Ауылымыздағы мекеме – кәсіпорындар арасында «Ақ босаға» атты келіндер сайысының сценариі



бет1/5
Дата03.06.2024
өлшемі25.04 Kb.
#502248
  1   2   3   4   5
Сценарий келін


Ауылымыздағы мекеме – кәсіпорындар арасында
«Ақ босаға» атты келіндер сайысының
сценариі.
(«Супер келіншек» әнімен сахна ашылады. Әннен соң екі жүргізуші шығады).
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, жиылған жұрт, асыл халқым
Сақтаған ғасыр бойы дәстүр-салтын
Ынтымағын,елдігін биік ұстап,
Шығарған талай жерде қазақ атын


2-жүргізуші:Армысың өнер сүйер алты Алашым
Қуанышың бүгінгідей тарқамасын
Алдыңызға келген соң өрлі келін
Сіздерді көріп енді арқалансын.


1-жүргізуші: Жарық дүниеге Жаратқанның бұйрығымен қыз бала болып келген жаратылыс иелерінің барлығы бой жетіп, кезі келгенде оң босағадағы орнын ақ шымылдықтың ар жағындағы өмірге айырбастауы, солайша бір үйдің, бір әулеттің келіні болуы әбден мүмкін. Басқа ұлттарды айтпағанда қазақтай келіннің ақ босаға аттаған күнінен бастап, аяқ алысын сынап, қадамы құтты келінді күтетін халық екеніміз айдан анық.

2-жүргізуші: Қазақ келінін отбасы берекесін берік ұстанған Отанасы, абыройын адалдықпен сақтаған, жер бесікті баласымен әлдиімен тербетер Ана бейнесін дәріптеу, олардың ибалы да инабатты, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін ұлттық қасиетін танытуды мақсат еді.
1-жүргізуші: Жалпақтал ауылдық округі әкімінің қолдауымен және мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ауылымыздағы мекеме – кәсіпорындар арасында «Ақ босаға» атты Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қасиет бойынан табылған келіндер сайысына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Жанұядағы ата – ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым – қатынасты нығайту; Ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, отбасының ұйытқысы екендігін ұғындыру; Келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ананың өмірге деген маңыздылығын ұғындыруды мақсат еткен бұл сайысқа қатысушы келіндерімізбен таныс болыңыздар!
(келіндер сахнаға шығады. Лэд экран.)

2-жүргізуші:Сайысқа әділ төрелігін жасайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
«Ертегі» бөбекжайының меңгерушісі, қазылар алқасының төреайымы – Ғаббасова Салтанат Тасжанқызы.

ZINAR brand ательесінің жетекшісі, кәсіпкер Зиналиева Гүлнар Әліпқалиқызы.


Сарсенова Гүлмереке Тынышқалиқызы – Қараөзен мәдениет үйінің әдіскері.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет