Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


 Зогигиена зертханасында студенттердің еңбек қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет2/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Зоогигиена каз китап

Зогигиена зертханасында студенттердің еңбек қауіпсіздігі
техникасы бойынша нұсқаулық
1.1 Студент зертхана қондырғысына ұқыпты қарауға міндетті.
1.2 Зертханада әрбір студентке тұрақты жұмыс орыны бекітіледі.
Оқытушының рұқсатынсыз бір орыннан екінші жұмыс орынына
ауысуға, сондай ақ зертхана қондырғысын жылжытуға болмайды.
1.3 Зертханада студенттер халат киюі қажет.
1.4 Студенттерге үстел мен аралықтарды жеке заттарымен үйіп
тастауға тиым салынады, жұмыс орынындағы реттілікті сақтау қажет.
1.5 Жұмыс істеп тұрған электр құралдарын, қайнап жатқан
сұйықтықтарды, реактив құйылған ашық ыдысты қараусыз қалдырмау
қажет, реактив қосылған сұйықтарды канализацияға құюға тиым
салынады, күкірт қышқылы ертіндісін даярлағанда күкірті қышқылын
суға құю керек, керісінше жасауға болмайды.
1.6 Реактивтерді аудиториядан шығаруға, оқытушының
рұқсатынсыз оларды араластырып, тәжірибе жасауға болмайды.
1.7 Өткір иісті реактивтермен жұмысты тек сорғыш шкафта,
күйдіргіш реактивтермен жұмысты ыдысқа еңкеймей, қыздырылатын
материалмен жұмысты қызуға төзімді заттарды қолданып, қызған
сұйық төгіліп қалмау үшін олардың саңылауын өзінен және қатар
жұмыс атқарып жатқан басқа студенттерден аулақ ұстап жүргізу
қажет. 
1.8 Шыны ыдысты, кескіш құралдарды, электр қондырғыларын
қолданғанда жарақаттануды болдырмау үшін сақтану қажет.
1.9 Берілген тақырыпқа қатысты емес заттарды алмау, жұмыс
істегеннен кейін қолды жуу сияқты жеке бас гигиенасы мен жалпы
мәдениет ережелерін сақтау керек.
1.10 Жарақат алынса; күйік шалса; теріге, көзге, ауызға
реактивтер тиген жағдайда пайда болған қауіп түріне байланысты
алғашқы медициналық көмек беру және басқа да әрекеттер жасау үшін
бірден оқытушыға хабарлау қажет.
1.11 Сабақ аяқталғанда жұмыс орынын бастапқы ретке келтіру
керек. 
2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет