырақтың ортаңғы деңгейінің 10-25% зақымдалуы, жапырақтың жоғарғы деңгейінің 1-5% зақымдалуы. Егерде ауру ерте шықса (түтіктену кезеңіне дейін) және ауа райы жағдайы қолайлы болса, бұл көрсеткіштер 2-3 есеге азаяды, ал кеш шықса (сүттену кезеңіне дейін), керісінше артады;
7) арпаның торлы дақ ауруының экономикалық зиянды шегі түтіктену
кезеңінде аурудың дамуы 5,0%, масақтану, гүлдеу кезеңінде аурудың дамуы 10-20%;
8) Арпаның және қарабидайдың ринхоспориоз ауруының экономикалық зиянды шегі түтіктенудің басталу кезеңінде аурудың дамуы 10-20%.
55. Ақ ұнтақ ауруын есепке алу және анықтау әдістемесі келесі тәртіптер бойынша жүзеге асады:
1) ақ ұнтақ ауруының даму қарқынына мониторинг жұмыстар өсімдіктің негізгі кезеңдерімен жүргізіледі, яғни дақылдың түптену кезеңінен басталады. Есеп үшін 20 сынама әр қайсында 10 сабақтан алынады. Күздік егіс егілетін аймақтарда ақ ұнтақ ауруына қарсы жұмыстар күзде және ерте көктемде жүргізіледі. Жапырақтың және басқа ағзалардың ақ ұнтақ ауруымен залалдану деңгейін Э.Э.Гешеле шкаласымен анықтайды, осы Әдістеменің 132-қосымшасында көрсетілген. Астық дақылдарының ақ ұнтағының таралуы мен дамуы туралы ақпарат осы Әдістеменің 133-қосымшасына жазылады;
2) вегетацияның бастапқы кезеңінде ақ ұнтақ ауруының экономикалық
зиянды шегі өсімдіктің зақымдалуы 3-5% (эпифититий болжауында), масақтану фазасында 15-20%;
3) арпаның ақ ұнтақ ауруының масақтану фазасында экономикалық зиянды шегі 20%;
4) сұлының ақ ұнтақ ауруының масақтану фазасында экономикалық зиянды шегі 30%.
56. Астық дақылдарының тамыр шірік ауруыларын (гельминтоспориозды, фузариозды, офиоболезды, церкопореллезды тамыр шіріктері) есепке алу және анықтау әдістемесі келесі тәртіптер бойынша жүзеге асады:
1) дәнді дақылдардың аурумен зақымдануын анықтау өсімдіктің 2-3 жапырақ байлаған кезеңде және орақ алдында жүргізіледі. Бұл жағдайда 100 гектар дейінгі аумақтан 10 сынама әр 2 жүйектен көлемі 0,50 метр2 аумақтан немесе 25-30 өсімдік алынады;
2) зертханада егін көгіне талдау жүргізіп, олардың зақымдануын балмен есептеп топқа бөлуі төменгі шкаламен көрсетілген:
0-ауру белгілері жоқ;
0,1- колеоптильдегі жеке сызықшалар;
1- колеоптильдің жеңіл қоңырлануы;
2- клеоптильдің орташа қоңырлануы;
3- колеоптильдің ішкі жағынан қатты қоңырлануы;
4 - өлі егін көгі;
3) тамыр шірігінің дамуының соңғы зерттеу жұмыстары дәннің қамырланып және толық пісу кезеңдерінде жүргізіледі. Талдау үшін танаптың диагоналі бойынша немесе үшбұрышты тәсілмен кем дегенде 10 апробациялық бау немесе сынамаларды пайдаланады. Сонымен қатар 0,5 метр2 аумақтан барлық немесе әр нүктеден 25-30 өсімдік тамырымен жұлып алынады. Зертханада сабақтардың төменгі жағы жапырақтардан тазартылып, зақымданған балына қарай топқа бөледі. Тамыр шірігінің даму дәрежесін 4 балдық шкаламен анықтайды, осы Әдістеменің 134-қосымшасында көрсетілген.
0- зақымдалмаған өсімдік;
1- сабақтың төменгі жағы және жер астындағы орналасқан буындарында қоңырқай жолақтар ауру ағза 5/1 бөлігіне орналасқан;
2-қоңырқай жолақтар немесе дақтар, зақымданған ағза 25-50% көлемінде қамтылған;
3- сабақтардың 1-ші және жер астындағы буындарының қатты қоңырлануы.
4- өнім беретін сабақтың жоқтығы, балл бойынша залалданғаны анықталғанда.
Астық дақылдарының тамыр шірігінің таралуы мен дамуы туралы ақпарат осы Әдістеменің 135-қосымшасына жазылады
4) Астық дақылдардың гельминтоспориозды тамыр шірік ауруының
егін егу алдында экономикалық зиянды шегі тұқымның залалдануы 10-15%, вегетацияның бастапқы кезеңінде залалдануы 5%, аурудың дамуы 5%.
5) Арпаның гельминтоспориозды тамыр шірік ауруының егін егу
алдында экономикалық зиянды шегі инфекцияланған тұқым 12% (құрғақ жылдар), инфекцияланған тұқым 34% (ылғалды жылдар).
6) Бидайдың гельминтоспориозды тамыр шірік ауруының егін егу
алдында экономикалық зиянды шегі инфекцияланған тұқым 15-20 конидий 1 гр құрғақ топырақта (оңтүстік және оңтүстік сортаң қара топырақ), 50-60 1 грамм құрғақ топырақта (шабындық және қара топырақ).
57. Вирусты және бактериялды аурулар: бидай мен арпаның жолақты бактериозы, күріштің бактериялық күйігі, тары бактериозы, күздік бидай мозаикасы, бидайдың жолақты мозаикасы, арпаның сары ергежейлігі, тары мозаикасы, күріштің жолақтылығы, шай жүгері және жүгерінің қызыл жолақтылығы.
Вирустық ауруларды есепке алу және анықтау әдістемесі:
1) Дәнді дақылдарда вирустық аурулардың таралуына қарсы зерттеу жұмыстарын масақтану және дәннің сүттеніп пісу кезеңдерінде жүргізеді. Ол үшін алқаптың диагоналі бойынша 10 аумақшада немесе 1 метр жерде вирустық аурумен зақымданған өсімдіктердің санын есепке алады.
2) Олардың зақымдану деңгейін Г.М.Развязкинаның шкаласымен анықтайды.
0 - сау өсімдіктер;
1 - жапырақтарда мозаика белгілерінің алғашқы нышаны байқалады;
2 - өсімдіктер ауруға орташа шалдыққан, мозаика белгілері жапырақтарда айқын байқалады;
3 - өсімдіктер ауруға қатты шалдыққан, бойы аласа, жапырақтары қатты алапестенген;
4 - өсімдіктер аурудан солып қалған.
2. Бактериялы ауруларды есепке алу және анықтау әдістемесі

1) Бактериоз ауруына қарсы есептеу жұмыстарын өсу-түптену фазасында және егін жинау алдында 7-10 күн бұрын жүргізеді. Егістікті диагональ бойынша қарайды, өсімдіктердің тамырын тексереді. 100 гектар аумақта 10 сынама әр қайсында 10 сабақтан: 100 гектар аумақтан асқан кезде 100 сынама – 300 сабақ талдайды.

2) Аурудың даму деңгейін төменгі шкаламен есептейді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет